Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 21:02, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу мәселесі
Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Зерттеу мақсаты
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе 3
1 Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері 4
1.1 Отбасы - тәрбие факторы 4
1.2 Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
10
1.3 Отбасындағы дағдарыстар 15
2 Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары 19
2.1 Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары
19
2.2 Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы 26
2.3 Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі 30
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовой педагогике.doc

— 254.50 Кб (Скачать)

      Отбасы - іштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан  оны зерттеуде белгілі бір  қиыншылықтар ұшырасады. Отбасының  сипаттамасы туралы мәліметтер алу  мақсатында отбасына барған уақыттағы бақылаулар мен әңгіме жүргізу әдістері қолданылады. Әңгіме кезінде мақсатты түрде белгілі бір жоспарды ұстану керек. Ата-анамен әңгіме өнері мұғаліммен өте жақсы дайындықты талап етеді. Педагогтың өте маңызды қасиеті - бақылағыштығы. Әңгімелесіп отырған адамның бет әлпетінен, қойылған сұрақтарға қатынасынан оның психологиялық жай-күйін білуге болады.

      Қазіргі уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық  әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педогогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.

      Ата-аналармен  ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс  ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және коференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті)сайланады. Ол бес-алты адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және төрт-бес мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.

      Отбасы  бала тәрбиесінде көмек көрсетуді  ықпалды тәсілі - ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, косультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, "отбасы суреті" ерекшеліктерінің, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды.Көбінесе оқушылар ата-анасымен  бала тәрбиесінжақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады.

      Ата-аналарға отбасы тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал  жасай отырып, мұғалім педагогикалық  әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі "жаман " тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай шағымданулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақырудан, балалар тәртібіне шамданудан сақтандырған: " кей ата-ана мұндай әңгімеден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрынғы қалпында қалады ", - дейді А.С. Макаренко.

     Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық - ойын- сауық ойындар, үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде " Ашық есік күндері " дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабаққа қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысыныңқандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек, т.б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек алады. Ата-аналарға отбасы тәрбиесінің тәжірибесімен алмасудың әртүрлі формалары ұсынылады.

     Отбасы  мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі "кіші педагогикалық кеңестер ", ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие процесінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі.

     Осылайша, мектеп пен отбасының сынып жетекшісі арқылы  реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қалыптастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылар мен олардың отбасыларымен әрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды.

      Отбасында баланың даму ерекшелігін зерттеуде  соңғы кезде авторлар, жас ерекшелік  кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көз-қарасында қосуда. Алғаш  психоанализде жас ерекшелік  кезеңдеріне әсіресе балалық  шаққа көп көңіл бөлген З.Фрейд болды. Фрейдтің пікірі бойынша жыныстық құмарту-адам дамуының басты белгісі болып табылады. Бір жасқа дейін эрогенді аймақта жағымды түйсінуге жету бөлігіне ауыз қуысы мен тіл сілекейі жатты. Осы негізге сүйене нәрестелік-оралды кезең деп аталды. Бір жас пен үш жас аралығында эрогенді аймақ болып ішектің сілекей қабаты қаралды. Бұл аналды кезең деп аталды. Бала бұл жаста сүйкімді және жекелік тазалық, қыңырлық, тұйықтық агрессиялық ерекшеліктерді, меңгере бастайды. Келесі фаллисикалық кезең (3-5 жас) деп аталады. Балада жыныстық құмарту жоғарғы деңгейде көрінеді. Фрейдтің жолын қуушы Э.Эриксон өзінің кезеңдік бөлу негізіне басақ да белгілер енгізді. Бала дамуы өмір сүрген ортасының мәдениеті мен экономикалық деңгейіне байланысты. Әрбір келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың берілуі қоғамдағы негізгі элементке жатады, оның қарапайым себебі адам институты мен өмірлік даму циклы бірге революцияланған болып табылады.

      1) бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін) негізгі сенім сенімсіздікке қарама-қарсы деген атқа ие болды. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын сүйіспеншілік пен мейірімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-әрекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады;

      2) екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, «ұятқа қарама-қарсы автономия» деген атқа ие болып, оның аяқталуы «мен өзім» дағдарысын туындатады;

      Бала  дамуының қарқындылығы оны дербес етеді. Ата-ананың бақылау жасау, шектеу, тыйым  салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз қажетсіздігін сезінуге негіз болады. «Шектен шығара ұялту» жасанды мінез-құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім шығаруда бала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жастың өзінде секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр сөздер арқылы үндеу тастайды. Сондықтан да ата-ана міндеті-бала жеке басын сыйлау және мөлшерден тыс басынбау болып табылады. Осы жағдайда ғана балада әділеттік қалыптасып, «кінәлілік сезіміне қарсы белсенділік» деген жас ерекшелік даму кезеңіне қоғамның толыққанды мүшесі болып енеді;

      3) үшінші кезең «бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі» 4-5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялдағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда оларды қатаң сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде өзін кінәлі сезінуге әдеттенеді;

      4) төртінші «Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі». 6-11 жаста мектепте, үйде және өз құрбылары ортасында бірқатар дағды мен іскерлігін дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзіреттілігінің артуы «Мен» сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді;

      5) бесінші жеткіншектік кезең-11-16 жас. Осы кезең үш жастағы «Мен өзім» дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде жүзеге асады. Аталған дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:

      1) баланың жалпы оқу үлгерімі төмендейді;

      2) негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші негативизм фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен ұрыстарға, тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл баланы қыздарға қарағанда негативизм кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады.

      Дағдарыс кезінде жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы міндетті емес.

      Выготский іс-әрекеттің үш нұсқасын келтіреді.

      Бірінші нұсқа-негативизм жеткіншек өмірінің барлық саласында айқын байқалады. Мұндай реакция жеткіншектердің 20%-да көрініс табады.

      Екінші  типте-бала потенциалды негативист. Негативизм қоршаған ортаның теріс ықпалына реакция ретінде кейбір жағдайда ғана байқалады: отбасылық қақтығыстар, еңсені басатын іс-әрекеттер, ересектердің қысым көрсетуі. Мұндай бала шамамен 60%-ды құрайды.

      Үшінші  жағдай жағымсыз құбылыстар мүлдем болмайды. Ол балалардың 20%-да кездеседі. Жеткіншектік кезеңде баланың түрлі психикалық жарқат, қақтығыс, келеңсіздіктерге сезімталдығы күрт артады.

      Созылмалы сипттағы екі топ факторы мәні ерекше: дұрыс тәрбие бермеу және қақтығыстық жағдайлар. Екінші топқа келесі эманципациялы қақтығыс, құрбы-құрдастарымен топ құру негізінде туындайтын жанжалды (байланысқа түсе алмау, қолынан келмейтін басшылыққа ұмтылу, өзін кем сезіну, өзіне деген жоғары талаптардың орындалмау негіздері) күштеп тоқтатуға болады.

      Дәл осы жас кезеңінде алғашқы  суйцид әрекет белсенділік көрініс  беріп, психологиялық дағдарысты сезіну мен байланысты жағымсыз тәуелділік қауіпі пайда болады. Психологиялық  дағдарыс салдарына сезімтал болып  келетін жеткіншектер категориясы: зорлық көргендер, түрлі тұрмыс жағдайындағы, отбасында қатыгездіктің құрбаны болғандар ата-анасының қазасына байланысты психологиялық соққы алғандар, жақын адамдарын жоғалтқандар, ата-ананың ажырасу жағдайын басынан кешіргендер, ұяң, ұялшақ жеткіншектер, аборт немесе басқа да медициналық әрекеттерді басынан өткізгендер және өз құрбы-құрдастарымен салыстырғанда үлкен жетістіктерге жетіп үтгерген дарынды балалар.

      Бұл кезеңде өз тәніне көңілі толмаушылық, гормондардың қайта құрылуына байланысты туындаған тітіркенгіштік күрт көтеріліп, қоршаған ортаға-деген қатынасы өзгеріп, тәуелсіздікке деген қажеттілік туындайды, дөрекілік, сыншылдық пайда болады.

      Көптеген  жеткіншектер басқалардай болғысы  келемен қатар ешкімге де ұқсамауға  ұмтылады. 

      1.3 Отбасындағы дағдарыс    

     Отбасы  дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден  өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың  құрылуынан басталады да, бірінші  баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы, осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп-бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата-анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата-ана тарапынан тәуілсіздік алу процесіне, оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде ерлі-зайыптылар жеке қалып, бағып-қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп-жетілуіне орай ата-ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата-аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы он бес жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып-қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен рөлдерге өзінің қатысы жоқтай сезінеді. Отбасы дағдарысы алдындағы екі деңгейде дамиды.

     1) кері құрылымдық, бұл отбасы қатынасының бұзылуы және оның қалыптасуына кедергі келтіретін әрекет;

     2) құрылымдық, отбасының жаңа деңгейі қызметіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды.

     Отбасы  қалыпты дағдарыстары

     Отбасы  психологиясында - өмірде кездесетін дағдарыстың  кез-келген түрі қалыпты деп есептеледі.

     Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бірін-бірі ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке - өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше " Ұқсастық дағдарысына " соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады.

     Бұл ерлі-зайыптылардың бір-біріне бейімделу кезеңі - алғашқы жылда жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы псйда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі-зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі - бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты да өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.

Информация о работе Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері