Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі және аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 19:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі Экономикалық қатынастардың мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу мен ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет.

Содержание

Кіріспе4
1 Еңбекақының теориялық аспектілері7
1.1 Еңбек және еңбекақыны есепке алудың теориялық аспектілері7
1.2 Еңбекақыны нормативтік құқықтық реттеу және еңбекақының мәні мен маңыздылығы16
1.3 ЖШС «Шама» еңбекақы формалары мен жүйелері20

2. Еңбекақы есебін ұйымдастыру30
2.1 ЖШС «Шама» құрылымы мен экономикалық сипаттамасы30
2.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі35
2.3 Есептелген еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар44

3 «Шама» ЖШС нің еңбекақысы бойынша есеп айырысудың талдамасы мен аудиті50
3.1. Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу аудиті50
3.2. Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру
56
3.3. «Шама» ЖШС нің еңбек өнімділігін талдау
62

Қорытынды67

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі69

Қосымша

Работа содержит 1 файл

шама 2013.doc

— 674.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кіріспе

4

1 Еңбекақының теориялық аспектілері

7

1.1 Еңбек және еңбекақыны  есепке алудың  теориялық аспектілері

7

1.2  Еңбекақыны нормативтік  құқықтық реттеу және еңбекақының  мәні мен маңыздылығы

16

1.3 ЖШС «Шама» еңбекақы формалары мен жүйелері

20

   

2. Еңбекақы есебін ұйымдастыру

30

2.1 ЖШС «Шама» құрылымы мен экономикалық сипаттамасы

30

2.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың  аналитикалық және синтетикалық  есебі

35

2.3 Есептелген еңбекақыдан  ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдар

44

   

3 «Шама» ЖШС нің еңбекақысы бойынша есеп айырысудың талдамасы мен аудиті

50

3.1.  Еңбекке ақы  төлеу бойынша есеп айырысу  аудиті

50

3.2. Еңбекақының дұрыс  есептелуін және олардан ұсталынатын  ұсталымдар мен аударымдардың  заңдылығын тексеру

56

3.3. «Шама» ЖШС нің еңбек өнімділігін талдау

62

   

Қорытынды

67

   

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

69

 

Қосымша

 

72


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Тақырыптың өзектілігі Экономикалық қатынастардың мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу мен ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.[1]

Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді  функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен  қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы мен өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпарттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.

Бухгалтерлік есептің  ең басты бөлігінің бірі – еңбекақыны есептеу, ұйымдастыру және тарату болып  табылады.

Еңбекақы дегеніміз  – еңбек үшін төлем, оны еңбек  келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алынады. Сыйақыларды жазу үшін басқару аппараттарының басшы қызметтеріне статистикалық есептің деректері, жедел есептің деректері негіз болып табылады. Моральдік факторлар ескеріледі. Бұл кез келген кәсіпорын мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу, қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселесінің бірі. Белгілі уақыттағы ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу, еңбекақы есебін маңызды элементі болып табылады. Еңбектің күрделілігіне, мамандық дәрежесіне қарай еңбекақы төленеді. Маңызды элементінің бірі тиісті еңбекақымен қатар қосымша төлемдер жүргізіледі. Сол қосымша ақылар құрамына жас өспірімдерге еңбекақы төлеу. Әрине, белгіленген заңға сәйкес қысқартылған жұмыс күніне байланысты еңбекақы төленеді. Ең маңыздысы күндізгі ақыға қарағанда тарифтік мөлшері жоғары болады.

Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері - өндірілетін өнімдер мен істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс бағалау. Еңбек өнімділігін дұрыс бағалау. Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі  міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексету болып табылады. Жұмысшылар мен қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу. Өндіріске жедел басшылық жасау тиісті мәліметтер алу. Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.

Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды  элементтерінің біріне айналып отыр. Басқарудың барлық жүйесі мен деңгейлерін  қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа бақылаушы мемлекеттік емес органдар пайда болды және әрекет етіп жүр.

Соңғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін  құру, аудитор кадрларын дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекеленген заң актілеріне сай аудитордың кәсіби міндетін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізіліді.

Аудиттің ақпараттық негізі  бухгалтерлік есеп болып  табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процесін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды іске асыру үшін тексерудің арнаулы әдістерімен тәсілдерін қолдана білуі керек.

Қолданылатын әдіс, тәсілдері  бойынша жалпы еңбекақының жүйелік  тәсілдері көп. Тариф жүйесінің  кестесі, мөлшері мамандық анықтамасына бөлінетіннен байқадық. Тарифтік кесте  еңбекақы жұмыстарының түріне қарап екіге бөлінеді. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда өндіріс түрлеріне байланысты еңбек және еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануға сәкес өнім өндіру есебінің әртүрлі тәсілі бар. Әрбір операция бойынша өндіріс түріне қарай оның өзі түгендеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорындағы еңбекақы есебі мен аудитін ұйымдастыру жағдайын зерттеу. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей мәселелер қойылып шешіледі:

  1. еңбекақыны зерттеудің теориялық негізін қарастыру;
  2. еңбекақы есебін жүргізу тәртібін зерттеу;
  3. еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебін көрсету;
  4. еңбекақыдан ұсталымдарды қарастыру;
  5. еңбекақы қорын талдау;
  6. еңбекақыға жүргізілген аудит.

Зерттеудің  ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің, Статистика агенттігінің ақпараттық мәліметтері,  заңдық және нормативтік құжаттар, отандық және шетел  экономист-ғалымдардың еңбектері, кәсіпорынның нақты мәліметтері  және басқа да көздер  пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – "Шама" жауапкершілігі шектелген серіктестігі.

Теориялық және әдістемелік негіздері

Жұмыстың әдістемелік  нұсқалары болып мыналар табылады: Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексі, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттар бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарының синтетикалық шоттары топтарының тізбесі, шетелдік және отандық экономистердің ғылыми әдебиеттері, кезеңдік басылымдар және " Шама " жауапкершілігі шектелген серіктестігінің бастапқы мәліметтері. Статистикалық мәліметтер  еңбек өнімділігін анықтау үшін және жұмыс уақытының пайдалану нәтижесінде анықтайды. 

Дипломдық жұмыстың  көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден,  үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер көзінен тұрады. Дипломдық жұмыстың  жалпы көлемі 68 бет негізгі бөлімнен,         17 кестеден, 3 суреттен, 3 бет қосымшадан тұрады.

Қысқаша сипаттамасы Кез келген кәсіпорын еңбекақы берілген де, қай ұсталым қанша пайыздық мөлшерлеме де, қай ұсталымға кеткенін бақылау үшін дұрыс еңбекақы  табелін тексеру. Еңбекақы берер де, істелінген жұмысы үшін  тариф мөлшерлемесіне сәйкес төлеу. Неғұрлым жұмыс көлемін арттырған сайын, соғұрлым еңбекақы деңгейі артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Еңбекақының теориялық аспектілері

 

 

1.1 Еңбек және еңбекақыны  есепке алудың  теориялық аспектілері

 

 

″Қазақстан Республикасының  еңбек туралы″ заңы  бойынша  жұмыс берушілер мен жұмысшының құқықтары мен міндеттері қарастырылады. Соның ішінде олардың жекелеген және ұжымдық келісім-шарт жағдайында қарастырылған. Соның бірін қарастырсақ, жекелеген келісім-шарт мақсаты – екі жақты келісім. Жұмыскер бұл келісі-шартты ерікті тұлға ретінде толтыруы керек. Заң тұрғысынан міндеттілікке жүктелуі керек. “Қазақстан Республикасының еңбек туралы” заңында негізінде мұндай келісім-шарт 16 жастан жоғары болуы керек. Кез келген кәсіпорын мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдарын дұрыс бағалап, олардың еңбегін дұрыс бағалап, әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын, күрделі мәселесі болып табылады. Сондықтан осыған орай әр ғалымдардың пікірі былай болмақ:

Еңбекақы бойынша жасалған есеп екі бағытқа бөлінеді:

  1. өндірістік
  2. өндірістік емес

Біріншісіне, негізгі өндіріспен шұғылданса, екіншісі, білім-ғылым мәдени жұмыстармен айналысады. Бөлім бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді тізімді және тізімді емес болып бөледі.

Тізімдіге жататындар: тұрақты, мерзімді, уақыттылар, ал 5 күннен кем  жұмыс істейтіндерді тізімді еместерге жатқызады.

Тұрақтылар қатарына қызметкерлер, жұмысшылар, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтіндер ал қосалқы жұмысшылар  өнеркәсіп  ұжымына жатпайды. Олардан қосымша  көмек алу арқылы еңбекақы алатындар. Өнеркәсіп бөлімшесінің функциясына  қарай екіге бөлінеді:

1.жұмыскерлер

2.қызметкерлер

Еңбекақы – жұмыскерлердің өзі істеген еңбегі үшін алынған  түрі. Еңбекақының екі түрі болады. Негізгі және қосымша. Негізгісіне  істеген уақыты үшін сағатымен, сапасына қарай тарифтік мөлшеріне ақы  алады. Бөлек бағам бойынша, қосымша жұмыс бойынша, түнгі уақыт бойынша. Қосымшаға істелінбеген уақыт үшін, демалыс күндерін ерте алғанда, баланы емізгенде. Еңбекақы мөлшерін, тарифтік мөлшерін жұмыс сағатына, күніне, көбейту арқылы анықталады. [2,45 б]

Еңбекақыны төлем - тапсырма  ведомосте ( № Е-49) ал, жеке тұлға шоты бойынша (№ Е-54) ал, бергенде төлем ведомосі бойынша (№ Е-53)

Сонымен қоса, нақты істеген (12 айдан кем) орта еңбек ақы бойынша  төлем екі түрде жасалады.

а) қабылданбаған демалыс  үшін қосымша ақы:

 жұмыс күндерде = жұмыс куні үшін еңбекақы/ алты күндік жұмыс күнінің саны, сенбіні қоса алғанда.

б) демалыс жәрдемақыларының төлемі:

орта күндік еңбекақы = төлем кезеңі ішіндегі есептелген еңбекақы соммасы толық жұмыс  істеп шыққан күндер саны.

 Ұйымдағы еңбекақының жағдайы бойынша Қ.К.Кеулімжаевтың   көзқарасы мынадай : көптеген халық үшін еңбекақы кірістің қайнар көзі болып табылады. Оның мөлшерінің абсалютті немесе біртектілігіне қарай кез келген мемлекеттің өмір сүру деңгейіне тәуелді болып табылады. Сондықтан еңбекақыға байланысты оның деңгейі, өмір сүру деңгейі, белгіленген уақыт аралығына белгіленген ақы еңбекақы формалары және тағы басқалары жатады. Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін қарастырылатын сұрақтарының бірі болып табылады. Еңбекақыға байланысты жағдайларды қарастырғанда ең алдымен еңбекақы мөлшерін анықтау, яғни ең алдымен еңбек шығынын қысқарту, сол уақытта жұмыскерлер ұйым кірісін жоғарлатуға қызығушылығын білдіреді. [3, 184 б]

Еңбекақы ұйымы нақты  кәсіпорын не ұйымға қоятын шарттары: еңбекақы мәселесін макроэкономикалық тұрғыдан анықтау, бірақ макроэкономикалық тұрғыдан, бірінші мәселеге байланысты анықтамауға жол берілмейді.

Біріншіден, кәсіпорындағы  еңбек ұйымын ұйымдастыруда жұмыскерлерге  тәжірибелік көмек көрсету.

Екіншіден, еңбекақы мәселесін мемлекеттік деңгейде ғылыми қайта өңделген сұрақтарды халықаралық деңгейдегі концепциялар құжаттардың статусы мен басқа баспа сөз деңгейін анықтау керек.

Еңбекақыны  ұйымдастыру  – еңбек ұйымының ажырамас бір  бөлігі. Сондықтан еңбекті ұйымдастыру еңбек ақының негізгі қалаушы элементтерінің бір бөлігі. Басқа сөзбен айтқанда, еңбекақы құрлымы мен оның деңгейі еңбекті ұйымдастырудың құрлымына сәйкес келуі керек. Кәсіпорын ұйымдық құрлымының бірінші бөлшегі еңбек кәсіпорыны. Кәсіпорынның өзінің сатылары мен маңыздылығына нарықтағы жағдайларына қарай бөлімдерге бөлу керек. Себебі өз қажетіне қарай олар өз мақсаты мен көздеген жағдайларды анықтау керек. Ең тиімдісі ұйымдық құрлымға оның мәселесін шешу тәсілі ұзақ мерзімді стратегия. Яғни олар маңыздылығы мен қысқа мерзімді тактикалық жоспарды кәсіпорын стратегиялық мақсатты жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

 Мақсаты – стратегиялық  кәсіпорын құрылымдық ұйымның  да, барлық қызметкерлері бір  басшыға бағытталуы керек және  ұзақ мерзімді уақыт қажет. 

Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі және аудиті