Емтиханға дайындық

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 08:07, контрольная работа

Описание работы

Жалпы ұғымдар. Экономиканы біртұтас үлгілеу. Аса маңызды макроэкономикалық мәселелер: экономикалық өсу, құлдырау, инфляция, жұмыссыздық, іскерлік цикл.
Экономикалық өсу, экономикалық өсу үлгілері, факторлары мен шарттары. Макроэкономикадағы өлшемдер: ЖҰӨ, ЖІӨ, ұлттық табыс, номиналды және нақты ЖҰӨ. ЖҮҚ дефляторы. Нақты табыс пен баға деңгейін статистикалық есептеу әдістері.

Работа содержит 1 файл

бррррррррр.doc

— 208.00 Кб (Скачать)

Бүгінгі экономикалық теорияның негізгі бағыттары: кейнсиандық, неолиберализм, монетаристер және басы. Қазақстан Республикасындағы  экономикалық ой.

Экономикалық  заңдар. Экономикалық заңдарды тану мен  пайдалану.

Экономикалық  құбылыстар мен процесстерді тану әдістері: ғылыми абстракция, қарапайымнан күрделігіне  ауысу, сандық және сапалық талдау, логикалық және тарихи материалистік  аппараттың үйлестірулігі, экономикалық процестерді модельдеу және экономикалық тәжірибелер.

Экономикалық  теорияның ақпаратының қызметтері. Шаруашылықтың теориясы мен практикасының  біртұтастығы.

Қоғамдық  өндіріс.Өндіріс және оның қоғамдағы ролі. Қажеттіліктер  мен игіліктер. Олардың жіктелуі. Өндірістің негізгі экономикалық мәселелері: не өндіру керек, қалай және кім үшін. Өндірістің дамуының негізгі шарттары: қажеттіліктер мен экономикалық ресурстар, олардың түрлері. Өндірістің заттық және жеке факторы. Еңбек, еңбек заты, еңбек құралдары.

Қоғамдық өндірістің екі жағы: өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар. Экономикалық базис пен  қондырма, олардың өзара байланысы. Ұдайы өндіріс және оның фазалары: өндіріс, бөлу, айырбастау мен тұтыну. Ресурстардың шектеулігінің мәселелері. Балама шығындардың заңы.

Қоғамдық өндірістің тиімділігі. Экономикалық және әлеуметтік тиімділік . Өндіріс тиімділігінің  көрсеткіштер жүйесі.

Қоғамның  экономикалық жүйесі. Қоғамның экономикалық жүйесінің анықтамасы. Қоғамдық өндіріс пен адамның біртұтастығы. Қоғамның дамуын  дәуірлеудің формациялық және өркениетті көзқарастары. Экономикалық жүйенің өндіріс әдісі ретінде сипаттамасы.

Өндірістің  технологиялық әдістері. У.Ростоудың  экономикалық өсу сатылары. Қоғамның экономикалық жүйе құрылымындағы адам. Экономикалық жүйедегі шаруашылық механизм және оның дамуы.

Бүгінгі экономистер  экономикалық жүйелер туралы. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері: дәстүрлі экономика, таза капитализм, әміршіл-әкімшіл  және аралас экономика.

Меншік  қатынастары және олардың экономика дамуындағы ролі. Меншік категориясының экономикалық және әлеуметтік мазмұны. Меншіктің объектісі мен субъектісі. Меншік құқығы. Меншіктің негізгі формалары мен түрлері. Нарық экономикасына көшу жолына тұрған ТМД елдеріндегі меншік формаларының әртүрлілігінің объективті қажеттілігі мен мақсаттылығы, Қазақстан Республикасындағы мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру: мақсаттары, өткізу кезеңдері мен нәтижелері. Мәселелері. Экономикадағы мемлекеттің ролінің өзгеруі: экономиканы мемлекеттік реттеу. Қазақстан ғалымдарының еңбектеріндегі меншік мәселелері.

Қоғамдық  шаруашылықтың формалары: натуралды  және тауарлы.Тауар және ақша. Натуралды щаруашылық,оның сипаты мен ерекшелігі, жеке адамның тәуелділік қатынастарының дамуы.

Тауарлы өндіріс: маңызы, пайда болу себептері мен негізгі сипаты. Жай және капиталистік тауарлы өндіріс. Еңбектің меншіктен бөлінуі. Енбек күшінің тауарға айналуы. Тауар және оның қасиеттері: тұтыну құны  мен құн, айырбас құн. А.Смитт, Д.Рикардоның еңбек құн теориясы, К. Маркстің тауарға сіңген еңбектің екі жақты сипаты ілімі. Тауардың құнының мөлшері, еңбек өнімділігі мен қарқындылығы. Жеке және қоғамдық еңбек.

Ақшаның маңызы мен пайда болуы. Ақшаның атқаратын  қызметтері. Ақшаның еңбек шығындары  мен нәтижесін салыстыру механизіндегі  ролі. Ақша айналысы зандары.

Нарық жағдайындағы капитал теориясы. Тауар  өндірісінің белгілі сатысындағы капиталдың пайда болуының шарттары. Капиталдың алғашқы қорлануы: маңызы мен іске асырылу формалары. Жұмыс күші тауар ретінде, оның құны мен тұтыну құны.Қосымша құнды жасау процесі, оның екі әдісі, тұрақты және өзгермелі капитал. Қосымша құн нормасы мен массасы.

Капитал қорлануының  маңызы мен факторы. Жеке капиталдың айналымы мен шеңбер айналымы. Негізгі  және айналмалы капитал. Негізгі  капиталдың физикалық және моральдік тозуы. Амортизация. Айналым уақыты мен құрамдас бөлігі.

Пайда, пайданың нормасы мен массасы. Өндіріс  бағасы, құнның өзгерген формасы ретінде. Сауда капиталы, өндірістік капиталдың дербес бөлігі ретінде. Айналыс және сауда пайдасы. Қарыз капиталы, оның атқаратын қызметтері. Қарыз пайызының көздері. Капитал - меншік және капитал – қызметі. Пайданы кәсіпкерлік табыс пен пыйызға бөлу. Жер капиталы және жер қатынастары.

Нарықтың  маңызы, атқаратын қызметтері мен  формалары. Тауар – ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың қалыптасуы. Нарық түсінігі маңызы, оның түрлері мен типтері. Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарық қатынастарының субъектілері мен объектілері. Нарық экономикасының тапшылықсыздығы, өндіріспен тұтынудың тығыз байланысы. Нарықтың қызмет етуінің шарттары. Нарық инфрақұрылымының ұйымдастырушылық, материалдық, несие – есептік базалары, нарықтық инфрақұрылымының элементтері.

Экономикалық  теориядағы нарық. Нарық реттегіштері: либералды баға, сұраныс, ұсыныс.

Нарықтық  баға, сұраныс және ұсыныс – нарық механизмінің құрамдас бөліктері. Өндіріс базасы және нарықтық баға. Бағаның атқаратын қызметтері. Сұраныстың экономикалық түсінігі. Сұраныс қисығы мен сұраныс заңы. Сұранысқа әсер ететін баға емес факторлар. Табыс және орын ауыстыру әсерлері. Ұсыныс заңының экономикалық түсінігі. Ұсынысқа әсер ететін баға емес факторлар.

Сұраныс пен  ұсыныс икемділігі. Тепе - тендік баға. Нарық ұдайы өндіріс жүйесінің  өзін - өзі реттеуші реттіңде, А.Смиттің  “нарықтын көрінбейтін қолы ”.

Бәсеке. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарық механизмінің қызметі. Бәсеке, оның түрлері; жетілген және жетілмеген бәсеке. Жетілген бәсекенің белгілері. Жетілген бәсеке жағдайындағы нарықтық тепе-теңдік және сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетінің нарық механизмінің қозғалшысына әкелуі, жетілген бәсеке, оның негізгі белгілері.

Монополиялардың түрлерімен байланысты жетілмеген бәсекенің  формалары. Монополиялардың сипаттамасы  мен оның негізгі түрлері. Монополия, дуополия, алигополия мен дифференцияланған  өнімі бар монополистік бәсеке. Монополия  пайданы максимализациялау және монополистік бәсекенің бағалық әдістерінің ерекшеліктерін дискриминациялау.

Трестке қарсы  заңдылық пен экономиканы реттеу. Нарық механизмі әрекетінің жағымды  және жағымсыз жақтары және нарық  экономикасын реттеудің қажеттілігі. Қазақстан экономикалық ғылымдағы  бәсеке мәселелері. 

Тұтынушының мінез-құлық теориясы және сұраныс. Маржинализм тұтынушылық тәртібінің ілімі ретінде. Нарық экономикасындағы тұтынушының приоритеті. Шекті пайдалылық түсінігі, оның жалпы пайдалылықтан айырмашылығы. Шекті пайдалылықтың кему заңы ( Гессен заңы). Тұтынушылық таңдау және оны анықтайтын субьективті және обьективті факторлар. Тұтынушы тепе-теңдігі.

Жеке және жиынтық  сұраныс.

Тұтынушының рационалды тәртібінің факторларының өзара  іс-әрекетінің сипаттамалары: талғаусыздық қисықтары, бюджеттік желі. Тұтынушы тепе-теңдігі мен оптимумы.

Кәсіпкерлік, оның формалары мен белгілері.        Кәсіпорындардың негізгі ұйымдық – құқылық формалары, әртүрлі меншік формаларына негізделген.

Кәсіпкершілік шаруашылық әдісі ретінде және оның негізгі формалары мен белгілері.

Акционерлік қоғамдар, олардың формалары. Қазақстанда  олардың дамуы.

Фирманы басқару  жүйесіндегі менеджмент пен маркетинг. Олардың қағидалары.

Мемлекетсіздендіру  мен жекешелендіру және өндірістік қатынастар жүйесіндегі өзгерістер. Бұқаралық  кәсіпкерлікке база құру.

Фирманың  шығындары мен пайда. Өндірістік процесс, жұмсау мен шығару. Балама жұмсау мен шығындар түсінігі. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі шығындар. Сыртқы мен ішкі шығындар, қалыпты пайда, тұрақты, өзгермелі шығындар. Жалпы, орташа және шекті шығындар.

Фирманың қаржы  жағдайы мен табысы. Пайдаға түрлі  көзқарас. Экономикалық және бухгалтерлік пайда. Пайда көлеміне әсер ететін факторлар, пайда нормасы. Пайданы бөлу.

Өндіріс факторларының нарығы.  Ресурстар  нарығы және ондағы баға құру ерекшеліктері. Еңбек нарығы және оның қызмет етуінің ерекшеліктері. Жалақы, оның формалары жүйелері, табыс әсері, орын ауыстыру әсері. Капитал нарығы, оның қызмет етуінің ерекшелігі. Инвестициялық қызметтің мәселелері. Жер нарығы. Рента және жалға төлем, жер бағасы. Өндіріс факторлары нарығындағы тепе-теңдік және факторлар иелерінің табыстары.

Ұлттық  экономика. Негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштер. Макроэкономика түсінігі. Ұлттық экономика және оның негізгі мақсаттары, құрылымы. Ұлттық есеп жүйесі. Ұлттық өнім, оның құрамы мен өлшеу мәселелері. Жалпы ішкі өнім    (ЖІӨ). Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖҰӨ өлшеу әдістері: табыстар ағымы мен шығындар ағымы бойынша. Атаулы және нақты ЖҰӨ. ЖҰӨ дефляторы. Таза ұлттық өнім (ТҰӨ). Ұлттық өнім (ҰӨ). Оны бөлу, жеке табыс (ЛД), қолда бар табыс (ҚБТ).

ЖҰӨ және қоғамдық хал-ахуалы. Ұлттық байлық: құрылымы, өзгеру динамикасы мен, өлшеу әдістері.    

Макроэкономикалық тепе-теңдік. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Макроэкономикалық тепе-теңдік түсінік ретінде. Оның негізгі белгілері: жұмысбастылық, баға тұрақтылығы, экономикалық өсу.

Жиынтық сұраныс  пен жиынтық ұсыныс. Ұлттық экономика  масштабындағы тұтыну мен жинақтау. Инвестициялау. Инвестициялық шығындардың  типтері. Инвестициялар мультипликаторы  мен акселераторы. Д.М.Кейнс және оның экономиканы мемлекеттік реттеу туралы тұжырымдары. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық және классикалық үлгілері.

Жұмыссыздық. Жұмысбастылық және жұмыссыздық түсініктері. Жұмыссыздықтың негізгі формалары. Жұмыссыздықтың себептері. С.Мальтус, К.Маркс, Д. Кейнс жұмыссыздықтың себептері мен күресу әдістері жөнінде, толық жұмысбастылық және табиғи жұмыссыздықтың деңгейі. ЖҰӨ мөлшеріне жұмыссыздықтың әсері. Оукен заңы. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен ерекше формалары және оны төмендету шаралары.

Инфляция. Инфляция маңызы мен түрлері. Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясы. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары. Филлипс қисығы. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.

 

 

Ұдайы өндіріс. Экономикалық өсу. Экономикалық дамудың циклдық формасы. Ұдайы өндіріс және оның түрлері. Экономикалық өсу, оның типтері: экстенсивті және интенсивті типі, өсу факторы.

     Экономикадағы  ауытқулар және оның циклдық  даму механизмі. Экономикалық  цикл мазмұны. Цикл типтері мен шамалары. Қазіргі заманға циклдар. Н.Кондратьевтің, Шумпетердің ұзын толқындары. Өнеркәсіп циклдары мен ұзын толқындардың өзара байланысы.

   Құрылымдық  дағдарыстар, олардың ауқымы. Ұлттық  экономикаға тигізетін ықпалы  мен өзіндік ерекшеліктері. Қазақстан экономикасындағы дағдарыс табиғаты.

Қаржы жүйесі және қаржы саясаты. Қаржы жүйесі, оның құрылымы және қызметтері. Теория және тәжірибе. Салық салу қағидалары мен формалары. Тікелей және жанама салықтар. Салықтардың негізгі түрлері.  Салықтық реттеу және салықтардың экономикалық мәні.

   Мемлекеттік  бюджет – қаржы жүйесінің басты  звеносы. Мемлекеттік бюджет құрылымы: кіріс және шығыс бөліктері.  Қазақстан республикасының мемлекеттік  бюджетінің дамуы. Жергілікті  бюджеттер. Бюджет тапшылығы. Мемлекеттік қарыз және оны жабу жолдары. Сыртқы қарыз.

Ақша-несие  жүйесі. Банктер. Ақша жүйесі және оның элементтері. Ақша нарығы. Ақшаға сұраныс және оның ұсынысы. Ақша нарығының тепе-теңдігі.

Несие жүйесі, оның құрылымы. Несие және оның формалары, несие саясатының мақсаттары. Несие мекемелері.

Банктер, олардың  түрлері мен қызметтері. Банк операциялары мен банк пайдасы. Бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар формасындағы капитал, бағалы қағаз түрлері. Қор нарығы. Мемлекеттің ақша-несие саясатының негізгі тұжырымдары.

Табысты бөлу. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Нарық механизмінің табыстардың қалыптасуына тигізетін ықпалы. Халық табысының негізгі көздері. Табыс табудағы теңсіздік. Лоренц қисығы мен Джинни коэффициенті.

Табыс деңгейінің сипаттамасы. Кедейлік шегі. Әлеуметтік әділеттілік. Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты. Әлеуметтік қорғау жүйесі. Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына қолдау көрсету.

Дүниежүзі шаруашылығы және экономикалық байланыстардың негізгі формалары. Дүниежүзілік шаруашылықтың мәні мен құрылымы, оның объективті негіздері. Шаруашылық өмірдің ықтысаттануы, халықаралық еңбек бөлінісі, мамандану және кооперация. Дүние шаруашылығының қалыптасуы мен кеңеюі.

Халықаралық экономикалық байланыс формалары. Халықаралық сауда. Сауда және төлем балансы. Сауда саясатының түрлері:фритредерлік  және протекционизм, елдердегі ықтысаттық процестері. Экспорт және импорт құрылымы.

Халықаралық несие  жүйесі мен несие ұйымдарының  қалыптасуы мен дамуы.     Жұмыс күшінің көші-қоны.

Экономикалық артта қалушылықты жеңіп шығу мәселесі және экономикалық даму жолдарын таңдау.

Халықаралық валюта жүйесінің дамуы. Валюта қатынастарының мәні. Валюта жүйелерінің дамуы. Бірінші, екінші және үшінші халықаралық валюта жүйелері. Үшінші халықаралық валюта жүйесінің негізгі қағидалары. Валюта бағамы және оны реттеу құралдары. Халықаралық валюта-қаржы құрылымдары: ХВҚ, ХҚҚДБ, т.б. Дүниежүзілік нарыққа енудегі ТМД елдерінің валюталық мәселелері. Елдің төлем балансы және валютасының айырбасталымдылығы.

Информация о работе Емтиханға дайындық