Ақша қаражаты, есеп айрысу және несие операцияларының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 17:14, курсовая работа

Описание работы

Ақша қаражаттары – кәсіпорынның кассасына және есеп шотына сатылган өнімдерден, істелінген жұмыстардан, көрсеткен қызметтерден түсіп отырады. Ақша қаражаттарының шығысы мақсатты тұрде жұмсалады. Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айрысу үшін Қазақстан Республикасының юанк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу
3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3.2 Құнды қағаздар
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.
ІІІ. Қорытынды
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражаттары 2.doc

— 159.78 Кб (Скачать)

    Төлем талап-тапсырмасы тауарларды  алғанда, жұмысты орындағанда,  қызметі көрсеткенде бенефициарлардың  ақшаны төлеушіге жіберген талабы  болып табылады.

      Бенефициар төлем талап-тапсырмарны   банкке ұсынады және төлем  талап тапсырмалар белгіленген  бланктердің нысанында тиісті  реестрлеріне тіркеледі.

     Төлем талап-тапсырмасы реестрмен  бірге бенефициар - банкісіне ұсыныады, ал бенефициар барлық реквизиттердің  толық толтырылғанын тексеріп,төлем  талап-тапсырманы ақша жіберуші  банкке бағыттайды.

    Егер де бенефициарға қызмет  көрсететін де, ақшаны жіберуші  де бір банк болса, онда бенефициар  банкісін жанай өтіп, төлем талап-тапсырмасы  реестрсіз бірден жіберушінің  банкісіне ұсынылады.

    Егер де төлем талап-тапсырманы  орындау үшін қажетті ақша  қаражаты болмаса, онда төлем талап-тапсырманы сақтау мерзімі және реестрінің мерзімі бөлініп төленуі мүмкін. Сондықтан алушы – банк тек акциптелген немесе акцептті қажет етпейтін бөлігін ғана сақтауы мүмкін.

   Осы туралы төлем талап-тапсырманың  бет жағына белгі соғады.

   Төлем талап-тапсырмаларына толық  немесе ішінара ақы төлеуден  бас тарту кезде ол туралы  оған қызмет көрсететін банкке  үш күннің ішінде хабарлайды. Талап-тапсырма құжаттарымен қоса  оған берілген тиеу құжаттарын  және төленбейтін бөлігі туралы  хабарламасымен бірге тіклей  жабдықтаушыға (өнім берушіге) қайтарылады. 

                     1.5.Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.  

      Төлем тапсырмалар – ол банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма. Бухгалтер оны «көшіргіш» пен немесе компьютерде қажетті дана бойынша басады.

      Онда төлеуші мен оның банкісінің, алушы мен оның банкісінің  реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы  көрсетіледі. Банктің қызметкері  төлем тапсырмасын орындауға  қабылдап алып, оның соңғы данасына  таңба қойып, одан соң ол  операцияны есепте бейнелеу үшін  бухгалтерге қайтып береді. Басылған, бірақ, банкіге өткізілмеген төлем  тапсырмасы он күн ішінде жарамды  болып саналады.

     Төлем тапсырмасымен есеп айырысу  тауар-көліктік немесе тауардың  босатылуын немесе қызметтің  көрсетілуін растайтын өзге құжаттың  нөмері мен күніне сілтеме  жасалған жағдайда алынған тауарлар  мен қабылданған қызметтер үшін, сондай-ақ тауарлық емес операциялар  бойынша жүргізіледі.

    Төлем тапсырмалары:

1. Мерзімді (төлем өнімді жөнелткенге дейін немес жөнелткеннен кейін, ішінара төлем).

2. Мерзімнен бұрын (алдын ала төлем).

3. Кейінгі қалдырылған болуы мүмкін.

      Төлеуші болып кәсіпорынның есеп  айырысу шоты ашылған банк  саналады және сол бөлігінде  кәсіпорынның аталуы мен оның  есеп айырысу шотының нөмері  көрсетіледі.

      Төменде біз ҚР – ы Ұлттық  банкіде біздің банкіге берілген  кодын, ал «дебет» бағанасында  - ҚР ҰБ - дегі есеп айырысу шотының  шифрін көрсетеміз. Одан төмен  алушының банкі, ҚР ҰБ-дегі  банкінің коды (МФО «межфилиальные  обороты - филиалдар арасындағы  айналымдар»), ал «кредит» бағанысында  – ҚР ҰБ-дегі алушы банкінің  корреспонденциялық шоты көрсетіледі.

       Аударылатын қаржы көлемі бас  әріппен сөз түрінде басылады. Оның сандық мөлшері жоғарыдағы  оң бұрышта қайталанады.

        Төменгі жақта төлемнің тағайындауы  көрсетіледі, басшы мен бас  бухгалтердің қол таңбаларымен  қоса кәсіпорынның мөрі қойылады.

        Төлем тапсырмалары онда көрсетілген  соманы бенефициардың пайдасына  ақшаны жіберушіге қызмет көрсетенін  банк алушының ақшаны аударғаны  туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық  құндылықтарды өтеу ушін есеп  айырысу кезінде, сондай ақ  қызмет пен тауарға алдын-ала  төлем жасаған кезде, аванстық  төлемдер жасаға кезде төлем  тапсырмаларын пайдаланады.

         Төлем жасаушы банкке белгіленген  нысандағы бланкілердегі төлем  тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға  қоса төлем жасаушы банктің  талап етуі бойынша салынатың  салықтың шот-фактуралары және  төлемдердің мақсатың растайтын  басқа да құжаттары бірге тапсырылады.  Төлем тапсырмалары жазылып берілген  күннен бастап 10 күн бойы күшінде  болады (жазылған күні есепке  алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем  жасаушының шотында қаражат болғанда  ғана орындауға қолданылады.Төлем  құжаттарын электронды түрінде  де, қағаз ретінде де ұсынуы  мүмкін. Бұл құжаттардың данасын  әрбір банк өздері дербес анықтайды.  Негізінен алғанда, олар екі  данада толтырылады, біріншісі  банкте қалдырылады да, оның электронды  көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны  жіберушіге қол қойылып, штамп  басылып қайтарылады.

          Төлем тапсырмасын толтыру кезінде  келесі реквизиттері (көрсеткіштері)  көрсетіледі:

  1. төлем тапсырманың нөмірі;
  2. төлем тапсырманың жазылған күні;
  3. жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды (ЖТК немесе ИИК)
  4. жіберуші мен бенефициардың банкі шотындағы нөмірі;
  5. бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар екі символдан тұрады:біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
  6. бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
  7. банк–алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен–жайы көрсетіледі;
  8. бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасыа келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім шарттың негізінде;
  9. жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (иденфикациялан-ған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдар-дың коды (ФАК немесе МФО);
  10. төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік – құқықтық актісімен белгіленген және соңын негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үшін символдан (белгілерден) тұрады;
  11. бюджеттік классификңациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
  12. валюттілген күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

      Төлем құжатына кез келген  жөндеудің түрін жасауға рұқсат  етілмейді. Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің арасындағы жасалған  келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын  және мерзімі кейінге қалдырылған  болып бөлінуі мүмкін деп айта  кеттік.

     Жедел мерзімді төлем мынадай  нұсқалар бойынша жүзеге асырылады:  аванстық төлем, яғни тауар  тиелгенге дейін;тауар тиелгеннен  кейін,яғни тауарлар үшін шоттарды  тікелей акцептеу жолымен; ірі  мәмілелер кезіндегі ішінара  төлемдері.

      Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі  ақша қаражатты (зейнетақы, алимент,  жалақы, іс – сапар шығындары,авторлық  қаламақы) жекелеген азаматтардың  атына; жалақы  төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының  атың, онда ол орналасқан банктің  сондай-ақ егер қаражат шотқа  аударылуға тиіс болса, онда  ол орналасқан банктің аты  мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға  қаражат алушылардың тізбесі  қоса беріледі, онда кім, қандай  мақсаттарға ақша алатыны қөрсетіледі.  Байланыс қәсіпорындары кәсіпорындарға  жолданған әрбір аударым алушы  бойынша барлық аударымдағы жалпы  сомасына төрт дана етіп жазылатын  төлем құжаттары келіп түскеннен  кейін төлейді.

                              

 

                       
 
 

                  2.   Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

       Қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса - бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай. Касса операцияларының есебі ҚР Ұлттық банкі Басқармасыиың 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген "ҚР х/ш касса операцияларын жургізудің уақытша тәртібіие" сәйкес жузеге әсырылады.

      Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды-жауапты адам болып табылады да (онымен толық материалдық жауапкершілік шарты жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады. Ол касса операцияларын жүргізу тәртбімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа жа төлемдерді беру үшін субьекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.

  Кассир  ақша қаражаттарын банк мекемелерінен  ақша чектері бойынша алады.

  Кассалық  ордерлер кассадағы ақшалай операциялар  бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды  кассаға қабылдау бас бухгалтер  немесе ол өкілеттік берген түлға  қол қойған КО № 1 нысанындағы кіріс  касса ордері бойынша жургізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО № 2 нысаныидағы шығыс касса  ордері бойынша немесе шығыс касса  ордерінің (ШКО) мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем  ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жургізіледі. ШКО-не бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек, Егер ШКО  қоса берілетін құжатта руқсат ету  туралы басшының колы болса, онда оның ШКО-де оның қойған қолының болуы  міндетті емөс.

  Кіріс касса ордері (ККО) мен оның түбіршегі, ШКО мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және тусінікті жазылуға немесе машинкалармен басылуға тиіс. Бұл  құжаттарды тазалауға, өшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды  қабылдау және беру тек олар жасалған куні жүргізілуі мүмкін.

  ККО мен ШКО кассаға берілгенге дейін  бухгалтерияда кіріс және шығыс  касса ордерлерін тіркеу журналында (КО № 3 нысаны) тіркелінеді. Операцияләр  жасалғаннан кейін ордерлерге кассир қол қояды, ол оған қоса берілген құжаттар мөртабан қоюмен немесе куні көрсетілген "төленді" жазуымен өтеледі.

  Ақша  қаражаттарының келіп тусуі мен  жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды  кассир КО №4 нысанындағы касса кітабына жазады. Ол тесіліп байланған, нөмірленген  және мөрленген болуға тиіс. Ондагы парақтардың саны басшы мен бас  бухгалтерлердің қолдарымен расталған  болу керек. Жумыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, кассада келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады. Касса кітабындағы жазулар кешіру қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі.

  Екінші  даналары жыртпалы болады және кассирдің  есеп беруіне қызмет етеді. Егер кәсіпорында аздаған касса операциялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш-бес күнде бір рет жасалуы мумкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бухгалтерия қызметкерлері тексереді. Кассада алушының ШКО қолхатымен немесе басқа құжатта расталмаған ақшалар берілгендігі анықталса, бул сома жетіспеушілік болып саналып, кассирден өндіріліп алынады. Егер қолма қол ақшаның сомасы ККО-мен расталмаса, онда олар кассаның артық ақшалары болып саналады және субъектінің кірісіне есептеледі. Кассадағы ақша қаражәт-тарының колда бары мен қозғалысын есепке алу ушін активтік  1010, 1020-шоттар қолданылады. Бұл шоттардың дебеті бойынша ақшаның кассаға түсуі, кредиті бойынша - берілуі көрсетіледі. Валюталық кассадағы есеп субъектінің кассадағы есебіне үқсас жүргізіледі, бірақ ККО-де, ШКО-де және касса кітабында қаражаттардың шетелдік валютадағы және теңгелік баламасындағы сомасы көрсетіледі. Валюталық касса үшін жеке кассалық кітап ашылады. Шетелдік валютадағы қолма қол акша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты теңгелік бағасы және номиналы бойынша жинақтауға "Кәсіп-орынның валюталық қаражаттарына талдамалы есеп жүргізу карточкасы" арналған. Ол шетелдік валютадағы бастапқы талдамалы есеп пен теңгедегі жинақтамалы есептің арасындағы аралық буын болып табылады. Қажет болған жағдайда көлік пен байланыстың объектілері 1010-шотта мынадай субшоттар  аша алады: 1010/1 - субъект кассасы, 1010/2 -операциялық касса.

      Жоғарда атап өткендей кассадағы  операциялар есебі 1010 « Кассадағы  қолма-қол ақша» бөлімшесінің  активті жинақтаушы шоттарында:

      1010   -  « Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» және

Информация о работе Ақша қаражаты, есеп айрысу және несие операцияларының есебі