Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2011 в 20:56, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаты - қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің экономикасы үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге, экономикалық өсімге, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті дамытуға әсерін және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады.

Ол үшін келесідей міндеттер қойылады:

1) салық жүйесінің нарықтық экономикадағы маңыздылық ашу;

2) шет мемлекеттер салық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру;

3) Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................... 5

1.1 Салық жүйесінің түсінігі, құрылымы, принциптері, функциялары.................5

1.2 Салық жүйесінің міндет - талаптары және салық салу әдістері.....................12



II ҚАЗАҚСТАН САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ....................................................................................................................14

2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері.....................................14

2.2 Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары.......................................24





III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................27

3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары......................................................................................................................27


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29


ПАЙДАЛАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................31

Работа содержит 1 файл

салық жүйесінің Мак.doc

— 333.00 Кб (Скачать)
 
 

   Қазіргі экономиканың дамуының уақытындағы  болжамның дерлік 2 есе қайта орындалуын түсіндіру өте қиын. Жеке тұлғалардың табысқа салынатын салығы бойынша кәсіпкерлік қызметпен абсолютті көрсеткіште 2005-2007 жылға дейін өсуге бір жақтылығы бар. Негізгі себебі патенттік жүйені индивидті кәсіпкерлер мен бюджеттің қарым-қатынастарын енгізуде.

   Әлеуметтік  салық 1999 жылдан бастап әлеуметтік қорларға әлеуметтік салымдар салу орнына енгізілді. Әлеуметтік салық төлеушілері:

   1) заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері еместері;

   2) жеке кәсіпкерлер; 

   3) жеке нотариустар, адвокаттар.

     Салық салу объектісі жұмыс  берушінің жұмыскер-резиденттердің  табысы түріндегі шығындары, жұмыскер-резиденттер  еместер табысы түріндегі шығындары  және жеке тұлғаларға қызмет көрсету келісімі бойынша төлемдері болып табылады.

   Салық мөлшерлемесі - 20% (Салық мөлшерлемесі әрқашан өзгеріп тұрды, сонымен  қатар дифференцияланды: әртүрлі  төлеушілер үшін 20%-дан 7-ға%).

   Әлеуметтік  салықты есептік айдан кейінгі  айдың он бесінен кешіктірмей төленуі тиіс.

   Жер салығы 1992 жылы енгізілген. Оның мақсаты-жерді  тиімді қолдануын экономикалық әдістермен қамтамасыз ету және жер өнімділігін  арттыру, қорғау, сонымен қоса территорияның  мәдени-әлеуметтік дамуы бойынша  шараларды жүзеге асыру үшін бюджет табыстарын құру.

   Салық объектісі-меншіктегі, тұрақты немесе уақытша қолданудағы жер учаскілері. Ал төлеушісі осы жоғарыда айтылған объектіге ие заңды және тұлғалар болып табылады.

   Салық мөлшерлемесі жер сапасы, орналасуы, сумен қамтылуына тәуелді түрде дифференцияланады және жер ауданының өлшем бірлігінде (гектар, шаршы метр) бекітіледі.

   Базалық мөлшерлемелер республика заңдылығымен белгіленеді.

   Жер салығын Ұлы Отан соғысының қатысушылары, салық режимінің 2-ші моделі бойынша  жер асты қазбаларын қолданушылар, бір жер салығын төлеушілер, мемлекттік мекемелер мен кәсіпорындар төлемейді.

   Мүлік салығы тікелей нақты салық болып  табылады және оның өлшемі төлеушінің табысына емес, оның мүлкінің құнына тәуелді. Салық мүлік иелерін өз мүліктерін тиімді қолдану үшін арналған.

   Мүлік салығының төлеушілері-резиденттер  немесе резиденттері емес заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер.

   Салық объектісі - негізгі қорлар мен материалды емес активтер.

   Салық мөлшерлемесі салық салынатын объектінің орташа жылдық құнына 1%-бен есептеледі. Коммерциялық емес негіздегі ұйымдар, ғылым, мәдениет, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік кәсіпорындары, мүгедектер қоғамы салық объектісінің орташа жылдық құнына 0,1 пайыз мөлшерлемеде төлейді.

   Көлік құралдарына салық төлеушілері-заңды  және жеке тұлғалар.

   Салық салу объектісі-көлік құралдары. Салық  мөлшерлемесі көлік құралдарының двигателінің көлемі, қуаттылығы немесе жүк сиымдылығына тәуелді түрде айлық есепті көрсеткіштерде белгіленіп, көлік құралдарының түрі бойынша дифференцияланады. Заңды тұлғалар салықты өздері аударады, ал жеке тұлғаларға аймақтық салық органдары есептейді.

   Ал  енді салық жүйесінің екінші құрамдас бөлігі - жанама салықтарға тоқталайық. Олардың тікелей салықтардан айырмашылығы-салық төлеушінің табысымен тікелей байланысты еместігі. Жанама салықтар тауар бағасы немесе қызмет тарифіне үстеме баға түрінде құрылады. Жанама салықтар сипаты жағынан әртүрлі. Бірақ та Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес олардың құрамына акциз бен қосымша құн салығы кіреді.

   Жанама  салықтардың ең маңыздысы қосымша  құн салығы болып табылады. Ол 1992 жылы енгізілген. Қосымша құн салығының  түсінігіне келсек, ол-тауардың өндіріс  және айналыс процестерінде қосылған, салық салынатын сату бойынша айналыстың құнының бюджетке төленетін төлемінің бөлігі, сонымен қоса Қазақстан Республикасына тауарларды импорттағандағы төлемдер.

   Қосылған  құнға салынатын салықты 1954 жылы М.Лоре енгізіп, айналымға салынатын  салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде бейнеледі. Бұл салық Франция жерінде 1968 жылы толығымен енгізіліп болды. Кейін келе Еуропалық Одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын алғышарттардың бірі болып саналды. Қосылған құнға салынатын салықты есептеу барысында 4 әдіс қолданылады:

   - тікелей аддитивті немесе бухгалтерлік;

   - жанама аддитивті,

   - тікелей шегерім жасау әдісі;

   - жанама шегерім жасау әдісі немесе шоттар бойынша есепке жатқызу;

   Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ ҚР аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым. ТМД елдерінің ішінде ҚҚС- на пайыздық мөлшері (12%) ең кіші болып табылады.

   Салық салу объектісі - салық салынатын айналыс және салық салынатын импорт. Ал төлеушілері мемлекеттік мекемелерден басқа қосымша құн салығы бойынша есепке алынған тұлғалар, тауарды импорттаушы тұлғалар болып табылады. Енді салық объектілеріне түсініктеме беріп, толығырақ тоқталайық.

   Тауарларды сату бойынша айналыс дегеніміз келесілерді білдіреді:

   - тауарға деген меншік құқығын  беру, оның ішінде:

   - тауарды сату;

   - тауарды тасмалдау (басқа қызметтер мен жұмыстарға, тауарларға айырбастау);

   - тауарды экспорттау;

   - қайтарымсыз тауарды беру;

   - жарғылық капиталға салым салу;

   - жалақы орнына жұмыс берушінің  жұмысшыға тауарды беруі.

   Төлем мерзімін кейінге қалдыру шартымен тауарды тасымалдау:

   - комиссия келісімі бойынша тауарды  тасымалдау;

   - қарыз төленбеген жағдайда кепілдіктегі  мүлікті беру;

   - кәсіпкерлік қызмет үшін алынған тауарларды басқаша қолдану;

   - бір заңды тұлғаның бір құрылымдық  бөлімі екінші құрылымдық бөлімге  тауарларды тасмалдауы.

   Салық мөлшерлемесі-15%. Ал салықты төлеу  әрбір салықтық кезеңде жүзеге асырылады.

   Жанама  салықтардың екінші тобына акциздер жатады.

   Акциздер - бұл тауарға деген салық және ол бағаға қосылып, тұтынушымен төленеді. Акциз төлеушілері-акциздік тауарды  өндіретін, акциздік тауарларды импорттайтын заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Сонымен қатар акциздік қызметтер түрін жүзеге асыратын, бензин мен дизельдік жанармайды бөлшектеп немесе көтермелеп сататын заңды және жеке тұлғалар.

Акциздік  тауарлар мен қызметтер түрінің  тізімі төмендегідей:

   - спирттің барлық түрі;

   - алкогольдік өнімдер;

   - темекі өнімдері;

   - басқада құрамында темекі өнімдері бар өнімдер;

   - бекіре мен лосось балықтарының  икрасы;

   - бензин, жанармай;

   - мүгедектерге арналғаннан басқа  жеңіл машиналар;

   - қару-жарақ;

   - ішкі мұнай, газдық конденсатты  қоса;

Қызмет  түрлері бойынша:

   - ойын бизнесі;

   - лоторея ұйымдастыру мен өткізу.

   Акциздер  мөлшерлемесі тауар құнына сәйкес пайыз  бен немесе натуралды көріністегі  өлшем бірлігінің абсолютті сомасында  қалыптасады.

   Салық салу объектісі болып келесілер  табылады: республика территориясында  акциздік тауарларды сату немесе оларды беру (айырбасқа, өңдеуге) операциялары, акциздік әрекет түрі бойынша қызмет көрсетулер; импортта-импортталатын тауар көлемі немесе тауардың кедендік құны.

   Акциздік  тауарлар акциз келесі уақыттардан  кешіктірілмей төленуі тиіс:

   - айдың он үшінші күні (салық кезеңінің І-ші он күнінде)

   - салық кезеңінің екінші он  күнінде жасалған операциялар  бойынша айдың жиырма үшінші  күні;

   - салық кезеңінің қалған күндерінде  жасалған операциялар бойынша  есептік айдан кейінгі айдың  үшінші күні.

   Міне, осылайша біз Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің құрамымен, құрылымымен танысып қана қоймай, әрбір салық түріне, олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталдық. Оларды салым салу әдісіне байланысты тікелей және жанама салықтарға бөліп, оларды өз алдына талқыладық.

   Салықты есептеуге кәсіпорынның жылдық табысы (шығыны) негіз болып табылады. Әрбір кәсіпорын жыл сайын табыстар жөнінде декларация толтырып салық ведомствосына 31 наурызға дейін тапсыру қажет. 
 
 
 

     2.2 Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары

   ХХ  ғасырда қандай ел болмасын, олардың ішкі саясаты болып, әлеуметтік саясат болып табылады.

   Әлеуметтік  саясаттың басты мақсаты: қоғам  өміріндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету, бұл мынадай жағдайлармен байланысты:

   - мемлекеттің әртүрлі табиғи және  басқа да апаттардан сақтау туралы кепілдік;

   - материалдық игіліктерді мемлекет  тарапынан қоғам арасында бөлу;

   - мемлекет тарапынан реттеу (салық,  әлеуметтік көмек т.б.)

   Әлеуметтік  саясаттың басты мәселесі қоғам  өмірін жақсарту. Оның келесідей негізгі  принциптері бар:

   - баға көтерілген кезде әртүрлі компенсация енгізу.

   - халі төмен отбасыларға көмек.

   - жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу.

   - әлеуметтік сақтандыру мен көмектесу, төменгі жалақыны орнату.

   - қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, білімді көтеру.

   - жұмыскерлердің квалификациясын көтеру.

   Мемлекет  тарапынан әлеуметтік саясатты жүргізген  кезде, ең тиімді және бірінші орында тұрған сұрақтарды шешу болып саналады.

   Қазақстан Республикасының салық саясаты  және оның тиімді өркендеуі, ең алдымен  маңызды мәселе болып саналады. Мемлекет өз бюджетінің максимум көлемге жеткізуін қалайды. Ал, мемлекеттік бюджет қаржы саласында басты жоспар болып табылады. Мемлекеттік бюджет – басшының өкілеттігін іске асыруға, мемлекеттік саяси және экономиканың мәселелерін шешуге әсер етеді.

   Салық саясатын жүзеге асыруға мемлекет мынадай элементтерді қолданады: салық ставкасы, салық үстемелері, салық бағасы және т.б. Мемлекет тарапынан жүргізілген саясат салық жүйесінің артықшылығы мен кемшілігін білуге көмектеседі.

   Салық саясатының мақсаты – мемлекеттік бюджетті толықтыру болғандықтан, ол Қазақстан Республикасының азаматтарының салық төлеуге міндетті екенін ескеріп отыруы тиіс. Салық төлеу Салық Кодексімен көрсетілген. Салық саясатының ыңғайлы болуына таңдалған модельде әсер етеді. Қазақстан Республикасының салық моделі болып, салық объектісі шығын мен кіріс табылады.

   Мемлекет  әртүрлі функцияларға жұмсайды: саяси, әлеуметтік т.б. оның ішіндегі ең маңыздысы  қоғамды әлеуметтік қорғау болып  табылады.

   Күн сайын салық саясаты туралы сұрақтар республикада саяси және әлеуметтік тұрғыда дамып келеді. Салық саясатының мазмұны мен мақсаты, қоғамның әлеуметтік-экономикалық қалыптасуына, сонымен бірге нақты саясатының тәсілдерін қолдануға ат салысады.Салықтарды азайту саясаты – бұл салықтарды төлеуден қашатын немесе мемлекет бюджетіне төлемдерді азайтуға ұмтылатын азаматтардың ісі. Бұл саясат кезінде азаматтардың іс-әрекетін былай сипаттауға болады:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары