Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 08:53, реферат

Описание работы

ХХ ғасырдың барысындағы аралас экономика түсінігі туралы көзқарастар, конвергенция теориясы эволюциясынан басқалары сапалық өзгеріске ұшырамайды. 80-жылдарда да негізінен аралас экокномиканы «мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отырулары» деп анықтады. Мұндай көзқарас Ф. Марш, Э.Шонфилд, Э.Рол, М.Пестон, М.Фламан және басқа қазіргі батыс экономистеріне тән.

Работа содержит 1 файл

Аралас экономика реферат.docx

— 26.18 Кб (Скачать)

    Аралас  экономика: мазмұны  және негізгі белгілері.

    ХХ  ғасырдың барысындағы аралас экономика  түсінігі туралы көзқарастар, конвергенция теориясы эволюциясынан басқалары  сапалық өзгеріске ұшырамайды. 80-жылдарда да негізінен аралас экокномиканы «мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отырулары» деп анықтады. Мұндай көзқарас Ф. Марш, Э.Шонфилд, Э.Рол, М.Пестон, М.Фламан және басқа қазіргі батыс экономистеріне тән.

    Бұлардың  ой-пікірлерінде аралас экономиканың өмір сүру кезеңдері туралы алшақтық бар. Айталық Э.Шонфилдің айтуынша, аралас экономика үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болса, Э.Ролдың айтуынша, Ұлыбританияда 200 жылдай өмір сүрген. Мұндай алшақтықтың себебі аралас экономиканың анықтамасын, оның мәнін терең аша алмайды.

    Бұрынғы КСРО-ның қазіргі экономистерінің теориялық еңбектерінде: «бұл проблеманы түсінуде үш негізі бағыт анықталады. Біразы аралас экономиканы көп укладтықпен теңестіреді. Екіншілері аралас қоғамды «формацияға жатпайтын қоғамның типі» деп қарайды. Ең соңында, үшіншілері бұл қоғамның сипатын өтпелі типке жатқызады». Көзқарастарының әртүрлілігі аралас экономика анықтамасының анық еместігінде жатыр. Алған үш бағыттың мәндік салмағы өтпелі кезеңге ауысқан және ол «аралас» сөзінен де туындайды. Нәтижесінде осы ұғымның мәндік мазмұнын анықтауға бір нәрсе басқамен араласуы тиіс және ол процесс белглілі бір уақытта деген ой аспанында қалықтайды.

      Шынында, алдымен мына сұраққа жауап беруіміз керек: экономика не себептен аралас болады? Немен араласады және бұл араласу қайда апарады? Аралас экономика неден басталып қалыптасады? Әрбір зерттеуші өз қөздегенің табады. Осы жағынан мына сөздердің жаны бар: «Мынадай түсінікке қарамай проблемалық ситуацияны бағалағанда және теорияны таңдағанда құнды пікірлер объективті экономикалық зерттеулерден анық бөлінуі тиіс».

    Экономика әлемінде қоғамдық өндірістің тауарлы және ұжымдық түрлері араласуын тұйықтайды. Экономика дүниесін тек қана жеке меншіктіден емес, тек жеке-дара кәсіпкерден емес, сонымен қатар ұжымдық меншіктен тұрып, олардың түрлілігін қосады. 

    Экономикалық өмірде әртүрлі меншік түрлері пайда болуының басты себебі- мануфактуралық қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты.

    Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар иен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастарды қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысатын өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысы- аралас экономика көрсетеді. 

    Тауарлы өндіріс аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас  экономиканың тауарлы өндіріс болуы- ұжымдық аралас экономиканың қалыптасу кезендерін білдіреді. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқасына ауысып отырады. Бұл пароцесс Дж. Гэлбрейттің мына ойында көрініс тапқан: «Екі жүйе нарыққа ауысты. Жоспарлаудың бір түрлерінің конвергенцияға бағыт ұстағаны айқын байқалады». Мұнда автор капитализм мен социолизм айтып отыр, бірақ ол шындыққа сәйкес келмейді. Бұл идеяға атап өтетін жай, қайсыбір процестердің мұндай ойға итермелегені.

    Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика- бұл  нарық , бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.

    Аралас  экономика мынаны көрсетеді: батыстағы  нарық экономикасы өндірістен шектелген  жұмысшы күшін қабылдайтын шағын  бизнессіз және экономикада тепе-теңдік пен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз ететін мемлекеттік кірісушіліксіз өмір сүре алмайды.

    Адамзат тіршілігінде нарыққы өту жағдайы  біркелкі болуы мүмкін емес, өйткені, түрлі негіздер меншіктің түрлі  формаларын қабылдауға мәжбүр етеді, яғни, бұл түрлі саладағы капиталдың мөлшеріне байланысты. Сондықтан нарықтық қатынастарға көшу, ұжымдық меншікке алу, кооперациялау, жекелей еңбек ету және т.б. сияқты формаларда жүзеге асады. Бұл тұста форма нақты жайға байланысты. Осыған меншік иелерінің қаржылары біріктірілетін өндіріс орындарының, мекемелердің формалары да әрқилы айырмашылықта болады.

    Аралас  экономика экономикалық жүйенің  бір типі болып табылады. Экономикалық жүйенің бұдан басқа дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршіл экономика және нарықтық экономика деген типтері бар…

    Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатпарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: "Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы адамзаттық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа түріне өтудін куәсі болар... ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені ізгілікпен қосуға бағытталған". Мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті мәнді мойындау бар.

    Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріңдегі өзгерістерді кешіруге болмайды. Олар, жай ғана модификацик емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде коғамдық өңдіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың коғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысын — аралас экономиканы туғызады.

    Тауарлы өндіріс — аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өңдіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихы процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.

    Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арашндағы кедергі, ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы кеп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болды. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлык шаруашылықтың қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистік өңдірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өңдірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық ендіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесіңце орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализм де емес, социализм де емес десек онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.

    Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны белдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс — аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы керініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастарды бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардын бер жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды айқындайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы катынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Аралас экономикада ешкімді, ештеңені ешқандай қыстау, қинау шыңдау жоқ. Мұнда эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс элементтерінің "ескертуімен" өзгеріп жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп-жетілуінде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес. Мұңдағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.

    Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек; жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі — аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

    Әр түрлі елдердің қазіргі эхономикасын аралас зкономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-тың немесе ГФР-ның, экономикасын өтпелі деп айтуға келмейді. АҚШ-тың, ГФР-ның, экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚЩ-тың немесе ГФР-ның қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополисттік капитализмнің немесе индустриалды қоғамнын, болмаса басқа бір концепцияның белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтады және оның мынадай белгілерін атап өтуге болды. Алдымен аралас экономика қоғамдық өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экоиомика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлбрейт "Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс" деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч. Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді: "Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі — бизнесмендерді қозғаушы күш қызмет көрсету мен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өңдірісті дамытудағы бірден-бір мүдде — сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды. Оның дамуы үшін мемлекепік реттеуді енгізу керек". Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістің экономикасында классикалық тауар өндірісінің жоқтығын білдіреді.

    Аралас  экономиканың алғашқы көрінісі — экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен керінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т. б. шаралар кіреді. Аралас эконсмикаға тән белгінің бірі — мемлекет пен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұңда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.

    Аралас  экономиканың басты белгісі —  мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың  қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғалның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.

    Мемлекеттік меншіктің пайда болуы — тауар қатынас-тарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктін көптүрлілігі тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінін пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану басхарудың мемлекеттік және де басқа оргаңдарда жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау органдары Жапониядағы индустриалды құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде "тұрақтандыру саясатына, салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолдануы".

    Жапония аталған шаралардан басқаларыға да жүргізеді. Олар: "бүкіл экономика үшін ұзақ мерзімді индустриалдық құрылымды жан-жақты жасайды. Бұл құрылымдар әлем экономикасында әрекет ететін нарықтық күштермен аниқталады"'. Жапонияның, мысалы индустриалдық дамуы жоғары және постиндустриялық жағдайына көшуі анығырақ болған сайын экономикада жоспарлылық та жоғары болады. Әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда олар түрлі көріністер табады.

    Аралас экономиканың мәнді бір сипаты — микро-макро деңгейіндегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың, басқарудың рөлінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары рөлінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердің салдарынан болады.

    Қазіргі нарықтық экономика аралас экономика болуда. Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика – бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» - дейді. 
Аралас нарықтық экономика теориясының түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы – Нидерланд экономикалық мектебінің профессор – экономисі Ян Тинберген) және «жаңа индустриалды қоғам» теориясы (авторы – Гарвард институтының профессор – экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж.Гэлбрейт «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нақты және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан.

Информация о работе Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері