Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 10:14, дипломная работа
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептемесі мәліметтерінің растылығын қамтамасыз ету мақсатында 1 жылда 1 реттен кем емес мүлікке және ақша міндеттемелеріне түгелдеу жүргізіліп отырылады. Түгелдеді жүргізуге жауап беретін директор және тұрақты әрекет ететін түгелдеу комиссиясы болып табылады. Комиссия құрамы директор бұйрығымен бекітіледі.
Кіріспе....................................................................................................................3
I Бөлім Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері ..............8
1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына сәйкес құрастыру әдістері.................................................14
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық
операцияларының жіктелімі.........................................................................17
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі...........................................................20
II Бөлім Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
2.1 «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мағынасы және оны талдаудың
ақпарат көздері..............................................................................................22
2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар..................28
III Бөлім «Келешек» Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың
қалыптасу көздерінің динамикасын талдау...............................................31
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау.......................................................37
3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты
көрсеткіштерін талдау...................................................................................44
3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін
талдау..............................................................................................................48
Қорытынды...........................................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................58
Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады.
Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдай сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие)-потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері, облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.
«Келешек» компаниясында төлем қабілеттілігі коэффициенті жыл басында 0,015 (1427056 \ 89607766), жыл соңында 0,079-ды (5981653 \ 75303715) құрайды.
Кәсіпорынның бір жылдан жоғарғы төлем қабілеттілігін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
Абсолюттік өтімділік коэффициенті = (ақша қаражаттары + тез өткізілетін бағалы қағаздар) / қысқа мерзімді міндеттемелер
Аралық өтеу (жабу) коэффициенті = (ақша қаражаттары + бағалы қағаздар + қысқа мерзімді қаржы салымдары + дебиторлық салымдар + басқа да активтер) / қысқа мерзімді міндеттемелер
Жалпы өтеу коэффициенті = ( ағымдағы активтер – болашақ кезеңдегі шығыстар) / қысқа мерзімді міндеттемелер
7 кесте «Келешек» ЖШС мәліметтерін мысалға ала отырып
ағымдағы активтердің өтімділік көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер |
Жыл басы |
Жыл соңы |
Ауытқу |
1 |
2 |
3 |
4 |
Барлық ағымдағы активтер оның ішінде: |
54087845 |
46689702 |
(7398143) |
Ақша қаражаттары |
1427056 |
5981653 |
4554597 |
Қысқа мерзімді қаржы салымдары |
- |
- |
|
Дебиторлық борыштар |
9870889 |
9032446 |
(838443) |
Басқа да активтер |
14000000 |
5170116 |
(8829884) |
ТМҚ, болашақ кезеңдегі шығыстарды қоспағанда |
28789900 |
26505487 |
(2284413) |
Қысқа мерзімді міндеттемелер, барлығы |
89607766 |
75303715 |
(14304051) |
К абсолюттік өтімділік |
0,015 |
0,079 |
0,064 |
К аралық өтеу |
1,27 |
0,26 |
(1,01) |
К жалпы өтеу |
0,60 |
0,62 |
0,02 |
Кесте мәліметтерінен көргендей, кәсіпорынның абсолюттік өтімділік коэффициенті жыл басымен салыстырғанда 6,4% -ға өскені байқалады. Бірақ оның теориялық мәні: К а.ө. ≥ 0,2 – 0,5.
Аралық өтеу коэффициенті берілген нормаға сәйкес емес, өйткені 1,01–ге азайып тұр. Жалпы өтеу коэффициенті өткен жылмен салыстырғанда 0,02-ге ға артып отыр. Бұл көрсеткіштің қалыпты мәні 2 – ден төмен болмауы керек.
Келтірілген есептеулерде жалпы өтеу коэффициентіне дебиторлық борыштар мен ТМҚ күрт өсуі оң әсер еткенін көруге болады. Кредиторлық борыштардың көбеюі осы көрсеткіштің төмендеуіне әкелді.
Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар – елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының жағдайы, меншіктің капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржылық жағдайы әсер етеді. Бұл факторлар талданып отырған кәсіпорынның жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Баланс өтімділігін
талдау. Кәсіпорынның өтімділігі бұл
бар қаражаттарды (активтерді) өздерінің
міндеттемелерін уақытында
Өтімділік
дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына
айналу жылдамдығына
А 1 Ең өтімді активтер (ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржы салымдары);
А 2 Тез өткізілетін активтер (дебиторлық борыштар, басқа да ағымдағы активтер);
А 3 Баяу өткізілетін активтер (ТМҚ, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар, ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары);
А 4 Қиын өткізілетін активтер (аяқталмаған күрделі құрылыс, негізгі құралдар, материалдық емес активтер).
Міндеттемелер
мен капитал қайтару, төлеу
уақытының мерзіміне
П 1 Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер (кредиторлық қарыздар, есептелген салықтар, шығындар);
П 2 Қысқа мерзімді міндеттемелер (қысқа мерзімді несиелер, ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі);
П 3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер (пассивтің екінші бөлімі);
П 4 Тұрақты міндеттемелер (пассивтің бірінші бөлімінің баптары + болашақ кезеңдегі табыстар – болашақ кезеңдегі шығындар).
Баланс абсолютті өтімді деп саналады, егер келесідей қатынастар сақталса:
А 1 ≥ П 1
А 2 ≥ П 2
Басқа сөзбен
айтқанда, егер активтің сол алғашқы
үш теңсіздігінің әрбір тобы
кәсіпорынның сәйкес
Егер бір
жүйенің бір немесе бірнеше
теңсіздігінің қолайлы
«Келешек» компаниясының балансы бойынша теңсіздіктердің сақталуы:
«Келешек»
компаниясының балансы өтімді
емес. Төлем қаражаттарының бірінші
және екінші тобы төлем
Жалпы алғанда
баланс активі мен пассивті
баптарының және II топтарын салыстыру
ағымдағы өтімділікті
Баяу өткізілетін
активтерді ұзақ мерзімді
Баланс активі
мен пассиві баптарының
3.3 Ұйымның
қаржылық тұрақтылығының
Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстар дегеніміз қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, немесе пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады. Табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіштеріне:
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жөнді және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.
Табыс өз қызметін тиімді орындай алу үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
Табыстылықтың көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
Табыстылықтың бірінші абсолюттік көрсеткіші өнімді өткізуден түскен табыс. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай – ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып көрсетіледі.
«Келешек» компаниясының сатылған өнімнен түскен түсімі 2004 жылы 248741214 теңге. Өнімнің өзіндік құны 240703108 теңге.
Табыстылықтың екінші абсолюттік көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталынады. Талданып отырған компанияда жалпы табыс 8038106 теңгені құрайды.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды факторлар:
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі.
Табыстылықтың келесі абсолюттік көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде көрсетіледі. Талданып отырған кәсіпорында негізгі қызметтен алынған табыс жыл соңында 3800000 теңгеге тең.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынған алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізген дұрыс.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорының қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
Енді осы көрсеткіштерді талданып отырған кәсіпорын үшін есептеп көрейік:
8 кесте
«Келешек» ЖШС-нің табыстылық көрсеткіштері
Информация о работе Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері