Дебиторлық борыштар есебi, аудитi

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 05:52, реферат

Описание работы

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық борыштары /Алынуға тиіс шоттар/ деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін /алынатын/ уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мнрзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі.

Содержание

Кiрiспе..............................................................................................................
1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi...........................................................
2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты...............................................
2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi............
2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар................................................................
11 тарау. Дебиторлық борыштар аудитi.......................................................
3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты..............................................
3.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті...........
3.3. Күмәндi дебиторлық борыштар резерв есебінің аудиті..........................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайданылған әдебиеттер тiзiмi.........................................................................

Работа содержит 1 файл

Дебиторлық борыштар аудитi.DOC

— 411.00 Кб (Скачать)

Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:

      Дт «Алынған вексельдер» шоты

      Кт «Алынуға тиісті борыштар»  шоты

Ал вексель  бойынша сатып алушылардың борыштарының жабылуына, яғни ақша келіп түскен мерзімінде /пайызсыз/:

      Дт «Ақшалар» шоты

      Кт «Алынған вексельдер» шоты  түріндегі бухгалтерлік жазуы  жазылады.

     Айта кететін бір жағдай көптеген уақыттарда вексельде көрсетілген сома бойынша пайыз мөлшері жылдық мерзімге негізделеді. Мысалы, 500000 (бес жүз мың) теңгеге алты айға вексель алынып және оған қоса жылдық 5 (бес) пайыз көлемінде төлем төлеу көрсетілген болды деп есептейік. Осы жағдайда біздің вексель бойынша адуға тиісті сомамыздың мөлшері былай есептелінеді:

     500000+500000х5%х6/12=500000+12500=512500 теңге.

      Егер осы сомадағы вексель  алты айға емес тоғыз айға  жазылып берілген жағдайда алынуға  тиісті сома мына санға тең болады:

      500000+500000х5%х9/12=500000+18750=518750теңге.

2 кесте

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялардың  мазмұны

Дебет

Кредит

1

2

3

4

1

Тиеп жіберген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс берушілердің борышы

 

301

 

701

2

Тиеп жіберген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген қосылған құн салық сомасы

 

301

 

633

3

Борыш сомасы бұрын алынған  аванс сомасынан шегерілді

661-662

301

4

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден есеп айырысу  шотына келіп түскен сома

 

441

 

301

5

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары  олардың кредиторлық қарызы есебінен өтелінді

641-643,

687

 

301

6

Сатылып (тиеп жіберілген) тауар, өнім, көрсетілген қызмет үшін алынған вексель

 

302

301,

321-323

7

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берген вексельдері  үшін борыштарын төледі

 

441

 

302


Ақпарат көзі: Бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгі жоспарын қолдану  жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

                        ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы  18 қыркүйектегі № 438 бұйрығымен  бекітілген.

  Жоғарыда  қарастырылған мысалымыз бойынша  бухгалтерлік жазуларымыз келесі  түрде жазылады:

  а) вексель  алғанды:

Дт Алынған  вексельдер шоты                           500000тг.

Кт Алынуға  тиісті борыштар шоты                  500000тг.

  ә) вексель  бойынша сатып алушылардың борыштары  есептелген пайыз сомасымен бірге  өтелгенле:

Дт Ақшалар  шоты                             512500 тг.

Кт Алынған  вексельдер шоты          500000 тг.

Кт Пайыз  бойынша кірістер шоты     12500 тг.

  Шаруашылық субъектісіне басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есептелінеді:

  331 «Алынуға  тиісті қосылған құн салығы»;

  332 «Есептелінген  пайыздар»

  333 «Жұмысшылар  мен басқадай тұлғалардың борышы»

  334 «Басқалары»

Бұл шоттарда 30 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінің шоттарында есептеуге  жатпайтын /сатылған тауарларға, көрсетілген  қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын/ есеп айырысу операциялары есептелінеді.

   331 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты субъектінің сатып алынған негізгі құралдары, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпараттарды жинақтауға алынған.Салықтың бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай ол тауардың құны қосылып, оның бағасын көтереді. Сондықтан бұл салықты сатып алушылар төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауаралрды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, осы тауарлар сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатылған тауарлар  /жұмыстар мен қызметтер/ үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

   Бухгалтерлік  есепте қосылған құн салығы  бойынша есеп айырысуды көрсету  үшін 331 «Өтелуі тиісті қосылған  құн салығы» шоты қолданылады.

     Алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына 331 шот дебеттелініп, 671,687 және тағы да басқа тиісті шоттар кредиттелінеді.

  Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен қосылған құн салығы алыналы, ондағы айналымы салық салу үшін пайдаланады, егер де:

    • тауарды (жұмысты, қызметті) алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
    • жабдықтаушы Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылады, сатылған тауарларға (жұмысқа, қызметке) берілген шот-фактураның негізінде.

      Қосылған құн салығының сомасы  зачетқа жатқызылатын  болып табылады, егер де:

    • тауарды (жұмысты, қызметті) алушы қосылған құн салығын төлеуші

      болса;

    • төленген салық сомасы кеден заңдылығымен сәйкес келсе, яғни жүк кеденінің декларациясында көрсеткендей болса;
    • төлем құжатында көрсетілген салық сомасы салықтың төленгенін қуаттайтын болса;
    • темір жол және авиа билетінде көрсетілген салық сомасы салық заңына сәйкес сомада болса;
    • тұрғын-үй қызметінде пайдаланатын құжаттарында көрсетілген сома салық сомасымен сәйкес келсе;
    • бақылау-кассалық машинасынан алынған чектердің сомасы салық сомасымен  сәйкес келсе;

    Алумен  байланысты төлеуге жататын ҚҚС  болса, олар зачетқа жатпайды, егер де: тауарлар (жұмыстар, қызметтер) кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды жүргізумен байланысты болса; тұрғын-үй қорларындағы ғимараттар болса, қонақ үй ретінде пайдаланатын ғимараттардан басқасы; жеңіл автомобиль, негізгі құрал ретінде алынған болса; тегін алынған мүліктер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер).

       Есептік кезең өткеннен кейін, ҚҚС бойынша зачетқа рұқсат етілген сомасы, 331 шоттың кредитінен 633 шоттың дебетіне есептен шығарылады. Бұрындары зачетқа жатқызыылған ҚҚС сомасы зачеттан тасталады, ол кезде 633 шотының дебетінде және 331 шотының кредитінде көрініс табады, бірақ қызыл жазумен жазылады.

   332 «Есептелген пайыздар» шотында субъектінің шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы сондай-ақ салынған инвестициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінді. Осыған байланысты 332 «Есептелген пайыздар» шотына сәйкес бухгалтерлік жазулар мына түрде жазылады:

- Жалдағы негізгі  құралдар, алынған вексельдер, берілген  займдар бойынша пайыздар есептегенде 332-ші шот дебеттелініп, 724-ші шот кредиттелінеді.

- Есептелген  пайыздар бойынша борыштардың  жабылуына: 421,422,431,441,451 шоттарының тиістілері  дебеттелініп, 332 шот кредитінде көрсетіледі.

   332 «Есептелген пайыздар» шоты бойынша аналитикалық есеп – қарыз алушы, вексель ұстаушы, жалға алушы және т.с.с. кәсіпорындар бойынша және уақыттың өтуімен туындаған пайыздық қарыздары бойынша айналым ведомоснда немесе соған ұқсас машинограммасыпда жүргізіледі.

333 «Жұмыскерлердің  және басқа тұлғалардың қарыздар» шотында дебиторлық қарыздардың келесі түрлері есепке алынады: есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бойынша; жұмыс істеушілерге кредитке сатылған тауарлары бойынша ұсыеылған заемдар; материалдық шығынды өтеуі бойынша. Кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жіберіледі, дүкендерден кеңсе жабдықтарын  сатып алады, пошта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп айырысу жолымен төленуі мүмкін емес.Сондықтан да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс.

   Аванс  тек басшының жарлығымен және  қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілген тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайдын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады.

  Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.

      333 «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борыштары» шотында жұмысшылар мен басқа тұлғалардың дебиторлық борыштары  жайлы ақпараттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа тұлғаларға қарызға қызметтегі іс-сапарлары және басқадай шығындары үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталынатын сомалар есептелінеді.

     Кәсіпорын жүргізетін барлық шаруашылық операциялар дәлелді құжатттармен рәсімдеоуге тиіс. Бұл құжаттар бастапқы есеп құжаттары болып есептелінеді, бухгалтерлік есеп солардың негізінде жүргізіледі. Бастапқы есеп құжаты – операцияның немесе оқиғаның жасалу фактісін тіркейтін құжат. Бастапқы есеп құжаты оперыцияны жасау кезінде жасалады, ал егер оны жасау мүмкін болмаса, ол аяқталғаннан кейін дереу жасалады.

Бастапқы есеп құжаттары мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиісті:

  • құжаттың аталуы;
  • жасалған күні;
  • өз атынан құжат жасалған ұйымның атауы немесе кәсіпкерлің аты-жөні;
  • операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
  • операцияның немесе оқиғаның барлық өлшемі (саны мен құны жағынан);
  • операцияны жасауға және оны жасаудың дұрыстығына жауапты адамдардың қызметінің атауы, аты-жөні және қолдары (оқиғаны растайтын).

  Аталған  деректемелердің болуы бастапқы  құжаттарға заңдық күш береді. Операциялардың немесе оқиғаның  сипатына, Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерінің  талаптарына және есепке алу  ақпараттарын әзірлеу әдістеріне қарай қосымша деректемелер енгізілуі мүмкін. Сөйтіп, жоғары аталған деректемелердің барлығы бастапқы кассалық құжаттарды және есеп беруші адамдардың аванстық есептерін жасаған кезде қажет.

Ақшалай қаражаттар есеп беруші адамдарға жеткізіп берушілердің қызметі мен жұмысына ақы беруге, бланкілер, ЖЖМ сатып алуға, базарлар мен дүкендерде тауар сатып алуға, іссапар шығындарына неғұрлым жиі беріледі.

    Қазақстанның  халық шаруашылығында кассалық  операцияларды жүргізудің уақытша  тәртібіне сәйкес шаруашылық субъектілері кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк мекемесімен келісім бойынша субъект бастығы белгілеген мөлшерде және мерзімге операциялық, шаруашылық және басқа шығындар үшін қолма-қол ақшаны есеп беруге кассадан береді. Есеп беруге берілген қолма-қол ақшаның жұмсалмаған бөлігі алынған мерзімі аяқталғаннан кейінгі 3 күннен кешіктірместен кассаға қайтарылуға тиіс. Қолма-қол ақшаны есеп беруге алған тұлға жұмсалған сомалар туралы есептемені мерзім аяқталғаннан кейінгі 5 күннен кешіктірместен бухгалтерияға өткізуге тиісті. Есеп беру сомаларын жұмсау туралы есептемені белгіленген уақытта тапсырмаған және авапстың пайдаланылмаған қалдығын кассаға қайтармаған тұлғалардан бухгалтер заңда көзделген тәртіпке сәйкес аталған борышты жалақысынан ұстап қалуға құқылы. Қолма-қол ақшаларды берудің және оларды іссапар шығыстары үшін пайдаланудың тәртібі қолданыстағы заңдармен реттеледі.

Іссапарға жіберілген қызметкерлердің:

  1. іссапар орнына дейінгі және одан кері қарай тұрақты жұмыс орнына дейінгі жол жүру шығындарын;
  2. тұрғын үй-жайды жалдау шығындарын;
  3. тәулік ақысын;
  4. ұсынылған құжаттарға (сақталым, кеңсемен, офиспен сөйлесудің шоты және т.б.) сәйкес өзге шығындарын шаруашылық субъектісі өтейді.

    Қызметкер  іссапардан орылғаннан кейінгі  3 күннің ішінде іссапарға байланысты жұмсалған сомалар аванстық есептеме тапсыруға міндетті. Аванстық есептемеге қоса берілетіндер: белгіленген тәртіппен рәсімделген іссапар куәлігі, жол жүру құжаттарының түбіршегі, үй-жайды жалдау туралы құжаттар (шоттар).

    Басшылар іссапарға байланысты белгіленген нормадан тыс қосымша төлемдерді кәсіпорын қарамағында қалған пайда есебінен жүргізуге рұқсат етеді.

Информация о работе Дебиторлық борыштар есебi, аудитi