Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 19:45, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі Экономикалық қатынастардың мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу мен ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет.
Кіріспе4
1 Еңбекақының теориялық аспектілері7
1.1 Еңбек және еңбекақыны есепке алудың теориялық аспектілері7
1.2 Еңбекақыны нормативтік құқықтық реттеу және еңбекақының мәні мен маңыздылығы16
1.3 ЖШС «Шама» еңбекақы формалары мен жүйелері20
2. Еңбекақы есебін ұйымдастыру30
2.1 ЖШС «Шама» құрылымы мен экономикалық сипаттамасы30
2.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі35
2.3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар44
3 «Шама» ЖШС нің еңбекақысы бойынша есеп айырысудың талдамасы мен аудиті50
3.1. Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу аудиті50
3.2. Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру
56
3.3. «Шама» ЖШС нің еңбек өнімділігін талдау
62
Қорытынды67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі69
Қосымша
Қызметкер бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақытын қарастыратын жеке еңбек келісімшартына отыруға құқы бар.
«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 13-бабына сәйкес қызметкердің еңбек ететінің растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келісімшарты немесе жұмысқа қабылданғаны, жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі.
Сол ұйымның басқа жұмысына немесе ұйыммен бірге басқа орынға көшіру қызметкердің тек жазбаша келісімі бойынша, жеке еңбек келісімшартына соған сәйкес өзгертулер енгізумен ғана іске асырылады.
Қызметкерді сол ұйымда басқа орынға, сол орынның басқа құрылымының бөлімшесіне көшіру үшін мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы бойынша басқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыру үшін (егер бұл жеке еңбек келісімшартында өзгерістер тудырмайтын болса) қызметкердің келісімі талап етілмейді («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 17,18-бабы).
Қызметкерге еңбек жағдайының өзгеретінің бір ай бұрын (одан кем болмауы керек) хабарлау керек.
Еңбек жағдайы өзгерген жағдайда жеке еңбек келісімшартына сәйкес толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Егер қызметкержаңа жағдайда жұмыс істеуге келісімін бермесе, онда «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңы 26-бабының 7-тармағына сәйкес онымен келісімшарт бұзылады.
Өндірістік қажеттілік пайда болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді бір айға дейін оның келісімінсіз жеке еңбек келісімшартында қарастырылмаған және денсаулығына қауіп төндірмейтін сол ұйымдағы, сол орындағы басқа жұмысқа бұрынғы жұмысындағы айлық еңбекақысынан кем болмайтын еңбекақымен ауыстыруға құқы бар.
Мұндай ауыстыру стихиялық апаттың, өндірістік апаттың алдын алу немесе жою немесе салдарын дереу залалсыздандыру қажет болған жағдайда ғана іске асырылады («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 20-бабы).
Жұмыс болмай қалған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді мамандығына, біліктілігіне сай, денсаулығына қатер төндірмейтін, оның келісімінсіз бір айға дейін басқа жұмысқа ауыстыруға құқы бар.
Егер қызметкер жаңа жағдайдағы ұсынылған жұмысқа келісімін бермесе, онда «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 7-тармағына сәйкес онымен жеке еңбек келісімшарты бұзылады. Жұмыс болмай қалған және қызметкердің болмауына байланысты жағдайда оның орнына басқа бір білікті қызметкерді біліктілігіне сай келмейтін жұмысқа уақытша ауыстыруға оның жазбаша келісімінсіз ауыстыруға рұқсат етілмейді. («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 21,22-бпатары).
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру Қазақстан республикасының Еңбек туралы« Заңының 23-бабындағы қарастырылған шарттары мен тәртіптері бойынша жүзеге асырылады.
Жеке еңбек келісімшарты мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:
«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 27-бабы, 3-тармағына сәйкес жеке еңбек, ұжымдық еңбек келісімшарттарында өтемақының мөлшері және басқа негіздері белгіленеді.
Қызметкер жұмыс берушіге өзінің жұмыстан кететінің бір ай бұрын жазбаша ескертіп, жеке еңбек келісімшартын тоқтатуға құқылы.
Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек келісімшарты ескертілген мерзім біткенше тоқтатылуы мүмкін.
Қызметкердің бастамасы бойынша жеке еңбек келісімшартын бұзу негіздері «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 28-бабында қарастырылған.
Қорыта келе Еңбек төлемі ақшалай немесе заттай есептеліп, төленуге тиіс.
Ақшалай еңбек төлемі-еңбек төлемінің қолданыстағы жүйесіне сәйкес есептелген сомалар.
Заттай еңбек төлемі-төлем ретінде заттай берілген өнімнің құны, тегін не төмендетілген бағамен тамақтандыру үшін қосалқы шаруашылықтардан бөлінетін өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің баға айырмашылығының орнын толтыру т.б.
Сонымен қатар еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» заңының 5-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылыардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісім-шартпен реттеледі.
1.3 «Берек өнім» ЖШС еңбекақы формалары мен жүйелері
Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру механизмі жұмысшы күшінің еңбекақыға айналу процесін бейнелейді. Бұл оның осы заманғы нарықтық шындыққа қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзінің негізгі функцияларында еңбекақының соншалықты орындалуына байлынсты. еңбекақының қабылданған осы үлгісі мен оны нақты және нақты емес түрінде есептеу тәсілі еңбекті бағалау мен нәтижесінің өзара байланысын көрсетеді, жай және күрделі жұмыс істейтін әр түрлі категориядағы қызметкерлердің төлемдеріндегі қажетті үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Еңбекті ұйымдастыру және оның төлемі жұмыс берушілер мен қызметкердердің арасындағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізеді.
«Қазақстан республикасы Еңбек туралы» Заңының 70-бабы бойынша жұмыс беруші заңға, жеке еңбек келісімшартына, ұжымдық келісімшартқа сәйкес қызметкердің еңбекақысын төлеуге міндетті.
Жұмысшының еңбекақысы орындалған жұмыстың сапасы мен санына, ауырлығына байланысты анықталады.
Еңбекақының формалары мен жүйелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 15.05.2003 ж. №111-п «Қызметкерлерге еңбекақы төлеу мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныс» Бұйрығында белгіленген және жұмысшыларға еңбекақы есептеудің әр түрлі тәсілін анықтайды. Олар өндіріс жағдайы мен жұмыс жасайтын жеке құрам категориясына байланысты, яғни Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген №244 тіркелімі және Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық агенттігінің 2006 жылдың 19-шы желтоқсанындағы №50 қаулысында бекітілген жалданып жұмыс жасаушылардың сан және еңбекақы статистикасы бойынша Нұсқаулықтың 5-бөліміне сәйкес жұмысшылар және қызметкерлер болып екі топқа бөлінеді.
Қызметкерлер тобы мына категорияларға бөлінеді: басшылар, мамндар және басқа да қызметкерлер тобына жататындар.
Кәсіпорындағы шаруашылық
етуші субъект еңбекақы жүйесін
дербес таңдайды. Ұйымдардағы еңбекақы
жүйесі ұжымдық келісімшартпен немесе
жұмыс берушінің актісімен
Жұмысшылардың еңбегі мерзімдік еңбекақымен, кесімді еңбекақымен немесе басқа еңбекақы жүйелері бойынша төленеді. Төлем жеке және ұжымдық еңбектің нәтижелері үшін берілуі мүмкін,
Еңбекақының негізгі екі формасы бар:
Нарықтық экономика жағдайында алынған табыс немесе пйда проценттеріндегі түпкілікті нәтиже бойынша еңбекақының дәстүрлі емес формасы кең тарап отыр.
Мерзімдік еңбекақы тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе жұмыс істелген уақыт үшін төленеді. Мрезімдік ақы мынадай жағдайларда төленеді:
Еңбекақының мерзімдік еңбекақы формасында екі төлем жүйесі бар: мерзімдік-жай және мерзімдік сыйлықақы.
Мерзімдік-жай ақы тарифтік мөлшерлемені немесе қызметкердің қызметақысын және жасалған жұмыс уақытының санын қолдану арқылы анықталады. Тәжірибеде бұл еңбекақыны есептеудің үш тәсілі пайдаланылады: сағаттық, бір күндік, бір айлық.
Мысалы, Қалдыбаев Д.О. мамандығы жүргізуші инженер бір айда 12 күн жұмыс атқарған: 33568,42 /12 = 2797,368 мың теңге. Қалдыбаевтің еңбекақысы 2797,368 * 12 = 33568,42 теңге болады. Дт 8112 Кт 3350 – 33568,42 тг.
Еңбекке мерзімдік сыйлықақы жұмыс жасалынған уақытының еңбекақысына қоса жұмыстың нәтижесіне қарай шаруашылық етуші субъект әзірленген сыйлықақы жүйесіне сәйкес сыйлықақы төлеуді қарастырады.
Кесімді ақы өнімділігі есептеуге келетін қызметкерлерге беріледі. Еңбекақының кесімді ақы формасы мынадай жүйелерге бөлінеді: тікелей кесімді ақы, үдемелі кесімді ақы, кесімді сыйлықақы, жанама кесімді ақы, көтеріңкі кесімді ақы.
Тікелей (жай) кесімді ақыда жалақы көлемі тек шығарылған бұйымдардың санына және бұйым бірлігінің белгіленген бағалауына байланысты анықталады.
Үдемелі кесімді ақы белгіленген нормадан тыс өндірген өнімі үшін кесімділікті – жұмысшыларды көтермелеуде қарастырылады. Нормадан тыс жасалған өнім үшін жұмысшыға тікелей кесімді бағалау бойынша еңбекақысын есептейді, ал нормадан тыс – үдемелі өсетін баға бойынша, бірақ ек мәрте кесімді бағалаудан аспауы керек.
Кесімді сыйлықақыда жұмысшылардың кесімді еңбекақы сомасына қоса қол жеткізген сандық және сапаллық көрсеткіштеріне сыйлықақы есептеледі (нормалы міндеттер немесе өнімділік нормасы, өнімнің сапасын жақсартуды орындау және артығымен орындау; шикізатты, отынды, энергия металдарын үнемдеу; жабдық жұмысшыларының технологиялық тәртібін сақтау).
Еңбек жанама кесімді ақы жүйесінде жабдықта және жұмыс орында қызмет ететін көмекші және басқа жұмысшыларға негізгі жұмысшылар өндіретін өнім есебінен жанама кесімді бағалау бойынша еңбекақы есептелінедң.
Көтеіңкі ақы жүйесінде атқарылатын жұмыстың көлемі бұрын белгіленеді. Еңбек белгіленген мерзімде орындалуына қарай бағаланады. Еңбекақының жалпы сомасы жұмыстың аяқталған мерзімі және сыйлықақы көлемі (көтермелеу міндетінің мерзімін кеміту үшін) көрсетіліп, орындалатын жұмысқа наряд жазылады. Көбінесе көтермелеу еңбекақы жүйесі құрылыс жұмыстарында қолданылады.
Кесімді ақы сияқты мерзімдік ақы жеке және ұжымдық негізінде іс жүзінде асырылады. Бригадалық форма әдетте орындаушылардың бірін-бірін алмастырушылығымен қызметтерді қоса атқаруына қажет ететін жағдайда жүзеге асырылады. Мұнда бргада ұжымы кәсіби шеберлік пен қызметті қоса атқарғаны үшін белгіленген үстеме ақы мен қосымша ақы бойынша, жұмыстың жалпы нәтижесіне бригаданың әр мүшесіне нақыт қосатын үлесіне қарай еңбекақымен сыйлықақының көлемін анықтау бойынша үлкен құқыққа ие болады.
Бригадалық еңбекақыны
бөлу еңбекке қатысу коэффицентің қоса
ескеретін тариф бойынша
Кесімді бағалау әрекеттегі
өнімділік нормасына және уақыт
нормасына негізделеді. Уақыт нормасы
– бұл жұмыс бірліктерін
Еңбекті нормалау Қазақстан Респулбликасының Еңек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2006жылғы 22 маусымындағы №152-10 Бұйрығымен бекітілген «Еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынысқа» сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмысшылардың еңбегін
нормалау барысында мына еңбек нормалары
қолданылады: уақыт нормасы, өнімділік
нормасы, сандық норма, қызмет көрсету
нормасы, нормаланған міндеттемелер,
жабдықтау жұмысының
Уақыт нормасында қарастырлған бір жолғы сипаттағы жұмысқа нормалар бойынша есептелген К=1,1 еңбек сыйымдылығы қолданылады.
2012 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап «2012 жылға арлналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес еңбекақының ең аз шамадағы мөлшері айына 17439 теңге сомасында белгіленеді.
Әр түрлі кәсіби-біліктілік топтарындағы қызметкерлердің тарифтік мөлшерлемелері мен қызметақылары Бірыңғай тарифтік кестеде белгіленген тарифтік-біліктілік коэффициенті және жұмыс берушінің еңбекақыны ең аз шамадағы мөлшерлемесімен анықталады.
мұнда % жоспарлы жұмысқа шықпау осы бухгалтерлік есеп бойынша анықталады.
Барлық экономика
Бюджет саласындағы қызметкерлерге тарифтік мөлшерлемені және қызметақыны белгілеу арқылы еңбееақының барлық түрінде еңбекақының ең аз шамадағы көлемі және бірыңғай тарифтік кесте қолданылады.
Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі және аудиті