Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2011 в 20:56, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаты - қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің экономикасы үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге, экономикалық өсімге, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті дамытуға әсерін және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады.

Ол үшін келесідей міндеттер қойылады:

1) салық жүйесінің нарықтық экономикадағы маңыздылық ашу;

2) шет мемлекеттер салық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру;

3) Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................... 5

1.1 Салық жүйесінің түсінігі, құрылымы, принциптері, функциялары.................5

1.2 Салық жүйесінің міндет - талаптары және салық салу әдістері.....................12



II ҚАЗАҚСТАН САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ....................................................................................................................14

2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері.....................................14

2.2 Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары.......................................24





III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................27

3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары......................................................................................................................27


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29


ПАЙДАЛАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................31

Работа содержит 1 файл

салық жүйесінің Мак.doc

— 333.00 Кб (Скачать)

   Алынған жиынтық жылдық табыс түзетілуі, яғни салық төлеушінің бұл табысынан мыналар алынып тастауы тиіс:

  1. Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық 
    салынған, Қазақстан Республикасының резидент-заңи тұлғасынан алынған дивидендтер;
  2. эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуі және эмитенттің өз акцияларын өткізуі кезіндегі күн өсімі;
  3. қор биржасының «А» және «В» ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі қүн өсімінен алынған табыс;
  4. мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған олерациялардан 
    түскен табыстар;
  5. табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте ізгілік көмек түрінде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүліктің кұны;

   6) мемлекеттік кәсіпорынның Үкімет шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі құрал-жабдықтардың құны;

   7)  зейнетақымен камсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар..

   Салық шегерімдері деп салық төлеушінің заңнамамен реттелмеген шекте жиынтық жылдық табыс алумен байланысты шығындарын айтады. Оларға өткізілген тауарлар, қызметтер көрсету бойынша шығындар мен басқа шығыстар, соның ішінде мына шегерімдер жатады:

  • қызмет бабындағы іс-сапарлар кезіндегі және өкілдік шығыстар бойынша өтем сомалары;
  • сыйақы бойынша;
  • төленген күмәнді міндеттемелер мен күмәнді талаптар бойынша;
  • резервтік қорларға аударымдар бойынша;
  • ғылыми-зерттеу, жобалау, іздестіру және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша;
  • сақтық сыйлықақылары жөніндегі шығыстар бойынша;
  • әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығыстар;
  • табиғи ресурстарды геологиялык зерттеуге және оларды өңдіруге әзірлік жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша және жер қойнауын пайдаланушылардын басқа шегерімдері;
  • теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуінен шегерім;
  • есептелген шекте мемлекеттік бюджетке төленген салықтар бойынша (оларға: жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейін есептеп шығарылатын салықтар; Қазақстан аумағы мен басқа мемлекеттерде төленген корпораяиялық табыс салығы мен жеке табыс салығы; үстеме пайдаға салынатын салык қосылмайды);
  • тіркелген активтер бойынша және басқа шегерімдер.

   Бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзіне мынадай мөлшерлемелер бойынша салық салынуга тиіс:

  1. дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар — 15%;
  2. тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтық сыйлықақылары — 10%;
  3. тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтық сыйлықақылары — 5%;
  4. халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түскен табыстар —5%;
  5. жоғарыда 1)-4) тармақшаларда көрсетілген табыстарды қоспағанда, бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары — 20% ;

   Корпорациялық табыс салығына қосымша, бейрезидент-заңи тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылған қызметінен алынған таза табысына 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық 

   Корпоративті  табыс салығының мөлшерлемесі 30%. Заңда, яғни Салық кодексінде басқа  жағдайларға байланысты корпоративтік  табыс салығының мөлшерлемесі 5%-30% аралығында өзгеру ерекшеліктерін көрсеткен. Дегенмен, 30% мөлшерлеме негізгісі болып табылады.

   Салық төлеушілер бюджетке аванстық төлемдерді салықтық кезең (календарьлық жыл) ағымында әр ай сайын және сол әрбір айдың 20 күнінен кем емес төлеуге міндетті.

   Жеке  табыс салығының төлеушілері салық салынатын объектілерге ие жеке заңды тұлғалар болып табылады.

   Салық салу объектісі - төлеу көзінен алынатын табыс және төлеу көзінен  алынбайтын табыс.

   Салық мөлшерлемесі табыс көлеміне тәуелді  түрде 5%-дан-20-ға дейін сатылық прогрессия бойынша құрылған. Ал төлеу көзінен алынатын жұмыскерлердің табысы 1 жылдағы 12 есе мөлшердегі минималды жалақыдан аспаса, «0»% мөлшерлемемен салық алынады.

   Жеке  табыс салығы бойынша жеңілдіктер  қабылданған: Ұлы Отан соғысының  қатысушыларының салық салынбайтын  табысының бөлігі; инвалидтердің  салық салынбайтын табысының  бөлігі.

   Берілген  аванстық төлемдерді ескерген салық  жылының қорытындысы бойынша  жеке табыс салығын төлеу салық төлеушілердің өздерімен осы салық түрі бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі 10 жұмыс күнінен кеш емес уақытта жүзеге асырылады.

   Шикі  мұнайды экспорттауға ренталық салық  төлеушілері-мұнайды экспорттайтын  жеке және заңды тұлғалар. Ал салық объектісі-экспортқа шығарылған ішкі мұнай көлемі. Мөлшерлемесі биржа бағасына байланысты өзгеріп отырады.

   Жер асты қазбаларын пайдаланушыларға салынатын  тағы бір салықтың түрі-жоғарғы табыс  салығы. Оның төлеушілері-жер асты қазбаларын қолданушылар, ал объектісі-салық кезеңіндегі әрбір жеке келісім-шарт бойынша жер асты қазбаларын пайдаланушының таза табыстың бір бөлігі.

   Таза  табыстың алымдарға қатнасы 20%-дан  асқаннан бастап бұл салық мөлшерлемесі 15%-60% арасында құрылып, жылдың   15-ші сәуірінен кеш емес уақытта төленеді.

   Жеке  тұлғамен алынатын табысқа салынатын  салықты қарастырсақ 2001 жылы 12,9 %-дан 2002 жылдың 14,8 %-ға дейін өсуді байқауға болады. Бұл салықты есептеудің механизмімен, салық салу ставкаларының жыл  ағымында өсіру жағына өзгеруімен түсіндіріледі. Бірақ, алақандай барлығы 3 %-ға өсуі салықтық  заң  шығарудағы  өзгерістер  берілген  салықтың  жиналуына әсер  етпеуін көрсетеді.  2003 жылы    салықтың салыстырмалы салмағының 4,3% төмендегенін    бақылауға    болады.    Себептері:    жалақы    бойынша    қарыз, төлеушілік дағдарысы, салық салудан ауытқу. 2003-2004 жылдары кезеңінде салықтық бюджет табысындағы салыстырмалы салмағының 2003 жылы салыстырғанда 2004 жылы 0,2%-ға және  2004 жылы салыстырғанда 2005 жылы 0,3%-ға төмендеуі байқалады, бірақ түсімнің болжауының орындалуы берілген кезеңде 108,8% құрайды.

   1997 жылдан “1997 жылға республикалық  бюджет туралы” Қазақстан Республикасы  Заңына сәйкес ҚҚС республикалық  бюджеттің көзі болды, ол бюджеттің  табысындағы жанама салықтардың салыстырмалы салмағының төмендеуіне әкеліп соқты.

   1999 жылы жанама салықтардың төмендеуі  байқалады:

   -    банкрот - кәсіпорындардың өсуі;

   -    еңбек ақының берілмеуі;

   -    төлемеушіліктердің дағдарысы;

   -    салықтардан ауытқу.

   Мысалы, 2003 жылдан 2005 жылға дейін Қарағанды облысы бойынша 1673 шығынды кәсіпорындар саналды, олардың шығындар саласы 2324,7 млн. тенге құрастырды. 2 кестеден 2006-2007 жылдары бюджетке Қарағанды облысынан түскен салықтар түсімі көрсетілген [15; б.25]. 

   2 кесте Қарағанды облысы бойынша бюджетке 2006-2007 жылдардағы салықтардың түсуі

   Көрсеткіштер    2006    %    2007    %
   Барлық  кірістер    43176,1    100    56970,2    100
   Соның ішінде салық түсімдері    40543,5    93,9    53831,9    94,5
   Жеке  табыс салығы    10,3056    0,03    14842,7    34,38
   ҚҚС    -    -    -    -
   Әлеуметтік салық    20608,4    47,74    25121,4    58,19
   Акциздер    543,9    1,26    666,2    1,55
   Мүлікке салынатын салық    6612,4    15,32    8409,6    19,48
   Басқа да түсімдер    2473,2    5,73    4792,0    11,10
 

   Салықтардың фискалды ролін сондай-ақ, бюджетте бекітілген салықтардың жалпы сомасының  және олардың орындалуы туралы шаманың арасындағы айырмашылығы туралы мәліметтер сипаттайды. Қарағанды облысы бойынша бюджеттің орындалуы туралы мәліметтер 2 кестеде келтірілген.

   2 кестенің   мәліметтерінің  талдауы   келесі   салықтардың   бәрінен   артық тұрақты түйсіндер: ҚҚС 2006 жылы Қарағанды облысының бюджетіне түсетін түсімдер 40543,5 құраса, 2007 жылы 53831,9 құрап отыр

   3 кестедегі  мәліметтерге  сәйкес     Қарағанды  қаласының жергілікті  бюджетке түскен салық түсімдері  оның ішінде жеке табыс салығы  мен әлеуметтік салық, акциз және т.б. түрлерінен түскен статистикалық мәліметтер берілген. 

   3 кесте - Қарағанды облысы бойынша  бюджеттегі табыстардың 

                  2005-2007 жылдардағы салықтардың үлесі  (млн.теңге) 

          2005 жыл    2006 жыл    2007 жыл
   Көрсеткіштер                   
   Корпоративтік табыс салығы    -    -    -
   Әлеуметтік  салық     228,0    236,6    295,7
   Жеке       тұлғадан алынатын    табыс  салығы    156,0    165,0    221,0
   Акциздар  басқа салықтар    1614,1    1807,5    1839,3
 

   4 кестеде келтірілген ҚР мемлекеттік  бюджетіндегі 2004-2007жж.түскен түсімдерді қарастырамыз . 

   4 кесте - ҚР бюджетіне 2005-2007 ж.ж.  түскен салықтар түсімі    (%)

       Көрсеткіштер    2004    2005    2006    2007
        Салық түсімдері    100,0    100,0    100,0    100,0
   1.    Корпоративті  табыс салығы    32,9    39,8    35,2    32,2
   2.    Жеке  табыс салығы    7,7    5,9    7,5    9,4
   3.    ҚҚС    18,9    19,5    22,2    26,7
   4.    Әлеуметтік  салық    13,1    9,4    10,7    12,6
   5.    Акциздер    2,3    1,6    2,1    2,5
   6.    Мүлік салығы    1,3    0,24    0,3    0,3
   7.    Жер салығы    0,3    0,3    0,4    0,4
   8.    Жер қойнауын пайдаланғаны үшін салық    0,25    0,16    0,18    0,23
        Басқа да табыстар    12,5    11,8    8,9    6,72

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары