Ақша қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2011 в 13:48, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады.

Содержание

1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және

есептеу әдістері

1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау

2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу


«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3 Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау


КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы



3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері

Работа содержит 1 файл

АкшаКаражаттары.doc

— 949.50 Кб (Скачать)

  

Кәсіпорынның  қызметін бағалау үшін келесі үш көрсеткіш  маңызды:

  • тауарды (өнім, қызмет көрсету) сатудан түскен түсім;
  • пайда;
  • ақша қаражаттарының ағымы.

  

Осы көрсеткіштердің  шекті көлемі және жыл ішіндегі өзгеру динамикасы белгілі уақыт аралығындағы (жыл, тоқсан, ай) оның жұмысының нәтижелілігін көрсетеді. Алайда, төлемсіздік шарттарында, кәсіпорынның түрлі қызметтерінен түсетін ақша қаражаттарының ағымы маңызды орынға ие. Төлемдер бойынша ақша қаражатының түсімі артық болған жағдайда кәсіпорын ағымдағы және болашақ даму үшін бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Яғни бұл артықшылықтар, кәсіпорынның бос ақша қаражаттарын қосымша пайда табу мақсатында, өзге де кірісті бизнес аясына немесе қызмет түріне салудан көрінеді. Сондай-ақ, қажетті сомадағы тұрақты ақша қаражаттарының бар болуы ағымдық төлемқабілеттілікті қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

  

Кәсіпорынның  қаржы шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктерге келесілер жатады:

  • Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім – бұл, шоттарда «сатылым» және «өзге де кірістер мен шығыстар» есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі.
  • Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық.
  • Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша дивидендтер мен пайыздардан және өзгелерден.
  • Ақша ағымдарының шығысы – ағымдық операциялық және  инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде,  эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен дивидендтер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады.
  • Ақша қаражаттарының таза кірісі – ақша қаражаттары бойынша барлық      түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді /3,277б./. 

  

Соңғы есептік  кезеңдегі кәсіпорын балансындағы ақша қаражаттар қалдығының өсуі немесе кемуі, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда актив пен пассив құнындағы өзгерістерден тәуелді. Баланс активіндегі кез-келген мүлік бабының құнының өсуі – коммерциялық банктер шотындағы ақша қаражаттарының азаю факторы болып табылады. Керісінше, баланс пассивіндегі қаржыландырудың меншікті немесе тартылған көздерінің өсуі ақша қаражаттары қалдығының өсу себебі болып табылады.

  

 Мұндай саясат нәтижесі болып:

  • банктегі шоттарда және кассада қажетті ақша қаражаттарының болуы;
  • кәсіпорынның жыл бойы несиеқабілеттілігін, төлемқабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін баланстың актив пен пассив құрылымын қалыптастыру.

  

 Ақша ағымдары дегеніміз – бұл есепті немесе жоспарланған уақыт барысындағы кәсіпорынның алатын және төлейтін ақша қаражаттарының көлемі /5-179б./ .

  

 Алынған пайда сомасы және келіп түскен ақша ағымының көлемі арасындағы айырмашылық келесідей: пайда, кәсіпорынмен белгілі бір уақытта (жыл, тоқсан) алынған таза кірісті түсіндіреді. Ол анық келіп түскен ақша қаражатымен сәйкес келмейді. Оны ақша қаражаттары келіп түскеннен соң емес, сату процесі аяқталған соң мойындайды. Бұл кәсіпорынның есептік саясатында белгіленген. Пайда есебін жүргізгенде, өндіріске кеткен шығындарды сатылған кезінен бастап емес, оны өткізу кезінде мойындайды. 

  

 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында, есептік кезең бойынша кәсіпорынға келіп түскен пайда мен ақша қаражаттарының бір нәрсе еместігін ажырата білген жөн. Пайда авансталған құнның өскендігін көрсетеді, бұл кәсіпорынды басқарудың тиімділігін көрсетеді. Алайда, пайда көлемінің өсіміне баға факторлары, есептік саясат тәрізді өзге де себептер әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ пайданың болуы кәсіпорында бос ақша қаражаттарының бар екендігін білдірмейді.

      Нарық заманының экономикасында ақша қаражаттары өте дефицит болып табылады және көп жағдайларда кәсіпорынның табысқа жетуінде басқарманың ақша қаражаттарын тиімді пайдалану қабілеттілігі ескеріледі.

  

Ақша ағымдарын  басқару өзіне келесі аспектілерді қосады:

  • ақша қаражаттарының қозғалысы есебі;
  • қолма-қол ақша ағымын талдау;
  • ақша қаражаттары қозғалысының бюджетін құрастыру;
  • ақша қаражаттары қозғалысы бюджетінің жүзеге асырылуын қадағалау.

  

      Бұл, кәсіпорын қызметіндегі, айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын қоса алғандағы басты бағыттарды қамтиды.

       Кәсіпорын үшін ақша ағымын басқару келесі себептерге байланысты маңызды болып табылады:

  • баланс өтімділігін реттеу;
  • қаржылық салымдардың, дебиторлық қарыздардың, қорлардың, айналым активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру;
  • уақытша капитал шығындары және оларды қаржыландыру көздерін жоспарлау;
  • экономикалық өсуді жоспарлау.

     

Жоғарыда көрсетілген  себептерді тиімді басқару кәсіпорынның ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды және кәсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді /8, 189б./. 
 
 
 

      

  

        

  

  

 
 
 
 

  

Сурет 1. Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы 

  

 Жоғарыда тұрақты қаржылық жағдайдағы, негізгі ақша қаражаттарын ағымдық қызметке бағыттаған кәсіпорынның байланыс схемасы көрсетілген. Ақша қаражаттарының қозғалу бағыты бойынша екі ақша ағымын көрсетуге болады: келіп түскен және шыққан. Келіп түскен ақша ағымы – кәсіпорынға белгілі бір уақыт аралығында келіп түскен ақша қаражаттары ретіне қарастырылады, ал кеткен аша ағымына аналогиялық уақыт периодындағы (тоқсан, жыл) пайдаланылған (төленген) ақша қаражаттары жатады.

  

 Жүзеге асырылу түрлері бойынша ақша ағымын қолма-қол және қолма қолсыз деп бөлеміз. Қолма-қолсыз ақша қаражаттары – бухгалтерлік есеп шоттарында жазылу арқылы жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша қаражаттары – қолда бар ақша қаражаттын алу және жұмсау түрінде жүзеге асырылады.

  

 Айналыс аясына байланысты ақша ағымы ішкі және сыртқы болады. Сыртқы ақша ағымы кәсіпорынның конрагенттерінен келіп түскен және оларға төлеуге жұмсалатын ақша қаражаттарын құрайды. Бұл операциялар кәсіпорын шотындағы ақша қаражаттары қалдықтарының ұлғаюына немесе кемуіне әкеледі /3,305б./.

  

 Ішкі ақша ағымы кәсіпорынның ішіндегі айналысты құрайтындықтан, (мысалы, материалдарды өндірістен қоймаға қайта өткізу, қалдықтарды қайта тіркеу, материалды құндылықтар бағасын төмендету және т.б.) ішкі ақша ағымы қалдық ақша қаражаттарына әсерін тигізбейді /Қосымша Б/.

  

 Ақша қаражаттарының түсіміне және жұмсалу көлеміне байланысты артықшылықты, оптималды және дифицитті ақша ағымдары болып бөлінеді. Артықшылықты ақша ағымы ақша қаражаттар түсімінің, олардың ағымдық қажеттілігінен жоғары болған жағдайда қалыптасады. Оптималды ақша ағымы ақша қаражаттарының төленуі мен келіп түсуінің арасындағы баланстылықты (теңділікті) бейнелейді. Олардың қалдығы ағымдық қаржылық міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болады. Ал керісінше жағдай туындағанда, яғни төлемдердің түсімдерден көп болуы дифицитті жағдайға әкеледі /9,221б./ .

  

 Жоспарланған ақша ағымын болжап, оны ақша қаражаттарының қозғалысы бюджетіне алдын ала кіргізуге болады. Кәсіпорында жүйесіз пайда болған ақша қаражаттарының қозғаласын жоспарланбаған ақша ағымы деп түсіндіріледі.

  

  Қалыптасудың үздіксіздігіне байланысты тұрақты және дискретті ақша ағымы қарастырылады. Тұрақты ақша ағымы қарастырылып отырған уақыт аралығындағы бөлек интервал бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен төлемін білдіреді. Өзге де жағдайларда, бірегей қаржылық операциялар бойынша дискретті ағым пайда болады /5.241б./ .

  

 Көлемді есептеу әдісі бойынша жалпы және таза ақша ағымын көрсетуге болады. Біріншісі, қарастырылып отырған уақыттағы түскен және төленген ақша қаражатының жиынтығын көрсетеді. Таза ақша ағымы бойынша қарастырылып отырған уақыттағы түсім және төлем арасындағы айырмашылық қарастырылады.

  

 Таза ақша ағымын келесі формула бойынша анықтайды: 

  

ЧДП=ПДС–ВДС                                                                                                   (1)

  

Мұндағы, ЧДП  – есепті кезеңдегі таза ақша ағымы;

  

                 ПДС – есепті кезеңдегі келіп  түскен ақша қаражаттарының                       сомасы;

        

ВДС – есепті кезеңдегі төленген ақша қаражаттарының сомасы.

  

Бірдей уақыт  аралығында жүзеге асырылатын ақша қаражаттарының түсімі немесе жұмсалуы бірқалыпты уақыт интервалындағы тұрақты ақша ағымын білдіреді, әлемдік тәжірибеде бұл аннуитет түсінігіне сәйкес келеді /3, 245б./.

  

Ақша ағымдарын  тиімді басқару үшін келесілерді білген жөн:

  • анықталған уақыт бойынша олардың көлемі (ай,тоқсан,жыл);
  • олардың негізгі элементтерін;
  • ақша қаражаттарының ағымын қалыптастыратын қызмет түрлерін;
  • қарастырылатын кезең бойынша ақша ағымының жалпы көлемінен басқадай түрлерін бөлек интервал бойынша қарастыру;
  • ақша ағымының қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы маңызды факторлар.

  

  Кәсіпорынның өтімді ақша қаражаттарының ағымы – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығындағы таза несие ұстанымының өзгерісін білдіреді.  

        

 

1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және

  

  есептеу әдістері 

     Кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті

көлемде меншікті капиталы болуы керек. Бұл үшін кәсіпорын  табысты қызмет атқаруы тиіс. Осы  мақсатқа жетуде ең маңыздысы ақша қаражаттарының келіп түсуі мен  кетуін тиімі басқару, яғни ақша қаражаттарын мақсатты бағыттарда бөлу.

  

  Ақша қаражаттары транзитті экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады және кәсіпорынның жеңісі көп жағдайда басшылардың қаражаттарын жинақтап оларды тиімді пайдалануында.

  

  Кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқару кәсіпорын қарекетінің басты бөлігін қамтиды. Олардың қатарына айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын басқару кіреді /Қосымша А/.

        

Ақша ағымдарын  басқару кәсіпорынның капитал айналымын  жеделдетуді қамтамасыз ететін қаржылық тетік болып табылады. Оған ақша ағымдарын нәтижелі басқару процесінде қол жеткізілетін өндірістік және қаржылық циклдардың мерзімі азайту және кәсіпорынның шаруашылық қырекетіне қызмет ететін капиталға деген қажеттілікті төмендету әсер етеді. Ақша ағымдарын тиімді басқару арқылы капитал айналымдылығын жеделдету негізінде кәсіпорын пайда сомасын ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

  

  Ақша ағымдарын басқару арқылы ішкі көздерден қалыптасатын меншікті қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды, тартылатын несиелерден кәсіпорынның тәеуелділігін төмендетуді жүзеге асыруға болады /10,198б./.

  

Кәсіпорынның  тұрақты қызмет етуі үшін негізгі  шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен  қамтамасыз етілу деңгейі болып  табылады.

  

Ақша қаражатының  ағымы үш түрлі қарекет бойынша  бөлінеді:

  • ағымдық;
  • инвестициялық;
  • қаржылық.

        

 Қалыпты қызметін жүзеге асырып жатқан кәсіпорындарда ағымдық қызметіндегі ақша қаражаттарының ағымы инвестициялық және қаржылық қызметке бағытталуы мүмкін.  Мысалы, қысқа және ұзақ мерзімді несиелер мен зайдарды өтеуге, сонымен қатар займдарды берушілерге пайыздарды төлеу /Қосымша Б/. 

  

Негізгі қызмет бойынша ақша қаражатының түсімдері  мен шығыстарының негізгі бағыттары 

Информация о работе Ақша қаражаттары