Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 19:20, реферат
Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық.
Кіріспе ...............................................................................................................................
І –Тарау. Төлем балансы және оның мәні......................................................................
1.1. Төлем айналымы түсінігі...........................................................................................
1.2. Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу ...........................
ІІ – Тарау. Төлем айналымы және ақша-несие саясаты....................................................
2.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері ..........................................
2.2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер .....................................
2.3. Валюталық саясат және оның төлем балансындағы маңызы ........................
ІІІ- Тарау. Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары. ...........
3.1. Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны. ...............
3.2. ҚР-ның ақша-несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері...........................
Қорытынды........................................................................................................................
Кіріспе ..............................
І –Тарау. Төлем балансы
және оның мәні..........................
1.1. Төлем айналымы түсінігі......................
1.2. Төлем айналымы әрекет
етуі бойынша қатынастарды
ІІ – Тарау.
Төлем айналымы және ақша-несие саясаты............
2.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге
асыру тәсілдері ....................
2.2. Ақша-несие
саясатын жүргізудегі
2.3. Валюталық
саясат және оның төлем балансындағы маңызы .......................
ІІІ- Тарау. Әлемдегі несие жүйесінің дамуының
қазіргі тенденциялары. ...........
3.1. Халықаралық ақша-несие саясатының
қоғамда алатын орны. ...............
3.2. ҚР-ның ақша-несие
саясатының қазіргі даму ерекшеліктері.................
Қорытынды.....................
Кіріспе
Ақша-несие саясаты
мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады.
Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы
маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша
– несие саясаты - нарықтық экономиканың
тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементінбілдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында
ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі
ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін
анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар
ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе
оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Төлем айналымы және оның біздің елдегі
қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие
саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен
қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз
ету және қаржы нарығының тұрақтылығын
қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас
бағамының икемділігін сақтап тұру өз
алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды
бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі
экономикалық өсу үшін несиелік экспансия,
ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік
рестрикция, яғни ақша массасының жалпы
шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие
саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы
және салық саясатымен байланысты келеді.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге
болатын экономика секторын дұрыс таңдай
білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі
туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде
банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа
факторлар мен қарыз алушының несиелік
қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы
біліктілігіне негізделеді.
І –Тарау. Төлем балансы және оның мәні
1.1. Төлем айналымы түсінігі
Қазақстанда ТМД елдері бойынша
банктік қызмет көрсету жүйесін
әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға
және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы
тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
төлем жүйесі (О.А. Жандосов пікірінше,
нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін
ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер
клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер
және т.б. келесі күнге есеп айырысумен;
бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу,
корпоративті қоса алғанда) әрекет етеді.
Банк функциясының ішкі нысаны – төлем
айналымы бойынша әсері – банктердің
халықаралық төлемдер және ақша аудару
операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан
аталған функция халықаралық құқық аясында
қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей
тармақтардан құралады:
1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы,
аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ
мерзімдік инвестициялар - тікелей және
қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар
қозғалысы;
3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта
бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық
валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа
да қаржы көздері;
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел
валютасының, несиелердің өзгерісі.
Халықаралық банк құқығында төлемдегі
қатынастар коммерциялық келісімшарттар
бойынша ақшаны төлеудің есеп айырысу
міндеттемесі ретінде қарастырылады,
оған мына төрт элемент қатысады: уақыт,
тәсіл, орын және төлем валютасы. Бұл орайда
халықаралық есеп айырысу міндеттемелері
халықаралық жеке құқықтың дәстүрлі құқықтық
нормаларын, мемлекет ішілік нормаларын
және банктер арасында қалыптасқан тәжірибедегі
ережелерін есепке алу арқылы реттеледі.
Олар бойынша есеп айырысу міндеттемелеріне
жататындар:
• валюталық тәуекелдердің сақтандырылу
нысаны;
• халықаралық қаржы есеп айырысу нысандары;
• банктік кепілдік етудің типтері.
Есеп айырысу нысаны дегеніміз төлемнің
тәртібі, қолданылатын төлем құралдарының
түрлері, сондай–ақ құжат айналымын рәсімдеу
болып табылады. Әлемдік банктік тәжірибеде
банктік аударым, құжаттамалық инкассо
және құжаттамалық аккредитивтік кеңінен
таралған. Қазақстанда төлем айналымы
бойынша қатынастардың және оларды реттеудің
өзіне тән ерекшеліктері бар.
Қазақстанда ақшалардың төлемдері және
аударымдары негізінен банктер арқылы
жүзеге асырылады, сонымен бірге бұл қатынастар
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен
реттеледі. Соның мысалы ретінде, «Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік
қызмет туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың,
оның ішінде банктік корреспонденттердің
олардың банктік шоттары бойынша тапсырмасымен
есеп айырысуды жүзеге асыру белгіленген
және аударым операциялары банк операцияларын
жатқызады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі туралы» Заңында Қазақстан
Республикасында төлемдер мен аударымдарды
жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және
нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ
Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы
аударымдардың уақытылы және кідіріссіз
жүргізілуін қамтамассыз ететін төлем
жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды
жүзеге асырады, банктердің қолданылатын
автоматтандырылған жүйелерінің сенімді
әрі қауіпсіз болуын және банк ақпаратының
қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі
талаптарды белгілейді.
Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды
жүзеге асырудың тәсілдің заңнама актілермен
және олардың негізінде қабылданған құқықтық
актілермен, оның ішінде Қазақстан Ұлттық
банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі
мен аударымын Қазақстан Республикасынан
аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен
де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру
кезінде, сондай ақ Қазақстан Республикасы
аумағында валюталық заңнама талаптарын
сақтаумен шетелдік валютамен ақша төлемі
мен аударымын жүзеге асыру кезінде белгіленген
нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш
пайдаланылады, ол ақша аудару туралы
қызмет көрсететін алушы банкке жөнелтушінің
төлем тапсырмасы болып табылады. Ақшаны
аудару өтінішіне банктің аталған өтінішті
өңдеу не Қазақстан Республикасы заңнамасы
талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті
деген жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді
қосуға болады.
1.2. Төлем айналымы әрекет
етуі бойынша қатынастарды
Банктің негізгі функцияларының
бірі (қызметтің негізгі бағыттары)
төлем айналымы бойынша әрекет ету функциясы
болып табылады. Банктің функциялары қаражаттарды
құраудан, несие беруден, төлем айналымына
әсер етуден, өзге де функциялардан тұрады.
Бұл функциялардың әр қайсысы жоғарыда
аталған топтарға бөлінуге орай белгілі
бір операциялардың көмегімен жүзеге
асырылуы мүмкін. Төлем айналымы әсер
ету жөніндегі операцияларға банк әр түрлі
төлем операцияларын олар бойынша орындауды
міндетіне алады: чектерді төлеу, аударымдар
жасау, вексельдер және өзге де құжаттар
бойынша төлемдер қабылдау және т.б. Осы
операциялар арқасында банктер жалпыға
ортақ кассирлерге айналады.
Қазіргі кезде әлемде, оның ішінде Қазақстанда
банктердің функциясы – төлем айналымына
әсер етуі – елеулі, сапалы өзгерістерге
ұшырауда, бұл компьютерлік және телекоммуникациялық
байланыстардың дамуының салдары деуге
болады, мұның өзі төлемдер мен ақша аударылымдарының
өтуін тездетеді. КСРО тараған кезде және
оның үйіндісінде тәуелсіз мемлекеттер
құрылған кезеңде ақшалардың төлемдері
мен аударылымдары айға тіпті жылға созылды.
Қазақстанның қазіргі банк жүйесінде
аударымдардың жасалуы әлемдік талаптарға
сәйкес келеді, мысалы «Қазақстанның халық
жинақтау банкі» заңды тұлғалар арасындағы
есеп айырылысуды «күніне күн» есеп айырылысуға
мүмкіндік береді. Аталған функцияның
маңызын өсіре бағалау қиын, өйткені ол
ақшалар мен – «кез келген елдің экономикасының
өзегімен» байланысты. Бұл орайда аталған
функцияның рөлі Қазақстанның әлемдік
экономикаға енуі нәтижесінде ақшалардың
төлемдер мен аударымдарын өткізуге тездету
және жетілдіру міндетін алға қояды және
қолма қолсыз түрде есеп айырысудың жүзеге
асуы өскен кезде ерекше маңызды.
Төлем айналымына байланысты операциялардың
дамуына неғұрлым күшті фактор Қазақстанның
саяси жағынан да, экономикалық жағынан
да егемендік алуы болып табылады, себебі
нағыз мемлекеттік егемендік елдің төлем
жүйесінің сенімді де берік болуына мүмкіндік
беретін әлемдік стандарттар мен талаптарға
жауап беретін банк жүйесін құруды ұсынады.
Бұрын коммерциялық банктер депозиттер
бойынша қойылымдарды көтеру сияқты халықтың
жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын
еркін қолдана алмады. Ірі банктік мекемелерге
арналған әмбебаптануға қатысты жалпы
тенденция олардың мамандануымен сәйкес
келеді. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің
жекелеген түрлерімен ерекше дамиды. Мұнда
әмбебап типтегі мекемелердің қайта мамандануы
қажет. Сол сәтте бұл тенденция қызмет
сапасының жоғарлауына ықпал етеді және
ең алдымен ұсақ және орташа банктерді
қамтиды. Банктік операциялардың дамуында
ақпарат пен коммуникацияның қазіргі
кездегі техникалық құралдары айрықша
роль атұарады. Банк ісі ақпаратты дер
кезінде беру, оны жедел өңдеу және мәмілеттердің
ақиқаттылығы, экономикалық жағдайды
талдау және ақша нарығының даму болашағын
дұрыс бағалау сияқты жағдайларға тәуелді
болады. Қаржы нарығының қатысушылары
өз істерін жүргізу үшін ақпараттың өте
үлкен көлемін талап етеді. Сондықтан
да банк ісіне ҒТР дың соңғы жетістіктерін
енгізбей, коомпьютерлік техниканы игермей
банк қызметін жақсарту мүмкін емес [2].
Банк жүйесінің дамуындағы елеулі құбылыс
ретінде мынаны атап көрсетуге болады,
яғни несиелңк мекемелердің көтерме операциялардан
бөлшек операцияларға өту оның клиенттері
шеңберінің кеңеюіне әкеледі.
Қазіргі кезде көптеген банктер өз стратегияларын
өзгертті. Кәсіпкерліктің барлық салаларына
белсенді түрде жүре отырып және шағын
бизнесті қамти отырып, олар жаппай клиентураға,
яғни халықтың әл ауқаты нашар топтарға
бағытталады. Ол қазіргі кездегі ірі банктің
келбетін, оның саясатын өзгертеді [5].
Біз дамыған нарықтық экономикасы бар
елдердің қазіргі кездегі несие жүйесін
сипаттаушы маңызды мәселелеріне тоқталдық.
Өз экономикасын нарықтық жолда қайта
құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесінің
қазіргі кездегі даму тенденциялары үлкен
қызығушылық туғызады, өйткені нарықтық
экономикаға өту өзіндік нарықтық несие
жүйесін құруды талап етеді. Республикамыз
үшін шетел тәжірибесін толығымен меңгерген
тиімді болады, өйткені экономикалық нарыққа
өтудің ең басында тұр. Ал Батыс болса
мұнда бұрыннан қызмет етуде [8].
Қазақстан Республикасында ақшалардың
қолма қолсыз төлемдері мен аударымдарын
жүзеге асырудың ең көп тараған тәсілі
төлем тапсырмасы болып табылады. Заң
бойынша төлем тапсырмасын пайдалануға
байланысты жөнелтуші мен қабылдаушы
банк арасындағы міндеттер мен құқықтар,
олардың арасындағы шартпен белгіленеді,
ал оларды нақты түрде жүзеге асыру қабылдаушы
банкке төлем тапсырмасын көрсету сәтінен
басталады. Алушы банк ондай нұсқауды
алғаннан кейін оны акцептеуге не оны
акцептеуден дәлелді түрде бас тартуға
тиіс. Алушы банк төлем тапсырмасын акцептеген
жағдайда жөнелтушінің акцептелген төлем
тапсырмасының орындалуы жөнінде талап
ету құқығы туындайды. Төлем тапсырмасы
белгіленген нысандағы банкте басқа кәсіпорынға
оның шотынан ақша қаражатының сомасын
аудару туралы банкке берілетін бұйрық
болып табылады. Төлем тапсырмасы несие
аударымына алушы банкке бастамашының
ұсынуы арқылы жүргізілетін қолма қолсыз
төлемдерге жатады. Тапсырмада көрсетілген
сомада бенефициар пайдасына оның ақшасын
аудару туралы жөнелтушінің қызмет көрсететін
алушы банкке тапсырмасы ретінде болады.
Ақшаны жөнелтуші қызмет көрсететін алушы
банкке төлем тапсырмасын белгіленген
нысандағы банкте ұсынады. «Төлемнің мақсат»
деп аталатын бағанаға ақшаны жөнелтуші
ақшаны аударуды жүзеге асыруға негізде
құжаттың атауын, нөмірі мен күнін және
Қазақстан Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық
актілерімен тікелей көзделген болса,
өзге де реквизиттерді көрсетуге міндетті,
сонымен қоса «төлем мақсатының коды»
бағанасына – төлемнің белгісі қойылады.
ІІ – Тарау. Төлем айналымы
және ақша-несие саясаты
2.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге
асыру тәсілдері
Бағалардың ұтымды жүйесін қалыптастыру
қатаң ақша –несие және икемді салық саясатын
көздейді. Мемлекет тапшылықсыз бюджетті
қамтамассыз ету үшін және инфляцияға
қарсы күрестің барлық шараларын қолдануға
міндетті. Бұл шараларда мемлекеттік шығындарды
қысқартудың, ақылға сиымды шеңберде бюджеттің
салық базасын ұлғайтудың, ең әрі кеткенде
халық шаруашылығының барлық салаларындағы
тиімсіз өндірістерге жәрдемақы беруді
шұғыл қысқартудың өзара байланысты қадамдары
көзделінеді. Ал мұндай шаралар өнім өндірушілердің
ешқайсысын да жігерлендірмейді. Мемлекеттік
бюджеттен онда да ақша басатын станоктың
жұмысы есебінен қаржы алуға және беруге
арқа сүйеу әлде қайда жеңіл сияқты. Ал
дербес өзіндік шаруашылық қызметінің
нәтижелері үшін толық жауап беретін бола
тұра өндірісті дамытуға, өз қызметкерлерін
материалдық жағынан ынталандыруға қажет
ақша табу айтарлықтай қиын. Алайда біз
алғашқы жолмен жүрсек онда «жұмыс істемейтін»
ақша тасқыны ұлғаятыны сөзсіз. Осы жағдайда
тауарлардың қажетті саны болмағанда
бағаның бақылаусыз өсуі орын алады да
еркін баға белгілеу сияқты өзін өзі реттеу
механизміне қол жеткізе алмаймыз. Бізде
бағаларды үнемі өсіріп отыратын мехенизм
қалыптасатын жіне әрекет ететін болады.
Жоғарыда көрсетілген шараларды бір мезгілде
және кешенді жүзеге асыру ділгерлікті
жеңу еркін, нарықтық бағалар жүйесін
өмірге енгізуге мүмкіндік береді. Әрине,
бұл жылдам іске аса қоймайтын үрдіс екендігі
белгілі. Нарыққа өтпелі кезеңнің өне
бойында бірқатар өнім түрлерінің бағасын
әкімшәләк жолмен реттеп отыру әлі де
сақталынатын болады. Экономиканың тұрақтандырылуына,
оның нарықтық негіздерінің нығайтылуына
қарай орталықтан белгіленетін мұндай
бағалар шеңбері тарыла түспек. Болашақта
мемлекеттік баға реттеу өз мәнін біршама
сақтайтыны байқалады. Экономиканың тұрақтандырылуына,
оның нарықтық негіздерінің тұрақтануына
бұлайша баға белгілеуді реформаларды
белгілеудің күрделі қиындыққа, үлкен
әлеуметтің тәуекелге толы жол екендігін
де мойындаған жөн. Әйтсе де бұл қазіргі
заманғы ділгерсіз, жоғары өнімді экономикаға
жеткізетін бірден бір жол [21].
2.2. Ақша-несие
саясатын жүргізудегі
Қазақстан Республикасының осы заманғы
әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі
нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл
қатынаста жаңа ақша- несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа
түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға
тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы
өзгерді.
Еліміздің ақша- несие саясаты халықаралық
несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне
көшу барысында Қазақстан Республикасындағы
өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік
банктің технологиясын ұштастыра білудің
маңызы зор.
Несиені өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг
агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді,
бұл орайда мына аспектілерге назар аударады:
1. Демократиялық саяси жүйені жасаудағы
прогресс: мұны демократиялық саяси институттардың
тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің
ашықтығы, экономикалық реформаларды
жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және
оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеттілік
деп түсінеді.
2. Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық
өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне
мыналарды біріктіреді: фискалдық және
манетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық
валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдағы
кезінде инфляцияның төменгі деңгейін
ұстап тұруы.
3. Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс:
экономикадағы және меншік сектордың
рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің
дәрежесі, жеке меншік компаниялардың
жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын
өзгерту, корпарациялық басқарудың тиімділігі,
қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер
және төлем тәртібі, экономикалық ырықтандыру,
баға еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік
компаниялар үшін нарықтың ашықтығы, сыртқы
сауда мен инвестициялық қызметтегі ақықтық),
қаржы секторының ақуалы (банк секторының
дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдылығының
дамуы, қор нарығының және банктік емес
қаржы мекемелерінің дамуы), нарықтық
институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым
мен заңнаманың болуы).
4. Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт
пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы,
халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына
қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі
шетелдік тура инвестициялардың рөлі,
менеджменттің деңгейі технологияларды
беру арқылы бағаланады [26].
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы
шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан
валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың
маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте
тұтынуға арналған тауарды шығарған кәсңпорындарды
құру және жаңғырту және басым өндірістерді,
яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген
құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту
үшін пайдаланылуы тиіс [2].
2.3. Валюталық
саясат және оның төлем
Әлемде нарық экономикасында несие жүйесі
екі дәрежеде қызмет атқарады, олар «макроэкономика»
және «микроэкономика» болып бөлінеді.
Осыған сәйкес экономикалық талдау да
макроанализ және микроанализ деңгейінде
жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің
1936 жылғы «Еңбекке тарту, процент пен ақшаның
жалпы теориясы » деген еңбегінде батыс
экономистері арасында кең қолдау тапқан.
Микроэкономикада - жеке буын немесе негізгі
экономикалық буынның қызмет ету саласы.
Микроэкономиканың нарық жағдайындағы
басты сипаты және негізгі мақсаты табыс
табу [17].
Макроэкономикада - бұл жалпы экономикалық
процестер саласы, қоғамдық фирмалардың
жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары
едәуір өзгерістерге ұшырады. Әлемдік
экономикадағы құрылымдыұ қайта құрулар
нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты
банк жүйесінің барлық компоненттері
қайта жаңғыртылуда. ҒТР-дің даму әсерінен
өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануы
мен орталықтануын талап етті. Сәйкесінше
банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды
ұлғайтуға қарай модификациялайды, яғни
қазіргі кездегі банк жүйесінің экономикадағы
дамуының өзгермелі жағдайына бейімделуі
жүзеге асады: банк жүйесінің құрылымдық
қайта құрылуы айқын; белгіленген мамандануды
сақтай отырып, банктер қызметінің шоғырлануы
және әмбебаптануы орын алады. Ірі әмбебап
банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды
жүргізу, қолма қолсыз есеп айырысу, жинақтарды
қабылдау, әр алуан несиелерді беру, құнды
қағаздарды сатып алу, сенімхат бойынша
мүліктерді басқару және басқа көптеген
банктік және банк маңындағы қызметтерді
көрсету бойынша операциялардың көптеген
түрлерін жүзеге асырады. Несиелік мекемелер
қызметінің көпжақты сипаты қазіргі кездегі
қаржылық капиталға толық жауап береді
[15].
Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі
бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі
- дәстүрлі емес банктік операциялардың
кеңеюі арқылы. Коммерциялық банктер сақтандыру
бизнесіне, факторингке, ақпараттық кеңістік
принципке және т.б. енуге тырысады. Олар
қаржылық қызмет көрсету, атап айтқанда
жылжымайтын мүлікпен мәмілелер, бухалтерлік
және компьютерлік қызмет көрсету, лизингтік
іс салаларына қатыса отырып, несиелік
мекемелердің басқа топтарымен тікелей
конфронтацияға шығады.
Екінші - банктік емес мекемелердің банктік
нарықтағы енуі арқылы. Банктік емес мекемелер
қазіргі таңда банктермен инвестициялық
салада депозиттік саудалық операцияларды
барынша бәсекелес келеді.
Соңғы жылдары банктік жіне басқа арналардағы
қаржы несие мекемелері арасындағы қаржы,
халықтың жинақ ақшалары және фирмалар
мен компаниялардың жинақтары үшін күрес
өткір сипат алады [5].