Ақша қаражаты, есеп айрысу және несие операцияларының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 17:14, курсовая работа

Описание работы

Ақша қаражаттары – кәсіпорынның кассасына және есеп шотына сатылган өнімдерден, істелінген жұмыстардан, көрсеткен қызметтерден түсіп отырады. Ақша қаражаттарының шығысы мақсатты тұрде жұмсалады. Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айрысу үшін Қазақстан Республикасының юанк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу
3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3.2 Құнды қағаздар
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.
ІІІ. Қорытынды
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражаттары 2.doc

— 159.78 Кб (Скачать)

     Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға  қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің  дефектілері табылса, банктің  бас бухгалтері ол туралы Клирингтік  палатаға хабарлайды, ал олар  ондай чектердің өнделуін тез  арада тоқтатады. Бұндай дефектісі  бар чектерге акт жасалады, ол  акт төрт данада болады:

      Біріншісі    - банкте қалса;

      Екіншісі     - көшірмесімен  бірге ішкі істер орғандарына  беріледі;

      Үшіншісі   – Клирингтік палатаға  беріледі;

      Төртіншісі – чекті беруші  банкке беріледі.

      Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары  пайдаланбауына байланысты чекті  беруші банкке қайтарылады.                                

  1.3 Төлем карточкарының  есебі

   Инкссациялау шығындарын қысқарту; бухгалтерияның жұмысын женілдету, Қазақстаннаң әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.

    Төлем қарточкалары- ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.

     Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік  және коорпоративтік болып бөлінеді.

      Дебеттік карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасың шегінде оның ұстаушысына ( иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк берген қаржы қөлемінде төлей алады.

       Кредиттік карточкалар бойынша банк берген қарыз сомасының шегінде оның ұстаушылары төлем жасай алады.

       Одан басқа кәсңпорын іс-сапарының  шығыстарын төлеуге, офистік,  үстеме шығыстары үшін корпоративтік  төлем карточкаларын ашуына болады.

        Коорпоративтік карточкалар –бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстауышыға банк пен занды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың негізінде беріледі.

         Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде  ол қазіргі шақтың қаржылық  тегігі (инструменті)ретінде 2 млн.  Карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан  астам кезең ішінде Viza және Master Card халықаралық карточка жүйесі  үлкен жетістіктерге жетті. Сондықтан  оны 14 млн. Кәсіпорын төлем  карточкалары ретінде өздерінің  күнделікті оміріне пайдаланады.  Олардың қатарына: супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі  клубтар, аяқ киім сататын дүкендер  т.б. жатады.

        Қазақстан Республикасының аймағында  Ұлттық банкінің лицензиялауымен  шығарылған төлем карточкалары  пайдаланады.

        Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден  тұрады:

  1. төлем карточкаларын берудің жағдайы;
  2. төлем карточкаларымен жасалатын төлем түрлері және оның жағдайы;
  3. төлем карточкаларын алған тұлғалардың тізімі;
  4. төлем карточкаларын қайтарып алудың және тоқтатудың (блокирования) жағдайы;
  5. төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі;
  6. тараптардың құқықтары мен міндеттері;
  7. тараптардың жауапкершілігі.

         Қазақстан Республикасының аймағында  төлем карточкалары теқ теңгемен  төленеді.

      Төлем карточкаларымен төлем  жүйесін жүзеге асырмастан бұрын  оларға авторизация жасау керек.  Авторизация процесі автоматталған  тәртіпте немесе телефон байланыстары  арқылы жүреді.

      Төлем құжаттары эквайерге көрсетілген  қызметке немесе сатып алынған  тауарға ақша төлеу нұскау  береді. Қолма-қол ақша алған кезде  төлем құжаттары карточка ұстаушыларға  төлемдердің берілгені бойынша  банк эквайері қолма-қол ақшаның  орнын толтыру туралы нұскау береді.

    Төлем карточкаларымен операцияларды  жүзеге асыру кезінде міндетті түрде  не қағаз, не электрондық нысанда  жасалса, онда ол: электрондық журнал құжаттарынан немесе банкоматынан алынады.

    
 
 
 
 
 
 
Қонақ үйде тұрғаны үшін есептесу кезінде  пайдаланатын төлем құжаты 
 
 
 
 
 
«TVERSKAYA»     HOTEL

********* RESEPTION*********

TVERSKAYA –YAMSKAYA STR 34

MOSKOW

T11088001 BO 940

U1001088001 R007726

**** VIZA****

4273 6200 8915  9591

05|02   (D)

SALE OFFLINE

AMOUNT:  RUR 16788.15

_______________________________

HKTFSE DEBIT MY ACCOUNT

CUSTOMER SIGNATURE

AUTH CODE : (5) 030641

**23/06/2000 01:39**

    Қазақстан Республикасында тауар мен қызметін төлеу үшін төлем карточкасының  пайдаланғаны слиппен немесе сатып  алынған сомасына екі данада берілген сауда чегімен расталуы мүмкін. Слип үш данада рәсімделеді: біріншісі банкке, екіншісі кәсіпорынға, үшіншісі карточка иесіне беріледі. Слип нысаны мынадай  болады:

        Төлем құжаттары келесі реквизиттерден (көрсеткіштерден) тұрады:

  1. төлем құжатының нөмірі және жазылған күні, айы, жылы;
  2. операцияны жасаған ұйымның толық атауы (коды) және эквайер;
  3. карточка төлемінің реквизиті;
  4. төлем сомасы;
  5. төлем валютасы.

    Төлем құжаттары (слип) төлем карточкаларын  ұстаушылардың қолынсыз-ақ жасалуы  мүмкін, ол кезде олар электрондық  құжаттарын негізгі алады. Төлем  құжаттарын жөндеуге, өшіруге рұқсат етілмейді.

       Сауда чегі – төлем карточкасын  жүзеге асыру кезінде жасалады, яғни төлем жасалып біткен  соң карточканы ұстаушыға беріледі (слиппен де,слипсыз да) және келесі  міндетті реквизиттерден тұрады:

  1. құжат нөмірі және оның жазылған күні, айы және жылы;
  2. операцияны жүзеге асырушы ұйымның атауы (коды, идентификаторы);
  3. төлем сомасы;
  4. төлем карточкаларының реквизиттері.

    Төлем карточкадан қолма-қол ақшаны  алған кезде есеп беретін адамған  ақша қаражатын берген сияқты  рәсімделеді,операциялар одан әрі  қарай жалпы қабылданған тәртіп  бойынша көрініс табады.

   Мысал. Қолма-қол ақшаны және  оны есептеумен байланысты уақытың  және басқа да шығындарын қысқарту  мақсатында кәсіпорын еңбеккерлердің  еңбек ақысын төлем карточкасында  төлеуді ұйғарған.

    Сонымен, пластикалық карточканың,яғни  төлем карточкаларының бірқатар  артықшылықтары бар: сатып алушы  клиент үшін пайдалануға ынғайлы;  сауда ұйымының тауар айналымын  арттырады; банк шоттарында ақша  қаражаттының әжептеуір сомасы  жинақталады, бірақ осы артықшылықтардың  бәрі бухгалтерді қуантып отырған  жоқ, өйткені жаңа проблемалар  туындауда.

     Төлемнің бұл түрі – касса  арқылы қолма-қол ақшасыз есеп  айырысу есем екенін ,  демек  кассир – операционист  кітабында  нақты өткізілген

 төмен  сома көрсетіле ме немесе оның  банкке немесе кәсіпорын кассасына  өткізілген сомаға сәйкес келмеуіне  бола ма? –деген сұрақ пайда  болатының бәрі де жақсы түсінеді.

    Сонымең, пластикалық карточкалары  пайдаланылатын қолма-қол ақшасыз  есеп айырысулар банкпен, есеп  айырысу жүйесінің иелерімен  жасалатын шартқа сәйкес ережелер  бойынша  жүзеге асырылады.  Кәсіпорын банкпен шарт жасасқан  кезде тауардың өткізілуін немесе  қызметтер көрсетілуін кейін  дұрыс қадағалап, ескеруге мүмкіндік  беретін бірқатар пункттерге  назар аудару қажет:

  1. жүзеге асырылған транзакцияларға қалайша есеп жүргізіледі;
  2. бухгалтерияның слипті төлеуге банкке қаншама уақыт ішінде тапсыруы қажет;
  3. сатып алушы тауарды транзакция жүргізілгеннен кейін қайтарған жағдайда сауда жасаушы кәсіпорын мен банк арасында есеп айырысулар қалайша жүзеге асырылады;
  4. есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін терминал мен импрентер қалайша орнатылады және бағдарламамен қалайша жүктемеленеді;
  5. РОS – терминалдарға тараптардың қайсысы техникалық күтім жасайды және оларды жөндеуге кім ақы төлейді;
  6. Шығыс материалдарына не жатады және сол материалдарды кім сатып алады немесе кім ақы төлейді;
  7. Шартта өзара есеп айырысуларды салыстыру әдістері көрсетілген бе және олар қандай құжаттармен жүзеге асырылады;
  8. Банк қызметтері үшін сомалар қандай процентте және кімнен ұстап қалынады (сауда жасаушы кәсіпорыннан ба немесе сатып алушыдан ба);
  9. Босатылған тауар үшін сомалар банктің есеп айырысу шотына түспеген жағдайда не істеу керек.

     Әдетте, жабдықты сатып алу мен  орнатуды және бағдарламалық  қамтамасыз етуді , сондай –ақ  оның мазмұнын банктер өздеріне  алады және шартқа сәйкес сауда  жасайтын немесе қызмет көрсететін  ұйымның уақытша пайдалануына  береді.

     Банктер сондай-ақ:

  1. сауда кәсіпорының қызметкерлерін пайдалану ережелеріне үйрету мен дауысты және электронды автоландыру кезінде транзакцияны рәсімдеу;
  2. карточкалар ұстауышыларға қызмет көрсету тәртібі;
  3. кәсіпорын қызметкерлеріне жабдық орнатылатын жерлерде нұскамалар беру жөніндегі міндеттемелерді де өзіне алады.

    Қолда бар қаражат қозғалысын  есепке қоюдағы проблемалар көбінесе  кассалық аппараттар POS-терминалдар  кассалық аппаратқа жалғастырылған  және тауарды сканирлеу және  транзакция жүргізу кезінде сатып  алу сомасы слипте де, кассалық  аппаратта да көрсетіледі, сондықтан  осы ерекшеліктерді ескеру керек.  Ауысымның аяқ кезінде операторлар  тәуліктік есепті кассалық аппараттан  да терминалдан да алады.

     Қазіргі кезде де есеп айырысу  Салық кодексінің 546-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша, банктік төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай есеп айырысу міндетті түрде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі - БКМ) қолдану және бақылау чегін беру арқылы жургізіледі.

           Көптеген ұйымдар өз қызметкерлеріне  еңбекақы төлеуді жалақы жобасы  бойынша жүргізеді. Бул ретте  компания қызметкерлері үшін  басты проблема шешіледі: жұмыстан  сұранудың қажеті болмайды, өйткені банк мекемелерінің жұмыс режимі біздің көптеген мекемелеріміздің жүмыс кестесіне сай келеді. Қазақстанның кейбір банктері пластикалық карточка үстаушыларды жалақы жобасының шеңберінде кредиттеуді жүргізе бастады. Қарыз айлық жалақы со-масының 70-80% шегінде беріледі.

Сөйтіп, біз пластикалық карточкалардың пайдалануға ыңғайлы екеніне  және біздің қызметкерлердің компания басшылығына риза екеніне көз  жеткіздік, бірақ ол үйым бухгалтериясы  үшін қаншалықты ыңғайлы?

Артықшылықтары  бар екені күмәнсіз, және бұл барлық қызметкерлер карточкалық жүйе бойынша  есеп айырысуға көшірілген кезде  бірден байқалады: инкассация шығындары  мен жалақыны үйымның өзінде беру процесінің өзі жойылады. Яғни жалақы беру уақыты қысқарады және сонымен  бірге кассада қолма-қол ақшаның  үлкен сомасын үстамау мүмкіндігі туындайды. Бір төлем тапсырмасымен, егер филиалдар болса, олардың орналасқан жерлеріне қарамастан, барлық қызметкерлерге жалақы беріледі, депоненттеу қажеттілігі  жойылады және бұл орайда төлемдер бойынша толық құпиялылық сақталады.

      

              1.4 Төлем талап - тапсырмалары арқылы есеп айырысу.  

       Төлем талап-тапсырмаларымен  есеп айырысу. Мүндай нысан болған кезде жеткізуші жөнелтілген өнімге төлем талап - тапсырмасын ресімдейді де,  оны төлеушіге бағыттайды. Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында шешім қабылдайды. Төлеуге шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қол қояды, мөрін басады және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарады және оны жеткізушінің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген сомалардың бухгалтерлік жазбалары есеп айрысу шотынан банк беретін көшірмеснің негізінде жүргізіледі.

Информация о работе Ақша қаражаты, есеп айрысу және несие операцияларының есебі