Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация

Описание работы

Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31

ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81

ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125

Работа содержит 1 файл

Диссертация -ылыми жетекшілер.doc

— 971.00 Кб (Скачать)

Жақ категориясын арнайы зерттеген ғалым Ж.Сәдуақасұлы 1-жақ  тұлғалы есімдіктердің өзіндік  ерекшелігі туралы айта келіп, былай  дейді: « 1-е лицо ед. числа в прямом значении указывает на отношения грамматического предиката с субъектом в форме лица-информанта, от которых ведется информация: употребление-неупотребление местоименния «мен» в функции грамматического субъекта придает высказыванию различную стилистическую окраску» /**, 97/.

Көпше тұлғалы  1-жақ  етістік тұлғаларының мәні жекеше тұлғалы 1-жақ тұлғаларымен салыстырғанда, біршама жалпы да күрделі болып келеді.  Сол себепті оларда нақтылық, даралық жоқ. 

Мысалы:

Былай т±ршы, біз де кµрейік, - деп етікшініњ пышаѓын, бізін, балѓасын, кемпірауызын ±стап, ќамалап жатќан еркектерді кимелеп, біреуініњ ќолынан кебісті ж±лып алып ќарады (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 10-бет.)

Ќазынаныњ кµк  арбасына шањыраќ м‰йіз екі дєумытты жегіп, біз ќаладан шыќќанда, сарѓылт-ќызѓылт сєулесі селдір орманныњ басын жалап, ќырк‰йектіњ ќырќылжыњ к‰ні ±ясына таянып еді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 113-бет.).

Біз сахна жаќта домбырамызды к‰йлеп, тамаѓымызды кенеп, кісілерімізді жинап, жаѓамызды т‰зеп, шашымызды тарап, нєрселерімізді ќ±рып, шала б‰лініп, жанталасып жатырмыз (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 125-бет.).

Келтірілген сөйлемдерде 1-жақ көпше тұлғалы есімдік бірнеше адамға ортақтықты білдіреді. Сол арқылы біз есімдігі мен сияқты белгілілікті нақты білдіре бермей, жинақтаушылық, жалпылық сипат алатынын көреміз. Сонымен қатар сыпайы сөйлеу ерекшеліктері бойынша, кейде біз есімдігінің жекеше тұлғада қолданылатын тұстары кездеседі. Мысалы, ресми ортада мен есімдігінің орнына біз есімдігін қолдану жиі кездеседі. Бұл туралы Н.Ильминский: «Относительно личных местоимений должен заметить‚ что сказать о себе мен‚ а другому сен было бы неприлично в разговоре с высшим или младшему со старшим. Скромность и вежливость требуют сказать вместо того: біз‚ сіз. Таким образом‚ эти два слова в киргизском языке должны назвать вежливым единственным числом»‚ – деп жазады /**/. Біз есімдігінің контекске байланысты қандай мәндерге ие болатыны туралы Ж.Сәдуақасұлы /**/ еңбектерінде сөз болғандықтан, олардың мағыналық ерекшеліктеріне тоқталудың қажеті бола қоймас деп есептейміз.

Субъект-зат тұлғалы  сөйлемдер көпше түрде адам мағынасында  ғана жұмсалатынын байқаймыз. Мысалы:

Ќазынаныњ кµк арбасына шањыраќ м‰йіз екі  дєумытты жегіп, біз ќаладан шыќќанда, сарѓылт-ќызѓылт сєулесі селдір орманныњ басын жалап, ќырк‰йектіњ ќырќылжыњ к‰ні ±ясына таянып еді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 113-бет.).

Сиыр салѓаннан ќораныњ ыѓына ќарай жµнеледі; біз: “Єк, µк, ой сасыќ!” деп сиырды желге ќарай ќайырамыз (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 89-бет.).

¤зенде ау ќ±ратын  таѓы бір ањтайлы жер барды. Соѓан біз де ау салайыќ деп, єкем екеуміз ‰лкен ау тоќып едік, µзіміз соѓып берген ‰лкен сабан ‰йден Иттіс бізге жасаќ жіберді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 232-бет.).

Біз айѓайлап, ж‰гіріп, ќарѓа малтыѓып, жылып, кейін ж‰гіріп ќойѓа таман ќайырамыз (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 90-бет.).

Екінші жақ тұлғалы  есімдіктердің белсенділігі сөйлеуші тарапынан берілетіндіктен, ол нақтылауды қажет етеді.  Сол себепті сен, сендер, сіз, сіздер есімдіктері жиі қолданылады. «Местоимение ты – это не только специальный показатель адресата речевого акта, но и опосредованный выразитель субъективности повествования, который отреженно свидетельствует о самом говорящем, о его эксплицитном присутствии в данной речевой ситуации.  Местоимение ты выступает в обязательной коммуникативной связи с я, так или иначе представленном в высказывании или за его пределами – в ответных репликах адресата /130, 52/.

Біраќ сен алты ж‰з ділдені аю тырнаќты ашулы мысыќќа тµледіњ, сен жаман саудагер екенсіњ, одан да сен мені сєнді С‰лейменге сат, ол саѓан маѓан тµлеген алтыныњнан екі есе артыќ тµлейді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 212-б.).

Екеуі жеті к‰н, жеті т‰н саудаласады, сегізінші  к‰н дегенде Оспан Єлі ќызын  шаќырып алып, ќанды кµзге ќатындыќќа бергелі отырѓанын айтты, ќанды  кµзден алѓан шµмеле алтынды н±сќап: – Ќызым, сен б±ѓан маќтануыњ керек, µйткені біздіњ ата-бабамыз Д‰біржіні мекен ќылѓалы ешбір адам ќалыњѓа м±нша алтын тµлеп кµрген жоќ еді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 211-б.).

“Мені жіберме, ана! Мен ќ±шќандай сен де мені ќолдарыњмен мыќтап ќ±шып, жіберме!” дегендей кµрінді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 225-бет.).

Тањасып т±рѓан байдыњ екі атына екеуміз мініп, ќала ќайдасыњ деп, тартќанымыз ѓой. Сен ќыз алып ќашып кµрген жоќсыњ ѓой? (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 130-б.).

Сөйлеу әрекетіне қатысушыларды  тікелей көрсететіндіктен, 2-жақ  жекеше тұлғалы есімдіктер белгілілік мәнін білдіреді. Ал көпше тұлғада қолданылған кезде 1-жақ жіктеу есімдіктері сияқты олардың да жалпылық сипатқа ие болатынын байқауға болады. Мысалы:

Тек «әй, осы сендер не істедіңдер, әй?»— дегендей пілте шам ғана жыпылық-жыпылық етеді (Ә.Кекілбайұлы, Көз жасы, 54-б.).

Ал, бозбалалар! Сендер де айтыњдар! Ќыз екеш ќыз да айтып келеді, - деп кеу-кеулеген соњ М±сатай, Єйтікен сияќты бозбалалар да керіліп, ырѓалањдай, кµзін ашып-ж±мып, айѓайды салып, б‰гінгі кµшті ойын-сауыќ ќылып жіберді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 20-б.).

Сендер де азамат емессіњдер ме?” деп єжем де бізді мардамсытып, омырауымызды уыќтыњ ала бауларын жалѓап, мыќтап тањып жатыр еді (Ж.Аймауытов. Шығ. 2-том. 91-б.).

Сонымен қатар мен, сен  есімдіктері теңеу жұрнақтарымен  қолданылған кезде де белгілілік мәннің жалпылануы байқалады. Мысалы:

Т±мсыќтыѓа  шоќытпаймыз, азулыѓа тістетпейміз... Сендей єйелдіњ талайын ќ±тќардыќ, кµзін аштыќ!..-деп ауылды кезіп ж‰ріп айќайлайды (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 197-б.).

Келтірілген мысалдарда мендей, сендей есімдіктерінің мағынасы мен сияқты бірнеше адам, сен сияқты бірнеше адам мәнінде жұмсалып, сол арқылы жалпылық сипат алып тұр.  Белгілілік ұқсас заттардың ішінен даралап, ерекшелейтіндіктен, бұл қолданыста 1, 2-жақ тұлғалы есімдіктердің белгісіздік мәнге қарай ойысуын көреміз.

Ал 3-жақтық жіктеу есімдіктеріне  келсек, олардың өзіндік ерекшеліктері  байқалады. Атап айтқанда, 1, 2-жақтық жіктеу есімдіктері нақты адамға қатысты  қолданылып, сөйлеу актіне қатысушыларды  нақты көрсетсе, 3-жақ жіктеу есімдігі белгілілік мәнінде де (нақты, белгілі адам), белгісіздік мәнінде де (нақты емес, бейтаныс адам) қолданылуы мүмкін. 

Біраќ ¤рбике басын кекжењ еткізіп:- Мен оныњ ќатыны болѓым келмейді. Ол тым кєрі, маѓан к‰йеу болѓаннан єке болуѓа ылайыќ. Сєнді С‰леймен єрі жас, єрі кµркем, ол б±дан да кµп береді. Оѓан тек мен бір ауыз сµз айтсам болѓаны, - деді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 211-б.).

Мамет тоќалына єбден сенгендігі сонша, сауда  ж±мысымен кµбінесе т‰зде ж‰ргенде, єйелін жалѓыз тастап кетуге µмірі  ќорыќќан жан емес, ол µзге татар елдерімен, немесе сыѓандармен ќой, жылќы, бал саудасын ќылар еді; ондай алып сатар байлар Д‰біржі µлкесіне кейде келіп жатар еді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 210-б.).

Єн  салса, ол µзін-µзі ±мытады, єнніњ єуеніне тµњкеріледі, оныњ дауысы кµмейінен шыќпайды, ж‰регінен шыѓады (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 127-б.).

Мұндай қолданыста 3-жақ  жіктеу есімдіктері сөйлеу әрекетіне  қатыспаған нақты адамды білдіреді. Мысалы:

Ол “барды баламайды, жоќты санамайды”, µзініњ бірдемесін с±расањ бере салады, кісініњ нєрсесін, киімін µзі де киіп ж‰ре береді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 129-б.).

Ќалжыњшыл, бейпіл тіліне, дінсіздігіне, єдепсіздігіне ќарап, ж±рт оны “надан”, “жынды” дейді; ол не айтса, к‰леді, оныњ сµзін елемейді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 99-б.). 

Ол жай ќазаќтан анаѓ±рлы кµз ќараќты, жердіњ домалаќтыѓын, к‰н мен т‰нніњ неден болатынын, б±лт, жел, жањбыр, найзаѓай – бєрін с±растырып, бір-бір жаѓынан тєжірибемен білген (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 99-б.).

Келтірілген мысалдарда ол есімдігі белгілілік мәнін білдіріп тұр.  Сонымен қатар ол есімдігінің белгісіздік мәнін білдіретін тұстары да кездеседі. Мысалы:

Не  болса, ол болсын, єйтеуір былќ-сылќ етіп Шєкењ отыр. (Ел де, Т±марбай да “Шєкењ” деп атаѓан соњ, біз де “Шєкењ” делік) (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 84-б.).

Ол Байманды ойлаѓаны, оны сµзбен ќамаѓанына µзініњ с‰йсінгені, оныњ жалынѓаны, оныњ саудыраѓан аќ кµњіл мінезі ±наѓаны, онымен таѓы да жолыќќысы, сµйлескісі, с‰йіскісі келгені, оѓан жолыѓатын ќызыќты к‰ндерді ќиялымен суреттегені еді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 47-б.).

1, 2-жақ тұлғалы есімдіктер негізінен адамдарға қатысты болса (персонификация құбылысынан басқа), 3-жақты есімдіктер адамдарға да, заттарға да қатысты болуы мүмкін.  Сол себепті 3-жақ тұлғалы етістіктері бар сөйлемдер субъектінің адам не зат болуына байланысты өзара ажыратылады (субъект-адам немесе субъект-зат). Мысалы:

Ол шын ќазанаттыњ т±ќымы тєрізді шєлкес, біраќ біздіњ ќолымыз осы, м±ндай асауды ‰йрету – ќаниб (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 213-б.).

Сиыр  дегеніњ, т‰йе дегеніњ ќара ќ±рттай ќаптап жыртылып айырылушы еді... Олар ќайда? (Ж. Аймауытов. 2-том. 159-б.).

Ол торањѓыл деген аѓаш болады  (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 95-б.).

Ол бір с±м заман еді: к‰ндерден к‰н µтеді, ќалѓанымыз к‰н µткен сайын ж±мысты кµп етеді, ішерге тамаќ т‰кі-жаќы жетеді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 234-б.).

  • Олар енді не болды?
  • Олар бұ күнде ұсталды. Бірақ көп алыстық. Елге көп зиян салды. Ақтар

қару-жарақ  жинамақ болып, елге әтрет алып шығып: ел шауып, кісі атып, көп қырғын қылды. Аяғында істігі басынан асып, қылмысы  мойнына ауған соң, абақтыға жабылды. Алды жабылған соң, өзгелері қашып кетті. Партиядан шығарылды, құн-жын болды. – Әбдірахман молда ше? – Ол әлі аман жүр. Әлімнің залымы жаман ғой. Әй, бір қу екен, бойын көрсетпей-ақ қойды. Материал жоқ. Қайтерсің? Мәрден мұғалімді де өлтіріп тастай жаздады ғой (Ж.Аймауытов, Шығ. 124 б.)

3-жақты есімдік сөйлеу  әрекетіне қатыспайтын субъектілермен  қатар заттарды да білдіретіндіктен, Бенвенист Э. оны жақ категориясынан тыс қарастырып: «третье лицо» не есть «лицо», функция этой глагольной формы состоит в том, чтобы выражать не лицо [92, 262],– деген тұжырым жасайды. Сонымен қатар /75/ зерттеуші***  де 3-жақ тұлғалы есімдіктер мен етістік тұлғаларын дейктикалық элемент қатарына қоспайды /75, 246/. 

3-жақ жіктеу есімдіктерінің 1, 2-жақ жіктеу есімдіктерінен тағы бір ерекшелігі – олар сілтеу мәнін білдіру үшін де жұмсала алады.  Мысалы:

Ол дєурен басымнан ±шќанѓа ±ќсайды (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 73-б.).

Єлде  кµптен к‰тіп ж‰рген арманына ќолы жеткендей, єлде алдынан бір ќызыќ  дєурен к‰ткендей, µзін бір нєрсеге арнаѓандай, ол арнаѓанына жан-тєнімен сенгендей, єйтеуір мєлімсіз бір к‰ш бойын билеп, ќанын кернеп, еркін алып, “мейліњ” дегізгендей бір к‰йге т‰сіріп еді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 48-б.).

Оќ жыландай б±рањдап, безгектей ќалтыраѓан, ќобыздыњ шегіндей тырсылдаѓан ауыр ойлар ол т‰ні ханымныњ басын ара шаќќандай ќылды (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 243-б.).

Ол к‰нде К‰нікейдіњ бала кезі, С‰ю мен жек кµруден таза кезі (Ж. Аймауытов. 2-том. 8-б.)

Келтірілген мысалдардағы ол есімдігі сілтеу мәнін білдіріп, сол сілтеу есімдігімен тең дәрежеде қолданылып тұр. Яғни зат есімдерден бұрын келіп, оны нақтылап, айқындай түскен. Ол есімдігінің осындай ерекшелігіне байланысты «Қазақ грамматикасында» былай делінген: «Жіктеу есімдіктеріне тән жақтық қасиет үшінші жақ ол  жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдігі ол сөзінің жігін айыруда ерекше көзге түседі. Өйткені ол сөзі әрі адамды, әрі заттар мен құбылыстарды да, іс-әрекет, қимыл, сан-сапаны да көрсете алатын әр жақты сөз болып саналады. Сол себепті ол сөзі қолданылу ретіне қарай бірде жіктеу есімдігі, бірде сілтеу есімдігі болып келетін жағдайлары бар. Оның  қай кезде жіктеу, қай кезде сілтеу есімдігі болып қолданылуын біз негізінде қандай ұғымда қолданылып тұрғанына қарай, яғни ол «адам» деген ұғымда қолданылып тұр ма, немесе басқалай зат не құбылыстар деген ұғымда қолданылып тұр ма, міне, осы негізге  сүйене отырып, жіктеу я сілтеу есімдігі деп тани аламыз. Егер ол  сөзі адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі болады. Ол қаланың, үшкөлдің, медресенің, оқудың жайын сұрады (Аймауытов).

Ал заттар мен құбылыс, іс-әрекет, сан-сапа т.б. көрсететін болса, сілтеу есімдігі болып танылады. Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатын білімділер, зейінділер (Байтұрсынов) /**, 485-б./.

3-жақ жіктеу есімдіктері де контексте түсіп қалуы мүмкін. Алайда баяндауыш тұлғалары арқылы грамматикалық субъектіні тауып алуға болады. Бұл құбылыс сөйлеуші мен тыңдаушыға немесе жазушы мен оқушыға бұрыннан белгілі, нақтылауды керек етпейтін тұстарда қолданылады. Аталған есімдіктердің бұл ерекшелігі туралы ****** былай дейді: «(126) В предложениях с такими  субъектно-личным и отношениями подлежащее /грамматический субъект/ иногда ясно выражается местоимением «ол», а иногда остается скрытым. Но при всех обстоятельствах о наличии субъекта свидетельствует 3-е лицо в составе предиката. Поэтому субъектно-личные отношения определяются не в зависимости  от наличия-отсутствия субъекта, а путем ориентирования на предикат, т.е наличие или отсутствие субъекта не особенно влияет на субъектно-личные отношения. Так дело обстоит и с точки зрения выражения субъектно-личных  отношении, и с точки зрения выражением всего предложения» /***126/.

Бастауышы қатыспағанмен, баяндауыш тұлғалары арқылы оның қай сөз екенін анықтауға болатындықтан, олар да жақты сөйлемдер қатарында танылады. Ондай сөйлемдерге де мысалды көптеп келтіруге болады. Мысалы:

Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің