Мерзімі белгілі бір күнге
немесе жасалғаннан кейін ұсынғаннан
кейін белгілі бір уақытта
белгіленген аударма вексельді
ұстауышы вексельді төлеу кұнінде,
не келесі екі жұмыс күнінің
бірінде ұсынуға тиіс. Аударма
вексельді есеп айырысу палатасында
ұсыну төлемге ұсынғанмен бірдей
болып есептелінеді. Вексель ұстауышы
бөліп төлеуден бас тарта алмайды.
Бөліп төленген жағдайда төлем
жасаушы өз тәуекелділігіне алады.
Вексель ұстауышылар индоссанттарға
қарсы тұрған регрестерге өз
құқығын төлем мерзімі жеткен
кезде де және одан бұрын
да сата алады:
- акцептен
толық немесе ішінара бас тартқан орын
алса;
- егер де
төлем жасаушы вексельді акцептегені
немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот
деп танылған болса, онда төлем жасауды
тоқтатады, тіптен оның жағдайын сот аныктамасы
да немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесіз
болмаған жағдайда;
- вексель
беруші акцептке жатпайтын, вексель
бойынша банкрот деп танылған жағдайда.
Вексель бойынша жасалатын төлем
мен акцепт үшін жауапты тұлғаға
регрестік талабы (искы) вексель
бойынша төлем мерзімінен кешіктірілмей
ұсынылуы мүмкін.
Акцепт немесе төлемнен бас
тарту ( акцептемеуге немесе төлем
жасамауға қарсылық білдіруден )
факті куәландыратын актімен
расталанады.
Вексель беруші аударма вексельнінің
мәтінінде көрсеткен ресми қарсылық
білдіруден басқа қарсылық білдірген
кезде төлеушінің қолы қойылған
өтінішпен алмастырылуы мүмкін.
Акцептеуге қарсылық акцептке
ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде
жасалуы керек. Акцепттеуге қарсылық
білдіру төлемге ұсынудан және
төлем жасамауға тағы да басқаша
қарсылық білдірен босатады. Бірақ
бұл қарсылық алдын ала тіркеуден
өту керек, онсыз оның күші
болмайды.
Егер төленуге жататын аударма
вексельдін ісі ойдағыдай еместігі
байкалса, тіпті оның үшінші адам
арқылы өтеулуі бола тұрса
да; немесе белгілі бір уақыт
өткен соң, яғни ұсынылған кезде
төленуге жататың вексель болса
да, оның акцептелуіне тыйым салынады.
Төлем жасаушы оның вексельді
акцептегеніне немесе акцептемегеніне
қарамастан банкрот деп танылмағанда
, сондай-ақ вексель берушіні акцептеуге
жатпайтын вексель бойынша банкрот
деп таңыған жағдайда, вексель
ұстаушының өз құқықтарын жүзеге
асыруы үшін оның банкрот деп
танылғаны туралы сот шешімен
ұсынуы керек.
Вексель ұстаушы өзінің индоссантын
және вексель берушісін акцептемеу
немесе төлем жасамайтыны туралы
қарсылық білдірген күннен кейінгі
төрт жұмыс күнінің ішінде, «шығынсыз
айналым» деп хабарланған жағдайда
, онда оның қабыл алынуы мүмкін.
Әрбір индоссант хабарлама
алған күннен кейінгі екі жұмыс
көрсете отырып , өз индоссантына,
одан әрі вексель берушіге
дейін хабарлауға тиіс. Жоғарыда
аталған мерзімдер алдынғы хабарлама
алынған сәттен бастап жүре бастайды.
Акцептемеу немесе төлем жасамау
туралы қарсылық білдірілген
жағдайда нотариус бұл туралы
вексель бойынша міндетті барлық
адамдарға вексельдегі не
қарсылық білдіруді талап етекн
адамдардан алынған мекен-жайларға
сәйкес жазбаша хабарлама жібере
отырып, оларға ескерту жасайды.
Мұндай хабарлама жөніндегі шығыстар
қарсылық жөніндегі шығындарға
қосылады.
Вексель беруші индоссант немесе
авальшы құжатқа енгізілген және
қол қойылған «шығынсыз айналым»,
«қарсылықсыз» деген немесе басқадай
мағыналас сөздер арқылы вексель
ұстаушыны оның мрегнресс, акцептемеуге
немесе төлем жасамауға қарсылық
білдіру құқығын жүзеге асырудан
босатады. Бірақ вексель беруші
енгізген сөзден (ескертуге) қарамастан,вексель
ұстаушы қарсылық білдірсе, онда
қарсылық білдіруге байланысты
шығындар оның өзіне жатқызылады.Егер
ескертпе индоссант немесе аванлист
тарапынан жасалынса,онда қарсылық
бойынша қажет шығындар өз
қолдарын қойған барлық адамдардан
талап етіледі. Аудару векселін
беруші, акцептеуші, индоссанттаушылардың
барлығы немесе онда аваль
қоюшылар вексель ұстаушының
алдында барлығы бірдей міндетті
болып табылады.Вексель ұстаушы
осы адамдардың әрқайсысына жеке-жеке
және барлығына бірдей талап
қоюға құқылы.
Вексель ұстаушы өзі талап
(иск) қойған адамнан мыналарды:
аударма вексельдің акцептелмеген
немесе төленбеген сомасы, процентімен
қоса, егер олар белгіленген болса;
вексель сомасынан Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
белгілеген қайта қаржыландыру
мөлшерлемесі бойынша өсім сомасын
ала алады; қарсылық білдіру
бойынща шығындарын хабарлама
жіберген кезінен бастап талап
ете алады.
Бұған қоса талап қойған вексель
ұстаушы талап қою сомасына
вексель сомасының 0,01 проценті
мөлшерінде комиссиондық шығындарын
да енгізе алады. Егер талап
төлем мерзімі басталғанға
дейін қойылса, онда вексель
сомасынан есептік пайызы бойынша
ұсталады. Бұл есептік пайызы
вексель ұстаушы тұратын жердегі
талап қойылған күнгі ресми
есептік мөлшерлемесі бойынша
(банкі бағасы бойынша) есептеледі.
Аударма вексельге ақы төлеген
тұлға оның алдында жауап беретін
тұлғадан мыналарды:
- өзі төлеген
барлық сомасын;
- аталған
сомаға Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі белгілеген қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін;проценттерді;
- өзі төлеген
шығыстарды талап ете алады.
Вексель бойынша ақы төлеген
тұлға талап ететін сомаға
қоса 0,05 пайызда үстеме (комиссиондық)
төлем жасауын талап ете алады.
Егер де вексель жалғыз данада
берілсе, онда вексель ұстаушы
оған өз есебінен бірнеше дна
беруді талап ете алады. Бұл
үшін ол өзінің тікелей индоссантына
және сол сияқты вексель
берушісіне дейін өтініш жавсай алады.Индоссантар
жаңа даналарын индоссаменттерге қайта
шығарып беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының аумағындағы
заңды және жеке тұлғалар жай
және аударма вексельді өзара
есеп айырысуда пайдалану ға
құқылы,бұл ретте ол тиісті
шартта көзделген және «Қазақстан
Республикасындағы вексель айналымы
туралы» Заңға қайшы келмесе
болғаны.
Сатушы сатып алуға ұсынатын
төлемнің мерзімін кейінге қалдыру
«Қазақстан Республикасындағы вексель
айналымы туралы» заңында белгіленген
талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
1.2. Чектермен есеп
айырысу.
Есеп айырысу чегі
- чек берушінң шотынан чекте көрсетілген
соманы аудару жөнінде банкіге жазбаша
түрде тапсырма. Біз сатып алушының банкісімен
ісіміз болғандықтан, одан ақша алу процесі
тездетіледі.
Чектер лимиттік және лимитсіз
кітапшалардың чектері болып
бөлінеді. Лимиттік кітапшалардың
чектерімен тауарлар мен қөлік
және байланыс қызметтері үшін
есеп айырысулар жасалады. Кітапшада
лимиттің сомасы мен оған белгіленген
мерзімі көрсетіледі.
Лимитсіз кітапшалардың чектерін
банкіден жолдағы есепті құжаттар
есебінен несиені қолданатын
кәсіпорындар алады. Олар бойынша
сомалар шектелмейді. Олар жіберу
стансасынан қабылдау стансасына
дейін жүктеррді тасымалдау үшін
темір жол тарифінің сомасына
сәйкес темір жолдың стансасына
өнімнің өткізу барсыс бойынша
жасалады.
Чектермен есеп айырысу. Есеп
айырысудың бұл нысаны бойынша
шоттың иесі (чек беруші) өзінің
шотынан сатып алушының (чек ұстаушы)
шотына қаражаттың белгілі бір
сомасын аудару жөнінде өзіне
қызмет көрсететін банкке чек
түрінде жазбаша тапсырма береді.
Чектер алынған өнімдер, кәрсетілген қызметтер
үшін есеп айырысқанда
және "Қазақстан Республикасында чектермен
есеп айырысу ережесінде" көзделген
басқа жағдайларда қолданылады. Чек кітапшасын
алу үшін банкке өтініш беріледі. Лимиттелген
чек кіталшасы иесінің жеке шотындағы
қаражатты депоненттеуге арналған, субъектінің
шоты бойынша операциялар жасауға арналған
құжаттарға қол коюға құқығы бар адамдардың
қолы қойылған төлем тапсырмасы мөртаңбасы
қойылып, оған қоса беріледі. Чек кітапшасының
лимиті чек жазып беріле алатын және банк
төлеуге тиіс шекті соманы білдіреді.
Ол банк белгілеген сомадан кем болуы
мүмкін емес, бірақ тауарлар мен қызметтерді
төлеуге арналған қаражаттардың айлық
тутынысынан әдетте көп болуы да мүмкін.
Чектермен
есеп айырысу есебі активтік 1070 -"Чек
кітапшаларындағы ақша
қаражаттары" шотында жүргізіледі.
1. Лимиттелген чек кітапшасын
онда көрсетілген лимит сомасында
алған кезде Д-т 1070 К-т 1040,
1050, 3010
2. Банктен алынған чек кітапшалары
бойынша сомалар
субъект берген чектердің төленуіне қарай
есептен шығары-
лады, яғни жеткізушілер, өзге де кредиторлар
ұсынған чекті
банктің өтеу сомасы Д-т 3310, 3440 К-т 1070
- Пошта-телеграф
шығындары чекпөн төлеиді Д-т 7440 К-т
1070
- Іссапарға
жіберілген адамдар үшін жол жүру билеттері
сатып алынады Д-т 1250 К-т 1070
5. Чек
кітапшасы лимитінің пәйдаланылмаған
қалдығы
қаражаттар депоненттелген шотқа есептелді
Д-т 1040, 1050, 3010
К-т 1070
1070-шоттың
кредиті бойынша және 10-бөлімшөнің
басқа шоттары бойынша операцияләр
банк көшірмесінің негізінде
№ 3 журнәл-ордерде (кредитінде) көрсетіледі.
Есеп айырысу чектер кітапшасын
алу үшін дағдылы чек кітапшасын
алу үшін жазылғандай үлгіде
өтініш жазылады. Одан басқа есеп
айырысу чектер бойынша шығыс
ету үшін арнайы шотқа есеп
айырысу шотынан белгіленген
сомасы аудару нұскауымен банкіге
төлем тапсырмасы басылуы тиіс.
Материалдық құндылықтарды сатып
алу тапсырылған қәсіпорынның
қызметкеріне есеп айырысу чектер
кітапшасы мен оны пайдалану
үшін типтік үлгідегі сенім
хат беріледі.
Қазіргі уақытта жалған істелген
чектердің көбеіп кетуіне байланысты
елімізде чектердің жүруі уақытша
тоқтатылып тұр.
Чек беру төлемді жүзеге асырудың
бір тәсілі болып табылады, онда
төлем чек беруші аттас төлем
құжатын ұстауға беру жолмен
жасайды. Чек беру өз мәні
бойынша чекті ұстаушының ақшалаай
міндеттемесін орындау болып
табылмайды, бірақ ол соны жазуға
болса да. Аталған міндеттемені
орындау тек чек бойынша ақшаны
алатын кезде ғана болады. Чектер
жабылатын және жабылмайтын болып
бөлінеді. Біріншісі- депозиттермен
қамтылған, ал екіншісі- қамтылған
болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің
төленетіндігі жөнінде банктердің
кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде
жабылмайтын чектер бойынша да.
Чекті қолданумен байланысты
банк пен чек берушінің міндеті
мен құқығы, чекті қолдану туралы
жасалған келісім- шарттың негізінен
шығады, яғни бұл келісім- шартта,
банк өз клиенттеріне чек берушіге
чегін төлеуді, яғни чек берушінің
міндеті өзіне алынады, ал клиенттер
өз кезегінде банкі белгіленген
ережелерін сақтауға міндетті. Чек
ұстаушылардың құқығы чек берушіден
чекті алған кезінен бастап
пайда болады.Чектерге, есеп айырысу
шотының төлем құжаттарына кітапша
иесінің мөрінің таңбасы болуы
керек. Чектер жарамсыз болып
қалатындықтан чекте жазылғандарды
түзету және өшіруге болмайдщы.
Егер чекті толтыру кезінде
қателіктер жіберілсе, онда чекті
және чектің түбіртегінде қиғашынан
«бүлінген» деп жазу жазылады,
мерзімі және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушыға төлеуге чек жазылған
күні қабылдайды және төлеуге қабылданған
күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет
көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек
кітапшпсынан алынған чектің күшінде
боуы мерзімі, жазылған күгіг есептемегенде,
әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден қабылдамауына
болады, егер де мынадай жағдайлары
анықталса:
- егер же
жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмегін
болса;
- чектің
мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында
жасанды жазулардың белгілері бар болса;
- чектің
қорғалу денгейі оның талабына сай келмесе
(қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);
- чекте көрсетілген
реквизиттер қате болса;
- чектегі
қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған
құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
- чектің
жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің
басқа да дефектілері бар болса.