Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация

Описание работы

Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31

ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81

ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125

Работа содержит 1 файл

Диссертация -ылыми жетекшілер.doc

— 971.00 Кб (Скачать)

Тілдік  семантикаға деген қызығушылықтың артуы, ғылымдардың байланысы тілді  де тұтас жүйе ретінде қарастырып, белгілілік/белгісіздік категориясы  мәндерін сан қырлы сипатын анықтауға жол ашып отыр. Орыс тіл біліміндегі белгілілік/белгісіздік категориясының лексикалық, грамматикалық мәндерін айқындауға арналған еңбектердің қатарында И.И.Ревзин /6/, Т.П.Ломтев /7/, Ю.А.Рылов /8/, М.И.Алехина /9/ т.б. атауға болады.  Белгілілік/белгісіздік категориясының мәнін айқындау жағдаят сипатымен тығыз байланысты. Мұнда сөйлеуші позициясына ерекше мән беріледі, себебі оның нысанға қатысы, тыңдаушыға әсері т.б. байланысты сөйленістің белгілілік деңгейі анықталады. Белгілілік/белгісіздік мәндерінің жиынтығы тілдік бірліктердің көптүрлілігімен ерекшеленеді. Белгілілік/белгісіздік категориясын тануда ғалымдар арасында бірқатар пікірталастар да кездеседі. Рылов Ю.А. оны грамматикалық категорияға жатқызса /10/, Крушельницкая К.Г. коммуникативті-синтаксистік категорияға /11/, Алехина М.И. контекстуалды категорияға жатқызса /12/, Ревзин И.И. оны «жасырын синтаксистік категория» деп атайды /13/. Зерттеушілер белгілілік/белгісіздік категориясы екпін, сөздердің орын тәртібі арқылы, көмекші сөздердің көмегі арқылы берілетінін айтады /5/. Белгілілік/белгісіздік категориясынын лексикалық берілу жолдары грамматикалық берілу жолдарымен тығыз байланысты. Оларда белгілілік/ белгісіздік нысаны (зат, нәрсенің белгісі) ұқсас болумен қатар белгілілік/ белгісіздік категориясының мәндері де ортақ болып келеді. Бұл тыңдаушыға белгілі/белгісіз болуы /14/, сөйлеушіге белгілі/белгісіз болуы немесе екеуіне де белгілі/белгісіз болуы /15/ т.б. Белгілілік/белгісіздік категориясының берілу жолдары туралы Н.Сәрсембаева былай дейді: «Кейбір сөздер мен құрылымдарды, ұғымдарды қолданудағы бірегей мағынаның болмауы, көмескілік пен екі ұдайылыққа қатысты коммуникациялық жағдаяттар, сонымен қатар семантикалық жағынан түсініксіздеу жалпы атаулар, көп мағыналы атаулар, нөлдік артиклінің қолданылуы референцияны, мағынаны түсінуде белгілілік/белгісіздік категориясының арнайы құралдар мен әдіс-тәсілдердің көрініс табуымен айқындалады. Атап айтар болсақ, сөздің орын тәртібі, сөйлемнің коммуникативтік мүшеленуі, пресуппозиция тыңдаушының аялық энциклопедиялық, пәндік, жағдаяттық білімдері көмекке келеді» /16, 46-б./. 

Белгілілік/белгісіздік  дәстүрлі түсінік бойынша, сөйлеушіге заттың таныс/бейтаныс болуына байланысты болады. Бірқатар тілдерде ондай қызмет артикльдердің көмегімен беріледі. Артикль зат есімдерге қосылып, есім сөздер тобы ретінде белгілілік/белгісіздік категориясын сипаттайды. Артикль көп жағдайда зат есімді актуалдандырып, оны белгілілік/белгісіздік категориясының денотаты ретінде сипаттайды. Бұл орайда М.К.Демидова/17/, Е.А.Бокий /18/, М.И.Алехина т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. М.К.Демидова неміс тіліндегі белгілілік/белгісіздік категориясының берілу жолдарына тоқтала келіп, артикльді осы категорияның көрсеткіші болумен қатар коммуникативті жүкті арқалаушы негізгі белгі ретінде сөз етеді /17, 177/. Сондай-ақ неміс тілі мен қазақ тілі материалдарын салыстыра, салғастыра зерттеуге арналған Н.Сәрсембаеваның еңбегі де бар. Е.А.Бокий де артикльдің коммуникативті жүк арқалайтын грамматикалық құрал ретіндегі қызметін көрсете отырып, оның берілу жолдары сөйлемнің мағыналық бөлшектенуіне байланысты болатынын атап көрсетеді /18, 17/. Ғалымның айтуы бойынша, айтылым мақсаты зат туралы қандай да бір маңызды мәлімет бермек болса, зат есім белгілі, нақты болады. Зат есімнің қандай заттар тобына жататынына ғана мән берілетін болса, ол грамматикалық белгісіз зат есім ретінде қолданылады /18, 23/.

Артикльді тілдермен  қатар артикльсіз тілдерге де тән  белгілілік/белгісіздік категориясы  туралы зерттеулер үшін тұлғадан мағынаға қарай бағытталмай, мағынадан оның берілу жолдарына қарайғы бағытты негізге алған функционалды грамматика бағытындағы зерттеулердің мәні зор.

Белгілілік/белгісіздік  категориясы туралы жалпы ұғым субкатегорияларға  жіктеледі. Яғни олар детерминативтер  арқылы беріледі. Ең алдымен, белгісіздік артиклінің дараланатын  және жалпыланатын мәндері негізге алынады /19, 20, 21, 22; 23;  24;  25/.

Е.В.Фибер белгісіздік артикльдерінің даралайтын және жіктелетін ерекшеліктерін көрсетеді /28/. Француз тіліндегі артикль мәселесіне арналған еңбегінде Г.Гийом артикль көп нәрселердің ішінен біреуін ерекшелеп, оны басқа жалқы заттарға қарсы қоя отырып, осы жеке затты ерекшелейтінін айтады.  Белгілілік артиклінің тұлғаларынан нақтылау, жалпылау мәндері көрініс береді /26; 27; 28; 29; 30/. Белгілілік және белгісіздік категорияларының берілуі бірегейлік, даралық ұғымдары, көптігі мен жекелік тұрпаттарымен де тығыз байланысты. Бұл туралы Е.В.Фибер, Р.Г.Пиотровский, В.Я.Пропп, Л.М.Уман /31/ т.б. еңбектерде сөз болды. В.Я.Пропп белгілілік/белгісіздік категориясының мәнін сипаттайтын негізгі белгілерді көрсетеді.  Пропп В.Я. артикльдің жалпылаушы қызметін сипаттай келе, белгісіздік артиклінің жалпылауыш мәні оның негізгі мағынасының ерекше варианты емес, оның жалпылауыш мәнге ие болуы айтылымға байланысты болатыны айтады /32, 117/. Ал ғалым Е.В.Фибер белгілілік және белгісіздік артикльдерінің жалпылауыш қасиетін сипаттай отырып, оларды бір-біріне қарсы қояды /33, 213/. Ғалым белгісіз мәнде жұмсалатын жалпылауыш зат есім ретінде осы ұғымға негіз болған барлық қасиетке ие бір зат қолданылатынын, ал белгілілік мәнінде жұмсалғанда, өзіндік ерекшеліктерге бөлінбейтін зат есімдер жұмсалатынын айтады. Атап айтқанда, белгісіздік артиклінде бірнеше ұқсас заттарды білдірсе, белгілілік артиклі затты өзіне ұқсас басқа заттардың қатысынсыз, дербес сипаттайды, яғни ол даралығын, жалқылығын көрсетеді /32, 219/.

Түрлі тілдерде түрліше жолдармен берілетін  белгілілік/белгісіздік категориясы  тілдік универсалийге жатады. Себебі олардың тілдегі көрінісі тілдің генетикалық жағына байланысты емес, ол типологиялық жағынан айқындалады, яғни бірнеше тілге ортақ әмбебап заңдылықтар арқылы анықталады /33, 5/.

Көптеген  тілдердің зерттеушілері түрлі  тілдердегі белгілілік/белгісіздік  категориясының берілуі екпін арқылы, сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер арқылы берілетінін айтады. Ондай еңбектердің қатарында П.Адамец /34/, М.И.Алехина /9/, Д.И.Фурсенко /35/, Ю.А.Рылов /8/, Н.С.Поспелов /36/, И.И.Резвин /6/, О.С.Егорова /37/, И.А.Кравчук /38/, Г.А.Золотова /39/ т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Қазақ тіліндегі белгілілік/белгісіздік  функционалды-семантикалық категориясының құрылымы өте күрделі. Ол морфологиялық, синтаксистік, лексикалық құралдар арқылы беріледі. Тіл фактілерін функционалдық  тұрғыдан қарастырғанда  ғана тілдің түрлі деңгейлеріндегі құралдарды бір категория (белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясы) шеңберінде сөз етуге болады. Белгілілік/белгісіздік категориясының берілу жолдарын тілдің түрлі деңгейлері бойынша сөз ету тілдік бірліктердің  қызметін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тіл фактілерін функционалды тұрғыдан зерттеудегі негізгі мақсат болып табылады.

Белгілілік/белгісіздік  категориясының лексикалық жолмен берілуі  грамматикалық құралдармен тығыз  байланысты. Мұнда бұл құралдар белгілілік/белгісіздік категориясының нысандарымен де (зат, заттың белгісі), белгілілік/белгісіздік категориясының мәндерінің варианттарымен де тығыз байланысты болады. Атап айтқанда, тыңдаушы үшін зат не құбылыстың таныс не бейтаныс болуы /40/, зат не құбылыстың сөйлеушіге немесе екеуіне де таныс не бейтаныс болуы арқылы сипатталады /41/.

Тілді жүйе ретінде қарастыру, тілдік семантикаға  деген қызығушылықтың артуы, сондай-ақ салааралық ғылымдардың өзара қатынасы белгілілік/белгісіздік мәндерінің нәзік иірімдерінің ашыла түсуіне мүмкіндік береді. Тіл білімінде соңғы жылдары белгілілік/белгісіздік категориясының лексикалық немесе грамматикалық мәндерін анықтау сема компоненттерімен қатар белгілер жиынтығы ретінде қарастырылып келеді. Ондай еңбектердің қатарында И.И.Резвин /42/, Т.П.Ломтев /43/, Ю.А.Рылов /8/, М.И.Алехина /9/ еңбектерін атауға болады.

Белгілілік/белгісіздік  категориясын референтті категория  ретінде қарастыру есімдердің мәніне ғана емес, тілдік емес нысандарға, сөйленіс пресуппозициясына, тілдік және тілдік емес контекстерге, сөйлеуші мен тыңдаушының орнына, олардың аялық білімдеріне назар аударуды қажет етеді. Белгілілік/белгісіздік категориясының логика-семантикалық және прагматикалық сипатын тексеру белгілілік/белгісіздік сияқты инвариантты мәнді анықтауға да мүмкіндік береді. Заттың белгілілігі сөйлесушілерде ол туралы мәлімет болғанын білдіреді. Осыған байланысты Серебренников Б.А.  былай дейді: «Многократное повторение определенных отношений создает в голове человека так называемую категорию опыта. По существу это понятийная категория, которая может найти выражение в языке. Каким образом эта категория может быть изображена в языке, зависит от лингвокреативного мышления. Лингвокреативное мышление может произвести выбор средств выражения, оно может определить семнатический объем категории , особенности ее сочитаемости и т.д.» /44/. [Серебренников Б.А.  Роль человеческого фактора в языке. Язык и мышление. «Наука», М., 1988  стр. 33]

Соңғы жылдары ғалымдар тілдік бірліктерді тілдік емес сыртқы болмыспен байланысты сөз ете бастады. Орыс тіл білімінде белгілілік/белгісіздікті басқа да референциалды категориялармен байланыстыра қарастырған еңбектердің қатарында белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды қырынан зерттеген Ревзин И.И. еңбектерін /45/, сондай-ақ референцияның жалпы теориясы туралы зерттеулердің иелері – Арутюнова Н.Д. /46/ мен Падучева Е.В. /47/ еңбектерін атауға болады.

Тілдік құбылыстың атауы  болатын нысан осы тілдік құбылыстың денотаты болып табылады. Нақты сөйленісте тілдік құбылыс бірнеше денотатпен сәйкес келуі немесе бір денотатпен сәйкес келуі мүмкін. Нақты сөйленісте тілдік құбылыс сәйкес келетін бір немесе бірнеше нысан осы тілдік құбылыстың референті болып табылады. Екі немесе бірнеше референт сәйкес келсе, яғни бірінің орнына бірі қолданылса, оларды «кореферентті есімдер» деп аталады. 

Тілден тыс болмыстың  кез келген фрагменті денотативті  кеңістік бола алады. Кез келген тілдік құбылыс үшін осы тілдік құбылыстың референті қатысқан денотативті  кеңістік релевантты болып саналады. Белгілілік категориясы зерттеулерде негізінен екі тұрғыдан  – логикалық және прагматикалық тұрғыдан сөз болады. Белгілілік/белгісіздік категориясының неміс тілі мен қазақ тіліндегі өзіндік ерекшеліктерін арнайы зерттеген ғалым Сәрсембаева Н.  аталған категорияны ұғымдық категория ретінде қарастыра отырып, былай дейді: «Белгілілік/белгісіздік категориясы, біріншіден, ұғымдық категория. Өйткені ол санамен, адам ойымен байланысты және шынайы болмыстың нақты көрінісінің дәлелденген абстрактілі түрі – адамның объектілі дүние- болмыспен, тіл сияқты оның құбылысымен өзара әрекет ету сипатындағы қарым-қатынас түрі. Тіл объективті дүние - болмысты  екі форма; а) белгілі, нақты, анық; ә) жеткіліксіз анық түрде бейнелейді.     Білгілілік/белгісіздік немесе нақтылық-нақтысыздық, айқындық-айқынсыздық, таныстық-бейтаныстық, ескі-жаңа, жалпы-жалқылық, бөлек-біріңғай, белгілемеу-белгілеу ұғымдық категория бола тұрып, кез келген тілде өздерінің мазмұнын, сипатын, көрінісін әртүрлі тілдік әдіс-тәсілдердің көмегімен табады» /16/.

Прагматикалық тұрғыдан қарастырғанда, белгілілік сөйлеу актіне қатысушыларға референттің белгілі  болуымен (көбінесе референттің адресатқа  белгілі болуымен) байланысты. Белгілілік/белгісіздік  категориясы өз ішінен оппозиция  құрайды, соған байланысты оларды бір-бірінсіз қарастыру дұрыс нәтиже бере алмайды. Белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясының жекелеген мәндері – белгілілік те, белгісіздік те түрлі деңгейдегі құралдар арқылы көрініс табады. Осыған байланысты Трубецкой И.С. былай дейді: «Как и все грамматические категории, понятие категории определенности реально существуют только в оппозиции с противоположным понятием. Во всех языках, которые ею обладают, оппозиция определенности-неопределенности нейтрализуется или устраняется в некоторых позициях или при некоторых условиях, которые различаются от языка к языку» /48/. [Н.С.Трубецкой Отношение между определяемым, определением и определенностью //Избранные труды по филологии. -  М., 1987. С. 37-43].

Яғни белгілілік пен белгісіздік категорияларын өзара бірлікте, байланыста қарастыру қажет. Олар бірінсіз-бірі тілдік жүйе құрай алмайды.  Себебі олар біртұтас жүйе құрауы үшін коррелятының болуы шарт. Осыған байланысты белгілілік/белгісіздік категориясының ертедегі жазбалардағы көрінісін арнайы зерттеген ғалым Сабитова З.К. былай дейді:  «...Определенность и неопределенность как частные значения функционально-семантической категории определенности/ неопределенности выражаются разноуровневыми средствами, которые находят свое окончантельное воплощение в предложении. При этом существенным и необходимым является рассмотрение языковых единиц, выражающих значения определенности и неопределенности во взаимосвязи, в системе, поскольку подход к любой единице языка как изолированной исключает появление у нее той или иной формы, если она не вписана языковую систему» /49, 4-б./. 

Белгілілік/белгісіздік  оппозициясы зат есімнің барлық лексика-грамматикалық топтарымен беріле бермейді. Жалпы есімдер заттық мәнде жұмсалып, нақты зат атауларымен референтті қатынаста болған жағдайда ғана белгілілік/белгісіздік оппозициясын бере алады. 

Қазақ тілінде белгілілік/белгісіздік  категориясының негізгі берілу жолы есімдіктер арқылы, табыс септігінің ашық/жасырын келуі, ілік септігінің ашы/жасырын келуі, көптік форма, сөздердің орын тәртібі мен интонация т.б. арқылы көрініс табады. 

Бірінші рет  қолданылған белгісіз зат есімнің  коммуникативті жүгі мол болатындықтан, ол сөйленістің ремасына жатады. Тема мен рема барлық автосемантикалық сөздерге түгелдей қатысты болса, белгілілік/белгісіздік зат есімге ғана қатысты болады. Ремалық жалпы есім интродуктивті сөйленісте алғаш сөз болған семантикалық компонент ретінде сипат алады. Сөздердің орын тәртібі мен интонация арқылы кез келген септік жалғаулы зат есімді белгісіздік  мәнде қолдануға болады. Рема құрамында белгісіз зат есімнің қолданылуы жүйелі сипат алады. Бұл орайда С.Аташев: «Сөйлемді актуальді мүшелегенде ремадан бастап талдайтынымыздың өз себептері бар екендігі сияқты, ремадан бастап мүшелеудің де өз тиімділіктері бар: біріншіден, сөйлем темасы түсіріліп те жұмсала береді, ал рема ешқашан түсірілмейді, себебі сөйлемнің өзі осыны айту үшін жарыққа шығады,  екіешіден, сөйлемнің не айтқанын, нені актуальдандыратынын тапқаннан кейінгі сөйлемнің қалған бөлігі тема болады, яғни бұл жолмен тема мен реманың шекарасын байқау ыңғайлы. Ал актуальданған сөздер контестен материялдық та ерекшеленіп тұратыны белгілі. Олар сөйлем соңында қарай жинақталады /орын тәртібі/, тема сөйлем басына қарай орналасады. Рема сөйлем ортасында, басында келсе, оған  екпін түседі /интонация тәсілі/, сөйтіп тағы да ерекшеленеді. Кейде тема мен реманың шекарсын жеңіл паузалар бөліп тұрады, бұл тема бұрын келген табиғи жағдайларда кездеседі.

Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің