Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 10:14, дипломная работа
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептемесі мәліметтерінің растылығын қамтамасыз ету мақсатында 1 жылда 1 реттен кем емес мүлікке және ақша міндеттемелеріне түгелдеу жүргізіліп отырылады. Түгелдеді жүргізуге жауап беретін директор және тұрақты әрекет ететін түгелдеу комиссиясы болып табылады. Комиссия құрамы директор бұйрығымен бекітіледі.
Кіріспе....................................................................................................................3
I Бөлім Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері ..............8
1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына сәйкес құрастыру әдістері.................................................14
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық
операцияларының жіктелімі.........................................................................17
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі...........................................................20
II Бөлім Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
2.1 «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мағынасы және оны талдаудың
ақпарат көздері..............................................................................................22
2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар..................28
III Бөлім «Келешек» Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың
қалыптасу көздерінің динамикасын талдау...............................................31
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау.......................................................37
3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты
көрсеткіштерін талдау...................................................................................44
3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін
талдау..............................................................................................................48
Қорытынды...........................................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................58
Ақша қаражаттарының эквивалентіне ақша қаражаттарына тез арада айналатын жоғары өтімді және қысқы мерзімді салымдар кіреді.
Кәсіпорынға түсім әкелетін операциялық қызмет дегеніміз негізгі қызмет.
Инвестициялық қызмет дегеніміз ұзақ мерзімді активтерді сату және сатып алу бойынша қызмет.
Қаржылық қызмет - меншікті капитал құрамын және қарыз қаражаттарын тарту бойынша міндеттемелерді өзгеріске әкелетін қызмет.
Операциялық қызмет бойынша ақша құйылымдарының қозғалысы тауар сатудан, қызмет көрсетуден немесе орындалған жұмыстан ақша қаражаттарының түсуіне және жеткізушілерге кредиторлық борыштарды жабуға жасалған төлемдер нәтижесінен, жұмыскерлерге еңбек ақы төлеудің кредиторлық борыштары, бюджетке салық төлеу және басқа да төлемдер жасау нәтижесінен ақша қаражаттарының жылыстауына алып келеді.
Инвестициялық қызмет бойынша ақша құйылымдарының қозғалысы ақпараты ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жасалатын төлемнің бағыттылығын анықтауға көмектеседі. Инвестициялық қызмет бойынша ақша құйылымдарына: негізгі құралдарды сатып алу бойынша ақша төлемдері, материалдық емес активтерді сатып алу бойынша төлемдер, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатудан түскен ақша түсімдері, басқа кәсіпорындардан түскен ақша қаражаттарының аванстық түсулері және т.б.
Ақша қаражаттарының қаржылық құйылымдары кәсіпорындардың қызметін қаржыландыру көздерін анықтауға көмектеседі. Қаржылық қызмет бойынша ақша құйылымдарына:
- акция эмиссиясынан түскен немесе басқа да үлесті құралдардан түскен түсулер;
- облигация шығарудан түскен түсімдер;
- несиелерді тарту;
- несие бойынша борыштарды жабу төлемдері;
- қаржы лизингтері
бойынша қарыздарды қайтару
Операциялық қызмет бойынша ақша қаражаттары қозғалысы ақпараттары екі әдістің біреуін қолданумен көрсетіледі:
Тікелей әдісті қолданғанда ақпарат екі варианттың біреуімен көрсетіледі:
Есеп берудегі мәліметтерді түзету жолдарымен өнімді өткізуден түскен табыс, өткізілген өнімнің өзіндік құны, шығындар және басқа да баптар.
Бухгалтерлік баланстағы өзгерістерді есепке ала отырып, ТМҚ құрамында, операциялық дебиторлық және кредиторлық борыштар, инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша ақша құйылымдарының пайда болуына әкелетін ақшалай емес баптары мен басқа баптардың құрамында.
Жанама әдісті қолданғанда ақша қаражаттарының құйылымы ТМҚ құрамында, дебиторлық және кредиторлық борыштар, ақшалай емес және басқа да баптар құрамында (инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша ақша құйылымдарының пайда болуына әкелетін) өзгерістерді есепке ала отырып, таза пайдаға түзету жолдарымен анықталынады.
3 кесте
Ақша қозғалысы есебі – тікелей әдіс
Тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түсу = өнімді өткізуден түскен табыс + саудалық дебиторлық борыштардың азаюы - саудалық дебиторлық борыштардың көбеюі |
Сатып алынған тауарларға ақшалай төлем = сатылған өнімнің өзіндік құны+ ТМҚ көбеюі + саудалық кредиторлық борыштардың азаюы – ТМҚ азаюы + саудалық кредиторлық борыштардың көбеюі |
Ағымдағы шығындар бойынша ақшалай төлемдер = ағымдағы шығындар + болашақ кезеңдегі шығындырдың көбеюі + есептелген кредиторлық борыштардың азаюы + болашақ кезеңдегі шығындырдың азаюы + есептелген кредиторлық борыштардың көбеюі – амортизациялар және басқа ақщалай емес шығындар |
Табысқа салық бойынша ақшалай төлемдер (корпоративті табыс салығы) = табысқа салық – табыс салығы бойынша кредиторлық борыштардың азаюы + табыс салығы бойынша кредиторлық борыштардың көбеюі |
4 кесте
Ақша қозғалысы есебі – жанама әдіс
Таза пайдаға қосылады (таза табысқа) |
Таза пайдаға алынады (таза табысқа) |
Есептелінген амортизация |
|
Шығындар (инвестициялық және қаржылық қызметтен) |
Табыстар (инвестициялық және қаржылық қызметтен) |
Дебиторлық борыштардың азаюы |
Дебиторлық борыштардың көбеюі |
ТМҚ қалдығының азаюы |
ТМҚ қалдығының көбеюі |
Болашақ кезеңдегі шығындардың азаюы |
Болашақ кезеңдегі шығындардың көбеюі |
Кредиторлық борыштардың көбеюі |
Кредиторлық борыштардың азаюы |
Есептелінген міндеттеменің көбеюі |
Есептелінген міндеттеменің азаюы |
Сыйақы бойынша борыштардың көбеюі (пайыздар) |
Сыйақы бойынша борыштардың азаюы |
Табысқа салық бойынша борыштардың көбеюі (табыс салығы) |
Табысқа салық бойынша борыштардың азаюы (табыс салығы) |
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі
Бұл есеп беру қаржылық есептеме қолданушыларына компанияның қаржылық жағдайына, жиынтық табыстар мен шығындардың барлық елеулі өзгерістері жайлы нақты ақпарат беруге міндетті.
Кіріс пен шығыс есебін құрастырған кезде табыстар мен шығындар (мысалға, негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсімнің өсуі немесе азаюы) ескерген жөн. Бұл баптар бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес меншікті капиталдағы өзгерістерде кәсіпорынның иелерімен байланысты операциялармен бірге көрсетіледі.
Екі есеп беру уақыты аралығында ұйымның қаржылық жағдайын бағалауда барлық табыстар мен шығындарды есепке алу керек. Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттары қаржылық есептеменің жеке формасы ретінде ұйымның жиынтық табыстары мен шығындарын көрсететін, оның ішінде меншікті капиталға тікелей танылатынды кіргізетін есеп беруді талап етеді.
Мұндай есеп беру «Меншікті капиталдағы өзгеріс есебі» деп аталынады, және ол келесілерді сипаттайды:
Бұдан басқа ұйым есеп беруде немесе осығын ескертуде келеселерді жүзеге асырады:
А) ұйымның иелерімен байлынысты операциялар және олармен бөлу;
Б) жыл басында және есеп беру күніне жинақталған таза табыс немесе шығын сальдосы, уақыт аралығындағы өзгерістер;
В) жыл басындағы және жыл соңындағы меншікті капиталдың әрбір бабының баланстық құнын салыстыру және әрбір өзгерістерді жеке ашып көрсету.
Мұндай есеп беруді әртүрлі тәсілдермен құрастыруға болады. Бірінші жол бағаналар түрінде пішінді болжайды, мұнда меншікті капиталдың әрбір элементінің бастапқы және соңғы сальдосы арасында салыстыру жасалынады, және 1-ден 3-ке дейінгі және а-дан в-ға дейінгі баптар кіреді.
Қаржылық есептеменің жеке бөлігін (компонентін) көрсететін баламалы тәсілі тек 1-ден 3-ке дейінгі баптарды көрсетеді. Мұндай жолда а-дан в-ға дейінгі пунктерде көрсетілген баптар қаржылық есептеменің ескертулерінде көрсетіледі.
II Бөлім Қаржылық
есептеме – ұйымдардың
Нарықтық қатынастары жағдайында басқару шешімдерін қабылдау барысында компаниялардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың маңызы өте зор.
Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы- қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізі болып табылады.
Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы- бұл
Кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және онйың мөлшері мемлекетпен, жабықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан ары дамуы үшін бары\лық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
Қаржылық есеп беру түрлеріне жоғарыда айтылғандай мыналар жатады:
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық
есепті бухгалтерлік есеп
«Қаржылық
есептің мақсаты –
Нарықтық экономика жағдайында
қаржылық есеп шаруашылық
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың
басындағы және соңындағы
Информация о работе Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері