Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 21:02, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу мәселесі
Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Зерттеу мақсаты
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе 3
1 Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері 4
1.1 Отбасы - тәрбие факторы 4
1.2 Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
10
1.3 Отбасындағы дағдарыстар 15
2 Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары 19
2.1 Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары
19
2.2 Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы 26
2.3 Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі 30
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовой педагогике.doc

— 254.50 Кб (Скачать)

     Келесі  дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында бес-жеті жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата-ананың мейіріміне, махаббатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.

     Қарым-қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.

     Келесі  ол уақытқа байланысты екі дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата-ананың қырық жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата-аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал балалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызығушылығын ата-ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.

     Отбасы  дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл - ерлі-зайыптылардың бір-бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс-әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік жағынан көрсетуге ұмтылады.

     Қатар келген екі дағдарысты теңестіру  қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады.

     Ажырасудың  екінші шарықтау кезеңі қырық-қырық бес жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген он-он бес жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстың кезеңі болып табылады.

     Одан  әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты - дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата-ана бала болашағының қамынойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.

     Ажырасудың  үшінші шарықтау шегі және өз-өзіне қол  жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Оы кезде ер жеткен балар ата-ана қамқорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі-зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі-зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым-қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.

     Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте  жауап қайтарады: жеңімпаз, жеңілгендер, аман қалғандар.

     Жеңімпаздар ата-анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.

     Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.

     Аман  қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық қатынастың қажеттілігін түсінеді.

     Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс - отбасы өмірлік циклының кез-келген кезеңінде кездесетін дағдарыс, оны өмірдегі жағымсыз жағдайда қобалжу дағдарысы ретінде Р.Хилл үш факторды (отбасы шығатын дағдарысты) бөліп қарастырды:

     1) сыртқы қиындық (жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы);

     2) күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе бір мүшесінде жол апаты, зорлануы т.б.);

     3) ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы).

     Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі  көрсеткіштері:

     1) дағдарыс жағдайы;

     2) отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы;

     3) отбасы мүшелерінің болған жағдайға көз-қарасы, қабылдауы;

     4) отбасы мүшелерінің өзгеруі;

     5) жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі.

        Зерттеушілердің бір қатары 17-19 жаста  жасөспірімдік дағдарыс кезеңін бөліп көрсетіп және жеңіл шығудың 3 тәсілін ерекшелейді.

      Бірінші бұл-ішкі ресурстар мен конструктивті  копингтік бағдарламаларды қолданудың мәнін түсінудің арқасында дағдарыс жағдайлары тиімді шешу болып табылады.

      Екінші  тәсіл болып-жекелік эмоционалдық тұрғыдағы уайымдауларына қатты мән бергендіктен, мағыналы нәрсені көре алмай тиімсіз шешім пайда болады.

      Үшінші-дағдарыс жағдайды шешуде туындаған жағымсыз уайымдардан қашу, жағдайды шешудегі жауапкершілікті басқа адамдарға  артуымен байланысты болып табылады.

      Қыз баланың ерекшелігі ол дағдарыс жағдайын терең эмоционалдық уайымдаумен  қабылдап, одан мән-мағынаны көре алу  іскерлігінен болады. Дағдарысқа ұшыраған қыз бала оны түсіну мен басынан  өткере терең қабылдайды, нәтижесінде  олар өмірдің қиын кезеңдерінде мағыналы жол таба білуге машықтанады.

      Боз балада бұл шақтағы ерекшелік  ол дағдарыс жағдайын эмоционолдық мәнділігін төмендетеді, оны жеңіл қабылдауға ұмтылады. Дағдарысқа ұшыраған ұл балалар  сасқалақтап, жағымсыз уайымдауға беріліп, нәтижесінде өзінің мәселесін түсінуден алшақтай түседі.

      Э.Г.Эйдемиллер «отбасы диагнозы» деген терминді ұсынған. Отбасы диагнозы-отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен  сақтануы отбасы мүшесінің бірінің  немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына әкеледі. Отбасы диагнозы-отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік-психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық, құжаттық әдіс, тест. Ұсынылып отырған әдістер арқылы отбасы құрамын, шегін және құрылымын анықтауда: топтасуын (эмоционалды байланыс, жақындық және отбасы мүшелерінің бір-біріне үйренісуі), иерархия (сатылы), шекара, коммуникация сипаты, отбасының бір-біріне икемделігі болады.           
 

     2 Ата-аналар мен  балалардың өзара  қарым-қатынасы 
 

      2.1 Отбасының қалыптасуы  және оның ерте  заман дәстүріне                                               сай тәрбиелеу жолдары

            

      Бала  тәрбиесі - тәрбиенің барлық түрлерін, сан-саналы қамтитын әрекет. Оны жүзеге асыру үшін ата-ана, мектеп, қоғам бірлесе отырып атсалысатынына белгілі. Әр халықтың дәстүрлеріне зер салатын болсақ, ұрпақ тәрбиесі қай кезде қай елде болмасын ең басты толғақты мәселесі болғанын айтуға болады. Халық мұрасының танымдық - тәрбиелік мәні орасан зор. Ол тек ұрпақтың тәрбиесінде ғана емес, жалпы адамзат өмірінде рухани қуатының байлығы ретінде үлкен орын алады. Олардың ішінде бала тәрбиесіне тікелей бағытталған, оның жан дүниесінің қалыптасуына, рухани жағынан жетілуіне негіз болуға лайықты дәстүрлері жеткілікті. Бұған еліміз егемендік алғаннан бері халықтық тәрбиенің ерекшеліктерін зерттеп, зерделеп халыққа жеткізуде, оны пайдаланудағы тиімді жақтарын ашып беру мақсатында жүргізген ғалымдардың еңбектері айқын дәлел болады. Көп уақыт бойы бұл мәселелерге ашық баға беру мүмкіндігі болмағаны белгілі. Қазіргі кезде халықтық тәрбиенің қажеттілігі ерекше байқалады - дейді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің педагогика ғылымының кандидаты Сейітқызы Перизат өзінің шығарған әдістемелік құралында. Осы пікірге біз де қосыла отырып, қазіргі кездегі халықтық тәрбиенің ерекше қажет болғаны өзіміздің күнделікті өмірден байқауға болады.

      "Тәрбиелеу  ісі ұрпақтар арасындағы сабақтастық  байланысты қамтамасыз етеді.  Мұнда, тәрбие процесінде жастар өзінің алдындағы ұрпақтар жинақтаған ұжымдық тәжірбие мен білімдерді меңгеруге ғана емес, сондай-ақ оның бойында өмір барысында аға ұрпақ шешпеген жаңа міндеттерді шешу үшін қажеттер қалыптастыруға тиіс ", - деп айтылған. Ал кейінгі кездегі бала тәрбиелеу бағытындағы күрделі өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігінің Тұжырымдамасында: " Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру ", - деген түсінік береді. Екі анықтама да әр түрлі кезеңде берілгенімен тәрбиеде көзделген мақсат біреу - ұрпақ пен ұрпақты байланыстыру, сабақтастыру, тәжірбиеде шыңдалған тәрбие түрлерін, әдістерін келесі ұрпаққа жеткізу, солар арқылы тәрбиелеу болып табылатындығын айғақтайды. Жоғары айтылған тұжырымдамада: "...Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқада игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу " делінген... Осы жерде ұлттық ерекшеліктерді меңгеру үшін ең алдымен, ұлттық сана–сезімнің басым болуы керек екендігін баса айта кету керек. Басқалай айтқанда бүгінде қоғам алдында ұлттық сана - сезімі оянған, қалыптасқан, ұлт дегеннің не екенін сезінетін азаматтарды тәрбиелеу міндеті тұр. Ол жөнінде белгілі тарихшы - ғалым Қойшығара Салғараұлының " Ертеңі бар ел боламыз десек ", - деген еңбегінде жан - жақты түсінік беріледі: " Ұлттық сана деген абстракт ұғым емес, ол - ұлт тірлігінің бүкіл ғұмырнамасының, әдет - ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс - тіршілігінің тарихын білу дәрежесін, яғни халықтың өзін - өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным, дұрыс таным түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады " - дейді. Осыдан шығатын қысқаша қорытынды: ұлттық сана - сезімді ояту үшін халықтық дәстүрлерді, әдебиеті мен мәдениетін, өнерін келер ұрпаққа дұрыс түсіндіре алу, жеткізу, үйрету керек. Жастардың ұлттық дүниетанымын халықтың ерекше қасиеттері арқылы кеңейтіп тәрбиелеу, оны әрі қарай дәстүрге айналдыру олардың бойында ізгілікті қалыптастырады.

      Ұлттық  салт-сананың қалыптастыруының екі  негізі бар: игі әдеттер көп қолданыстан әдет-ғұрыпқа, яғни өмір қолданысына айналады да, ол ұлттық әдеп болып (этика, этника) қалыптасады. Мұның барлығы балалардың ұлттық сана-сезімін ояту үшін ұлтжандылық сезіміне түрткі болуға бағытталған іс-әрекеттер.

      Егеменді  жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу дәстүрінің маңызы зор. Ақынжанды, ақ жарқын, шешен, өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ережелері, рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттерге ие болады. Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, ілтипаттылық, қонақжайлық қылықтары қалыптасқан осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасының, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүріміз терең біліп, тебірене іс-қимыл жасауға тиіс. Ұстаз ұлттың мәдениет үрдістерін өркениетті өмірімен байланыстырып, тәлім- тәрбиеге пайдалана білуге міндетті.

      Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрі болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе басым көңіл бөлген халқымыз өмір тануды дәріптеп, оның философиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан айырылған адамның адамдық қасиеті жойылып, оның айуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуенді әнмен беруден бастайды, одан соң жас балдырған жеке сөздері ұғындыра бастағанда-ақ, жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді. Ол үшін тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел үйретіп, баланың бөбек, балдырған кезіндегі адам болып қалыптасуы бір - бес жастың арасы десек, алты - он жаста бала әдептілік негіздерін үйренеді, оның бойынан тектік қасиеттерді көруге болады. Адам өмірінің " алтын бесігі "- мектеп есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарына үйренеді.

      Өмірдің айлы да арайлы кезеңіне лайықтап, ұлттық тәлім-тәрбиенің негізі бір оқу  құралы ретінде оқулықтарды ұсынған  жөн. Қазақта " тірі адам тірлігін жасайды ",- деген мақал бар. Тіршіліктің қисыны, тірліктің тәртібі бар. Әр адамның негізгі тіршілігі: ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, серігу, еңбек ету, оқу, тынығу. Әр адамның сымбатын, әдемілігін киім айқындап тұрады және ерте тұрып ерінбей, кеш жатып керілмей, жанын сейілткен адам өзіне-өзі үлкен жақсылық істейді. Халық салтында үлкенге жол беру, орын ұсыну, үлкен алдында әдеп сақтап, ізетті болу, әдеппен сөйлеу, дөрекіленбеу жеке адамның парызы болып табылады. Халықтық дәстүрді бойына сіңірмеген, қадірлей білмеген бала әдепсіз бала. Осы орайда айта кететін болсақ халық тәрбиесі - ғасырлар бойы сараланып, жұртшылықтың ой- арманымен, тіршілік-тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық ұлттық тәлім - тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркенденіп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кеткен тарихи және мәдени мұра ғой. Сондықтан біздің айтайын дегеніміз халықтық дәстүрді бойына сіңірмеген бала әдепсіз болатыны сөзсіз. Мысалы, күнделікті өмір тәжірбиемізден алатын болсақ, халықтық дәстүрі бойына сіңген баламен, бойында халықтық дәстүр алаңның екі түрлі болғаны. Сәлем-әдептілік белгісі. Сәлемдесу кезінде, аман - саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру ізеттілік пен әдептілік нышанын көрсетіп, амандыққа ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы. Сәлем беру - имандылық, инабаттылық, көргендік, мәдениеттіліктін белгісі.

Информация о работе Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері