Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:33, курсовая работа
Орталықтанған – жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм – шарт бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi. Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi менншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке) жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.
Кiрiспе.................................................................................3
I. Ақша түралы жалпы түсiнiк
Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретiндегi түсiнiгi.....................................4
Ақшаның қажеттiлiгi және оның экономикалық маңызы.....................................................................6
II. Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
2.1. Ақша атқаратын қызметтер түрлер...........................10
2.2. Ақша өндiрiлген өнiмнiң құнын өлшеушi құрал........11
2.3. Ақшаның айналыс құралы қызметi..........................13
2.4. Ақшаның төлем құралы қызметi...............................15
2.5. Ақшаның қорлану және қазына жинау құралы қызметi.....................................................................17
2.6. Дүниежүзiлiк ақша құралы қызметi.........................19
III. Ақшаның XXI ғасырдағы эволюциясы
3.1. Электронды төлем жұйесi........................................22
3.2. Электронды төлем жұйесiнiң қызметтерi және
түрлерi....................................................................23
IV. Ақшаның агрегаттары
4.1. Ақша агрегаттарының мәнi, түрлерi, атқаратын қызметтерi..............................................................26
4.2. Қазақстан Республикасында қолданылатын ақша агрегаттары.............................................................27
Қортынды...........................................................................32
Қолданылған әдебиеттер....................................................34
Кiрiспе.......................
I. Ақша түралы жалпы түсiнiк
II. Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
2.1. Ақша атқаратын
қызметтер түрлер........................
2.2. Ақша өндiрiлген өнiмнiң құнын өлшеушi құрал........11
2.3. Ақшаның айналыс
құралы қызметi.......................
2.4. Ақшаның төлем
құралы қызметi.......................
2.5. Ақшаның қорлану
және қазына жинау құралы қызметi.......................
2.6. Дүниежүзiлiк
ақша құралы қызметi.......................
III. Ақшаның XXI ғасырдағы эволюциясы
3.1. Электронды төлем
жұйесi........................
3.2. Электронды төлем жұйесiнiң қызметтерi және
түрлерi.......................
IV. Ақшаның агрегаттары
4.1.
Ақша агрегаттарының мәнi, түрлерi, атқаратын
қызметтерi....................
4.2.
Қазақстан Республикасында қолданылатын
ақша агрегаттары...................
Қортынды......................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кiрiспе.
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi. Ақша – тауар өндiрiстiң өнiмi. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғам экономикалық әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы арта түседi. Орталықтанған – жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм – шарт бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi. Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi менншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке) жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесiнде жалпыға бiрдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, терi, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделген ақша қажеттiгiнiң себептерiн түсiндiредi.Құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша – тауардың жалпы эквивалентi болуы тауар өндiрiсiнiң ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемi қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуiне жол ашты.
Сонымен қатар қазiргi кезде кәсiпорындарды жекеменшiктендiру де, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн қалыптастыру да, әр түрлi өндiрiстiк және емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктiң ресурстарын басқа банктерге
сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргiзiлiп жатқан iс – шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелiк реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу, инфляциялық процестердi жеңу және ұлттық жалпы өнiмдi ынталандыру бағытында қолданылуда. Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес түрлi қызмет атқарады.
Ақша өзiнiң бiрiншi пайда болғаныдан қазiргi кезге дейiн эволюциялық кезеңдерде дамып электрондық төлем жұйесi деңгейiне жеттi. Бұл жұйе мен әр бiр банк клиеттерi компьютердi немесе монитордың (теледидардың) экранын пайдаланып: клиент банктiң компьютерiне қосылыға, кең коммерциялық хабар алуға,өзiнiң аымдағы шотын, салымын басқаруға, ағымдағы күнге шотына түскен және одан төленген соманы бiлуге, банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен танысуға, бағалы қағаздармен операция жүргiзуге, салық төлеуге және с.с. операцияларды жүргiзуге мүмкiндiгi бар. Қазақстанда электронды ақшалар жүйесi қалыптасу сатысында.
I. Ақша түралы жалпы түсiнiк.
1.1. Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретiндегi түсiнiгi
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпы бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Осыдан келiп ақшаның жаппай өктем күшi пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнiн К.Маркс “индивид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң қалтасына салып жүредi“ деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрiнедi:
Бiрiншiден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектiң нәтижесi екенiн анықтау болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуi арқылы қоғамдық еңбектiң сапалық деңгейi айқындалып, сандық есебi жүргiзiледi.
Үшiншiден, айырбас процесiнде ақшаның делдалдық етуiмен тауардың iшкi қайшылықтары да шешiледi. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкiл тауарлар тұтыну құндары түрiнде айырбас қатынасының бiр жағында тұрады да, ал екiншi жағында бүкiл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретiнде ақша қарсы тұрады.
Тауарлар дүниесiнiң тауар және ақша болып екiге бөлiнуi оның тұтыну құнымен құнының, яғни тауардың iшкi қарама – қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткенi, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының бiреудiң қажетiн өтеуге керек болғандығы. Бұл бiр жағынан, ал екiншi жағынан оның құнының бар екендiгi дәлелденгенi. Сатылған құн ендi ақша түрiнде тауар өндiрушiнiң қолына түседi. Сөйтiп, тауар өндiрушiге түскен ақшаның мөлшерiне қарай өз өндiрiсiне туады. Жалпы бiрдей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бекiтiлген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиетi, оның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиетi, оның табиғи қасиетi емес.
К.Маркс айтқандай: “Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берiлген”.
Алтын жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындау үшiн ең бiр лайық тауар болып қалып отыр.
Екiнгшiден
– ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша
дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды
өндiруге кететiн еңбек шығындарының өте
жоғары болуына әкелiп соқтырады. Алтынды
тұтыну жылдан – жылға өсуде. Ол әр түрлi
салаларда пайдаланылады – электроникадан
бастап зергелiк iстерге дейiн, бiрде өте
жұқа қалыңдықпен, бiрде балқытылған құймалар
түрiнде кездеседi.
Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегi Кремль
курантына алтын жалату үшiн 26 кг алтын
жұмсалады, мұндай алтын жалату қалындығы
3 мк. жуық. 4000 жылдардан бастап б.ғ. және
1985 жылға дейiн әлемдегi барлық өндiрiлген
алтын 90 мың т. құрады. XX ғасырда 60 мың тоннадан
астамы өндiрiлдi, соның iшiнде 30 мың тоннаға
жуығы – ерекше жүзiлiк соғыстан кейiн
өндiрiлген.
Ресей XIX ғасырдың 20 – жылдарында алтын өндiруден бiрiншi орында болды. Өткен ғасырдың 40 – жылдарында оның дүниежүзiлiк алтын өндiрiсндегi үлесi 40%-ды құрады.
Алтын өндiру қиын және капиталды көп қажет етедi. Сонымен, 1 кг алтын алу үшiн 3000 м орта тереңдiктегi тау қыртысының 100 тоннасын қайта өндiру қажет.
Алтын ең көп өндiретiн Оңтүстiк Африка Республикасында (ОАР) алтын өндiрушiлердiң еңбек ету жағдайы құлдардың өмiрi сияқты: олар +40* С-ден жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс iстейдi. Мұнан бұрын, ОАР – да әлемдiк алтын өндiрiсiнiң 2/3 - i өндiрiлсе, қазiр 1/3 - i ғана өндiрiледi.
Алтынды өндiру дүниежүзiнде апатты жағдайда құлдырауда.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның iшiнде 60 – сы жұмыс iстеп тұр және жылдық өнiмi 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.
Алтын тек қана алтын валюта резервтердi ғана құрамайды, сонымен бiрге электронды – есептеушi және компьютерлiк техникаларды, түнгi механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшiн де қолданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұныменен ежелгi уақыттарда алхимиктер еңбектеңдi. Ежелгi Египетте жалған алтын құймалары табылған. Бiздiң ғалымдар ұзақ уақыт iздену мен сынақтар жүргiзулерi нәтижесiнде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий – 65%, индий - 35%. Электр кедергiсi алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседi.
Құрамын өзгерте отырып (палладий – 55%, индий – 45%) червондық алтын алынды, Бiрақ мұндай алтынды жасанды жасау бұл процестiң тиiмдiлiгiн көрсетпедi. Қазiргi ядерлiк атомдардың күкiрт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкiндiк бердi. Бiрақ жасанды алтынды жасау мүмкiндiгi бұл процестi тиiмдi етпейдi. Мұндай алтынның өзiндiк құны өте жоғары бұл жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзiнiң бағасының төмен болуына байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын өнеркәсiпте, тiс салуда және зергелiк бұйымдарды жасауда пайдаланылады, бiрақ еш уақытта ол жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бола алмайды. “Ақша – зат емес, ол –қоғамдық қатынас“.
Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келедi. Бұл дегенiмiз, қоғамнан бөлiнген адамдар үшiн ақша керек еместiгiн бiлдiредi. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар болса өзiнiң барлық құндылығын жоғалтты.
1.2. Ақшаның қажеттiлiгi және оның экономикалық маңызы
Ақшаның өмiр сүруiндегi обьективтi қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi және айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақща айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Әйтсе де адам өмiрiне ақшаның қажеттiлiгi туралы әр уақытта әр түрлi ойлар айтылуда. Рационалистiк концепцияны (ақыл – ой талабына ғана негiзделген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келiсiм құралы, ол айырбас кезiнде құндардың қозғлысына қажеттi арнаулы құрал деп түсiндiрдi. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзiнiң “Никомахова этика“ деген кiтабынд “Айырбасқа қатысатындардың бәрi өзара салыстырмалы болуы
керек
айырбасты болдыру үшiн
Бiрақ XVI ғасырдың басында (1516 ж) утопиялық оциализмнiң негiзгi қалаушы Томас Моор өзiнiң “Жаңа Утопия аралы және мемлекеттiң үздiк құрылымы туралы алтын кiтап“ деген еңбегiнде: “Алдау, ұрлау, тонау… кiсi өлдiру заң тәртiбiмен қатаң жазаланатынын кiм бiлмейдi, әйтсе де бұл жөнiнде алдын ала ескертiлмеу мүмкiндiгi бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бiрге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың аландаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндерi де ұмытылар едi. Егер ақша адам өмiрiнен алысталынатын болса, онда тiптi ақша қажеттiлiгiнен туған кедейлiктiң өзi де жойылар едi”.
Ол аздай Т. Моор тағы былайдедi: “Қай жерде болсын барлық нәрсенi ақша өлшемiмен өлшейтiн болса, онда ол жерде мемлекеттiк iстердiң табысты дұрыс ағысының болуы мүмкiн емес“.
XIX ғ. Социал утопистерi – Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға терiс қөзқараста болды. Прудон тауар өндiрiсiн сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейiн, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәтi келедi, яғни тарихтың өзi осыған алып келдi деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңiз ауыл шаруашылық өнiмдерiн өнiмдерiне тiкелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрi сәтсiз аяқталды. С.Г. Струмин ақшаның орнын еңбек бiрлiктерi – тредаларды, ал ағылшын экономисi Смит Фальтнер энергетикалық бiрлiктердi – энедаларды пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейдi: ақшаларды жоя отырып, бiз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкiн немесе ең төменгi сатыға (алғашқы қауымдық құрылым) қайта оралар едiк. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола бередi.
Ақшаға деген терiс көзқарастар Ресейдегi азамат соғысы кезiндегi ақшаның құнсыздануын, өнiмнiң заттай түрiнiң өзара айырбасталуыыыын ақшаны жоюды тарихтың өзi дәлелдедi деп
Информация о работе Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы