Есеп айырысу шоты

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 14:59, курсовая работа

Описание работы

Есеп Айырысу Шоты (ЕАШ)

Работа содержит 1 файл

курсовая Есеп айырысу шоты (ЕАШ).doc

— 323.00 Кб (Скачать)

   1-1. Қаржы жылының қорытындылары  бойынша аудит жүргізу банктерге,  банк холдингтеріне және банк  және (немесе) банк холдингі ірі  қатысушылары болып табылатын  ұйымдарға міндетті болып табылады, ол туралы есептің көшірмесі  мен аудиторлық ұйымның ұсыныстарын осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды банктерге, банк холдингтеріне және банк (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға бергеннен кейін отыз күн ішінде банктер, банк холдингтері және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар немесе аудиторлық ұйымдар уәкiлеттi органға табыс етуге тиіс.

   Банктің және банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін банктерге аудит  жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым куәландыруға тиіс.

   Қазақстан Республикасының резиденттері болып  табылатын бас ұйым мен оның еншілес  ұйымдары ретінде банк конгломератына кіретін ұйымдардың аудитін бір  сол аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Резидент еместердің бас ұйымы мен  оның еншілес ұйымдарының аудитін, мұндай аудитті жүргізу олардың резиденттілік елі заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда, бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асыруға тиіс.

   1-2. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған  қадағалауға жататын Қазақстан  Республикасының резиденті емес банк холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын осы құжаттарды өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі алған күннен бастап отыз күн ішінде табыс етеді.

   Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға  жататын Қазақстан Республикасының  резиденті емес банк холдингінің  шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін  осы резидент емес банк холдингі орналасқан елдегі қаржылық ұйымдарға аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.

   1-3. Қазақстан Республикасының резиденті  емес болып табылатын банк  холдингі уәкілетті органға аудиторлық  есептің көшірмесін және аудиторлық  ұйымның ұсынымдарын қазақ және  орыс тілдерінде табыс етеді.

   2. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды

   3. Банктерге аудит мыналарды анықтау  мақсатында жүргiзiледi:

   жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл  көрсетiлуi;

   жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңға, қолданылып жүрген заңдарға және уәкiлеттi орган мен Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкестiгi;

   жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң  жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банкiнiң iшкi ережелерiне сәйкестiгi.

   4. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін  және өз қорытындыларын банктің  директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда  банк конгломератының құрамына  кіретін басқа заңды тұлғаларға  табыс етілетін есепте баяндайды.

   Банктің немесе банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың  қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып  табылмайды.

   5. Банк аудиторлық есептің көшірмесін  оны алғаннан кейін он күн  ішінде банк конгломераты құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға беруге міндетті.

   6. Банк, банк холдингі және банк  және (немесе) банк холдингі ірі  қатысушылары болып табылатын  ұйым аудиторлық ұйым аудиторлық  есепте көрсетілетін банктің  немесе банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер ететін жолсыздықтарды банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аталған есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкiлеттi орган жолсыздықтар жойылғанға дейін [3]. 
 

  Қорытынды 

  Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі  бухгалтерлік есеп Стандарттарында  және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы  қағидалары мен ережелерінің негізінде  құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

  Экономиканың  барлық саласындағы кәсіпорындардың  иелері мен еңбек ұжымдары шикізат  пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

  Есепке  алынған ақпараттардың көмегімен  шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін және олардың құрылымдық бөлімшелердің  қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, есеп айырысу операциялар, сонымен байланысты банк қызметі маңызды болып саналады. Банк көшірмелері реттеуші құрал ретінде есеп айырысу операцияларында ең басты рөл атқарады. Есеп айырысу операцияларының синтетикалық есебі барлық есеп айырысу операцияларын қамтиды. 
 
 
 
 
 

  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

  1. Қазақстан Республикасының Заңы «Бухгалтерлік  есеп және  қаржылық есеп туралы» 2007.
  2. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2003, В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт.
  3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы
  4. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» : оқулық / Қ. К. Кеулімжаев, Н. А. Құдайбергенов. - Алматы : Экономика, 2006.
  5. «Бухгалтерлік  есеп теориясы және тәжірибесі» оқулық/ Б.С.Мырзалиев А.А.Сәтмырзаев Р.С. Әбдішүкіров. Экономика баспасы, Алматы 2008.
  6. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұрығымен бекітілген)
  7. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. “Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері”, Алматы, ”Экономика”, 2006 ж. 
  8. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” деп. Аталатын 2007- жылдың 28-ақпанындағы №234-III Қазақстан Республикасының Заңы;
  9. КеулімжаевҚ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А.    “Қаржылық есеп”, Алматы, ”Экономика”, 2001 ж.
  10. Абденов Д.О. «Аудит негізері» - Алматы, 2006
 
 
 
 
 
 
 
 

№ 1 қосымша

Алғашқы құжаттар мен банк көшірмелері

       

     Алғашқы құжаттарда мынадай міндетті деректемелер қамтылуы тиіс:

      құжаттың  атауы (нысандар);

     жасау күні;

     ұйым  атауы немесе құжат кімнің атынан жасалса, соның тегі мен аты-жөні;

     операция  немесе оқиға мазмұны;

     операция  мен оқиғаның өлшем бірлігі (сандық және құндық шамада);

     операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне  жауапты  тұлғалардың  лауазымдарының  атауы,  тектері,  аты-

жөндері және қолдары;

     салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН).

     Алғашқы құжаттың электрондық нысаны қағаз  жүзінде ресімделген алғашқы құжаттың күшінде болады. Электрондық қолдарды қолданушы электрондық қолтаңбаларды пайдалану және қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтану шараларын және бақылауды белгілеуі тиіс.

     Мемлекеттік мекемелер электрондық тасымалдағыштарда алғашқы құжаттарды және бухгалтерлік есептілік тіркелімдерін жасау кезінде операцияның басқа қатысушылары үшін осындай құжаттардың көшірмесін қағаз тасығыштарда дайындауы тиіс.

     Алғашқы құжатта мынадай қосымша деректемелер көрсетілуі мүмкін: құжат нөмірі, мемлекеттік мекеменің мекен-жайы, құжатпен тіркелген операция жасау үшін негіздеме, құжатталатын операциялардың сипатымен анықталатын басқа қосымша деректемелер.

     Материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған құжаттарда осы құндылықтарды алғаны жөніндегі материалдық жауапты тұлғаның қолхаты, ал орындалған жұмыстар үшін құжаттарда – тиісті тұлғалардың жұмыстарды қабылдау растамасы болуы тиіс. 
 

  Сатып алу-сатуға арналған 

___________________________________ сатып алу-сатуға арналған

                  (тауардың аты) 

№ ___________ ШАРТ 

  _________ қаласы           200__ жылғы «___» ____________________  

  _________________________________________ кәсіпорны, әрі қарай «Сатушы»  аталады, Жарғы негізінде әрекет  ететін____________ ______________________________ (лауазымы, аты-жөні) атынан, бір жақтан, және _________________________________ кәсіпорны, әрі қарай «Сатып алушы» аталады, Жарғы негізінде әрекет ететін _____________________________________ (лауазымы, аты-жөні) атынан екінші жақтан төмендегілер туралы осы Шартты жасасты: 

  1. Шарттың мәні

  1.1. Сатушы төмендегі тауарларды  жекеменшікке беруге, ал Сатып  алушы оларды тиісті түрде  қабылдап, төлеуге міндеттенеді:

  1.1.1. Атауы (дайындаушысы көрсетіледі) ______________________________________

______________________________________________________________________________

  1.1.2. Өлшем бірлігі ________________________________________________________

  1.1.3. Бір бірліктің бағасы ___________________________________________________

  1.1.4. Саны ________________________________________________________________

  1.1.5. а) тауардың барлық легінің  құны ________________________________________

_____________________________________________________________________________

(жазумен)

  б) қосымша құн салығы (20%);

  в) барлық аударылатын сома ________________________________________________

                              (жазумен)

  1.1.6. Саны және жинақ саны (шығарылған күні, стандарты, ТШ және т.б.) _______

_____________________________________________________________________________

  1.1.7. Кепілдік мерзімі (түрі көрсетіледі: пайдалану, сақтау, жарамдылығы) _______

_____________________________________________________________________________ 

  2. Тауардың жеткізілу және есеп айырысу шарттары

  2.1. Жеткізілу мерзімі _______________________________________________________

                        (Шарт жасалған, төленген, басқа да талаптар)

  күннен  бастап он күн ішінде.

  Сатушы  мерзімінен бұрын жеткізуге ________________________.

                                     (құқылы, құқығы болмайды)

  2.2. Көлік түрі және жеткізу базисі_____________________________________________

  __________________________________________________________________________

  2.3. Қаптама (шыны) және маркалау  (стандартты сипаттау немесе сілтеме жасау, ТШ) _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________      

  2.4. Есеп айырысудың мерзімі, тәртібі  және формасы:

  2.4.1. Төлем мерзімі _____________________________________ бастап _____________

Информация о работе Есеп айырысу шоты