Дебиторлық борыштар есебi, аудитi

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 05:52, реферат

Описание работы

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық борыштары /Алынуға тиіс шоттар/ деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін /алынатын/ уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мнрзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі.

Содержание

Кiрiспе..............................................................................................................
1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi...........................................................
2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты...............................................
2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi............
2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар................................................................
11 тарау. Дебиторлық борыштар аудитi.......................................................
3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты..............................................
3.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті...........
3.3. Күмәндi дебиторлық борыштар резерв есебінің аудиті..........................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайданылған әдебиеттер тiзiмi.........................................................................

Работа содержит 1 файл

Дебиторлық борыштар аудитi.DOC

— 411.00 Кб (Скачать)

   Қызметкерді шетелге іссапарға жіберген кезде шетелдік валютадағы іссапар шығындарын өтеудің тиісті нормаларын басшылыққа алу керек.

  Есеп беретін  адамдармен есеп айырысудың жинақтамалы  есебі 333 - «Қызметкерлермен басқа  да адамдардың борышы» шотында  жүргізіледі. Шот активтік, дебеттік  қалдығы есеп беретін субъектіге  берешек сомасын көрсетеді. Шоттың дебеті бойынша өндіріп алынған артық шығыс сомасы мен шығыс касса ордері негізінде беруге қайтадан берілген сомалар көрсетіледі. Кредиті бойынша аванстық есептемеге сәйкес пайдаланылған сомалар мен кіріс касса ордері бойынша пайданылмағандар ретінде көрсетілген сомалар көрсетіледі.

1. Шаруашылық  шығындарына, операция мұқтаждықтарына,  іссапарларға 

есеп беруге қолма-қол ақшалар берілгенде: Дт 333   Кт 441,431

2. Аударым жолымен  есеп беруге сомалар берілді  (ұшаққа билет сатып алу):

Дт 333   Кт 441,431

3.Жол жүру  билеттері сатып алында және чекпен төленді:

 Дт 333  Кт 422

4. Есеп беретін тұлға сатып алған ТМҚ кіріске алынды:

Дт 201-206,208,223,222   Кт 333

5. Аванстық есептемелер тапсырылған бойда есеп беру сомаларын есептен шығару:   Дт 821,938   Кт 333

6. Есеп беретін  сомалар бойынша:  Дт 331  Кт 333

7. Жұмсалмаған  есеп беру сомаларын қайтару:  Дт 451,452  Кт 333

8. Жұмсалмаған  есеп беру сомаларын жалақыдан  ұстап қалу: Дт 681  Ет 333

9. Есеп беретін  тұлға алдындағы кәсіпорынның  берешегі (артық шығын өтелмейді):    Дт 333   Кт 682

   Заңды тұлғалардың жұмысына, қызметіне ақы төлеу, олардан тауар сатып алу кезінде бастапқы дәлелді құжаттарды: шот-фактураны, жүкқұжатты, тауар чегін, ақы төленгенін дәлелдейтін фискальдің чекті қоса тіркей отырып, аванстық есеп жасау қажет. Аванстық есептерде және бухгалтерлік есептің тиісті тіркелімдерінде растайтын құжаттар болған жағдайда (касса № 7 жорнал-ордер бойынша – қызметкерлер мен басқа да адамдардың берешегі), мынадай жазбалар бойынша жүзеге асырылады:

3 кесте

Қызметкерлер  мен басқа да адамдардың берешегінің бухгалтерлік жазуы

күні

Дт

Кт

Сомасы

тенге

Операцияның

мазмұны

06.08.2004

 

821

 

333

 

1000

 

Бланкілер, ФШ, тауар чегі, ШФ сатып алынған

06.08.2004

331

333

160

ҚҚС есепке жатқызу

07.08.2004

 

201

 

333

 

1000

 

Шаруашылық тауарлары, ФЧ, ШФ, жүкқұжат сатып алынған

07.08.2004

125

333

18000

Ұялы телефон, ФЧ, ШФ сатып  алынған

 

07.08.2004

 

331

 

333

 

3040

 

ҚҚС есепке жатқызылған

09.08.2004

203

333

6000

Бензин, ФЧ сатып алынған

09.08.2004

331

 

333

960

ҚҚС есепке жатқызылған, ФЧ ҚҚС бөліп көрсетіліп жеке жолмен


Ақпарат көзі: «Қос Қанат» ЖШС-нің 2004 жылдың қаржылық мәліметтерінен алынды

   Бухгалтерлердегі  қинайтын сұрақтардың бірі –  есеп беруші адамдарда фискальды  чектің болмауы. 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Респубдикасы Кодексінің 546 бабының 1-тармағына сәйкес ҚР аумағында сауда операцияларян жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша, банктік төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысу міндетті түрде фискальлық жады бар бақылау чегін беру арқылы жүргізілетіні белгілі. Ал егер тауар жеткізуші, жұмыстар, қызметтер көрсетуші көптеген ұйымдарда фискальдық чектер берілмейтін болса, ең алдымен заңға бағынатын, БКМ бар және фискальдық чектер беретін жеткізіп берушілермен жұмыс істеуге тырысу қажет. Ад мүмкіндік болмай фискальды чек беруден бас тартса, онда кассалық орлеріне түбіртек пен шот-фактура алу қажет, оларды заңды тұлғаның мөрімен расталған барлық деректемелері көрсетілуге тиіс. ”Әкімшілік құқық бұзушылық туралы„ Кодексте (ӘҚБтК) фискальдық чек бермегені үшін жауапкершілік сатушыға жүктелгенін есте сақтау керек. Осы ӘҚБтК 215 бабына сәйкес фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолданбай тауарлар сату немесе қызметтер көрсету не салық органдарында тіркелмеген, ақауы бар машиналарды қолдану арқылы фискальдық жады бар БКМ-ларын қолдану тәртібін бұзу – жеке кәсіпкерлер мен лауазымды адамдарға бестен жиырма бес айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға әкеп соқтырады. Фискальдық жады бар БКМ қолданған кезде салық төлеушінің тауар үшін төлегенінен кем немесес артық сомаға кассалық чек бермеуі – жеке кәсіпкерлерге және лауазымды адамдарға бестен онға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады. Әеімшілік жазалау шарасы салынғаннан кейін жыл ішінде қайталап жасалған тап сондай әрекеттер – жеке кәсіпкерлер мен лауазымды адамдарға оннан қырыққа дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады.

   Салық кодексінің 517 бабына сәйкес фискальдық жады бар БКМ қолдвну ережелеріне бақылау жасау сатып олушылардың емес, салық қызметі органдарына жүктелген. Сонымен бірге сатып алушыларда ғана емес, сатушыларда да фискальдық чектерді беруге байланысты проблемалар бар. Авиа және теміржол билеттерін сататын ұйымдардың тасымалдаушылардың агенттері мен субагенттерінің қызметін пайдаланбайтын кәсіпорын жоқ шығар. Алматыдағы кәсіпкерлер қауымдастығы осындай ұйымдарда БКК қолдану жайында түсініктеме беру туралы ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетіне жүгінген еді. 02.12.2002ж. № НК-УНК-08-4-15-1/11333 хат бойынша мынадай түсіпіктеме берілді.    Салық кодексінің 846 бабының 1- тармвғының ережелері түбертек, билеттер, талондвр, пошта төлемі белгілерін немесе ҚР Қаржы министрлігі бекіткен нысандар бойынша қатаң есептесу чектеріне теңестірілген құжаттарды бере отырып, халыққа қызмет көрсететін салық төлеушілердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

” Фискальдық жады бар БКМ қолданбай қызмет көрсеткен кезде халыққа берілетін түбіртектердің, талондардың, пошта төлемі белгілерін немесе чектерге теңестірілген қатаң есептіліктегі басқа да  құжаттардың нысандарын бекіту туралы„ ҚР Қаржы министрлігінің 23.05.2002ж. № 230 бұйрығымен қатаң есептіліктегі құжаттар нысандарының тізбесі бекітілген. Теміржол және авиабилеттердің нысандары бұл тізбеге кірмейді.

Теміржол және авиабилеттердің нысандарын қатаң есептіліктегі құжаттар ретінде бекіту дұрыс емес деп есептейміз, өйткені ҚР ҚМ жоғарыда аталған бұйрығы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекедеген түрлерінің айрықша ерекшеліктеріне байланысты БКМ қолдану қиын болған жағдайда, қатаң есептілік құжаттары ретінде қолданылатын түбіртектер, билеттер, талондар, пошта төлемін төлеу белгілері қатаң есептілік бланкілері санатына жатқызылған. Теміржол және авиабилеттердің сату стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылады, оның үстіне, жолаушы орындарының бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін компьютерлік жүйе қолданылады.

23.11.2002ж. №  458-11 ҚР Заңымен Салық кодексіне  енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға  сәйкес БКМ ұғымына компьютерлік жүйе де кіреді.

Есеп беретін  адамдар АМҚС-да ЖЖМ сатып алған  кезде фискальдық чекте бөліп  көрсетілген ҚҚС есепке жатқызу  жайындағы мәселелер бухгалтерлерде жиі туындап отырады. Осы мәселені Салық кодексінің баптары негізінде қарастырайық. Салық кодексінің 235 бабының 1-ші тармағында, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе (38 тарау ”Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу”), тауарларды  (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) алушының бюджет жарнасына жатқызуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде, негізгі құралдарды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:

  1. тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) алушы осы Кодекстің 207 бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
  2. өнім беруші Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) шот-фактура немесе 235 баптың 2- тармағына сәйкес берілетін басқа да құжатты ұсынылса, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алушының ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқығы бар деп белгіленген.

”Фискальдық жады бар БКМларын қолдану Ережелері” атты ҚР Үкіметінің 18.04.02ж. № 449 қаулысына  сәйкес ҚҚС көрсетілетін бақылау  чегінде мынадай ақпарат блуға тиіс екендігі көрсетіледі: сатушының СТН-ні; қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің сериясы мке нөмірі; тауардың (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) атауы; қосылған құн салығының сомасы.

2002 жылдан бастап  базарларда жеке тұлғалардан ТМҚ сатып алуға арналған құжаттарды рәсімдеуге талаптар өзгерді. Салық кодексінің 372 бабабына сәйкес базарларда тауар сатумен айналысатын адамдар бюджетпен есеп айырысуды біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимінде жүзеге асырады (базарларда біржолғы талон бойынша патент негізінде арнайы салық режимін, оңайтылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын, сондай-ық жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын жеке тұлғалар сауда жасай алады. ҚР МКМ 30.03.2002ж. № ДНП-1-1-13/3002 хаты). Қолданыстағы заңдарға сәйкес сатып алу актілерін осылайша рәсімдеген жағдайда жеке табыс  салығы ұсталмайды, сатып алынған ТМҚ құны 92-баптың шарттары орындалған жағдайда шегерімге жатқызылады. (ҚР МКМ 18.07.2002ж. № ДНП-1-1-21/7242 хаты). Сондықтан базардан тауар сатып алған кезде міндетті түрде сатып алу актілерінде сатушының СТН, аты-жөнін, сондай-ақ біржолғы талонның нөмірі мен сериясын, базардың мөрін көрсету керек. Олар болмаған жағдайда сатып алынған ТМҚ құнынан төлем көзінде есеп беруші адамнан салықты қосымша есептеу қаупі бар.

22.09.2000ж. №  1428 ”Мемлекеттік бюджеттің есебінен  ұсталатын мемлекеттік мекемелердің  қызметкерлерін ҚРсының шегіндегі  қызметтік іссапарлары туралы  Ережелерге” сәйкес қызметтік  іссапарға жіберу үшін басшы қол қойған бұйрық негіз болып табылады. Іссапарға орындарында болудың нақты мерзімі баратын пунктіне келген күн және пункттен қайтқан күн туралы іссапар куәлігіндегі белгілер бойынша айқындалады.

Іссапардан  қайтқаннан кейін қызметкер бес  күннің ішінде ақшалай қаражаттың нақты шығыны туралы аванстық есепті табыс етуге міндетті. Аванстық есепке белгіленген тәртіппен рәсімделген іссапар куәлігі, тұрғын үй жалдағаны және жол жүру шығындары туралы құжаттар қоса тіркеледі.

2002 жылдан бастап  қызметтік іссапарлар кезінде және өкілдік шығындар бойынша өтемақы сомаларын шегерудің жаңа нормалары енгізілген. Салық кодексінің 93 бабына сәйкес қызметтік іссапарлар көзіндегі өтемақыларға мыналар жатады:

броньға шыққан шығындарға шығындарға ақы төлеуді қоса есептегенде, іссапар орнына және кері қарай жол жүруге нақты жұмсалған шығындар; броньға шыққан шығындарға шығындарға ақы төлеуді қоса есептегенде, тұрғын үй жалдауға нақты жұмсалған шығындар; Қазақстан Республикасының аумағында тәулігіне екі айлық көрсеткіштен аспайтын мөлшерде іссапарда болған кезде төленетін тәулікақылар; ҚР Үкіметі белгілеген нормалар шегінде ҚР шегінен тыс жерлерде іссапарда болған уақыты үшін төленетін тәулікақылар.

Өкілдік шығындарды шегерімге жатқызу үшін растайтын  құжаттар болуы керек. Бұйрық, шақырылған адамдардың тізімі, қабылдайтын тарап адамдарының тізімі, қонақтарды тіркеу жорналы, жүкқұжат шоттары, нақты жасалған шығыстар бойынша ақы төленгені туралы құжаттар болуы керек.

     Жалпы  әкімшілік – шаруашылық шығындары  және қызметтегі іс-сапарлары үшін есеп беруге  тиісті тұлғаларға берілген сомаларға: 333-ші шот дебеттелініп, 431,441,451 шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

     Жұмысшыларға  берілген займ /қарыз/ сомаларына: 333-ші шот дебеттелініп, 431,441,451 шоттарының  тиістілері кредиттелінеді.

      Есепті кезеңде жоғалған, бүлінген  немесе іздеуге салынған жетіспеушіліктерге  кінәлі тұлға табылып және  оның төлеуге тиісті сомасына: 333-ші шот дебеттелініп, 611 шот  кредиттелінеді.

      Есеп беруге тиісті тұлғалар  өздерінің борыштарын өтеген  уақытта: 101-106, 121-126, 141-144, 201-206, 208 және 222 шоттарының тиістілері дебеттелініп, 333-ші шот кредиттелінеді.

      Есеп беруге тиісті тұлғалардың  аванс ретінде алған сомаларының  пайдаланғаннан қалған қалдығы,  жетіспеушілік бойынша кінәлі  адамдардың төлеген сомалары, жұмысшылардың алғаг қарыз сомаларының қайтарылуы ақша қаражаттары шоттарына келіп түскенде: 431, 441, 451 және 681 шоттарының тиістілері дебеттелініп, 333-ші шот кредиттелінеді.

     Есеп  беруге тиісті тұлғалардың субъектінің  есебінен шығарған шығындарының сомасына: 811, 821, 938, 948 шоттарының тиістілері дебеттелініп, 333-ші шот кредиттелінеді.

    Жабдықтаушыларға  оларлан алынған ақау материалдарды  қайтаруға байланысты дебиторлық  борыштың пайда болуына: 334 шот  дебеттелініп, 202-206 және 208 шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

     Банктегі  шоттан қателесіп, есептен шығарылған  сомаға: 334 шот дебеттелініп, 431, 432 және 441 шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

     Құны  акцептелген, төленген тауарлы-материалдық  қорлармен айналымнан тыс активтер қоймаға келіп түскенде, олардың жетіспеушілігі  мен бағалардың сәйкессіздігі нәтижесінен болған, сондай-ақ арифметикалық қателіктерге: 334 шот дебеттелініп, 671 шот кредиттелінеді.

     Ағымдағы  жал бойынша алынуға тиісті  жал төлемдері мен айыппұлдарға, өсімақыларға: 334 шот дебеттелініп, 727 шот кредиттелінеді.

     Төтенше  жағдайлардан болған залалдардың  орнын толтыру бойынша дебиторлық  борыштың пайда болуына: 334 шот  дебеттелініп, 862 шот кредиттелінеді.

  Сонымен  қатар 334 шотта төленуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық төленген сомалар, жабдықтаушылармен мердегерлерге деген   шағым талап сомалары, тауарлы-материалды қорлардың жетіспеушілігі, өсімақылар, тағы да басқалар есептелінеді.           

Информация о работе Дебиторлық борыштар есебi, аудитi