Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2011 в 20:56, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаты - қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің экономикасы үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге, экономикалық өсімге, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті дамытуға әсерін және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады.

Ол үшін келесідей міндеттер қойылады:

1) салық жүйесінің нарықтық экономикадағы маңыздылық ашу;

2) шет мемлекеттер салық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру;

3) Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................... 5

1.1 Салық жүйесінің түсінігі, құрылымы, принциптері, функциялары.................5

1.2 Салық жүйесінің міндет - талаптары және салық салу әдістері.....................12



II ҚАЗАҚСТАН САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ....................................................................................................................14

2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері.....................................14

2.2 Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары.......................................24





III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................27

3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары......................................................................................................................27


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29


ПАЙДАЛАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................31

Работа содержит 1 файл

салық жүйесінің Мак.doc

— 333.00 Кб (Скачать)

   Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұнын өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды камтамасыз етеді.

   Кез келген мемлекетте салықтар фискалдық функциясын атқарды және де атқарады. Яғни, мемлекеттік  қоғамдық шығындарды қамтамасыз етеді. Сондықтан, салық салу мемлекеттің экономикалық дамуына ешқандай кедергі жасамауы тиісті. 

     1.2 Салық жүйесінің міндет - талаптары және салық салу әдістері

   Салық қызметінің міндеттері келесілерден тұрады:

  1. Салық қызметінің ұйымдарына салықтарды және бюджетке басқа міндетті төлемдердің түсімінің толықтығын қамтамасыз ету, міндетті зейнетақылық төлемдерді уақытылы және толық аудару, сонымен қатар салық төлеушілердің салық міндеттмелерін орындауда салықтық бақылау жүргізу бойынша міндеттер қойылады.
  2. Салық қызметінің ұйымдары өкілетті мемлекеттік ұйымнан және салық ұйымдарынан құралады.
  3. Салық ұйымдарына аймақтық салық комитеттері, облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша салық комитеттері, аудан аралық салық комитеттері аудан бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақ құрылған жағдайда осы аймақ территорияларында салық комитеттері құрылуы мүмкін.
  4. Салық органдары тікелей сәйкес жоғары тұрған салық қызметі органына бағынады және жергілікті ұйымдарға жатқызылмайды.
  5. Өкілетті мемлекеттік ұйым салық ұйымдарына басшылық жасайды.
  6. Салық ұйымдарының басшылары өкілетті мемлекеттік ұйымның бірінші басшысымен тағайындалады .

   Салық заңнамасы Салық кодексінен және Қазақстан Республикасының Үкіметі  мен Мемлекеттік кіріс министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінен  тұрады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік кіріс министрлігінің нормативтік құқықтік актілері қабылданатын мәселелер щеңбері де Салық кодексімен анық айқындалған.

   Салық жүйесін мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары  және осы қатынасты анықтайтын салықтар, салық механизмі яғни, салық салу әдістері мен тәсілдері, жолдары, салық заңдары мен салыққа қатысты кесімдердің, салық қызметі органдарының жиынтығы құрайды.

   Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Еліміздің салық жүйесінің дамуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады.

   1 кезең. (1992-1995ж.ж.)- жаңа салық жүйесі  базисінің, салық кезеңінің өңделуі және іске қосылуы;

   2 кезең. (1996-1998ж.ж.)- нарықтық экономика  талаптарына сай келетін салық  жүйесін құруды аяқтау;

   3 кезең. (1998-2000ж.ж.)- барлық қағидалардың  ескерілуі арқылы салық жүйесіне  өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, салық жүйесін одан әрі жетілдіру.

   4 кезең. (2001-2002ж.ж.)- жаңа салық кодексі  қабылданып, іске қосылды.

   Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанда  қабылданған Қазақстан Республикасындағы  Салық жүйесі құрудың ең алғашқы  бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі болып саналады. Осы кезеңдерде елде көптеген түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі және т.б. құбылыстар іске аса бастады.

   Осы заң бойынша алғаш рет Қазақстан  Республикасында 42 салық түрі қызмет етті және 3 топқа бөлінді:

  • жалпы мемлекеттік салықтар-10;
  • міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар-11;
  • жергілікті салықтар алымдардың-18 түрі.

   Жаңа  Салық Кодексінде 2002 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының мына салықтары енгізілді: корпорациялық  табыс салығы, акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен  арнайы төлемдері, әлеуметтік салық, жер  салығы, көлік құралдары салығы, мүлік салығы; алымдар: заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; радиоэлектрондық құралдары және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым,  теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым, азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым, дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым, автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы арқылы жүру алымы, аукциондардан алынатын алым, елтаңбалық алым, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымы, телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым, жер учаскілерін пайдаланғаны үшін төлемақылар, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланғаны үшін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы; мемлекеттік баж; кеден төлемдері; кеден бажы, кеден алымдары, төлемақы, алымдар.

   Қазақстан Республикасы Салық жүйесін басқару  Қазақстан Республикасы Конституциясы  бойынша Президентке, Парламентке, Үкіметке, Қаржы Министрлігіне жүктеледі. Салық қызметі органы ҚР-сы Қаржы Министрлігі Салық Комитетіне және облыс, Астана, Алматы қалалары, аудандар мен қалалар бойынша Салық Комитеттерінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   II ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА ТАЛДАУ.

   2.1 Қазақстан  Республикасындағы  салықтардың түрлері

   Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық қызметінің органдарын біріктіреді.

   Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды біріктіреді:

   1. Салықтар:

  1. Корпорациялық табыс салығы.
  2. Жеке табыс салығы.
  3. Қосылған құнға салынатын салық.
  4. Акциздер.
  5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
  6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.
  7. Әлеуметтік салық.
  8. Жер салығы.
  9. Көлік құралдарына салынатын салық.
  10. Мүлікке салынатын салық.
  11. Қазақстан Республикасының жасалған келісім шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндсгі үлесі.

   2. Алымдар:

   1. Заңи тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

   2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

  1. Жылжымайтын мүлікке құқықтырды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  2. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  3. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

   6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  1. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  2. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  3. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумақ арқылы жүру алымы.
  4. Аукциондардан алынатын алым.
  5. Консулдық алым.
  6. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
  7. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік 
    спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

   3. Төлемақылар:

   1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

  1. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 
    төлемақы.
  2. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
  3. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  4. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
  5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін 
    төлемақы.
  6. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  7. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
  8. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
  9. Мемлекеттік баж.
  10. Кеден төлемдері:
  11. Кеден бажы.
  12. Кеден алымдары.
  13. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы.
  14. Алымдар.

   Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады (27,2%). Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент-заңи тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент-заңи тұлғалар төлейді. Арнаулы салық режімін Колданушы заңи тұлғалар - шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңи тұлға - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді.

   Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарып, жеңілдіктер санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.

   Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен Салық кодексіне сәйкес жасалған түзетулерді ескере отырып, заңнамалы түрде белгіленген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс салық заңнамасына сәйкес түзетулерге тиіс.

   Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа мына төмендегілерді қоса, салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері біріктіріледі:

     тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін табыс;

     үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

     міндеттемелерді есептеп шығарудан түсетін табыстар;

   4) күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;

   5) мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;

   6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;

   7) борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар;

   8) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар;

   9) шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен алынатын табыстар;

   Корпорациялық табыс салығын салу үлкейтілген (ірілендірілген) түрде 2-сызбада келтірілген. 
 
 

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
 
 
 
 

   2*-сызба  - Корпорациялық табыс салығын есептеу және өндіріп алу

     *Ескерту -  “Қаржы-қаражат” оқулық негізінде құрастырылған 

     кен орындарын игеру зардаптарын  жою жөніндегі нақты 
шығыстар сомасын кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар;

  1. ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар;
  2. бұрын негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айьшпұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері, егер сомалар бұрын шегеріп тасталмаған болса;
  3. бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
  4. өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;

   15) дивидендтер;

   16) сыйақылар;

  1. оң бағамдық айырма сомасының тері бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
  2. ұтыстар;
  3. роялти;
  4. әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардан артығы.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары