Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 19:45, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі Экономикалық қатынастардың мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу мен ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет.
Кіріспе4
1 Еңбекақының теориялық аспектілері7
1.1 Еңбек және еңбекақыны есепке алудың теориялық аспектілері7
1.2 Еңбекақыны нормативтік құқықтық реттеу және еңбекақының мәні мен маңыздылығы16
1.3 ЖШС «Шама» еңбекақы формалары мен жүйелері20
2. Еңбекақы есебін ұйымдастыру30
2.1 ЖШС «Шама» құрылымы мен экономикалық сипаттамасы30
2.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі35
2.3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар44
3 «Шама» ЖШС нің еңбекақысы бойынша есеп айырысудың талдамасы мен аудиті50
3.1. Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу аудиті50
3.2. Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру
56
3.3. «Шама» ЖШС нің еңбек өнімділігін талдау
62
Қорытынды67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі69
Қосымша
Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6-шы ақпандағы №170 «Қазақстан Республикасы еңбекақы ұйымдастыруды жетілдіру туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000ж 24-ші ақпанында №293 қаулысына енгізілген өзгертулермен) қаулысында бекітілген.
Бірыңғай тарифтік кесте 21-ші разряд негізінде жасалған және әрбір разрядқа өзінің тарифтік коэффиценті белгіленеді. Жұмысшылардың кәсібі Бірыңғай тарифтік кестедегі 1-ші және 8-ші разрядтар аралығы бойынша, ал қызметкерлердікі – 2-ші және 21-ші разрядтар аралығы бойынша тарифтелінеді. Қазіргі уақытта қызметкерлердің тарифтелінуі Қазақстан республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1997ж 8-ші қыркүйегіндегі №-148-п бұйрығымен бекітілген «Жұмысшылар кәсібінің және жұмыстың Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)» және біліктілік анықтамалығы бойынша жүргізіледі.
Қызметкерлерге біліктілікті талап ету және жұмыстың белгілі бір түрлерінің күрделілігі лауазымдық қызметкерлердің біліктілік анықтамалығында жұмысшылар кәсібі және жұмыстың біліктілік анықтамалығы негізінде белгіленеді.
Кесте 1
Бірыңғай тарифтік кесте
БТК Разряды |
Тарифтік коэффициент (1-ші разрядқа) |
БТК разряды |
Тарифтік коэффициент (1-ші разрядқа) |
1 |
1,0 |
12 |
2,20 |
2 |
1,07 |
13 |
2,37 |
3 |
1,15 |
14 |
2,55 |
4 |
1,24 |
15 |
2,74 |
5 |
1,33 |
16 |
2,95 |
6 |
1,43 |
17 |
3,17 |
7 |
1,54 |
18 |
3,41 |
8 |
1,66 |
19 |
3,67 |
9 |
1,78 |
20 |
3,94 |
10 |
1,91 |
21 |
4,24 |
11 |
2,05 |
||
Ескертпе: Назарова В.Л. Шаруашылық
жүргізуші субьектілердегі |
Еңбек заңына сәйкес бір айға белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық істейтін және өзінің еңбек міндетін орындайтын қызметкерлердің айлық еңбекақысы төменде келтірілетін белгіленген еңбеекақының нң аз шамадағы мөлшерінен кем болмауы керек.
Қазіргі уақытта ең аз шамадағы еңбееақы үш ннегізгі функцияны атқарады:
Тарифсіз еңбекақы жүйесі. Еңбекақы жүйесін реформалаудың бір бағыты – тарифтік жүйені қайта құру, бюджеттік салаларға Бырыңғай тарифтік кестені (БТК) әзірлеп енгізу болып табылады. Алайда еңбекақы мәнінің түсіндірудегі жаңа тәсілдеме, еңбекақыны ұйымдастыруды орталықтандырудағы қанағаттанбаушылық, тарифтік еңбекақы жүйесін пайдаланудағы консрукциялық сыни талдау бұл реформаның әлде қайда серпінді етудің қажеттігін алға тартады, атап айтқанда, нақты қызметкерлердің олардың жеке бөлімшелерінің кәсіпорын жұмысының нәтижесіне қосқан еңбек үлестеріне зиректік танытатын тарифтік еңбекақы үлгісін құруды қажет етеді, әлбетте, бұл үлгі еңбекақыны ұйымдастырудың барлық мәселесін шешпесе де, оны қолдану жағымды құбылыс болатыны анық.
Бір қатар өнеркәсіп кәсіпорындарда істеген жұмыс көлемі (мүмкін техникалық нормасында) ддәл есептеуге келетін нақты қызметкерге тікелей байланысты жұмыстың сандық көрсеткіштері ескерілетін өндіріс учаскелеріндегі көптеген қызметкерлерге кесімді еңбекақымен төлеу кең тараған.
Түпкілікті қорытындыдағы кесімді еңбекақы алатын жұмысшылардың еңбеек жиынтығы кәсіпорын қызметінің нәтижесі болып табылатын өнім көлеміне әсер етеді. Сонымен бірге кәсіби машығы аса жоғары кесімді еңбекақыдағы жұмысшының еңбекақы деңгейі оған объективті тұрғыда келетін көптеген факторлармен анықталады: жұмыс орнының ұйымы (негізгі жабдықтаудың тұрпаты мен саны, механикалық дәрежесмі, жұмысты мамандандыру мен ұйымдастырудың деңгейі, құрал-аспаптарымен жарақтандыру және т.б.); кәсіпорынның түпкілікті өніміне сұраныс және баға, оны нарыққа өткізу.[10, 16 б]
Өндірістің ұйымдастырушылық
және экономикалық мәселелерін шешу
өнімді щығаруға қатыспайтын кәсіпорындарға
басқа категориядағы
Тіпті төлеуге қаббілетсіз
дағдарыс жағдайында әр түрлі категориядағы
кәсіпорын қызметкерлері
Әр түрлі сападағы еңбекақының ара салмағы, кәсіптің техникалық күрделілігі, жасалған жұмыстың маңыздылығын анықтайтын тарифсіз үлгі кәсіпорынға оң ықпал етуі мүмкін. Еңбекақы жүйесі міндеттерді орындағаны, біліктілігі, жұмыс көлемін ұлғайту, қоса атқару және т.б. үшін үстеме ақы түрінде көтермелеу механизмін қарастырады.
Еңбекақыны күн сайын есептеу арқылы бір мезгілде еңбек процесіне бақылау жүргізіледі.
Өнім сапасын көтеру бойынша еңбек процесінде жұмысшының өз еңбегінде қарым-қатынасы маңызды фактор болып табылады.
Еңбекақының жұмыс сапасының көрсеткішіне тәуелділігін қарастыратын қолданыстағы еңбекақы жүйесі жұмысты тәртіпке келтіретін басты дәлел болып табылады.
Міндеттерді орындағаны үшін үстеме ақы кәсіпорынның алға қойған түпкі мақсатқа бағытталған баланстық бағадарлама үшін белгіленеді. Бұл үстеме ақы бір аптаға белгіленген міндеттер орындалған жағдайда ғана базалық еңбекақының 50% көлемінде төленеді. Міндеттер орындалмаса немесе міндеттер болмаған жағдайда бұл үстеме ақы берілмейді.
Біліктілік үшін үстеме ақы осы аптадағы қол жеткізген үлкен жетістік үшін жеке белгіленеді. Бұл үстеме ақы істелінген жұмыстың қиындығына, белгіленегн міндеттің қарқындылығына, жеке біліктілікке, ұлғайтылған жұмыс көлеміне, кәсібін қоса арқаруға тікелей байланысты.
Нақты міндеттеріне қарай жеке бөлімшелер үшін қосымша бекітілген жағдай негізінде еңбекақының басқа формалары қолданылады. Өндірістік қажеттіліктерге байланысты белгіленген тәртіп бойынша ресімделеген көтермелеу жүйесі немесе келісім бойынша еңбекақы тлеуге рұқсат етіледі.
Еңбек және еңбекақы есебін талапқа сай, әрі жан-жақты ұйымдастыру үшін орындалған жұмыстар, алынған өнімдер, жұмсалған уақыттар күнделікті дұрыс орындалуы қажет. Бұл жұмыстарды шешу үшін тарифтік тиімдер мен кестелер қолданылады. ЖШС «Шама» кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру үшін өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен, атап айтқанда тарифтік жүйемен, еңбекті нормалаумен және еңбекке ақы төлеудің түрлерімен анықталады. Тарифтік жүйе еңбекті сапасына қарай бағалауға, нормалау – жұмсалған еңбек көлемін есепке алуға, ал түрлері еңбекақыны есептеу тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Тарифтік жүйе жұмысшыларға еңбекақыны ұйымдастырудың негізі ретінде қызмет етеді, және берілген халық шаруашылығы саласындағы еңбек ету жағдайында, жұмысшылардың біліктілігіне, еңбекақы төлеу түрлерімен маңызына тәуелді түрде құрылады. Тарифтік жүйеге мыналар кіреді:
– бір күнге немесе
бір сағатқа төленетін
– әр түрлі жұмыстар мен жұмысшылардың біліктілігі мен разрядтары арасындағы еңбекақының қатынасын көрсететін тарифтік сетка
– тарифтік сеткаға сәйкес жұмыс пен жұмысшының разрядын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықтамалар.
Қарапайым жұмыстарды орындау бірінші разрядты жұмысшының тарифтік ставкасы бойынша төленеді. Басқа разрядтағы жұмысшылардың тарифтік ставкасы бұл көлемнен олардың еңбек біліктілігіне деңгейіне былайша айтқанда, тағайындалған тарифтік разрядқа және берілген тарифтік коэффициентке байланысты жоғарылайды. Тарифтік разряд әрбір өндірістік операцияға, әрбір жұмысқа тағайындалады, сондықтан тарифтік ставка орындау уақыт нормасын есепке ала отырып кесімді бағаларды есептеуді пайдаланады.
Еңбек ақының барлық формаларында белгіленген тарифтік жалақы және қызметтік тұрақты жалақы ең төменгі еңбек ақы мөлшерінен және Қазақстан Республикасының үкімет басының 6.02.97. № 170 “ҚР еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру” нұсқауын ҚР үкіметінің 24.02.2006 ж. № 293 қаулысы бойынша біржола өзгертулердің кейінгі белгіленген тарифтік жалақы төленеді.
Қазіргі нарықтық экономика кезінде еңбек ақы 3 негізгі қызмет атқарады:мемлекеттің төменгі еңбек ақы болып есептеледі; халықты әлеуметтік қорғауға байланысты әлеуметтік жәрдемақы және басқалай төлемдер; белгіленген норматифтер бойынша айын, салық және басқа да жинақтаушы.
2012 жыдың 1 қаңтарынан
бастап 2012 жылдың республикалық
бюджетке сәйкес ең төмен
Еңбек ақы формасы штаттың кесте лауазымдың жалақы мөлшері, сыйлық жүйесі және де басқа көтерме төлемдер мекеменің еңбек ақы қорының өз алдына белгіленген мөлшерде жүргізіледі.
Жоғарыда айтып өткен еңбек ақы формасының бірнеше түріне мысал келтіре кетсек.
А) Мерзімді еңбек ақы
есептеу бойынша жұмысшыға
Сыйлықтарды жазу үшін басқару
аппаратының басшы
Еңбек жағдайының өзгерген кезінде жасалатын қосымша төлемдер. Бірнеше қызметті қатарынан атқарған кезде (қызмет көрсететін аясы кеңейгенде) немесе уақытша жұмысқа келмегендердің (қаысушылардың) міндетін атқарган кезде қосымша төлем жасалады. Егер олар бір ұйымның шеңберінде жұмыс істейтін болса және уақытша жұмысқа келмегендер қызметтен босамаған болса, еңбеккерлерді негізгі міндетінен босатпай, оларға қосымша міндеттемелер жүктеледі.
Оның мөлшері
жұмыс берушімен
жұмысты атқаратын
Нормадан артық жұмыс істегеш үшін еңбек ақы. Нормадан артық жүмыс істегені үшін жарты тарифтік мөлшерлеменің деңгейде қосымша төлем жасалады. Кез келген жұмыс беруші аптасына 40 сағат жұмыс уақыты етіп белгілейді. Ал жеке және ұжымды келісім-шартта бұл одан да темен болып белгіленуі мүмкш. Егер де кәсіпорын бір аптаның алты күні 7 сағаттан жұмыс істейтін күні етіп бекітсе, онда оның жұмыс уақытының ұзақтығы - 40 сағатқа тең болады, ал егер де күндігі 6 сағаттан есептелінсе, онда ол 36 сағатқа тең болады, ал егер де күндігі 5 сағатқа тең болса, онда ол 30 сағатты құрайды. Енді осы көрсетілген сағаттардан (40, 36, 30) артық істегені, нормадан артық істегені болып саналады.
Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс істегені үшін жасалатын төлемі. Егер қызметкер өзгеше белгіленген демалыс күнінде жұмысқа тартылса, онда оған екі апта ішінде басқа бір демалыс күні берілуге тиіс. Егер кәсіпорын әкімшілігінің оған қосымша демалыс беруге мүмкіндігі болмаса, ерекшелік жағдай ретінде бұл күн үшін екі есе мөлшерінде: мерзімдік жұмысшыларға және айлық ақы алатын қызметкерлерге тарифтік төлем мөлшерлеменің (айлық ақысының) екі есе еселенген төлем ақы төленеді.
Мерекелік күндерде жұмыс істегені үшін жұмысшыларға екі еселенген кесімді бағалар бойынша; еңбектері сағаттық не күндік төлем мелшерінен төленетін жұмысшыларға сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында; айлық ақы алатын қызметкерлерге мерекелік күні, жұмыс істегені үшін айлығының шегінде, сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында еңбек ақы төленеді.
Тоқтаусыз жұмыс істейтін ұйымдарда (немесе олардың кейбір бөлімшелерінде), сондай-ақ жұмыс уақытының есебін ынталандыру кезінде демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс уакыты айлық жұмыс уақытының нормасына енгізіледі.
Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі және аудиті