Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);

Работа содержит 1 файл

УМК КЕ1.doc

— 1.07 Мб (Скачать)


 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

           

«ТҰРАН-АСТАНА»  УНИВЕРСИТЕТІ

 

«ИНЖЕНЕРЛІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ»  ФАКУЛЬТЕТ

 

 

 

 

 

«БЕКІТЕМІН»

Инженерлік- экономикалық факультетінің

ОӘБ төрағасы э.ғ.д., доцент 

____________________ Б.Г. Мұқан

«____»___________2009 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 1»

 

ПӘНІНІҢ  ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

 

 

 

 

 

 

Кредит  саны:    3 кредит

Тәжікенова С.Қ.

Кафедра «Қаржы, есеп және аудит»

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2009



 



 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қойылатын талаптар

 

1.1.           Пәндер бойынша ОӘК-нің құрылымы

 

Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:

- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);

- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;

- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);

- пән бойынша тапсырмалардың тапсыруын және кестенің орындалуын;

- пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуін;

- лекциялық кешенді (лекция тезисі, иллюстративтік және таратылым материалдар; қолданылған әдебиеттердің тізімі);

- семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспарын;

- пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысын;

- курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулардың орындалуын;

- білім алушылар үшін өзіндік жұмыстар материалдарында: үй тапсырмасының мәтіндер жинағы, әр тақырып бойынша өзін-өзі бақылаудың материалдары, ағымдағы жұмыс түрінің тапсырмасының орындалуы, рефераттар және басқа да үй тапсырмаларымен әдебиеттердің еңбек көлемі көрсетілген;

- құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқауларын;

- білім алушылардың оқу бағасын бақылау және бағалау жетістігі бойынша материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, тестілеу тапсырмалары, өзіндік даярлығы үшін сұрақтар тізбесі, емтихандық билеттер және т.б.);

- оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиалық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланыстылығы);

- аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Пәннің оқу типтік бағдарламасы

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

           

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ  экономикалық  университеті

 

Жоғары кәсіптік білім

 

Бакалавриат

 

 

 

 

050508 «Есеп  және  аудит»

мамандығы   бойынша 

 

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 1

 

пәнінен  жоғары оқу

  орындарында  оқитын  студенттерге  арналған 

 

2  кредит

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ

2006

 

1.       Т.Рыскулов  атындағы  Қазақ   экономикалық   университетінде   жасалған  және  енгізілген

2.       ҚР  білім   және   ғылым  Министрлігінің  «   » тамыз  2006 ж       бұйрығымен  бекітіліп   қолданысқа  енгізілген.

3.       Типтік  оқу  бағдарламасы  050508 «Есеп  және  Аудит»  мамандығы  бойынша   Мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандартына  сәйкес   жасалды. 

4.       Бағдарламаны   жариялауға  Т.Рысқұлов  атындағы  Қазақ    экономикалық  университеті  ұсынған.

 

 

ТҮСІНДІРМЕ   ХАТ

Қаржылық  есептілікті   қолданушылардың  әр түрлі  топтарының   болуы,  ішкі  және  сыртқы   қолданушылардың  ақпараттық  талаптарына   байланысты   бухгалтерлік   есеп  ақпараттық   жүйе  ретінде  қаржылық  есеп  және   басқару   есебі   болып  бөлінеді.  Қаржылық  есептің   мақсаты  мен  міндеті  инвесторлардың,  акционерлердің,  кредиторлардың   қаржылық  ресурстарын  тиімді  пайдалану  мақсатында  тиімді де,  оптималды  шешімдерді  қабылдауы  үшін  сыртқы  пайдаланушыларға, сол  сияқты  мемлекеттік,  статистикалық,  салық  қызметкерлерінің,  сол сияқты   басқа да  қолданушылардың  ақпараттық  қажеттіліктерін   қанағаттандыру  үшін  анық та, объективті  қаржылық  есептілікті  ұсыну  болып  табылады. 

 



Пәннің  мазмұны 

Кіріспе

              Қаржылық есеп – 1  пәнін оқытудың  мақсаты мен  міндеті  жоғары  талаптарға  сай  келесідей  кәсіби  білімі  мен  дағдысы: басқару  шешімдерін  талдау  және  қабылдау,  ішкі   бақылаудың  тиімді   жүйесін  ұйымдастыру,  қаржылық есеп  стандарттарына   сай  қаржылық есептілікті   қалыптастыру және   ұсыну  болатын,  бухгалтерлік  есеп  және  аудит  саласында  жоғары   білікті  мамандар  дайындау  болып  табылады.

              «Есеп  және  аудит»  мамандығы  бойынша  оқитын  студенттер  «Қаржылық есеп – 1»  курсын  сәтті   аяқтағаннан  кейін,  келесі   салалардан  теориялық  білім және  тәжірибелік  дағды  алып  шығуы  тиіс:  қаржылық  есептің   тұжырымдамасы  мен  негізгі принциптері;  қысқамерзімді  және  ұзақмерзімді  активтер   есебі; қысқамерзімді және  ұзақмерзімді   міндеттемелер  есебі;  серіктестердегі  капитал  есебі;  табыстар мен  шығыстар  есебі;  сол сияқты  қаржылық  есеп  стандарттарына   сәйкес   қаржылық  есептіліктің   барлық  нысандарын   дайындау. 

  

 

1 – тақырып. Ақшалай  қаржылар мен  олардың 

эквиваленттерінің   есебі

Ақшалай   қаржылар мен ақшалық   эквиваленттердің   есебі. Кассадағы   ақшалардың есебі. Банктегі   ақшалай  қаржылар   есебі.  Аккредитивтердегі,  чектік  кітапшалардағы   ақшалай   қаражаттардың  есебі.  Банктегі  валюталық  шоттағы   ақшалар. Ағымдағы  шоттар  бойынша   банк   көшірмелері,  оларды   тексеру  және   өңдеу.  Ақша   қаражаттарына,  ақшалық  құжаттарға   және   қатаң   есептегі   банктерге   түгендеу   жүргізу  тәртібі   және   олардың   нәтижелерін   бухгалтерлік   есеп  шотарында   бейнелеу.  Ақшалық   эквиваленттері.  Банктік   овердрафт.  Ақпараттарды   ұсыну   және  ашу.

 

2 – тақырып.  Дебиторлық  борыштар есебі

              Дебиторлық   борыштар, оның  түрлері:  қысқа  және   ұзақ   мерзімді,  саудалық  және   саудалық   емес  дебиторлық  борыштар  есебі.   Дебиторлық  борыштарды   тану  және   бағалау.  Берілген  жеңілдіктер  есебі.  Сатылған   тауарлардың   қайтарылуының   және  сату   мен   баға  жеңілдігінің   есебі.  Күмәнді   борыштарды   бағалау.  Күмәнді   борыштарды   бағалаудың  әдістері. Алынуға  тиісті  вексельдер.  Алынуға   тиісті  вексельдерді   бағалау   және   мойындау.  Басқа да  дебиторлық   борыштар  есебі.   Ақпараттарды   ұсыну   және   ашып  көрсету.

   

3 – тақырып.  Қорлардың    есебі

              2  ХҚЕС  «Қорлар».  Қорлардың   жіктелуі. Өзіндік   құн мен  нарықтық  құнның  төменгісі  бойынша   бағалау.  Қорлардың  қозғалысын  құжаттық   рәсімдеу.  Қорлардың  есебін   ұйымдастыру  жүйесі:  мерзімді   түгендеу  және  ағымдағы  түгендеу.  Есептің   үздіксіз  жүйесіндегі  қорлар  есебі.  Есептің   үздіксіз  жүйесіндегі  қорларды  бағалау   әдістері  (орташа   есептік  құны  бойынша,  ФИФО, арнайы   ұқсастыру).  Әдістерді   салыстыру.

              Қорларды   ішкі   бағалаудың  тиімді   жүйесі: қорлардың  бухгалтериядағы  және   қоймадағы  есебі. Қоймадағы   материалдарды   түгендеу,  оның   нәтижелерін  есепте  бейнелеу   тәртібі.  Қорларды   қайта   бағалаудың  есебі. Қайта  бағалауды   жүргізу  тәртібі  мен  оның   нәтижесінен  болған  бағаның   төмендегенін  немесе   жоғарылағанын  реттеу. Ақпараттарды   ашып  көрсету.  

 

4 – тақырып.   Негізгі   құралдар   есебі:

бастапқы  тану,  бағалау  және  олардың   тозуы

              16  ХҚЕС  «Негізгі   құралдар». Негізгі   құралдарды   жіктеу,  оларды   бағалау. Бастапқы  тану   және  нақты   құны   бойынша   бағалау.  Негізгі   құралдарғы   ие  болу   есебі. Негізгі  құралдар   объектілеріне   ақшалай   емес   активтерге    айырбас   жолымен ие   болу.   Ұқсас   активтерге   айырбастау.  Табиғи   ресурстарды   есепке   алу   ерекшеліктері.   20   ХҚЕС: Мемлекеттік   субсидиялар  есебі.  Негізгі   құралдарды   тегін  беру. 

              Кейінгі   күрделі   шығындар.  Негізгі   құралдарды  жөндеу. Жетілдіру  және    ауыстыру,  қайта   құру   және  қайта   орнату, салу.  Негізгі   құралдардың   жойылуы    мен   басқадай   шығыс  етілуі.  Негізгі   құралдарға   түгендеу   жүргізу   тәртібі   және   оның   нәтижелерін   есепте   бейнелеу. 

              Негізгі   құралдардың   тозуы,   тозу   есептеу   әдістері:  тіксызықты,   өндірістік,  кумулятивті,  азаюшы   қалдықтар.  Негізгі  құралдарды   қайта   бағалау   есебі.   Активтердің    қымбаттауы  мен    арзандауының    есебі.  Активтерді    қайта   бағалау   бойынша    резервтер.  36  ХҚЕС  «Активтердің   құнсыздануы».  Ақпараттарды  ашып   көрсету.

 

5 – тақырып.  Материалдық   емес   активтер  есебі

              38 «Материалдық   емес  активтер». Материалдық  емес   активтерді   тану  критерилары. Материалдық   емес    активтердің   жіктелуі  және  олардың   сипаттамасы.  Бастапқы   тану  және  бағалау.  Материалдық   емес   активтерге  ие   болу  есебі.   Кәсіпорында   жасалған   сауда   маркалары,  іскерлік   мәртебе. Айырбас нәтижесінде   алынған  материалдық   емес   активтерді   бағалау.   Материалдық   емес   активтерді  қайта   бағалау.  Зерттеу   шығындары.  Материалдық   емес   активтердің   есебін   ұйымдастыру. Матриалдық  емес   активтердің   амортизациясы.  Материалдық  емес   активтерді   есептен  шығарудың   есебі.   Ақпараттарды  ашып   көрсету.

 

6 – тақырып.  Міндеттемелер  есебі

              Міндеттемелер  түсінігі   және  олардың    жіктелуі.  Қаржылық   міндеттемелер  есебі.   Салықтық   міндеттемелер   есебі.   Міндетті  және   ерікті   төлемдер   бойынша   міндеттемелер   есебі.   Кредиторлық   борыштар   есебі.  Бағаланушы   міндеттемелер.  Басқа  да  міндеттемелер   есебі.  Міндеттемелерді   бағалау   және тану.   Қаржылық   есептілікті   ашып   көрсету. 

7 – тақырып.  Кірістер   мен   шығыстардың   танылуы

18  ХҚЕС  «Түсім».  Кірістер   мен  шығыстар   жайлы   түсінік.  Кірістер   мен   шығыстарды   танудың   критерилері.  Өнімді  сату  барысында   кірісті   тану.   Өнімді    сатқанға   дейін   тану.  Өнімді   сатқаннан    кейін   кірісті   тану.   Ұзақ    мерзімді   келісім  шарттар.

Кезең   шығындары:  сатып-өткізу   бойынша   шығыстар, әкімшілік   шығыстар,   сыйақылар   бойынша  шығыстар.  Тауарларды,  жұмыстар  мен  қызметтерді   сатып-өткізу   бойынша   шығындар   есебі.  Қызмет   көрсету   бойынша   табыстар  есебі. Шығыстарды   тану.  Әкімшілік   шығыстар,  олардың   құрамын  және   ұйымдастырылуын   есептеудің   тәртібі.  Табыстар   мен  зияндардың   танылуы.  Төтенше   жағдайлардың   нәтижесінен    болатын   табыстар  мен   зияндар.   Бухгалтерлік   жазулардың   жабылуы.  Табыс   және  шығыс   жөніндегі   есеп  беру.  Ақпараттарды   ұсыну.

8 – тақырып.  Меншікті   капиталдың  есебі

Субъектілердің   шаруашылық   қызметінің    түрлеріне   байланысты   жарғылық  капиталдың   қалыптасу   тәртібі   және  оның   көлемі.   Серіктестердегі    жарғылық    капиталдың  есебі.   Акционерлік   қоғам.  Төленбеген   капиталдың  есебі.  Жарияланған   капитал  есебі.   Акциялар   эмиссиясы.  Акциялар   типтері.   Артықшылығы   бар  акциялардың   қарыздық  сипаттамалары.  Эмиссиондық   табыс.   Акционерлік   капиталдың   алынуы.  Акциядан  дивидендтер,  акциялардың  бөлшектенуі.   Дивидендтер    есебі.  Акциядан   кіріс.  Резервтік  капитал.  Алынған   капитал  жайлы   түсінік   және  оның   есебі. Таза  табыс.  Есепті   жылдың   бөлінбейтін   табысы.   Өткен  жылдар    пайдасы   және  оның   қолданылуы.  Бөлінбейтін   пайда   жөніндегі   есеп  беру.   Ақпараттарды   ашып  көрсету.

 

9 – тақырып.   Қаржылық   есеп  беруді   ұсыну

1 ХҚЕС  «Қаржылық   есептілікті   ұсыну».  Кіріс  және  шығыс   жөніндегі   есеп  беруді  ұсыну.  Төтенше   жағдайлардан   алынған   пайдалар   мен  зияндар.  Бухгалтерлік  балансты   ұсыну.   Түсіндірме   жазбалар. 7 ХҚЕС «Ақша  қаражаттарының   қозғалысы  жөніндегі  есептілік». Ақша   қаражаттарының   қозғалысы   жөніндегі   есептілікті   дайындау:  тікелей   және  жанама   әдістер.  Меншікті   капиталдағы   өзгерістер   жөніндегі  есеп. Компанияның  есеп   саясаты.

 

Тәжірибелік  сабақтардың   тақырыптары

1.       Бухгалтерлік  есептің   концепциялары,  стандарттары  мен  принциптері

2.       Ақша  қаражаттары  мен  олардың   эквиваленттерінің   есебі

Информация о работе Бухгалтерлік есеп