Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2011 в 20:56, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың негізгі мақсаты - қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің экономикасы үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге, экономикалық өсімге, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті дамытуға әсерін және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады.

Ол үшін келесідей міндеттер қойылады:

1) салық жүйесінің нарықтық экономикадағы маңыздылық ашу;

2) шет мемлекеттер салық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру;

3) Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................... 5

1.1 Салық жүйесінің түсінігі, құрылымы, принциптері, функциялары.................5

1.2 Салық жүйесінің міндет - талаптары және салық салу әдістері.....................12

II ҚАЗАҚСТАН САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ....................................................................................................................14

2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері.....................................14

2.2 Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары.......................................24

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................27

3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары......................................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................31

Работа содержит 1 файл

салық жүйесінің Мак.doc

— 333.00 Кб (Скачать)

                                                   ЖОСПАР:

   КІРІСПЕ

   Осы жазған курстық жұмысымның басты мақсаты - салықтық жүйе жөнінде неғұрлым толық  мәліметтер жинап, танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу мағынасын барынша ашып беру және жетілдіру жолдарын қарастыру, салықтық жүйенің қоғамда, ел экономикасында орны мен ролін қандай екендігіне жауап беру.

   Нарықтық  қатынастардың даму жағдайында реформалардың басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді.

   Тәуелсіз  Қазақстанның салық жүйесіне 18 жыл болды. Дамыған елдер өздерінің салық жүйесін құруда жіберген қателіктерін қайталауға тарих бізге аз уақыт қалдырды, сондықтан қазіргі кезде бұл құнды тәжірибені өзіміздің істе қолданып жүрміз.

   Жұмыстың  негізгі мақсаты - қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің экономикасы  үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге, экономикалық өсімге, инвестицияларды  тарту, кәсіпкерлікті  дамытуға әсерін және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады.

   Ол  үшін келесідей міндеттер қойылады:

   1) салық жүйесінің нарықтық экономикадағы  маңыздылық ашу;

   2) шет мемлекеттер салық жүйесінің  ерекшеліктерін қарастыру;

   3) Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.

   Жұмыстың  әдістемелік негізі болып, Қазақстан  мемлекетінің салық туралы заңдары  белгілеген ғылымдар мен экономист  қызметкерлердің монографиялары, мақалалары негіз болды. Бюджет өзінің қызметін атқару үшін салық жүйесін ұйымдастыру қажет. Себебі, салық бюджеттің кіріс бөлігін толтыратын негізгі көзі болып табылады.

   Салық органдары да, салық төлеушілер де бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру үшін ел экономикасындағы өзінің ролінтүсінуі керек. Қаржы министрлігі кәсіпорындардың  проблемасына жаңаша қарап, оларды шешуге дайын. Сондай-ақ елдің аса ірі кәсіпорындарының және ірі аумақтық салық төлеушілердің қызметіне сапалы бақылау жасау және оны әкімшіліктендіру үшін өз қолына жаңа құралдар алады.Дамыған елдер әрқашанда өздерінің салықтарын төмендетуге тырысады. Кез-келген мемлекетте мемлекеттік реттеу, мемлекеттік тапсырыс, кәсіпкерлік, ақша-несиелік реттеу мен бюджеттік-салықтық реттеу сияқты құралдарға негізделеді. Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдардың ішінде маңыздысы салық жүйесі болып табылады. Салық жүйесі мемлекеттің маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуі үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге құрылған. Салық жүйесінің бөлінбес бөлігі болып табылатын салықтар, салықтық жеңілдіктер мен қаржылық санкциялар арқылы мемлекет қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына қолайлы жағдай жасай отыра, кәсіпорынның экономикалық әрекетіне әсер етеді, инфляциямен күреседі. Экономикалық дамудағы циклдық тербелістерді бәсендетеді, өндірістік және әлеуметтік құрылымды дамытады. Салықтарды алудың әдістері мен формаларының дамуында үш ірі кезеңді бөліп көрсетуге болады:

   Бірінші кезең - бұл көне әлемнен орта ғасырға  дейінгі даму, мемлекеттің салықтарды жинау және анықтау бойынша қаржылық аппараты жоқ. Мемлекет тек қана алғысы келетін қаражаттардың жалпы сомасын ғана анықтайды, ал салық жинауды тайпаға немесе қалаға жүктейді.

   Екінші  кезең (XVI – XIX ғасырдың басы) - бұл елде мемлекеттік мекемелер жүйесі, оның ішінде қаржылық пайда болып, мемлекет қызметтердің бір бөлігін өз мойнына алады: салық салу  квотасын белгілейді, салық жинау процесін бақылайды.

   Үшінші  кезең - қазіргі мемлекет салықты  белгілеу және жинау бойынша барлық қызметтерді және салық салудың  өңделген.

   Осыған  орай курстық жұмысымның мақсаты – Республикамыздағы салық жүйесімен танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу және жетілдіру жолдарын қарастыру болса, ал міндеті - осы мақсатқа жету үшін салық жүйесі, оның құрылымы, принциптері, әдіс-тәсілдері, жанама және тікелей салықтар, салық жүйесін жетілдіру жолдары деген сұрақтарды талқылап, Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің маңызын, көрінісін көрсету болып табылады.

   Салықтар  дегеніміз - мемлекеттік бюджетке заңды  және жеке тұлғалардан белгілі бір  мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті ақшалай төлемдері болып табылады. 
 
   I САЛЫҚ  ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

   1.1.Салық  жүйесінің түсінігі, құрылымы, принциптері, функциялары

   Салық жүйесі дегеніміз - мемлекеттік, заңды және жеке тұлғалардың қаржылық қатынастардың жиынтығын, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен формаларын, заңды актілермен сонымен қатар басқару органдармен салықтық қызметтердің жиынтығы. Салық жүйесі көптеген компоненттерден тұратын күрделі модель. Осы кезде қаржылық қатынастардың формасын және осы қатынастарды көрсететін салық мөлшерін дұрыс анықтау маңызды болып келеді.

   Салықтарды  әртүрлі белгілер бойынша топтастыруға болады:

  1. Салық салу объектісі және төлеуші мен мелекеттің қарым-қатынасы;
  2. Пайдаланылуына байланысты;
  3. Салық жинайтын органдарына орай;
  4. Объектінің экономикалық белгісі бойынша;
  5. Салық салу объектісінің бағалау деңгейі бойынша.

   Бірінші белгі бойынша салықтар тікелей  және жанама болып бөлінеді. Тікелей  салыққа табыс пен мүлікке  салынатындар кіреді. Жанама салықтар тек тауарлар мен қызметтердің бағалары арқылы алынады.

   Пайдалану салығы бойынша салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы салықтар мемлекетке түседі және пайдаланған  кезде мәнсізденеді. Арнайы салықтарда қатал бекітілген бағыт бар.

   Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары және міндеттері салық заңдылығымен және жергілікті басқару органдарымен реттеледі.

   Бұл үшін салық органдарымен белгілі  бір басқару қызметтері жүргізіледі:

  • салық төлеушілердің есебі;
  • салықтардың бюджетке түсудің есебі,
  • салық төлеушілердің декларацияларын, есеп берулерін қабылдау және тексеру;
  • салық және басқа да жинақтардың дұрыс алынғандығын бақылау;
  • санкцияларды, айыппұлдарды, бюджетке төлемдерді кешіктіргені үшін өсімдерді қолдану.

        Қазақстан Республикасының Салық жүйесі алымдар мен төлемдердің, салықтардың жиынтығынан, құқықтық нормалардан, салық қызметінің органдарынан тұрады. Оны келесі сызба түрінде көруге болады ( 1 сызба)

   Экономика ғылымы салық механизмін 2 тұрғыдан қарастырады – методологиялық және методикалық. Салық механизмінің тұрғысы салықтың жалпытеоретикалық мазмұнын, яғни салық элементтерін, міндеттерін, құқықтарын, сонымен бірге салықтық қарым-қатынас қатысушыларының жауапкершілігін ашуға негізделген. Сол себепті, салықтық методологиялық тұрғысы салық механизмін анықтауда салық механизмінің элементтері сипаттайды (1 - сурет).

   Салық механизмін қалыптастыру процесінде салық  жүйесіндегі барлық элементтерге байланысты міндеттер жүзеге асырылады:

  • салық субъектісі, объектісі және қайнар көзінің бекітілуі;
  • салық ставкасын анықтау;
  • салықтық төлемдерді төлеу процесін жүзеге асыру;
  • салықтық жеңілдіктер мен салықты мерзімінен асырып төлеу;
  • салықтық төлемдердің түсуіне бақылау ұйымдастыру.

   С 
 
   1* сызба  - Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылымы

*Ескерту  - Худяков А.И. “Налоговая система Казахстана” – оқулық негізінде   құрастырылған                       

   Салық механизмінің мәні салықтық функциялардың  орындалуы арқылы ғана анықталса, онда оның экономикалық көрінісін салық функцияларын талдау арқасында қарастырған жөн.

   1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інең бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мең алымдар енгізілді.

   Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

   1-сурет.  Салық механизмінің элементтері

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары