Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:33, курсовая работа
Орталықтанған – жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм – шарт бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi. Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi менншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке) жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.
Кiрiспе.................................................................................3
I. Ақша түралы жалпы түсiнiк
Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретiндегi түсiнiгi.....................................4
Ақшаның қажеттiлiгi және оның экономикалық маңызы.....................................................................6
II. Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
2.1. Ақша атқаратын қызметтер түрлер...........................10
2.2. Ақша өндiрiлген өнiмнiң құнын өлшеушi құрал........11
2.3. Ақшаның айналыс құралы қызметi..........................13
2.4. Ақшаның төлем құралы қызметi...............................15
2.5. Ақшаның қорлану және қазына жинау құралы қызметi.....................................................................17
2.6. Дүниежүзiлiк ақша құралы қызметi.........................19
III. Ақшаның XXI ғасырдағы эволюциясы
3.1. Электронды төлем жұйесi........................................22
3.2. Электронды төлем жұйесiнiң қызметтерi және
түрлерi....................................................................23
IV. Ақшаның агрегаттары
4.1. Ақша агрегаттарының мәнi, түрлерi, атқаратын қызметтерi..............................................................26
4.2. Қазақстан Республикасында қолданылатын ақша агрегаттары.............................................................27
Қортынды...........................................................................32
Қолданылған әдебиеттер....................................................34
Егер ақшаның
айналыстағы массасы тауар
2.4. Ақшаның төлем құралы қызметi
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейдi. Төлемдi кешiктiре отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құрылы қызметiн атқарады. Сатып алушы тауар үшiн ақшаны төлем мерзiмi басталған кезде ғана төлейдi. Демек, бұл – тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы – несие берушi (кредитор), ал сатып алушы борышқор (қарыздар) деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз мiндеттемесiн жазып бередi. Қарыз өтелгенде ақша төлем құралы қызметiн атқарады. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғалысымен бiр уақытта тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi. Олар өткiзу процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерке немесе кеш жүруi мүмкiн.
Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бiрге қаржы – несие қатынастарына да қызмет етедi. Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтатуға болады:
3 – кесте.
|
|
|
|
|
|
Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату – сатып алуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына, борыштық мiндеттеменi жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметiнiң айналыс құралы қызметiнен өзгешiлiктерi: бұл қызметiнде ақша сатып алу – сату процестерiн аяқтайды және қолма – қол ақшамен қатар несие ақшалары да жүредi.
Төлем құралы қызметiн толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретiндегi ақшаның қызметi оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерiнен айырамшылығы болғанымен ол олармен берiк байланыста екенi анық. Ақшаның төлем қызметi, оның өлшемi және айналыс құралы ретiнде қызмет етуi барысында көрiнуi мүмкiн. Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуiнiң дамуы резервтiк қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерiнiң туындауының қажет екенiн көрсетедi.
Ақшаның төлем құралы қызметiн атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзiнiң неғұрлым толық көрiнiсiн тапты. Егер
тауарлар несиеге сатылса, онда қолма – қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма – қол ақшаға деген қажеттiлiгiн азайтады. Бiрақ төлем мерзiмi жақындаған сайын борыштарды жабу үшiн ақша айналымының қажеттiлiгi артады. Өзара өтелетiн төлемдер соммасы айналыс үшiн ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бiр бөлiмде, борыштық мiндеттеме бөйынша (жабдықтаушының шоты бойынша) төлем өз уақытында түспейтiн болса, онда ол төлемеушiлiктiң тiзiмiне iлiктiредi (өтеу мезгiлi өткен қарыздар, бюджетке төлейтiн төлемдер, жалақы бойынша және жәна т.б. төлемдер).
Сөйтiп, ақшаның төлем құралы қызметi несие қатынастары мен несие жүйесiн дамытты. Ол – алтын ақшаны айналыстан ығыстырудың тағы бiр айғағы.
2.5. Ақшаның қорлану және қазына жинау құралы қызметi
Ақшаның келесi қызметi – қор жинау байлық құру құралы. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi. Ақшаның қорлануының қажет-тiгi Т - А - Т айналымының екi актiлерге Т – А және А - Т айрылуымен байланысты.
Тауар айналымының үзiлiссiз бiрқалыпта жүруi үшн қажеттi ақша мөлшерi өзгерiп отырады. Сондықтан бiр кезде айналысқа қосымша ақша мөлшерiн қосып, кейде керiсiнше, ондағы ақшаны шығару қажет болады. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы жұмыстар жыл мезгiлдерiне байланысты жүргiзiледi. Көктемде егiн егу үшiн алдын ала қажеттi құрал – жабдықтарды сатып алу немесе жөндеуден өткiзу, тұқым және жанар – жағар майларды дайындау және т.с.с. жұмыстарға ақша қорын жинау керек. Бұл экономикалық себептер. Сонымен қатар пайдакүнемдiк, әшекей бұйымдарын жинау, жеке қор жинауға құмарлық т.с.с. әлеуметтiк себептер де ақша жинауға iсер етедi.
Капиталистiк қоғамдық формацияға дейiнгiлер үшiн байлықты “таза қазына“ формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келедi. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебi олар шын мәнiсiнде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелiк жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетiн капиталға (өнеркәсiптiк немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметiнiң қажеттiгi тауар өндiрiсiмен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшiн ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбiр тауар тек қана жекелеген қажеттiлiктi анықтайды және олар жалпы байлықты бiлдiрмейдi. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретiнде байлықтың өкiлiн сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметiн тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкiн. Қазыналарды қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрiнде жүзеге асады. Бұндай қор – елдiң байлығының көрiнiсi. Байлық мемлекеттiң сақтандыру қоры ретiнде стихиялы құбылыстар кезiнде жұмсалады.
Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеушi ролiн атқарған болатын. Өндiрiстiң және тауар айналысының кеңеюi барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керiсiнше.
Қазiргi жағдайда қазына жинау қызметi айналыстағы ақша массасын реттегiш ролiн атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттiң сақтандыру қоры ретiнде болады. Алтын резервтерi мемлекетке экономикалық тәуелдiлiктiң болуына кепiлдеме бередi. 1998 ж. 1 қаңтарда Республикасы Ұлттық банкiсiндегi алтынның қалдығы 41781,1 млн теңгенi құрады.
Несиелiк және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара алмайды, себебi олардың меншiктi құны жоқ. Бiрақ та осы қызмет негiзiнде олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейiн олар қорлана бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде түск алады. Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкiн.
Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада жүредi:
Несиелiк
механизмнiң арқасында
Қорыта айтқанда, ақшаның қор жинау және байлық құру құралы
қызметi арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестерi жүредi.
2.6. Дүниежүзiлiк ақша құралы
Тауар шаруашылығының
кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы,
дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы
дүниежүзiлiк ақшалар
Сондықтан ақша халықаралық сауда – саттыққа қызмет көрсетедi. Ақшаның бұл қызметi қоғамның капитализмге дейiнгi сатыларында пайда болып, әлемдiк нарық тұсында кең өрiстеуде. Бұл нарықта ақша “өзiнен ұлттық мундирiн шешiп”, яғни алтын құймасы (995 сынама) формасында айналысқа түседi. Бұл қызметтi басстапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарады. 1867 жылы Париж келiсiмi дүнеижүзiлiк ақша қызметiн алтынға балап бекiттi. Сол кезден алтын дүниежүзiлiк ақша ретiнде танылып, үш түрлi бағытта қолданылды. Атап айтқанда:
Дегенмен, тiптi алтын стандартты ақша жүйесi кезiнде де ағымдағы халықаралық есеп айырысу алдыңғы елдердiң ұлттық валютасымен жүргiзiлдi. Халықаралық төлем айналымында негiзiнен несие құралдары жүрдi. Мысалы: 1913 ж. Халықаралық
есеп айырысудың 80 процентi ағылшындық фунт стерлингпен толтырылған аударым векселiмен жүргiзiлген, ал халықаралық есептесудiң сальдосын (қалдығын) өтеу үшiн ғана алтын қолданылған.
Егер де елдiң iшiнде ақша ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi”, яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi.
Әлемдiк байланыстардың интенсивтендiрiлуi және несие қатынастарының дамуы, сонымен бiрге әлемдiк бiрыңғай банкнотаның жоқтығы халықаралық айналымға алтынның орнына кейбiр ұлттық валюталарды енгiзуге мәжбүр еттi. 1922ж. Генуяда өткен бiрiншi Халықаралық келiсiмде ағылшынның фунт стерлингi және АҚШ – тың доллары алтынның эквивалентi деп жарияланып, халықаралық айналымға енгiзiлдi.
Екiншi келiсiм - Бреттон – Вудстағы (1944 ж.) мемлекетаралық келiсiмге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтiк валюталар мәртебесiн бердi, Кейiннен дүниежүзiлiк ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы (1970ж); ЭКЮ – еуропалық есепке алу бiрлiгi пайда болды (1979 ж). Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро“ айналысқа шықты.
Демек, дүниежүзiлiк ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелiк ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
Қазiргi уақытта
дүниежүзiлiк несиелiк
Айта кететiн жәйт, дүниежүзiлiк ақшаның түрлерiнiң өзгеруi ұлттық ақша белгiлерiнiң бастапқыда металл ақшадан бiртiндеп несие ақшаларына өту жолдарын едәуiр кешiгiп барып қайталауда.
Кейбiр елдердiң ұлттық ақша белгiлерiнiң дүниежүзiлiк ақша ретiнде қолданылуының себептерi:
Бiрiншiден, бұл елдердiң дүниежүзiлiк сауда мен несие қатынастарында жоғары үлестi салмағы бар.
Екiншiден, бұл елдердiң басқа елдерге айтарлықтай несие беруге мүмкiндiгi бар.
Бiр сөз бен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдiк нарықтағы тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттердiң ұлттық валютасы дүниежүзiлiк ақша ретiнде жүредi. Бұған қоса,белгiлi бiр ұлттық валютамен бiрге алтын орнына жүретiн есеп айырысудың әр түрлi құралдары пайда болуда. Қазiр дүниежүзiлiк несие ақшаларының жобасы қарастырылуда деген пiкiрлер де кездеседi.
Алайда, дүниежүзiлiк ақша ретiнде тек алтын танылғасын халықаралық есеп айырысу құралдары алтынға еркiн айырбасталуы тиiс. Бұл қасиеттiң болмауы дүниежүзiлiк төлем қатынастарының дағдарысын көрсетедi.
Информация о работе Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы