Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 21:02, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу мәселесі
Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Зерттеу мақсаты
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе 3
1 Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері 4
1.1 Отбасы - тәрбие факторы 4
1.2 Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
10
1.3 Отбасындағы дағдарыстар 15
2 Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары 19
2.1 Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары
19
2.2 Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы 26
2.3 Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі 30
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовой педагогике.doc

— 254.50 Кб (Скачать)

      Әрбір адамның мінез - құлқындағы әдептілік  қасиеттері оның іс - әрекеттері, тұрмыс - тіршілігі мал шаруашылығымен байланысты болған. Төрт түліктің қасиетін қадірлеп, бағу арқылы кәсіптік әдептілік қалыптасып, дәстүрге айналдырған. Бала тәрбиесінне де төрт түлік малдың өзінше тигізер көмегі көп. Оған мейірімділік көрсету арқылы ақ ниетті, адал жүректі, мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзірлікке бейімделді. Мейірімділік адам бойындағы қасиетті сезім. Мейірім - адамның мерейі үстем болу үшін, ойлаған жақсылық әсерленген әдептілік, жақсы көрген адамдардың жан саулығын оны қуанышқа бөлеуі тиіс. Сондықтан ата - ана балаларын мейірімділікке тәрбиелеп, қатыгездіктен қағып, қаталдықтан сақтандыру қажет. Сонымен қатар мейірімділіктің іс жүзінде көрінісі - қайырымдылық. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамға, табиғатқа, жан-жауарларға жақсылық жасау. Жылу беру, сыйлық ұсыну, сый - сыбаға тарту, көрімдік, байғазы т.б. жөн - жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайлықпен орындалады. Жас ұрпақты - табиғатты қорғап аялауға, тал егу, гүл өсіру, жер суару, құстарға қамқорлық жасау қайырымдылықтың борышын терең сезініп, тебірене іс-қимыл жасауға дағдыландыру басты борыш болып табылады. Әр адамның туған жері - бәрінен де қымбатты. Өйткені сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстады, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасады. Сондықтан да әрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді,"Әулие тал", "Әулие бұлақ", "Әулие көл", "Хан тәңірі" деген қасиетті атаулар мен таныстырар, бұл әулие киелі жаратылысқа дақ алмай, күтіп, ардақтап сақтау әрбір адамның перзенттік борышы екенін де ұмытуға болмайды. Осыған байланысты туған ырымдар мен тыйымдарды жан-жақты қарастырып, өнеге болар өрісін ат алыстыру қажет.

      Жас ұрпақтың үлгілі, өнегелі болып өсуіне, сонымен қатар, әр жеткіншектің тегін  білу де зор еңбегін атқарады. Жеті атасын білудің әдептілікке әсері  мол, яғни шөпшек бабасына дейінгі туыстық  атауларын жақсы біліп халықтың салт-санасы бойынша, туыстық қатынасты жетілдіру. Міне біздің халқымыздың имандылық дәстүрлерінің түпкі мақсаты мол. Дәріпті дәстүрлердің мәнін біліп, оны осындай білу - парыз. Данышпан ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа өркениетті өсиет айтып, өнеге нұсқа қалдырған. Ата-бабаларымыз өмір тәжірбиелерінен, халықтың әдет-ғұрып болып қалыптасқан дәстүрлерінен үлгі- нұсқаларды көне бойы өнеге етіп, ұрпақтарына үйретіп, тілек тілеп, бата беріп жастарды жақсы жолға бастаған. Бата - адам баласына тек жақсылық тілеу, халық тарихында ерте қалыптасқан дәстүр. Арттағы ұрпағына сөзі мен де, ісі мен де, ақылымен, парасатымен де үлгі өнегесін қалдырған ата-бабаларымыдың аруағын ардақтап, мұрасын мақтан тұтамыз.

      Ұрпақ тәрбиесі, бүгінгі қоғамда лайықты азаматтар тәрбиелеу күрделі мәселелердің бірінен саналатын, үлкен жауапкершілікті, жан-жақты талап ететін процесс. Осыған байланысты қоғамның жаңа ғасырларға өтпелі кезеңінде, үлкен өзгерістер мен жаңалықтарға толы мерзімде болашақ азаматтарға білім мен тәрбие беру мекемелерінің алдында жауапты міндеттер тұр. Қазіргі сәтте осындай кеңсіз мәселелерді шешу мақсатында уақытқа ыңғайластырылған тиімді әдіс-тәсілдер іздестірілу үстінде. Тәрбиелеудің қиындығы оның нәтижесі бірден көріне бермейтін әрекеттерге жататындығында. Яғни тәрбие беруде барлығын жан-жақты ойластырғанда ғана жемісті болатынын педагогика және психология ғылымдары зерттеп, дәлелдеуде. Кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогикада: " Тәрбиелеу іс ұрпақтар арасындағы сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді".

      Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы  ата дәстүрі болады. Сонымен бірге  жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлер  де бар. Оларды атап өтсек мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата әже, әпке, аға, әке деп сыйлап қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ жасы кішілер үлкендердің, әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ренжітпеуі үлкеннің тілін кішінің алуы, елгезек тіл алғыш, қолғанат болу, ал отбасы үлкендерінің өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы болуы, еңбекті үй ішінде жұмыла істеп, әрқайсысының өз шама-шарқынша іс атқаруы.

      "Ұлдың ұяты - әкеге, қыздың ұяты - шешеге" деп қараған халқымызда ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың міндеті болып саналған.

      Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелдер айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балаларының өрескел мінез-құлқын көрсе, ұрысып, зекіп тыйым салуға, ақыл айтуға, тіпті, ретті жерінде ұруға да құқылы болған. Ән айтуға, күй шертуге, зергерлік өнеріне бейімі бар балаларды әке-шешесі, атасы ел ішіндегі аты шыққан әнші, күйші, ұсталардың жанына қосып, шәкірттікке беруі ата дәстүрі болып саналған. Ал шәкірттің ұстазын ұлы әкесіндей сыйлауы, оның өнерін жалғастырып, көпке тарату немесе жақсының жанында жүріп, өнегелі шешен, ақын, билердің, көпті көрген қариялардың батасын алу олар үшін парыз боп есептелген. Сол мектептен тәлім-тәрбие алған өнер адамдары ұстаздарының жолын қуып, өнерін жалғастырған.

      Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың  рөлі ерекше. Әке-отбасының басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Өйткені, әкекнің  мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі- ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса, оның атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой - деп мадақтайтыны сондықтан. "Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі", "Әке -  бәйтерек, бала - жапырақ", "Жас - кәрінің көзі, кәрі - жастың тезі", "Ата - балаға сыншы" деген мақалдар да осы пікірді халықтың қуаттауынан туған.

      Отбасында әкелері немесе аталары өз өнерлерін  балаларына үйретіп, олардың өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе әнші, күйші, ақын етіп тәрбиелеуге көңіл бөлген. Ата өнерін баласының қууы ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының өмірінде жеті атасына дейін мергендік, аңшылық немесе ұсталық, күйшілік, емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. Осындай әке мұрасын жалғастырушы өнерлі жастарды дәріптеу қазақ ауыз әдебиетінен өзекті орын алған. Мысалы, Құламергеннің баласы Жоямерген, Тобықтай сыншының баласы Толыбай туралы ертегі-аңыздар осы пікірді дәлелдейді. "Атадан ұл тумас болар ма, ата жолын қумас болар ма" деген мақал да сол пікірдің айғағы.

      Баланың өсіп-өнуіне отбасындағы қалыпты  жағдайдың әсері мол. Сондай-ақ, олардың  достарымен араласуының пайдасы  да шаш-етектен ата-аналар тағдырдың  осынау бақытсыз сиына қарап, құр қол жайып отырып алмауы керек. Қандай жағдайда да мүгедек балаға қол ұшын беруге дайын болулары қажет. Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мүгедек балалардың тәрбиесі ата-аналар мен мамандардың бірлесе байланыста болып тәрбиелеуі баланың жетіліп дамуына ықпалды келеді. Отбасы баланың қалыптасуына, алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Оның ер жетуіне жан-жақты ықпал ететін әлеуметтік топ мүмкіндігі шектеулі баланың өсіп өнуіне, жетіле дамуына, отбасы мүшелеріне тікелей байланысты. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келе қалған жағдайда оның тәрбиесіне отбасының әрбір мүшесі жауапты. Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Алғаш рет ата-ана қорқынышты диагнозды естігенде оларды үрейбилейді. Одан кейін кінәлі санау басталады. Ауру бала отбасындағы әрбір ұрыс-жанжалды ауыр қабылдап, іштей күйзеліске түседі. Баланың өз қатарластарынан кейін қалуы, шектен тыс қамқорлық, оған аяушылықпен қарау әлеуметтік жағынан бейімделуіне кедергі туғызып, ол көп жағдайда патологиялық дерттердің бастауына жол ашады.

      Бала  бойындағы стресс ересектердікі  сияқты, әрқайсысы үшін жеке және өзіне  тән болады. Балалардың бәрі белгілі  бір уақытта ғана стреске түспейді. Мысалы, кейбір балалар мектепте оқу  кезінде ешқандай қиыншылық көрмейді, жақсы оқиды, ал кейбіреулері үшін оқу қиын болып көрінгендіктен, басы, іші ауруы мүмкін.

      Сонымен қатар, балалар стресті әр түрлі  қабылдайды. Кейбір кішкентай балалар  өзінің сәби кезіндегі істерді жасауы мүмкін. Мысалы, бас бармақтарын сору, төсекке кіші дәретін жіберіп қою. Олардан үлкенірек балалар дипрессияның белгілерін көрсетеді, тұйық болады, үнемдейді, достарынан алшақтайды. Ал, кейбіреулері өз-өзін ұстай алмайды, көздерін үнемі жыпылықтатады, шаштарын қолдарына орайды және т.б.

      Стрестен  оңай, табысты шығу үшін уақыт пен  шыдамдылық керек. Мына төмендегі әдістер  сізге пайдасын тигізуі мүмкін:

      Балалар стресс қалай сезілетінін еске түсіріңіз. Ата-ана үшін стресс болмайтын жайттар  балалар үшін стрестің негізгі себептерінің бірі болуы мүмкін. Мысалы, екі жасар бала үшін ата-анасы қонаққа кетуі, оның басқа адамдармен қалуы бала үшін стресс болып табылады. Балаңыз қандай жағдайда болып отырғанын білсеңіз, оның осы тығырық уақыттан өтіп кетуіне көмектесіңіз.

      Баланың көзімен осы жағдайды көруге тырыссаңыз, оның қаншалықты стресте екенін түсіненсіз.

      Бәрін түсіну үшін балаға уақыт беріңіз. Ересектер  сияқты, балалар стресс жағдайында болғанда ішіндегісін айтуды қажетсінеді. Жатардың алдында балаға қандай жағдай мазалап жүргені туралы айтуға мүмкіндік беріңіз. Бала өзінің сезімдерін түсіндіру үшін, оны үнемдей тыңдауға тырысыңыз.

      Баланы  келеңсіздікке дайындаңыз. Жағдай туралы аз білгендіктен, қорқыныш сезімініз  күшейе түседі. Сол себептен, баланы болашақта болатын жағдаймен  таныстыру керек. Мысалы: басқа мектепте оқитын балаға алдын-ала сол мектепті көрсету қажет. Сіз балаға көп мәлімет берсеңіз бала болатын стресті сезеді.

      Қазіргі заманның ата-аналары балаларына аз уақыт бөледі. Көбіне, балаларынан  мәселелереін өз бетімен шешуді және дербес болуды күтеді. Сонымен қатар, кішкентай болса да балаларынан ересектер сияқты әрекет етуді күтеді. Кішкентай балалар осындай жағдаймен кездескенде, ата-аналардың позициясы дұрыс емес екенін түсінбейді. Сонда оларда: «не себепті мен мұны істей аламын. Маған не болған?», деген сияқты сұрақтар туады. Өмір өте қиын болып көрінеді және өзін-өзі қажетсізбін деп сезінеді. Есіңізде болсын, баладан тек оның жасына, қабілетіне тән әрекеттерін күту қажет. Бала әр кеде бала болып қалу қажет.

      Бала  қай жаста болмасын, сіз оның көмекшісі, қорғаушысы, келеңсіз жағдай болғанда қорғанушысы екенін біліп отыруы тиіс. Егер бала осының бәрін түсінетін болса, онда ол қоршаған ортадағы құбылыстарды жақсы меңгеріп, бағдарлай алады, өзгелерден тез үйренеді. Мысалы, бірінші рет балабақшаға келіп, тұрған балада қорқыныш сезімі кеткенше, ол сіздің қолыңыздан ұстап жүргісі келеді. Сонда доктор Эгелэндтің айтуы бойынша, былай деу керек: «Мен білемін сен қорқып тұрсың, қорықпа, мен саған көмектесемін, жаныңдамын ғой!». Ал жеткіншектермен, жасөспірімдермен қарым-қатынасқа түскенде олардың өздері мәселелерін шеше алатынына сеніміңізді арттыруыңыз қажет. Егер мәселесін шеше алмаса, онда сіз әрдайым көмекке келетініңізді түсіндіріңіз.

      Өзіңіздің өміріңізде болған қиыншылықтар мен  қуаныштар туралы балаңызбен бөлісіңіз. Сол кездегі стрестен қалай арылғаныңыз туралы, бала кезіндегі қиыншылықтар, келеңсіз жағдайлар туралы айтыңыз. Сонда бала үшін оның жеке қобалжулары күнделікті құбылысқа айналады.

      Өз-өзіне  сенімді адамдар стрестік ситуацияға қиыншылық ретінде емес, тағдыр тәлкегі ретінде қарайды. Баланың бойынан өз-өзін сыйлайтын бір қасиет табыңыз. Белгілі бір табыстарға қолын жеткізе алатын әрекеттермен шұғылданған балаңызды мадақтаңыз. Ақпаратты баяу қабылдайтын немесе координациясы төмендеу кейбір балалар үшін өзін көрсете алатын істерді табу қиынға соғады. Мұндай шұғылданулар қиын болмауы мүмкін, бірақ оның маңызы құндылығында және ондағы табыстар үшін ата-аналар тарапынан баланы мадақтауда. Бала жоғары жетістікке жете алмайтын саладағы кемшіліктерінің орнын басатын сіздің мадақтауыңыз.

      Ата-аналардың  өзінің баласына деген махаббат сеземі де өмірдегі қиын стрестен қорғай алады. Ал мектепте бақталастық стрестің қайнар көзі болып табылады. Үшінші сынаптан кейін оқушылар арасында бақталастық  басталады. Сонда әрбір бала қандай салада болмасын (сабақ, спорт және т.б.) табыстарына қарамастан, ата-анасы оны жақсы көретіні туралы білу керек. «Жарайсың!», деп айтудың өзі баланың бойындағы мазасыздық пен қобалжуды төмендетеді.

      Ата-бабамыз  ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі-бесаспап азамет етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы он жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, темірден, темірден түрлі тұрмықа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.

      Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш-жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген.

      Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке-отбасының басшысы, отбасы мүшесінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Өйткені, әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі-ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алаты, соған қарап өсетін өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса, оның атасы жақсы еді, өнегелі жерден шыққан ғой-деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке-бәйтерек, бала-жапырақ», «Жас-кәрінің көзі, кәрі-жастың тезі», «Ата-балаға сыншы» деген мақалдар да осы пікірді халықтың қуаттануынан туған. 

Информация о работе Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері