Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 21:02, курсовая работа
Зерттеу мәселесі
Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Зерттеу мақсаты
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.
Кіріспе 3
1 Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері 4
1.1 Отбасы - тәрбие факторы 4
1.2 Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
10
1.3 Отбасындағы дағдарыстар 15
2 Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары 19
2.1 Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары
19
2.2 Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы 26
2.3 Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі 30
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
1 | Отбасындағы тәрбиенің
теориялық негіздері |
4 |
1.1 | Отбасы - тәрбие
факторы |
4 |
1.2 | Отбасы жүйесі-
баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының
негізі ретінде |
10 |
1.3 | Отбасындағы дағдарыстар | 15 |
2 | Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары | 19 |
2.1 | Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары | 19 |
2.2 | Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы | 26 |
2.3 | Отбасының тәрбие
жұмысын ұйымдастырудағы рөлі |
30 |
Қорытынды | 33 | |
Қолданылған әдебиеттер
тізімі |
34 |
Кіріспе
Зерттеу мәселесі
Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Зерттеу мақсаты
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері
- қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін ашу;
- отбасының қалыптасуын және оның тәрбие факторы ретіндегі сипатын көрсету;
- ерте замандағы және қазіргі замандағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу объектісі
Отбасы, ата-аналар, балалар.
Зерттеудің ғылыми болжамы
Егер
бала ең алғашқы тәрбие тетіктерін
ата-ана арқылы қабылдаса, олардың
көшірмесі ретінде іс-әрекет жасаса,
бірте-бірте өзіндік
1
Отбасындағы тәрбиенің
теориялық негіздері
1.1
Отбасы - тәрбие факторы
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді теңдік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта.
Отбасындағы
жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің
қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің
қарым-қатынасындағы
Өмір тәжірибесі көрсеткендей, екі түрлі отбасына назар аударуға болады. Біріншісі- материалдық игілікті алға қойып, оған жетуді мақсат еткендіктен, рухани құлдырауға соқтығуда. Екіншісі- материалдық игілігі жеткілікті отбасында бала мен ата-ана арасында эмоционалдық, мейірімдік қарым-қатынастың орнықпағандығы байқалады.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді
болуы ондағы қарым-қатынас
- ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшесінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
- ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;
- жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
-
түрлі себептерден туындаған
отбасындағы қайшылықты қарым-
Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.
Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген. Қазақ отбасы ата-ана, әке-шеше, балалар үш ұрпақты құрамнан тұрған. Отбасы экономикалық жағынан қамтамасыз етіліп отырған.
Рухани-адамгершілік
сезімді қалыптастыратын
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінле анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Нарық қатынастарының даму нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті - қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балалармен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әр түрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне "өзінше" қиындық әкелді.
Өркениетті
қоғам дамыған сайын
Толық
емес отбасында, ата-анасының біреуі жоқ
болған отбасыларда тәрбиелік
Отбасы тәрбиесінің проблемасы - ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрысу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Елдегі
түбегейлі әлеуметтік-
Отбасының
жоғары материалдық ауқаттылығы(
Осылайша,
демократиялық қоғамда ата-
Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БӘӘ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Бала құқығы туралы ковенция" маңызды негізгі құжат. "Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі тиісті құқықтық қорғау керек", - деп жазылған Конвенцияда.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана "баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін" орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Информация о работе Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері