Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 10:05, реферат

Описание работы

Жайық өзені бассейнінің экологиялық жағдайы мен проблемаларына арналған Ресей мен Қазақстан өкілдерінің кезекті кездесуі 18-19 мамыр күндері Орынбор қаласында өтті. Өзекті мәселелерді жан-жақты талқылаған салиқалы басқосуға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіндегі “Аймақ” депутаттар тобының жетекшісі Дариға Назарбаева бастаған халық қалаулылары, аталмыш мәселелерге қатысты министрліктер мен ведомство басшылары Астанадан арнайы келді. Ал біздің облыстың делегациясын облыс әкімі Нұрғали Әшімов бастап апарды.

Работа содержит 1 файл

Жайықты бірлесіп құтқарамыз.doc

— 49.00 Кб (Скачать)

Жайықты бірлесіп құтқарамыз

Жайық өзені бассейнінің  экологиялық жағдайы  мен проблемаларына арналған Ресей мен  Қазақстан өкілдерінің  кезекті кездесуі 18-19 мамыр күндері  Орынбор қаласында  өтті. Өзекті мәселелерді  жан-жақты талқылаған салиқалы басқосуға  Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіндегі “Аймақ” депутаттар тобының жетекшісі Дариға Назарбаева бастаған халық қалаулылары, аталмыш мәселелерге қатысты министрліктер мен ведомство басшылары Астанадан арнайы келді. Ал біздің облыстың делегациясын облыс әкімі Нұрғали Әшімов бастап апарды.

 
 

Жайықты бірлесіп құтқарамыз 

Ресейліктер мен қазақстандықтар  осындай ортақ  тұжырымға келді.  

Жайық өзені бассейнінің  экологиялық жағдайы  мен проблемаларына арналған Ресей мен  Қазақстан өкілдерінің  кезекті кездесуі 18-19 мамыр күндері Орынбор қаласында өтті. Өзекті мәселелерді жан-жақты талқылаған салиқалы басқосуға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіндегі “Аймақ” депутаттар тобының жетекшісі Дариға Назарбаева бастаған халық қалаулылары, аталмыш мәселелерге қатысты министрліктер мен ведомство басшылары Астанадан арнайы келді. Ал біздің облыстың делегациясын облыс әкімі Нұрғали Әшімов бастап апарды.

Мемлекетаралық  комитет құрылмақ

 
Өткен жылдың күзінде Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, Батыс Қазақстан облысының әкіміне және ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ресей жағымен Жайық өзені бассейні мәселелерін шешуге байланысты Қазақстан-Ресей мемлекетаралық бірлескен комитет құру туралы келіссөз жүргізуге тапсырма берген болатын. Осы тапсырманың жүзеге асырылуына қолғабыс беру мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында “Аймақ” депутаттар тобы біздің облысымызға келіп, көшпелі отырыс өткізгені де белгілі. Орынбордағы басқосу қос мемлекетке ортақ өзеннің мәселелерін бірлесе шешудің жолдарын қарастыруға арналды.  
 
Халқының қалауымен екінші мәрте сайланған Орынбор облысының губернаторы А.Чернышев губернияның бүгінгі тынысы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен мәдени өмірі, жағрапиясы жөнінде халықаралық басқосуға жиналғандар алдында әңгімелеп берді. Еуропада ұзындығы жөнінен Еділ мен Дунайдан кейін тұрған Жайық өзені 2428 шақырымды құрайды. Оның 1164 шақырымы Орынбор өлкесімен өтеді екен. Орта және төменгі ағысы реттеуге келмейтін Жайық өзенінің бассейні үш мемлекет тоғысындағы бес табиғи аймақты қамтуда. Жайық өзені Ресей Федерациясының Орынбор, Челябі, Башқұртстан Республикасы сынды үш өлкесі және Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары арқылы ағады. 1991 жылы өзенге мемлекетаралық мәртебе берілген.  
 
Жайықта балықтың көп болғаны баршаға аян. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында әлемдегі көксерке тұқымдастардың 33 пайызы, қара уылдырықтың 40 пайызы осы өзеннен дайындалған болатын.  
 
Ресейлік ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, соңғы 15 жылда өзен суының деңгейі 57 сантиметрге тайыздаған. Көктемгі тасқын судың өзен кемерінен шығып, жақын ауылдарды шайып кететін де қауіпті жағдайлар болған. Өзен жарқабақтарын берік қамалға айналдыру – экологиялық апаттың алдын алудың бірден-бір жолы.  
 
Жайықтың су қорларын ауыл шаруашылығымен қатар өндірістік кәсіпорындар да кеңінен пайдаланатыны белгілі. Орынборлықтар жылма-жыл 2,0 текше шақырым өзен суын пайдалануда. Аймақтардағы мұнай-газ кешендерінің, металлургия және басқа да ірі кәсіпорындардың экологиялық нормаларды сақтамауы салдарынан өзен суы ластануда.  
 
– Жайық өзені бассейніндегі бүгінгі қордаланған мәселелерді кейінге шегерудің қисыны жоқ деп есептейміз. Өзен суының азаюына орай кеме және балық шаруашылығының маңызы да төмендеп кетті. Қазақстандықтардың мемлекетаралық бірлескен комитет құру жөніндегі ұсынысын ризашылықпен қабылдай отырып, біз өз Үкіметімізден оның қолдауын сұрайтын боламыз, – деді орынборлық губернатор өз сөзін қорытындылай тұрып.  
 
Келер жылы 400 жылдығын тойлағалы отырған көне шаһардағы “Газовик” мәдениет және спорт сарайында өткен мәжілісте сөз алған “Аймақ” депутаттар тобының жетекшісі Дариға Назарбаева былай деді:  
 
– Ең бастысы, су ресурстарын және оған қажетті қаржыны қалай бөлеміз, су беруді қалай жүзеге асырамыз деген сауалдар төңірегінде келісіп алсақ. Содан соң Үкіметаралық комиссияның жанынан мемлекетаралық комитет құру жөніндегі мәселені шешуге де болар. Осы бастамаға ұйытқы болған әріптесім Елена Тарасенко мен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Сәдуақасұлына сіздер мен біздердің алғысымыз шексіз шығар деп ойлаймын. Бүгінгі басқосудан соң ортақ мәмілеге келетіндігімізге сенімдімін.  
 
Келесі болып сөз алған біздің облыс әкімі Нұрғали Әшімов облысымыздың бүгінгі таңдағы жай-күйі, әсіресе, көршілес Орынбор облысымен экономикалық-мәдени байланыстар жөнінде кеңінен әңгімеледі.  
 
– Жайықтың бел ортасында тұрған біздің облыс үшін оның маңызы тіптен ерекше. Жыл сайын табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 200 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Өткен жылы облыстағы мекемелердің өз қорлары есебінен табиғатты қорғау шараларына 1 млрд. 200 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалса, биыл да бұдан кем емес. Қос елге ортақ өзеннің проблемаларын ортақтасып шешеміз деген үміттемін, – деді әкім.  
 
Салиқалы басқосуда Ресей ғылым академиясы Орал бөлімі дала институтының директоры А.Чибилев, ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі З.Сәрсенбаев, Ресей су қорлары агенттігінің басқарма бастығы А.Морозов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Тарасенко, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі мемкомиссиясы төрағасының орынбасары С.Мирошников және т.б. сөз алып, көкейкесті проблемаларды шешу жолдарына қатысты өз ойларын ортаға салды.  
 
Мемлекетаралық кездесуге қатынасушылар Жайық өзені бассейнінің экологиялық жағдайы мен проблемаларын кешенді түрде жүргізуге уағдаласып, мемлекетаралық дербес комитет құрып, оны екі жақтың бірлесіп қаржыландыруын мақұлдады.

“Ұлттар ауылында”

 
Үш сағатқа жуық өзекті мәселелерді  талқылап, мәмілеге келген екі елдің делегациясы кеш қарайса да, көне шаһардың қақ төрінде бой көтеріп жатқан “Ұлттар ауылын” аралап үлгерді. Орынборды екінші отанымыз деп есептейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдени орталықтары енді бір жерге шоғырланбақ екен. Қазақ мәдени-ұлттық орталығының алдында меймандарды ұлттық киім киген қыз-бозбалалар ата дәстүрімен қарсы алды.  
 
– Кешен құрылысы күзге дейін аяқталуы тиіс. Мұнда 10 ұлттық-мәдени орталықпен қатар мұражай, кітапхана құрылыстары салынуда. Бізге қолдау көрсетіп отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді, – дейді осындағы қазақтар қауымдастығының ақсақалы Ғарапша Күйішев.  
 
Ақсақал үкілі домбырасының құлағын бұрап-бұрап жіберіп, меймандардың құрметіне Құрманғазының күйлерін төкті.  
 

Ресейдегі “Пионерлер”

 
Ертеңгісін Жайық арқылы өтетін үлкен көпір маңынан табиғатты  тамашалаудан басталған серуен “Жеңіс салюті” мұражай-көрме кешенін  аралауға ұласты. Аумағы ат шаптырымдай  кешенге кеңестік дәуірде қолданыста болған қару-жарақ, әйгілі “Катюша”, әр түрлі ұшақтар мен танктер қойылған. Ұлы Отан соғысында пайдаланылған қару-жарақтар, ұрыс даласындағы окоптар шынайы бейнесімен отты жылдардан хабар беріп тұрғандай.  
 
600 мыңнан астам тұрғыны бар қала тазалығы меймандарды таң қалдырғаны сөзсіз. Көпшілік көшелердің тарлығы болмаса, тазалығы мұнтаздай.  
 
– Әрбір аймақ тазалығына тиісті мекемелер жауап береді. Сәл қоқыс болса, полицейлер айыппұл салады. Соңғы 5-6 жылда осы жүйеге көшкелі қаламыз көріктене түсуде, – дейді тұрғындар.  
 
19 мамыр. Сабақ уақыты болса да, көше толы мектеп оқушылары. Мерекелік көңіл күймен демалып жүр. Әлдебіреулерінің мойындарында қызыл галстук, кейбіреулері әскери киім үлгісінде.  
 
– Бүгін пионерлер күні ғой. 12 жыл қатарынан осы мерекені атап өтудеміз. Тек атауын ғана “Балалық күні” деп өзгерттік. Әйтпесе, бәрі де бұрынғыша, – дейді мерекені ұйымдастырушылардың бірі Лилия Мартынова.  
 

Қандастармен  кездесу

 
Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған Орынбор  облысында 125 мыңнан астам қандастарымыз  мекендейді екен. Облыста 61 мешіт болса, тағы да 26 мешіт бой түзеуде. 68 мектепте қазақ тілі оқытылады.  
 
Қос мемлекет өкілдерінің ресми басқосуынан соң қандастармен кездесу болды. Орынбор облыстық тарихи-өлкетану мұражайының кең залында ине шаншар орын болмады десек, асыра айтқандық болмас. Орынбор қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырған шараға қазақстандықтар да құр қол келмепті. Дариға Назарбаева қазақ тілінде шыққан кітаптар мен бейнетаспаларды сыйға тартса, Нұрғали Сәдуақасұлы спутниктік қондырғыны тарту етті.  
 
Шет жерде жүрген қандастарымыз мәртебелі меймандарына өз жағдайларын паш етіп қана қоймай, сан сауалдың астына алды.  
 
Дариға Назарбаева мен Нұрғали Сәдуақасұлы олардың сауалдарына байыппен, тұшымды жауап беріп отырды.  
 
– Қазақ елінің бүгіні бізді қатты қуантады. Жырақта жүрсек те, тілекші болып отырамыз. Бізді де ұмытпай, жиі көмек қолын созып отырғандарыңызға мың рақмет. Ал өлкедегі табиғатқа зиян келтірушілерді өзім реттеп отырамын, – дейді Орынбор облыстық табиғат қорғау прокуроры Әкімғали Халниязов.  
 
– Осы өңірдің байырғы тұрғынымын. Бізде ұлтына қарап шеттету деген болған емес. Орынбордағы ірі кәсіпорындар мен мекемелердің басында қазақ азаматтары отыр. Сіздерден өтініш, қазақ тіліндегі кітаптармен көмектессеңіздер екен.  
 
Орынбор мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы Е.Досаева осылай деді. Жоспарлы уақыттан әлдеқайда ұзаққа созылған қандастармен кездесу ән-күйге ұласты.

Информация о работе Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы