Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:33, курсовая работа

Описание работы

Орталықтанған – жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм – шарт бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi. Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi менншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке) жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргiзуде төлем қабiлеттi сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескерiлiп, өнiмнiң шығару көлемi, түрi бағасы тағайындалады.

Содержание

Кiрiспе.................................................................................3

I. Ақша түралы жалпы түсiнiк
Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретiндегi түсiнiгi.....................................4
Ақшаның қажеттiлiгi және оның экономикалық маңызы.....................................................................6
II. Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
2.1. Ақша атқаратын қызметтер түрлер...........................10
2.2. Ақша өндiрiлген өнiмнiң құнын өлшеушi құрал........11
2.3. Ақшаның айналыс құралы қызметi..........................13
2.4. Ақшаның төлем құралы қызметi...............................15
2.5. Ақшаның қорлану және қазына жинау құралы қызметi.....................................................................17
2.6. Дүниежүзiлiк ақша құралы қызметi.........................19

III. Ақшаның XXI ғасырдағы эволюциясы
3.1. Электронды төлем жұйесi........................................22
3.2. Электронды төлем жұйесiнiң қызметтерi және
түрлерi....................................................................23

IV. Ақшаның агрегаттары
4.1. Ақша агрегаттарының мәнi, түрлерi, атқаратын қызметтерi..............................................................26
4.2. Қазақстан Республикасында қолданылатын ақша агрегаттары.............................................................27

Қортынды...........................................................................32
Қолданылған әдебиеттер....................................................34

Работа содержит 1 файл

акша.doc

— 356.50 Кб (Скачать)

 

   түсiндiргiсi келдi. 1918 және 1921 жылдары натуралдық коэффициенттiң негiзiнде өнеркәсiп өнiмдерiн тiкелей ауыл шаруашылық өнiмдерiне айырбастау әрекеттерi сәтсiздiкке ұшырады.

     Мысалы, 1921 ж. Айырбаста мынадай натуралдық коэффициеттер қолданылды.

     1 кез шыт           = 20 фунт астық

     1 буда шырпа    = 13,5 фунт астық

     1 пұт шеге         = 23 пұт 7 фунт астық

     Астықтың әр түрлi болуына байланысты төмендегiдей өлшем бекiтiлдi:

     Бидайдың 100 салмақ өлшемi = Сұлының 135 өлшемiне, жүгерiнiң 200 салмақ өлшемiне.

     Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр экономикалық қарым – қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi экономикалық категория болы табылады.

Экономикалықкатегория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң  бiрiгуiмен көрiнiс табады.

 

     1 – кесте.

 

                            

                                               Ақшаның үш қасиетi.

 

1. Жалпыға тiкелей айырбасталу формасында

 

2. Ақшаның  айырбас құнының дербес формасы

 

3. Еңбек  сыртқы заттық өлшемi


 

   Жалпыға тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көрсетедi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процестерiнiң жүруiмен байланысты, жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.

 

                                               

     Ақшаның айырбас құнының дербес формасы  ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық берешектердi өтеу, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктiң несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

    

     Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың көмегiмен өлшенуi мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.

     Ғалым – экономикалық арасында алтынның ақшалай тауар ретiндегi ролi туралы әр түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның  демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейдi. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келдi.

Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi үшiншi бiреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.

     Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгiлерi – қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақ та алтын дүниежүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi  жағдайдағы дамуы.

 

     2.1. Ақша атқаратын қызметтер түрлерi

     Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес түрлi қызмет атқарады:

 

    2 – кесте.

 

 Ақшаның бес түрлi атқаратын қызтетi.



 

                  Құн өлшемi



 

                   Айналыс құралы



 

                Төлем құралы



 

        Қор және қазына жинау құралы



 

  •             Дүниежүзiлiк ақша


  •                                                    

                                                         - 11 -

          2.2. Ақша өндiрiлген өнiмнiң құнын өлшеушi құрал

        

         Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемi бола алады. Бұндай тауар болып өндiруiне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi – ол жұмыс уақытын емес, осы құрылған көрсетеi.

         Ақша қоғамда ең алдымен өндiрiлген барлық тауарлардың құнын өлшейтiн құрал, яғни ол таурлардың бағасын белгiлегенде айырбас құралы қызметiн атқарады. Себебi әр түрлi тауарлардың құны бiр – бiрiмен теңгермелi, ал сан жағынан салыстырмалы. Бiрақ тауарда болатын iшкi қарама – қарсылық өндiрiс кезiнде тiкелей құнның көрiнуiне мүмкiндiк бермейдi. Тауардың құны тек айырбас процесiнде ақшаның делдалдық етуiмен ғана көрiнедi. Алайда тауарларды бiр – бiрiне теңестiретiн ақша емес, керiсiнше, толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкiл тауарларды өндiруге жұмсалатын етедi. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетiн себебi оны өндiруге өнiмнiң құнын құрайтын көп қоғамдық еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемi бола алады. Ақша еңбектiң табиғи өлшемi бола алады. ақша еңбектiң табиғи өлшемiн (жұмыс уақытын) емес, осы еңбекпен еңбекпен құралатын құнын көрсетедi. Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын белгiлесек жеткiлiктi.

         Тауар бағасын өлшеу үшiн қолма – қол ақшаның болуы қажет емес, себебi еңбек өнiмiн теңестiру оцын орындалады. Тауарларды ақшаның көмегiмен өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң өнiмi.

         Ақша түрiнде көрiнетiн тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналыы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi.

         Тауар құнынөлшеу үшiн алтын ақшаның қолда болуының қажетi жоқ. Ақша құн өлшемi қызметiн қолдағы ақша емес,

     

    қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретiнде орындайды. Себебi тауардың құнын өлшеу оны  ақшаға айырбастаудан бұрын өтедi, ал құнның тауар формасын ақшалай формасына айналдыру үшiн тауардың бағасын белгiлеу жеткiлiктi. Тауардың бағасын белгiлеу үшiн қолда ақша ұстап тұрудың қажетi жоқ, себебi еңбек өнiмi ойда бағаланады. Сондықтан тауарларды бiрiне – бiрiн теңгеретiн ақша емес, ақшаның көмегiмен барлық тауарлар өзара теңгермелi. Себебi ақша сияқты басқа тауарлар – адам еңбегiнiң өнiмi, ол өнiмдердi бiрiне – бiрiн теңестiрудiң бiрыңғай негiзгi – абстрактылы еңбек.

         Тауардың ақша болып көрiнетiн құны – тауар бағасы. Баға деген құнның ақшалай көрiнетiн бейнесi. Ендi өндiрiлген өнiмнiң құнын ақшамен анықтау керек делiк, яғни оны айырбасқа түсiру үшiн бағасын белгiлеу керек. Ол үшiн баға масштабын қолдану қажет. Баға масштабы – ақша өлшемi ретiнде мемлекет белгiлеген белгiлi бiр металдың (алтын, күмiс, мыс) мөлшерiн мен массасын айтады. Алғашқы монета (шақа) соғылған кезде баға масштабы оның салмағына тең келдi. Бұл ресми баға масштабы едi. Ақша түрлерiнiң өзгеруiне байланысты баға масштабы едi. Ақша түрлерiнiң өзгеруiне байланысты баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейдi.

         Ақшаның құн өлшемi ретiндегi қызметi мен баға масштабының арасында айтарлықтай өзгешiлiктер бар. Құн өлшемi – ол ақшаның экономикалық қызметi, яғни құн өнiмдi шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы белгiлеу үшiн мемлекет тауардың құнын анықтау үшiн емес, оның бағасын белгiлеу үшiн мемлекет заңды түрде бекiткен – құқықтық сипаттағы техникалық құрал.

         Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiндегi ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында (алтын, күмiс, мыс) мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi. Ақша рет монеталлар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрымына сай келдi. Мысала, фунт стерлинг алғашында күмiстiң фунты есебiнде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтқ мазмұнынан ерекшелене түстi.

         Құн өлшемi және баға масштабы ретiнде ақша қызметтерiнiң арасында едәуiр айырмашылық бар. Құн өлшемi – мемлекетке тәуелдi емес ақшаның экономикалық қызметi болып табылады. Ол құн заңыменен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола

     

                                                 

    отырып, мемлекет билiгiне тәуелдi және құнды  емес тауар бағасын көрсету үшiн  қызмет етедi.

         Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына (31,1) 35 доллар есебiнде анықталып бекiтiлдi. Ол 1971 және 1973 жылдардағы доллардың  девальвациялануына дейiн сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейiн жеттi.

         Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттiк тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуiне байланысты өзiнiң экономикалық мағынасын жоғалтты.

        Ямайка валюта реформасының (1976–1978жж.) нәтижесiнде арнайы алтын бағасы және алтын паритетi жойылды. Құн өлшеу қызметi нарықтық баға масштабы негiзiнде орындалады.

        Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей айырбасталмайды және бағалар алтынменен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тiкелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргiзуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құнын өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi, өйткенi өзiнiң құны жоқ.

         Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық ажырауына алып келдi.

     

          2.3. Ақшаның айналыс құралы қызметi

     

         Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады.

        Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады. Ақша пайда болғаннан кейiн тiкелей тауар айырбастау ( Т – Т ) тауар айналысы ( Т – Т ) формасына айналады. Бұнда екi акт бар:

    • Бiрiншiсi Т – А – ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау;
    • Екiншiсi А – Т – ақшаға басқа қажеттi тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды бейнелейдi.

    Ақшаның бұл қызметi тауар айналымына сапалық  өзгерiстер енгiздi. Атап айтқанда:

     

     

                                             

    Бiрiншiден, Т – А – процесi өнiм өндiрушiнiң өнiм дайындауға жұмсаған еңбегiн қоғам таныды деген мағынаны бiлдiредi.

    Екiншiден, бiр нарықта тауарды сатып, басқа бiр нарықта керек тауарды сатып алуға мүмкiндiк туады.

    Үшiншiден, тауарды ақшаға айналдырып ( Т – А ), керек тауарды сатып алуды кейiнге қалдыруға болады.

         Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу және актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi сай келмейдi. Сатушы, тауарын сатқаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.

        Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату – сатып процесiне қызмет етедi.

        Бiздерге ақша айналыс құралы қызметiн негiзiнен мемлекеттiк, оперативтiк, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезiнде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың және т.б. қолма – қол ақшамен есептесуiне тыйым салынбаған.

         Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:

    • Тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы;
    • Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма – қол) ақшалар орындайды;
    • Ақшаның бұл қызметiнде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес  (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгiлерi орындайды.

    Бiрақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген  сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс  болуыменен түсiндiрiледi.

    Ақша айналыс  құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен  анықталады. Қанша дегенмен бiр ақша бiрлiгi бiр – несие тауар мәмәлелерiне қызмет ететiн болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажеттi саны сонша аз болады.

    Информация о работе Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы