Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 21:02, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу мәселесі
Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Зерттеу мақсаты
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе 3
1 Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері 4
1.1 Отбасы - тәрбие факторы 4
1.2 Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
10
1.3 Отбасындағы дағдарыстар 15
2 Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары 19
2.1 Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары
19
2.2 Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы 26
2.3 Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі 30
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовой педагогике.doc

— 254.50 Кб (Скачать)

     2.2 Ата-аналар мен  балалардың татулығы 

«Отбасы татулығы бағдарламасы» бағыттары 5 бөліменен тұрады.

      1) психологиялық диагностика;

      Топты психологиялық зерттеу, жекелік  психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлерді (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік-психологиялық ерекшеліктерді және бала дамуында белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық саулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды.

      Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коррекциялық жұмысын «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «Ата-аналар мектебі» тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес беру бағытын таңдау, психологиялық ағарту, алдын-алу шараларның тиімділігін нақтылауда қажет;

       2) психологиялық коррекция;

       Психологиялық коррекция психологиялық-педагогикалық  кешен ретінде 

бір жағынан  бала мен ата-ананың тұлға ішілік және тұлға аралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші жағынан психологиялық процестерді жетілдіру ата-ана мен баланың үйлесімді дамуын ықшамдау.

      Психологиялық коррекция және психотерапия әдістерін  қолдану бала мен ата-ана және отбасы жағдайында болатын өзгеріске қалыпты бейімделу ерекшеліктерін қолдайды;

      3) психологиялық ағарту;

      Тұлғалық  қалыптасуға бағытталған сабақтарда отбасы мүшелерін психологиялық  ағарту, психологиялық білім және дамыта оқыту жұмыстары жүргізіледі. Психологиялық сабақтарды: оқытушы, дамытушы, қалыптастырушы, коррекциялық және терапевтік қызметтер атқарады. Ол бала мен ата-ана ішкі әлеміне үңіле отырып бүтіндік тұлғаға бағдарлануы, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптасуын белгілі бір уақыт аралығында психологиялық қолдау көрсетуді көздейді.

      Ата-анада  психологиялық сауаттылықты дамыту, баланың жас және жекелік-психологиялық  ерекшеліктерін, психикалық саулығын сақтау туралы білімдер ұсынылады. Ата-анамен жүргізілетін ағарту жұмыстары нәтижесінде  отбасы жағдайының сақталуын жауапкершілікті сезіну маңызды;

      4) психологиялық кеңес беру-психолог шағымданып келген бала мен ата-ана мәселесін шешуге көмек береді, бағыттар ұсынады;

      5) психологиялық алдын-алу жұмыстары;

    Психологиялық алдын-алу жұмыстарының негізгі ұстанымдары:

      - балаға жекелік (оның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, үлгерімі т.б. тәуелсіздігіне) ықпал ету;

      - баланың ең алдымен жас ерекшелігін, қалыптасушы тұлға типін және қасиеттерін есепке алу;

      - ең алдымен қалыптасып келе жатқан тұлға типтерін, оның  жекелік ерекшеліктерін, баланың өмір сүру жағдайында «қиындықты» түсінуі және білім мазмұны, патогенді жағдайдың және тұлғалық белгінің өршуіне негіз болатын көзқарасты ескеру;

       - баланың жеке бас дамуында зияндық сипат: психологиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеруді қажет етеді.

      Алдын-алу  жұмыстарының түрлері:

      -тікелей оқыту, бала мен ата-ананың білім мен дағдыны меңгеруі психикалық бұзылыстың алдын-алуғы негіз болады;

      - стресс жағдайының пайда болуы, тұрақты және қолайды хал-ахуал жасау мүмкіндіктерін төмендетеді.

      Отбасы  татулығы қызметін құру қажеттігі

      Соңғы жылдары баланың құқықтық сауаттылығына қатысты мәселелер көптеп қарастырылуда. Олардың көпшілігі ата-ананың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған ақпаратты-ағартушы әрекет түрінде жүргізіледі. Ата-ана мен баланың психологиялық сауаттылығын дамыту мақсаты, қолайсыз отбасының қалыптасуын алдын-алуда маңызды және өзекті жұмыс болып табылады.

      Отбасы  татулығы қызметі осы мәселелерді  үш бағытта шешеді:

      1) баланы психологиялық қолдау;

      2) ата-анамен психолгиялық ағарту жұмыстары;

      3) отбасы татулығы сақтау жұмыстары.

      Аталған бағыттар тәжірбиелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты базасында «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және « Ата-аналар мектебі» және Шымкент қаласындағы отбасына қолдау көрсету психологиялық орталықтарының негізгі қызметі болып табылады.

      Мақсаты мен міндеттері:

      - бала және отбасының үйлесімді дамуын қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы, бала және отбасы өмір сүру деңгейін жақсарту;

      - отбасында психологиялық сауаттылық мақсаты ақпараттық-ағарту ұйыммен азаматтық қоғам құрылымдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату;

      - биологиялық отбасында баланы психологиялық қолдау арқылы тиімді дамуына жағдай жасау;

      - баланың биологиялық отбасында нәтижелі дамуын қамтамасыз ету және психологиялық жол көрсетілу негізі ата-анамен әріптестік деңгейде қарастырылады.

      «Баланың  жеке басын дамыту мектебі» және «Ата-аналар мектебінде» психологтың негізгі  этикалық  қалыптарына келесілер  кіреді:

       - құзырлылық-психолог маман иесі отбасына, әдіс тәсілдерді қолдану арқылы көмектеседі. Стандартта бала және ересекті қорғау үшін қарастырылған саналы пікір мен іс-шараларды мұқият қолдану;

      - нақтылық және кәсіби жауапкершілік. Өз іс-әрекетінде психолог әділ, құштарлы және жауапты маман болып табылады. Кез-келген адамға құрметпен қарайды. Атқаратын әлеуметтік рөлдерін нақты ажыраиып, соған сәйкес қызмет атқарады;

      - адам құқығы және абыройын құрметтеуі. Психолог индивидтің жеке құқығын, өзіндік анықтауын және автономиясын құрметтейді. Диагностикалық және коррекциялық шаралар жүргізер алдында, ол бала мен ата-ананың нақты келісімдерін алады. Психолог клиенттердің мәдени, жекелік және рөлдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарайды және осы факторлармен байланысты түсініспеушіліктерді жедел анықтап отырады;

      - айналаның қолайлы сипатына қамқоршы. Өз іс-әерекетімен психолог әрекетке түсетін бала мен ересек өміріне қолайлылық енгізуге ұмтылады. Туындаған қақтағысты жауапты түрде шешеді. Шынайы түрде басқа адамның ерекшелігіне мұқия қарайды;

      - әлеуметтік жауапкершілік. Аданың қолайлы өмір сүоуіне өз үлесін қосуда, маман психологиялық білімді көтеруді жариялайды.

      Аталған ұстанымдарда ескерілуі «Баланың жеке басын дамыту» және «Ата-аналар мектептерінде» жұмысты тиімді ұйымдастыру, сонымен  қатар отбасы татулығына бағытталған  маңызды психологиялық жағдайлардың бірі болып табылады. 

      Ата-аналар және ерлі-зайыптылар қатынасының нәтижелігіне тренингтер жүргізілуде. Сондай-ақ, балалармен біріккен жеке сабақтар ұйымдастыру, ол отбасында бала мен ата-ана өзара  қарым-қатынас тиімділігін арттырады.

      Бағдарлама: арт-терапия, нейролингвистикалық бағдарлама, психодрама, қимыл-қозғалыс психотерапиясы, денеге жанасу психотерапиясы, эриксондық гипноз, гештальт терпияның тәсілдерін қолдануға негізделген.

      «Ата-аналар мектебі» өз отбасында бақытты, жақын  адамдармен мәнді өмір сүргісі келгендер, ата-ана мен бала қатынасын және ерлі-зайыптылар қатынасын жетілдіру, қоршаған орта тітіркендіргіштеріне байсалды жауап беруді меңгергісі келгендер мен отбасы өзара қарым-қатынасына арналады. Бұл өзін дұрыс түсінуді меңгертеді. Ата-ана баласының ашулану себебін, жұбайының ренішін түсіне бастайды.

       Негізгі міндеттер:

      - бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика мен коррекция;

      - тұлға ерекшеліктері мәселелеріне психологиялық коррекция (агресивті,мінез-құлық, мазасыздық, сенімсіз іс-әрекет, қорқыныш және т.б.);

      - ата-аналар қабілеттерін дамыту;

    - ерлі-зайыптылардың қабілеттерін дамыту;

      - тұлғаның жекелік мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып табысты ата-ана моделін қалыптастыру;

      - отбасылық дағдарыс психотерапиясы;

      - отбасылық дағдарыстың алдын-алу;

      - жас ерекшелік дағдарыс психотерапиясы;

      - жас ерекшеліктің дағдарыстың алдын-алу;

    - тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

      - қақтығыс жағдайында тиімді іс-әрекет дағдыларын дамыту;

      - тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сенімділік пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту;

      - үлгідегі іс-әрекет мазмұны;

      - қақтығыс жағдайының алдын-алу дағдыларын дамыту.

      Отбасы  жүйесін-біріңғай білім беру деңгейі  ретінде қарастыруға болады, белгілі  құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы  құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада-ері-әйелінен құралады; үшінші топ-сиблингті, төртінші топ-ата-ана диадасы-баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады. Сонмен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.

      Отбасы  қызметі-құрылымдық ұйымдастыру және дамумен байланысты. Отбасына тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің  өзара қарым-қатынас сипатына да әсер етеді.

      Отбасы  қызметінің негізі екі тұрғыда қарастырылады:

      1) әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер;

     2) отбасында көрініс алатын мінез-құлық феномені және процестері.

      Әлеуметтік  ортада қосымша өкілеттік алған  отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір-біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір-бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

      Біздің  қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері  экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік-психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұғыдан күн көрісіне қарағанда, бір-біріне психолгиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.

      Отбасы  психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету түрі-                                      отбасының әрбір мүшесі дамудың  қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде беген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін 
 

      2.3 Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастыру рөлі 

      Әлем  ғалымдары мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасында тәрбиеленуінің маңызы зор  екендігін байқады. Отбасы мен білім  ордасының бірін-бірі толықтырып, тәрбиелеуі олардың қоғамдық пайдалы қызметке тез бейімделуін және мамандық таңдауға септігін тигізетіндігін байқады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бір түрі-«шеттетілгендер», яғни ата-анасы баланы жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Ал, оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде, баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Ата-аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына қақымыз жоқ деп ойлайды. Олардың көңіл-күйі түсіп, сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, тәрбиесінде депрессияға тән көріністер пайда болады. Психологиялық шеттету баланың интелектуалдылығына кері әсерін тигізеді, білім деңгейін тежейді. Екінші бір жағдай-баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп, оны тым бос ұстап еркелетеді, кез келген өтнішін орындауға тырысады. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.

Информация о работе Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері