Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2011 в 20:56, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаты - қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің экономикасы үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге, экономикалық өсімге, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті дамытуға әсерін және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады.

Ол үшін келесідей міндеттер қойылады:

1) салық жүйесінің нарықтық экономикадағы маңыздылық ашу;

2) шет мемлекеттер салық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру;

3) Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................... 5

1.1 Салық жүйесінің түсінігі, құрылымы, принциптері, функциялары.................5

1.2 Салық жүйесінің міндет - талаптары және салық салу әдістері.....................12



II ҚАЗАҚСТАН САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ....................................................................................................................14

2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері.....................................14

2.2 Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары.......................................24





III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................27

3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары......................................................................................................................27


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29


ПАЙДАЛАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................31

Работа содержит 1 файл

салық жүйесінің Мак.doc

— 333.00 Кб (Скачать)

   Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі оргаңдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.

   Дамыған салықтық жүйе салық салудың келесі принциптерін есепке ала отырып құрылуы тиіс:

   1)салықтық ставка деңгейі салық төлеушілердің мүмкіндігін яғни табысын есепке ала отырып белгіленуі тиіс. Мүмкіндіктер бірдей болмағандықтан, олар үшін дифференциалды ставкалар қарастырылуы қажет. Бірақ одан басқа да ойлар бар. Прогрессивті салықты көп және тиімді жұмыс істейтіндерге салуға болмайды, яғи салықтық жүйе экономиканың дамуына және капиталдық салымдар өсіміне кедергі келтірмеуі тиіс. Сондықтан, бұл нәтижені шешу кезінде өндіріске прогрессивті салық салу тиімділігін ескеру қажет;

   2)салық салу бір реттік сипатта болуы тиіс. Бұл мүмкіндікті іске асыру мысалы ретінде кейбір елдерде салық ҚҚС-на ауыстырылып, жаңа құрылған құқық оны өткізуге дейін бір рет қана салық салынады. Соған қарамастан Қазақстанда принцип бұзылуда, себебі ҚҚС салым объектісіне жаңа құн құрамайтын акциздер, кедендік баж элементтері кіргізіледі;

   3)салықтарды төлеу міндеттілігі. Салықтық жүйе салық төлеушіде жүктемелік күдігін туғызбауы тиіс. Сондықтан салық салу формаларын белгілеу кезінде қарапайым фермаларды таңдаған дұрыс. Сонымен қатар, айыппұлдар жүйесіне байланысты елде салықтарды уақытылы төлемеу тиімсіздігі ойлары қалыптасуы қажет;

   4)салықтарды төлеу жүйесі және процедурасы салық төлеуші үшін қарапайым, түсінікті және ыңғайлы, ал салық қызметкерлері үшін тиімді болуы тиіс;

   5)салық жүйесі өзгермелі экономикалық жағдайға тез және икемді бейімделетін болуы тиіс;

   6)салық жүйесі құрылатын ЖІӨ-ді қайта болуды қамтамасыз етуді және мемлекеттік экономикалық саясаттың тиімді құралы болуы тиіс;

   7)салық жүйесі жан-жақты болуы қажет;

   8)салық жүйесі салықтың негізгі түрлері бойынша салық ставкаларын басқа елдермен салыстырмалдылығын қамтамасыз  етуі тиіс;

   Экономикалық  қатынастарда артықшылықтарды қамтамасыз етуі қажет, себебі жоғарғы ставкалар  кезінде инвестицияларды тартуға кедергі жасалынады, ал төмен ставкалар кезінде табыстар капиталды экспортер – елдердің бюджетіне ауысады.

   Нарықтық  экономиканың қалыптасу кезеңінде  салық салу саясатының негізгі бағыты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

   Салық салудың әдістері мен жолдары, салық  салудың негізгі қағидалары, салық  салуды ұйымдастыру салық механизміне  жатады.

Салық салу элементтері  мыналар: субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

   Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:

   Салық төлеуші (субъект) – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.

   Қазақстанда салық төлеушілер:

   - резидент және резидент емес заңды тұлғалар;

   - Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары жоқ адамдар болып жіктеледі.

   Салық объектісі - заң жүзінде негізделген  салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар  және т.б. көптеген тауарлық-материалдық  игіліктер.

   Салық көзі- салық салынатын табыс. Салық  салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.

   Салық ставкасы- бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты  немесе пайыз нысанында белгіленеді.

   Пайыздық  салық ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық болып бөлінеді.

   Салық өлшем бірлігі - есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі. Салық оклады- салық төлеушінің белгілі  бір объектісінен төлейтін салық  сомасы. Салық жеңілдіктері- заңға  сәйкес салық төлеушіні біртіндеп  немесе салық төлеуден толық босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту т.б. жатады.

   Салықты төлеу мерзімі - салықтар мен басқа  да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты.

   Салық төлеушілердің құқығы;

   - қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алу;

   - салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін қорғау және оны өзі, не өз өкілі арқылы білдіру;

   - салық бақылауы нәтижелерін алу;

   - салық бақылау нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі органдарына түсіндірме табыс ету;

   - жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы көшірме алу;

   - салық кодексінде және ҚР-ның басқа да заң актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне шағым жасау;

   - салық құпиясының сақталуын талап ету;

   - салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттарды табыс етпеу.

   Салық төлеушінің міндеттері:

   - салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындау;

   - салық қызметі органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды қызметіне кедергі жасамау;

   - нұсқама негізінде салық қызметі органдары  лауазымды  адамдарының салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беру;

   - салық есептілігі мен құжаттарды заңға сәйкес тәртіппен табыс ету;

   - сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде пайдалана және тұтынушының қолына бақылау чегін бере отырып жүргізу.

   Салықты төлеуді бақылау - салық заңдарының орындалуын, мемлекетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және олардың  уақытылы төлену мәселелері бойынша  заңды және жеке тұлғаларды тексеру. Салықты төлеуді басқаруды тек қана салқы қызметі органдары жүзеге асырады.

   Салық салудың классикалық принциптерін А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен баю себебі туралы зерттеу» (1776ж) атты кітабында қалыптастырған. Қазақстан  Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді.

   1. Салық  салудың міндеттілігі принципі.

   Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерінің толық  көлемінде және белгіленген мерзімдерде  орындауға міндетті.

   2. Салық  салудың айқындығы принципі.

   Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

   3. Салық  салудың әділдігі принципі.

   Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

   4. Салық  жүйесінің біртұтастығы принципі.

   Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан  Республикасының бүкіл аумағында  барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

   5. Салық  заңдарының жариялылығы принципі.

   Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік  құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

   Бұл принциптер қазіргі уақытқа дейін күшін  жоймай, көптеген мемлекеттердің салық жүйесін құрғанда ескеріледі.

   Салық салудың классикалық принциптерінің жеке қағидалары қазіргі заманғы  отандық салық жүйесінде көрініс  тапқан. Қазақстан Республикасының  Салық кодексіне сәйкес еліміздегі салық салу міндеттілік, анықталғандық, әділеттілік, салық жүйесінің бірлілігі принциптері мен салық заңдылығының жариялылығына негізделген.

   Қазақстан Республикасының Салық кодексінің міндеттілік принципі салық төлеушінің салық заңдылығына сәйкес өзінің салықтық міндеттерін толық көлемде және қабылданған (белгіленген) уақытта орындауға міндеттілігін білдіреді.

   Әділеттілік принципі Қазақстанда салық салу жалпы және міндетті болып табылатынын  білдіреді. Салықтық жеңілдіктер жеке сипатты болмауы қажет.

   Салық жүйесінің бірлігі принципіне сәйкес салық жүйесі Қазақстанның барлық территориясындағы барлық салық төлеушілерге бірдей болып табылады.

   Салық заңдылығының жариялылығы принципіне сәйкес салық салу бойынша сұрақтарды белгілейтін нормативті құқықтық актілер  ресми баспада міндетті жариялануға жатады.

   Сонымен бірге, Салық жүйесіне қойылатын  міндетті талаптар болып келесі қағидалар  табылады:

   - салық  төлеушінің салық салудан қашуы  оған тиімсіз болуына жүйе  мүмкіндік жасауы керек.

   - салық  жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл,  әсіресе, салық төлеудің дұрыстылығын бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды.

   - салық  жүйесі салық төлеушіні ақша  құралдарын өндіріске салуын  ынталандыруы керек.

   - салық  салудың бір еселілігі, яғни  бір объект заңмен белгіленген  белгілі бір уақыт кезеңінде  салықтың бір түрі бойынша бір-ақ рет салық төлейді.

   Бұл қағидаларға  қосымша басқа да қағидалар туралы айтуға болады. Дегенмен, жоғарыда көрсетілгендердің негізгісі болып табылады.

   Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

   1)мемлекеттік шығындарды қаржыландыру (фискалдық функциясы);

   2)әлеуметтік топтар арасындағы тепе-теңдік жағдайды тұрақтандыру үшін олардың табыс көздерінің арасына әлеуметтік теңдік жағдайын қолдау (әлеуметтік функциясы);

   3)экономиканы мемлекеттік реттеу (реттеуші функциясы);

   4) ынталандырушы функциясы.

   Реттеуші  функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына кабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, корлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді. Сонымен бірге екі негізгі бағытта жүзеге асырылады: тауарлы-ақшалай, нарықтық қатынастарды  реттеу мен халық шаруашылығын дамыту. Бұнда орталық орынды салық кешені алады. Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады

   Әлеуметтік  функциясы – бұл функцияның көмегімен  мемлекет кәсіпорын мен кәсіпкерлер, азаматтар пайдасын таратып, реттейді. Одан түскен салық өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым, инвестиция мен капитал және қорсыйымдылығының дамуына бағыттайды. Бюджеттің көп бөлігі әлеуметтік қорғауға мұқтаж болып отырған азаматтарды жартылай немесе толық түрде салықтан босатуға әсерін тигізеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары