Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация

Описание работы

Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31

ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81

ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125

Работа содержит 1 файл

Диссертация -ылыми жетекшілер.doc

— 971.00 Кб (Скачать)

Қырыңдап төмен  қарап сөйлесіп отырған екі қазақ  жалт қарады. Ел қазағы ұсқынды біреуі «әлік» алды. Аяғында орысша етігі бар, ықшам шапанды, жөкей қара тымақты, аузы-басы бияздай, қожаға айтқан нияздай қара сұр жігіт ойнақы көзі жалтаң етті де, ернін қыбырлатты. Бекболат амандасты. Ойнақы көз жігіт «сені кім шақырды» дегенлей, жөнді амандаспады. Бекболат келген соң,  сөздерін де қоя қойды. Онысы өздеріне қолайсыз көрінді білем: жуан етік қазақ Бекболаттың аты-жөнін сұрады. Бекболат жөнін айтқан соң, ойнақы көз жігіт:

  • Ә, Бекболат сіз боласыз ба? Отырыңыз, - деп сырғып орын берді. - Әнеугі оққа ұшқан жігіт екенсіз ғой, - деп біле қойды (Ж.Аймауытов, Шығ. 205 б.)

Мұндай  күйге жүрегi сезiмдi Мейiрхан қатты жүдеп отыр едi. Сорлы кемпiрдiң күйiн ойламайын десе де, көңiлi ерiксiз iлгерi қарай басып, келешектiң әртүрлi суретiн көз алдына елестете бастады (М.Әуезов, Шығ.).

Іші пысып жүргенде бір башқұртпен таныс болды. Тіліне алғашқыда тосаңсып жүрсе де, аздан соң аңғаратын болды. Башқұрт тұрмысын сұрады. Олар да қазақ сықылды жұрт екен. Артық оқулы да, өнерлі де емес, бірақ егін, бақша салады, бал кәсіп қылады, солдатқа барады, еті тірі, ерлеу көрінеді. Сол башқұрттың ерлігін Қартқожа көзімен көрді (Ж.Аймауытов, Шығ. 98 б.).

б) гипотетикалық референтті қолданыста белгілілік дескрепциясы алдыңғы сөйлемдегі шарттарға байланысты болады. Мысалы:

Күндiзгi бiз көрген жолаушылар күн батып, қой қоралаған мезгiлде осы  қораның алдына келiп тоқтады.  Шанадан түсiп, үстерiнiң қарын  сiлкiп болған соң, Ақан мырза қораның сиқын көрiп, көңiлсiзденiп: Қалтай, осы үйге қайдан әкелдiң? Кiсi отырарлық жерi де бар деймiсiң, басқа үйлердiң бiрiне бармай, - дедi (М.Әуезов, Шығ.).

Бозінгеннің өзіне тартқан бір керім, сал қызы бар еді. Әлгі Айтжан ғой? Е, сол. Айтжанын мақтап, домбыра тартқызып, ән салғызып, бозбаламен әзілдессе, өзінің де жаны кіріп отырушы еді, қалжыңға боғауызсымақ сөз араласып бара жатса Бозінген өзі кимелеп, Айтжанға жол бермеуші еді. Сол Айтжанын құтты жеріне қондырып, жалғыз өзі іші пысып, ұрынарға қара таба алмай жүргенде, мына хабар Бозінгенге Құдайдың үйге айдап әкеп берген дәулетіндей көрінді (Ж.Аймауытов, Шығ. 196-197 б.)

Одан кейiн оќушылардыњ жалпы к‰нделiгi‚ яки айналма дєптер болу керек. Айналма дєптердi к‰нде бiр баладан кезектесiп жазады (“айналма” деуi де содан)‚ ол дєптердi балалар не орын ретiмен‚ болмаса аттарыныњ єлiппеде б±рын‚ соњ єрiптен басталу ретiмен бiр ќолдан бiр ќолѓа ќыдыртып отырады. Айналма дєптерде артыќ сµз болмау керек‚ жазудыњ шамасы азы жарты бет‚ бiр жарымдай бет болѓаны жарайды (Аймауытов Ж. Шыѓ. 5-том‚ 104-бет).

Күмбездің ішкі төбесі араның ұясындай быжырлаған аппақ-аппақ ұзыншау  шұқанақ. Ол шұқанақтар анадайдан бейне бір төбеден салбыраған мұз сүңгідей, немесе жер астындағы керемет ысталактеттей боп көрінеді (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы.  5-том‚ 269-бет).

Белгілілік/белгісіздік  функционалдық-семантикалық категориясы  референттікке, яғни ақиқат шындықпен сәйкес келуіне негізделеді. Осыған байланысты Дзенс Н.Т. былай дейді: «Применительно к денотативной ситуации целесообразно говорить о известности/ неизвестности субъекта действия коммуникантам, Обладающим определенными  социокультурными программами («энциклопедическими», «фоновыми» знаниями), относя категорию определенности/неопределенности (являющюся продуктом мыслительной деятельности познающего субъекта) к собственно языковой репрезентации субъекта» (Н.Т.Дзенс Социальная как имманентный признак субъекта неопределенно-личного предложения // Классическое  лингвистическое образование- в современном мультикультурном пространстве-2) /84/.

Ендеше, коммуникация процесі сөйлемнің грамматизациялануына, яғни референция актінің сөйлеушінің коммуникативті ниетіне байланысты анықталады.

 

1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының  тіл прагматикасына қатысы

 

Белгілілік/белгісіздік категориясын тіл прагматикасымен тығыз байланыста қарастырудың мәні зор. Тіл құбылыстарын функционалдық тұрғыдан қарастырғанда, сөйлем күрделі жүйелі элемент ретінде көрінеді. Сөйлем прагматизациясы сөйлеуші орындайтын референция акті оның коммуникативті ниетімен байланысты болады. Гладров В. белгілілік артикльмен салыстырғанда, белгісіздік сирегірек қолданылатынын айта келіп: «Взгляд на неопределенность в качестве маркированного члена основывается на том, что неопределенное существительное, как правило, относится к ядру высказывания, к центру сообщения. Так как существительное в сопровождении неопределенного артикля характеризуется признаком первого упоминания, неопределенное имя является важным средством развертывания текста», – дейді /85, 259/.

Белгілілік/белгісіздік  категориясының мағынасында екі  тенденция көрініс табады: логикалық-семантикалық және прагматикалық.  Логикалық-философияық  еңбектерде белгілілік/белгісіздік  категориясы сөйлеу актіне қатысушылардың білімі, коммуникативтік ниеті арқылы көрініс табатыны сөз болады /85/.

Прагматикалық бағытты  нақтылау нәтижесінде белгілілік/белгісіздік  категориясының логикалық және прагматикалық  критерийлері бірлікте қарастырылып, белгіліліктің әмбебап критерийі, екінші сөзбен айтқанда, «бірегейлік ұғымының прагматизациясы» қалыптасты.  Ондай еңбектердің қатарында  Дж.Серл, П.Стросон, Е.В.Падучева, В.Я.Пропп, И.И.Резвин, А.Д.Шмелев, М.Г.Селезнев, А.Богуславский т.б. зерттеулерін атауға болады. 

Сөйлеуші  сөйлеу барысында ақиқат өмірдегі заттарды атайды. Бұл коммуникация қызметіне де байланысты болады. Сөйлеу барысында сөз болған заттың сөйлеуші мен тыңдаушыға таныс, белгілі болуы коммуникация қызметі үшін қажетті талаптардың бірі болып табылады. Белгілілік/белгісіздік категориясын арнайы зерттеген ғалым Н.Сәрсембаева осы орайда былай дейді: «Белгілілік/белгісіздік категориясы, ең алдымен, коммуникативті-семантикалық категория. Ойдың, мағынаның, ниеттің, референцияның белгісіздігі немесе нақтылығы, анықтығы сөйлеу тілінде, коммуникацияда ашылады. Ал тіл, тілдік жүйе деңгейінде тілдік жүйенің, тілдің негізгі бірліктері ретінде сөздердің өзіндік тілдік семантикасы негізінде біртұтас анықтық берілген. Тіл, коммуникация деңгейінде белгілілік/белгісіздік категориясы үшін бір жағынан олардың берілісіндегі арнайы құралдардың жүйесін, қолданыс сипатын анықтау, олардың функциялануы, әрбір жеке функциясы маңызды, ал олардың шеңберіндегі белгілілік/белгісіздітің берілуінің әрбір жеке құралдары мен әдіс-тәсілдері белгілі бір маңызға ие. Басқа жағынан, мағынаның және ұғым референциясының белгілілік/белгісіздігін анықтау үшін сөздің орын тәртібі, екпін, сөйлемнің коммуникативті мүшеленуі, айтылыстар, контекстер, жағдаяттар, мәтін  типтері, жанры және т.б. сияқты мәселелер маңызды деп саналады» /16, 43/.

Зат тыңдаушыға таныс болмаса, сөйлеуші оны сипаттау үшін оған ұқсас басқа заттармен салыстыра отырып, түсіндіруі керек болады. Мысалы:

Жас жігіттердің  бәрі кеңес, партия, оқу, газет жағын  жағалап жүр. Тіс қаққандар, кеңес  өкіметіне әрі-сәрілер шаруа мекемелерін сағалап жүр. Уайым-қайғыны төгіп жүрсе де соңғылардың тұрмысы жақсы. Кейбіреулері саудаға айналған, кейбірі үй сатып алған. Ана жылы судья болып, партиялы елге «болыс» (ревком) болып жүретін Боранбай, Жанахмет, Ғабдолла сықылды қаланың мұғалім, оқығансымақтары сауда ашылған соң қызметтен шығып, талкөшенің саудагері болып алыпты. Қала маңынан шыққан оқығандардың бәрі – өз басының қамына салыныпты. Семей қазақтары қатын-қалашына шейін саудагер болып, талкөшеде бықырлап жүргені. Оқыған кейбір азаматтың саудагер болып кеткеніне Қартқожа ішінен наразы болып жүрді. Бірақ сондай бір  жігіттің сөзін естіген соң, «мұныкі де шын шығар, кім біледі?» дегендей, тағы да ой түсті (Ж.Аймауытов, Шығ. 133 б.)

Функционалдық бағыттағы зерттеулерде грамматикалық  тұлғалардың тілдегі қолданыстарының мазмұндық жағына, сондай-ақ нақты семантикалық аяға қатысты жағдаяттар түріне ерекше назар аударылады. Мұндай жағдаяттарға мысал  ретінде алуан түрлі контекстерді алуға болады:

Бұл үйдiң барлық жаны – үш-ақ әйел. Пештiң  жанында бiрiне-бiрi тығылып, бүрсиiп отыр. әйелдердiң бiреуi - сексеннен асқан, кәрiлiгi әбден жеткен кемпiр, екiншiсi - қырықтың шамасындағы әйел, үшiншiсi - он үш жастағы қыз. кемпiрдiң жасы қартайып, қуаты азайғандығы шын болса да, бетiнде ерекше бiр қайрат бiлiнедi, еркек пiшiндес кесек. 

Үлкен, жалпақ маңдайлы, қошқар тұмсықтау  келген үлкен мұрынды. Тақырлау, сұйық  қабақтың астынан көрiнген кiшкене  өткiр көздерi қажыған салқын жанармен жалтылдайды. Маңдайы мен екi  ұртына  түскен қатпары қалың  терең әжiмдерi өмiрiнiң талай қайғы, талай бейнетiне куә. Бұл кемпiр – осы үйдiң қазiргi қожасы.  

Ана әйелдiң бiреуi - келiнi, бiреуi - сол  келiннен туған немере қызы. Келiннiң  пiшiнiнде не жақсылығына, не жаманшылығына  айғақ болған орасан белгi жоқ: орта пiшiндi, орташа жаратылған адам тәрiздi. Бiрақ бұның пiшiнiнде де өзгеден  бөтен бiр жаттық бар. Қадағалап қараған кiсiге ол көрiнетiн. 

Тұңғиық қара көздерi бiр қараған жерден аумай, ылғи жансыздықпенқарап тұрғанына  көзi түскен адам бейшараның кiм екенiн  айырушы едi. Ол жаңа арада екi көзiнен  айрылған су қараңғы едi. Бұл екi әйелге ермек, жұбаныш болып отырған - жас қыз. Ол - сыпайы, нәзiк болып өскен Ғазиза: жiңiшке сұңғақ бойлы, азғана секпiлi бар  дөңгелек ақсұр жүздi Ғазиза.  

Көрген  көзге алғашқы жерден-ақ сүйкiмдiлiгiн  сездiретiн уыз жас. Жалғыз-ақ  ұяң, жұмсақ қарайтын қара көзiнде және ылғи шытынған, кiрбеңдеген қабағында қалың уайымның салған iзi  бар. Пiшiнi мұңды, жүдеу (М.Әуезов, Шығ.).

Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін? Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін? Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін? Туған жердің артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырлған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін? Туған жердің асылын қараңғы үйге қамалып, қара нан мен қара шай жүрегін кесіп жатқанда, қазы, қарта, сар қымыз бір-бір ұшып көзінен есіл елін сағынған, бір көруге зар болған тұтқын білмесе, кім білсін? Туған жердің қадірін әлеуметтік ісіне басын байлап жегілген, қағаз кемірген, күйіп-пісіп, көбелек боп, еңбегінің жемісін көрсем-ау деп телміреген, тар көше мен тар үйде бойы бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім білсін? Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз... Туғалы ұзап шықпаған, бауырмал әжесінің бауырында еркелеп өскен, үлбіреген балапан жүректі Қартқожа қайтіп сүймесін? Қартқожа туған жерін жанындай сүйеді. Туған жер еске түскенде, іші-бауыры елжіреп, өртенгендей күйеді. Еліне жетуге ұшарға қанаты болмайды. Қартқожамен бірге біз де асығамыз. Аялдағымыз келмейді. Елін сүйген оқушылар, жүріңдер, туған жерге жетейік! Қартқожаның алдынан шығайық! (Ж.Аймауытов, Шығ. 102 б.)

Контекст  түрлері грамматикалық тұлғалардың  нақты белгілі бір қызметте қолданылу  мүмкіндігін сипаттайды. Осыған байланысты О.И.Москальская былай деп жазады: «Рассмотрение категории определенности неопределенности с позиции грамматики позволяет глубже понять сущность и назначение ее в языке… Категория определенности и неопределенности обслуживает не предложение – конструкт, а предложение – высказывание (если последнее ограничено одним  предложением)  или текст, являясь, таким образом, категорией не предложенческой, а текстовой. /87, 103 б./

Контекст  тілдік бірліктердің грамматикалық  мағыналарының негізгі шарты болып табылады. Белгілілік/белгісіздік категориясының мәндерін анықтауға қажетті мәтіндер әсіресе артикльсіз тілдер үшін ерекше маңызды. Алайда артикльді тілдерде де контекст маңызды қызмет атқарады, себебі артикль белгілілік/белгісіздік категориясы мәндерінің берілу амалы болып табылады.

 

1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі

 

Зерттеушілердің грамматика мен лексиканың жекелеген  мәселелеріне мән беруі, грамматикалық  және лексикалық семантикаға деген  қызығушылық бірқатар мәселелерге, оның ішінде белгілілік/белгісіздік  функционалдық-семантикалық категориясының мәндеріне жаңаша қырынан үңілуге мүмкіндік береді. Семантикалық категория түрлі тілдік құралдар мен олардың өзара әрекетінен құралған семантикалық инвариант болып табылады.  Белгілілік/белгісіздік семантикалық категориясы тілдің түрлі деңгейлерінде көрініс тауып, белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық өрісін түзеді.  Белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясының ерекшелігі сөйлеу актінде көрініс тауып, коммуникациямен тығыз байланыста болады.  Қандай да бір мағына контексте, тілдік жағдаятта көрініс табады.

Папенкова Т.А. контексте  сілтеу есімдіктері мен белгісіздік  есімдіктерінің (неопределенные) нақты  мәндері ғана емес, сонымен қатар  белгілілік/белгісіздік категориясының мәндері де анықталатынын айтады /88, 175/.

Функционалды зерттеулердің  негізгі мақсаты тіл жүйесінің  түрлі деңгейлеріне жатқанмен, бір  мақсатқа жұмсалатын құрылымдар мен  грамматикалық формалардың қолданылу  ережелерін сипаттауға бағытталған. Функционалды грамматика тілдің грамматикалық құрылымын  тексеріп, сипаттайды. Грамматикадағы функционалды зерттеулер екі кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, бірінші кезең – тілдегі семантикалық категорияларды берілу жолдарын зерттеу, екіншісі – тілдің түрлі деңгейлеріндегі элементтермен айтылым барысындағы грамматикалық бірліктердің қызметін зерттеу. Белгілілік/белгісіздік категориясы әртүрлі тілдік құралдардың көмегімен де беріледі. Мәселен, Д.И.Фурсенко  белгілілік/белгісіздік категориясының берілу жолдарының бірі ретінде сөздердің орын тәртібін көрсете отырып, сонымен қатар белгілілік/белгісіздік екпін және лексикалық құралдар арқылы да берілетінін айтады /89, 72/. Белгілілік/белгісіздік категориясын жүйелі түрде сипаттау үшін функционалды грамматика тұрғысынан сөз ету керек. И.А.Бодуэн де Куртенэ 63/, В.В.Виноградов /64/ еңбектерінде бір мағынаны білдіруде морфологиялық, синтаксистік, лексикалық құралдар қатар қолданыла беретінін, бірі – негізгі, басқалары – қосымша қызмет атқара алатындығы сөз болады. Мұнда көбінесе белгілілік/белгісіздік функционалдық-семантикалық категориясының жалпы мәндерімен қатар заттың, зат белгісінің немесе орны ескеріледі.  Белгілі бір мағынаны білдіру үшін жұмсалатын құралдарды анықтау тіл білімінің ең негізгі мәселелерінің бірі болуы тиіс /64/.

Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің