Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 09:33, реферат
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моралдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен талдалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мүқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.
1. Аудит, оның түрлері мен мазмұны
2. Сыртқы аудит, оның ерекшеліктері
3. Сыртқы аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы
Жоспар
1. Аудит, оның түрлері мен мазмұны
2. Сыртқы аудит, оның ерекшеліктері
3. Сыртқы аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы
1. Аудит оның түрлері мен мазмұны
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес Қаржылық есептілік берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатыңда заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні Қаржылық есептілік беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, Бухгалтерлік есептілік жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есептілік беру аудитінің мақсаты — аудиторға қаржылық қорытынды есептілік құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептіліктің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім-шарттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері-акционерлер, жарнашылар (пай иелері), сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашьшық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептіліктеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомстволар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
Ішкі пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті (әділ) қаржылық ақпарат қажет. Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді (банктер несие берушілер, болашақ инвесторлар, сонымен қатар қоғам).
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитты жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есептілік беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.
Меншік иелену кұқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған каржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моралдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен талдалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мүқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.
Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметті орындайды:
Қаржылық есептілік берудің толықтығы мен дұрыстығын дәлелдеуге арналған дәлелдемелерді жинау және бағалау.
Қаржылық есептілік беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес тексеру.
Аудиторлық
қызметтің негізгі міндеті
Сапалы тексеруді
қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға
бухгалтерлік, зандық және жалпы экономикалық
мәселелер бойынша
Аудиторлық
фирмалардың маңызды
Аудит және оған сыбайлас ғылым түрлері. Аудит өзінше жеке ғылым саласы. Басқа ғылым саласы сияқты аудит те объективтік себептермен өз бетінше дами бастаған жаңа ғылым саласы. Оған себеп болған кәсіпорын шаруашылығындағы тексеру процесінің қоғамдық деңгейге көтерілуіне байланысты, әр елдің экономикасының тиянақты дамуын қамтамасыз ету үшін қаржылық жағдайын тексеріп отыруға қойылатын талап қатайған сайын аудит ғылыми сала ретінде жедел даму жолына түсті.
Аудит және бухгалтерлік есептілік. Бухгалтерлік есептілік аудит үшін ең негізгі информация көзі, екіншіден, зерттеу, іздестіру объектісі. Бухгалтерлік есептілік нақты бухгалтерлік құжат арқылы белгілі өлшемдермен тіркелген шаруашылық көрсеткіштерін үздіксіз өзара байланыста тіркеуге алады. Кәсіпкер шаруашылығында орындалған жұмыстар, фактілер арнайы құжаттарға түсірілгеннен кейін шаруашылық операциясы деп аталынып, бухгалтерлік есептілікке алынады. Бухгалтерлік есептіліктің соңғы сатысы, қорытындысы, ол кәсіпорынның қаржылық ақпараттары. Онда кәсіпорын мүліктерінің қорытынды есебі, қаржылық жағдайы, өткен уақытта болған шаруашылық нәтижесі, табыстылығы көрсетіледі (жылдық). Сол ақпарат көрсеткіштерін аудитор тексеріп дұрыстығын анықтайды. Қазіргі кезде аудиторлық тексеруді аудитор фирмасы немесе жеке аудиторлар жүргізеді. Аудитті тексеру барысында аудитор Бухгалтерлік есептіліктің заң талабына сәйкес, нормативтік ереже нұсқауды дұрыс қолданып жүргізілгенін анықтайды. Бухгалтерлік есептілік мәліметің дұрыстығын анықтау үшін «алғашқы есеп» есеп құжаттарын тексереді. Одан кейін аналитикалық және синтетикалық есеп кестелерінің дұрыстығын тексереді.
Қорыта келгенде аудитор Бухгалтерлік есептілікті жақсы білетін, есеп заңын және нормативтік құжаттарды, салық есебінің ерекшеліктерін білетін жетік білімді маман болуы керек.
Аудит және экономикалық талдау. Арнайы оқулықтарда, ғылыми зерттеу басылымдарында «аудитті» экономикалық талдау деп анықтайды. Олай деп айтылуы орынды деуге болады. Себебі, тиянақты аудиторлық қорытынды жасау үшін кәсіпорын ақпаратына экономикалық талдау жасау өте қажет. Қазақстандық стандартта және халықаралық нормативте аудит қызметінің ішінде «қаржылық ақпаратының» экономикалық талдауы арнайы көрсетілген. Мысалы, 12 нормативте «аналитикалық процедурада» айтылған: аудитор өз қорытындысын жасау үшін кәсіпорынның барлық қаржы-табыс туралы ақпаратының, оның шаруашылығында экономикалық жағдайының дұрыс көрсетілгенін анықтау үшін аналитикалық есептеу процедурасын жасауы қажет. Онда ол қаржылық-табыстылық ақпараттың әр элементі өзі жасаған есептеу жолымен анықталуға тиісті.
Аудиторлық
қорытынды жасау алдындағы
Аудит барысында қолданылатын бірнеше экономикалық талдау әдістерін қарастырайық.
1. Ақпаратты оқу әдісі. Бұл әдістің мақсаты қорлардың, мүліктің нақты мөлшерін анықтау, олардың тиімді пайдалану жолын және кәсіпорынның табыстылық деңгейін тексеру. Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын қандай шаруашылыққа жұмсалғанын және ақпараттан тыс көрсеткіштер көрсетілген болса соның заңдылығын, экономикалық тиімділігін анықтап, талдау жасау. Ақпаратты оқу барысында, қосымша информацияларға, тіркеулерді көрсетілген мәліметтерге ерекше көңіл бөлінеді.
2. Шаруашылық саласындағы салыстырмалы талдау әдісі. Шаруашылық саласындағы бірнеше кәсіпорындар ақпаратын салыстыру арқылы экономикалық талдау жасаған кезде олардың арасында бір-біріне экономикалық жағдайларының айырмашылықтары анықталады. Аудитор салыстырмалы көрсеткіштер арқылы әрбір жеке шаруашылық субъектілерін жетістіктері мен кемшіліктерін, қаржылық жағдайын талдап, өз қорытындысын жасайды. Осы орайда аудитор салыстырмалы талдау арқылы салыстырмалы уақытта қандай толқу, өзгерістер қандай себептерден боғанын анықтап оны нақты ақша өлшемімен және процент көрсеткішімен көрсетеді.
3. Ақпарат пен нақты көрсеткіштерді салыстырмалы талдау әдісі. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өздерінің шаруашылығына бизнес-жоспарын және табыстылық нәтижесінің көрсетуіне бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама кәсіпорынның басқарушылық есебінің негізін анықтайды.
А.Д. Шеремет пен В.П. Суйцтың аудит бойынша екінші қайтара шығарылған оқулығында аудит түрлері сараланып беріледі. Осы жіктелімге сай аудит төмендегі түрлерге бөлінеді:
Аудиттің түрлері
№ |
Критерийлер |
Түрлері |
1 |
Ақпаратты пайдаланушыларғақатысты |
Сыртқы Ішкі |
2 |
Заң талаптарына қатысты |
Міндетті Бастамашылық (ерікті) |
3 |
Аудит объектілері бойынша |
1- банктік аудит 2-сақтандыру компанияларының аудиті 3-биржалар, инвестициялық институттар мен зейнетақы қорларының аудиті 4-жалпы аудит; 5-мемлекеттік аудит |
4 |
Тағайындалуы бойынша |
1 қаржылық есептілік беру аудиті салықтың аудиті сәйкестік аудиті операциялық аудит арнайы (экологиялық, операциялық және т.б.) |
5 |
Жүзеге асырылу мерзімі бойынша |
Бастапқы Келісілген |
6 |
Тексеру сипаты бойынша |
Дәлелдеуші Жүйелі бағытталған Тәуекелдікке негізделген аудит |
Қазіргі кезге дейін сыртқы аудит мәселелері арастырылды. Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.
Ішкі аудитордардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер: