Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 21:02, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу мәселесі
Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Зерттеу мақсаты
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе 3
1 Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері 4
1.1 Отбасы - тәрбие факторы 4
1.2 Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
10
1.3 Отбасындағы дағдарыстар 15
2 Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары 19
2.1 Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары
19
2.2 Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы 26
2.3 Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі 30
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовой педагогике.doc

— 254.50 Кб (Скачать)

      Баланың өсіп-өнуіне отбасындағы қалыпты  жағдайдың әсері мол. Сондай-ақ, олардың  достарымен араласуының пайдасы  да шаш-етектен ата-аналар тағдырдың  осынау бақытсыз сиына қарап, құр  қол жайып отырып алмауы керек. Қандай жағдайда да мүгедек балаға қол ұшын беруге дайын болулары қажет. Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мүгедек балалардың тәрбиесі ата-аналар мен мамандардың бірлесе байланыста болып тәрбиелеуі баланың жетіліп дамуына ықпалды келеді. Отбасы баланың қалыптасуына, алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Оның ер жетуіне жан-жақты ықпал ететін әлеуметтік топ мүмкіндігі шектеулі баланың өсіп өнуіне, жетіле дамуына, отбасы мүшелеріне тікелей байланысты. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келе қалған жағдайда оның тәрбиесіне отбасының әрбір мүшесі жауапты. Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Алғаш рет ата-ана қорқынышты диагнозды естігенде оларды үрейбилейді. Одан кейін кінәлі санау басталады. Ауру бала отбасындағы әрбір ұрыс-жанжалды ауыр қабылдап, іштей күйзеліске түседі. Баланың өз қатарластарынан кейін қалуы, шектен тыс қамқорлық, оған аяушылықпен қарау әлеуметтік жағынан бейімделуіне кедергі туғызып, ол көп жағдайда патологиялық дерттердің бастауына жол ашады.

      Бала  бойындағы стресс ересектердікі  сияқты, әрқайсысы үшін жеке және өзіне  тән болады. Балалардың бәрі белгілі  бір уақытта ғана стреске түспейді. Мысалы, кейбір балалар мектепте оқу  кезінде ешқандай қиыншылық көрмейді, жақсы оқиды, ал кейбіреулері үшін оқу қиын болып көрінгендіктен, басы, іші ауруы мүмкін.

      Сонымен қатар, балалар стресті әр түрлі  қабылдайды. Кейбір кішкентай балалар  өзінің сәби кезіндегі істерді жасауы мүмкін. Мысалы, бас бармақтарын  сору, төсекке кіші дәретін жіберіп  қою. Олардан үлкенірек балалар дипрессияның белгілерін көрсетеді, тұйық болады, үнемдейді, достарынан алшақтайды. Ал, кейбіреулері өз-өзін ұстай алмайды, көздерін үнемі жыпылықтатады, шаштарын қолдарына орайды және т.б.

     Стрестен  оңай, табысты шығу үшін уақыт пен  шыдамдылық керек. Мына төмендегі әдістер сізге пайдасын тигізуі мүмкін:

     Балалар стресс қалай сезілетінін еске түсіріңіз. Ата-ана үшін стресс болмайтын жайттар  балалар үшін стрестің негізгі себептерінің бірі болуы мүмкін. Мысалы, екі жасар  бала үшін ата-анасы қонаққа кетуі, оның басқа адамдармен қалуы бала үшін стресс болып табылады. Балаңыз қандай жағдайда болып отырғанын білсеңіз, оның осы тығырық уақыттан өтіп кетуіне көмектесіңіз.

      Баланың көзімен осы жағдайды көруге тырыссаңыз, оның қаншалықты стресте екенін түсіненсіз.

      Бәрін түсіну үшін балаға уақыт беріңіз. Ересектер  сияқты, балалар стресс жағдайында болғанда ішіндегісін айтуды қажетсінеді. Жатардың алдында балаға қандай жағдай мазалап жүргені туралы айтуға мүмкіндік  беріңіз. Бала өзінің сезімдерін түсіндіру  үшін, оны үнемдей тыңдауға тырысыңыз.

     Баланы  келеңсіздікке дайындаңыз. Жағдай туралы аз білгендіктен, қорқыныш сезімініз  күшейе түседі. Сол себептен, баланы болашақта болатын жағдаймен  таныстыру керек. Мысалы: басқа мектепте оқитын балаға алдын-ала сол мектепті көрсету қажет. Сіз балаға көп мәлімет берсеңіз бала болатын стресті сезеді.

      Қазіргі заманның ата-аналары балаларына аз уақыт бөледі. Көбіне, балаларынан  мәселелереін өз бетімен шешуді және дербес болуды күтеді. Сонымен қатар, кішкентай болса да балаларынан  ересектер сияқты әрекет етуді күтеді. Кішкентай балалар осындай жағдаймен кездескенде, ата-аналардың позициясы дұрыс емес екенін түсінбейді. Сонда оларда: «не себепті мен мұны істей аламын. Маған не болған?», деген сияқты сұрақтар туады. Өмір өте қиын болып көрінеді және өзін-өзі қажетсізбін деп сезінеді. Есіңізде болсын, баладан тек оның жасына, қабілетіне тәнәрекеттерін күту қажет. Бала әр кеде бала болып қалу қажет.

     Бала  қай жаста болмасын, сіз оның көмекшісі, қорғаушысы, келеңсіз жағдай болғанда қорғанушысы екенін біліп отыруы тиіс. Егер бала осының бәрін түсінетін болса, онда ол қоршаған ортадағы құбылыстарды жақсы меңгеріп, бағдарлай алады, өзгелерден тез үйренеді. Мысалы, бірінші рет балабақшаға келіп, тұрған балада қорқыныш сезімі кеткенше, ол сіздің қолыңыздан ұстап жүргісі келеді. Сонда доктор Эгелэндтің айтуы бойынша, былай деу керек: «Мен білемін сен қорқып тұрсың, қорықпа, мен саған көмектесемін, жаныңдамын ғой!». Ал жеткіншектермен, жасөспірімдермен қарым-қатынасқа түскенде олардың өздері мәселелерін шеше алатынына сеніміңізді арттыруыңыз қажет. Егер мәселесін шеше алмаса, онда сіз әрдайым көмекке келетініңізді түсіндіріңіз.

      Өзіңіздің өміріңізде болған қиыншылықтар мен  қуаныштар туралы балаңызбен бөлісіңіз. Сол кездегі стрестен қалай арылғаныңыз  туралы, бала кезіндегі қиыншылықтар, келеңсіз жағдайлар туралы айтыңыз. Сонда бала үшін оның жеке қобалжулары күнделікті құбылысқа айналады.

      Өз-өзіне  сенімді адамдар стрестік ситуацияға қиыншылық ретінде емес, тағдыр тәлкегі  ретінде қарайды. Баланың бойынан өз-өзін сыйлайтын бір қасиет табыңыз. Белгілі бір табыстарға қолын жеткізе алатын әрекеттермен шұғылданған балаңызды мадақтаңыз. Ақпаратты баяу қабылдайтын немесе координациясы төмендеу кейбір балалар үшін өзін көрсете алатын істерді табу қиынға соғады. Мұндай шұғылданулар қиын болмауы мүмкін, бірақ оның маңызы құндылығында және ондағы табыстар үшін ата-аналар тарапынан баланы мадақтауда. Бала жоғары жетістікке жете алмайтын саладағы кемшіліктерінің орнын басатын сіздің мадақтауыңыз.

      Ата-аналардың  өзінің баласына деген махаббат сеземі де өмірдегі қиын стрестен қорғай алады. Ал мектепте бақталастық стрестің қайнар көзі болып табылады. Үшінші сынаптан кейін оқушылар арасында бақталастық басталады. Сонда әрбір бала қандай салада болмасын (сабақ, спорт және т.б.) табыстарына қарамастан, ата-анасы оны жақсы көретіні туралы білу керек. «Жарайсың!», деп айтудың өзі баланың бойындағы мазасыздық пен қобалжуды төмендетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 
 

      Өз  курстық жұмысымды қорытындылай келе, ата-аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелеуде қоғам мен мемлекет алдында жауапты екендерін естен шығармауы тиіс. Отбасы мүшелерінің әрқайсысының өз міндеттері бар. Бұл міндеттер әлі келетін жұмысты орындайтын және жалпы іске өз үлестерін қосатын балаларға да жүктеледі. Ондай отбасында балалар ата-аналардың және ересек адамдардың еңбектерін сыйлайды, еңбек сүйгіш, ылтипатты, тіл алғыш, жинақы және белсенді болып өседі. Кейде ата-аналар тәрбие ісінде мектептен байланыссыз-ақ шешпек болады. Мұндай көзқарас дұрыс емес, көбіне қателікке апарып соғады. Ескеретін жәйіттің бірі ата-ана қай уақытта болмасын балаға үлгі бола білу керек. Балалар өз ата-анасының қоғамдық бет-бейнесін көріп отыруға тиіс. Ата-аналар тек әңгіме үстінде тәрбиелеп қоймай, жүріс-тұрысымен еңбекке нақты көзқарасымен балаға үлгі өнеге көрсете білгені жөн. Жалпы ұрпақтар жалғасытығына құрмет көрсету қазақ дәстүрінің негізі болып табылады. Ата-аналарға құрметпен қарап, сыйлау тек сезім түрінде ғана емес, іс жүзінде көрініс табу қажет. Ата-анаға қамқорлықты сөз бен істің шынайы болмысында көрсеткен жөн.  Балалардың ата-аналарына қарсы келулеріне болмайды, оларға қашанда жағымсыз және келеңсіз әрекеттерді көрсетуден аулақ болуы керек. Қазақ халқының осы дәстүрлерін болашақ ұрпаққа жеткілікті деңгейде аманаттау қажет. Әрине, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін болашақ ұрпаққа жеткізу үшін ата-аналардың өздері жақсы болуы тиіс болып табылады.

      Отбасы  тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері  сан алуан. Адалдық пен мейірімділікке, жауапкершілік пен кешірімділікке негізделген отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының бала тәрбиесіне ықпалы зор. Алайда үлкендердің мінез-құлқы мен әрекетін сыйлауға тұратындай, жас өспірімдерге үлгі көрсететіндей болуы қажет. Отбасы тәрбиесінің тағы бір артықшылығы-үйдегі адамдар отбасы тәрбиесі. Отбасының бала тәрбиесіне алатын орны ерекше екендігі айқын. Алайда, қазіргі уақытта отбасы өміріне байланысты дұрыс шешім таппай отырған мәселелер өте көп. Олардың көпшілігі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты. Ұрпаққа отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын еш нәрсеге толтыра алмайды.

      Бала  тәрбиесі бұрынғы қазақ ауылында бір ғана үй адамдарының тілек  талабымен мүдделерінің деңгейінен асып түсіп, қоғамдық-әлеуметтік сипатқа ие болып отырған. Отбасы тәрбиесінің осы жақсы үрдісін бұл күнде қайта жандандыруымыз керек. 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 

      1 Б. Айтмамбетова, А. Бейсенова.  Педагогика тағылымдары: мұғалімдерге  арналған көмекші құран/ Б.Айтмамбетова, А. Бейсенова.- Алматы: Рауан, 1993. - 265б.

      2 И.П. Подласый. Педагогика: учеб. для студ. Высш. Пед. Учеб. изд. – Москва: гуманит. изд. центр Владос, 1999. - 350б.

      3 П.И. Пидкасистый. Педагогика.: учеб. для студ. высш. пед. учеб. изд. – Москва: Педагогическое общество Росии, 1998 – 344б.

      4 Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов. Ой. Ақыл. Адамгершілік: оқулық/ Ә. Нысанбаев,  Т. Әбжанов. – Алматы: Білім, 1994. – 253б.

      5 С.А. Ұзақбаева. Балаларға адамгершілік  тәрбие дәстүрі: оқулық/ С.А. Ұзақбаева. – Алматы: Білім, 1990. – 276б.

      6 В.А.Сухомлинский. Балаларға жүрек  жылуы: оқулық/ В.А. Сухомлинский. – Алматы: Мектеп, 1976. – 426б.

      7 З. Ахметова. Балалар аманаты мойнымыздан  кетпесін.\\ Ақиқат. 1992. №4, Б. 66-71.

      8 Қазақ тәлім-тәрбиесі.- Алматы, санат. 1995 – 327б.

      9 С. Дүйсенбинова. Адамгершілік тәрбиесіне  айқын бағыт. \\ Қазақстан мектебі. 7 – 1991. - 123б.

      10 Г.К. Нұрданова. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары. – Алматы, \\ Қазақстан мектебі, №7. 2003. -375б.

Информация о работе Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері