Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер — бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.

Работа содержит 1 файл

Азаматық іс жүргізу құқығының қағидалары.doc

— 250.50 Кб (Скачать)

- Өкілдік берушінің  іс жүргізу құқығының жүзеге  асуына және міндеттерінің орындалуына  көмектесу.

- Соттың азаматтық  істі дұрыс шешуіне ықпал ету.

      Соттағы өкіл-азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының жеке дербес субъектісі болып табылады. Дегенмен, соттағы өкілдер АІЖК-44-бабы бойынша іске қатысушы тұлғалардың құрамына кірмейді. Себебі ол іске қатысушы тұлғаға тән белгілерді иеленбейді. Атап айтқанда:

  • Өкілдің іс барысында заңды қызығушылығы болмайды.
  • Өкіл өз атынан емес мүдделі тұлғаның атынан қатысады.

        Сонымен соттағы өкілдер дегеніміз –заңмен, жарғымен, ережелермен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген өкілеттілік шегінде сенім білдірушінің атынан істі жүргізуші жеке тұлға.

      Сотағы өкілдердің белгілері.

-  Өкілдің іс жүргізу  құқықтары мен міндеттерінің  көлемі сенім білдірушінің немесе  өкіл тағайындаушының еркіне  байланысты. Бұған заңды өкілдер  мен жарғы бойынша өкілдердің  өкілеттігі кірмейді.

  -  Сотта олар  өз құқықтарын емес сенім білдірген тұлғаның  құқықтырын қорғайды.

- Іс жүргізуі нәтижесінде  өкіл тағайындаушының процесуалдық  құқықтары мен міндеттері туындайды  немесе қысқарады.

      Соттағы өкілге заңды күшіне енген сот шешімінің материалдық –құқығының салдары болмайды және олар құқық жөніндегі даудың субъектісі болмағандықтан сот шығындарын өтемейді.

      Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне, немесе әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі  бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады [15].

     Азаматтық іс жүргізу кодексінің 59 және 63 баптарына сәйкес мына тұлғалар сотта  өкіл бола алады.

- адвокаттар

- заңды тұлғаның қызметкерлері  осы ұйымның істері бойынша

- кәсіптік одақтың  уәкілетті адамдары.

- заңмен жарығымен немесе ережемен осы ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымның уәкілетті адамдары.

- тең қатысушының тапсырмасы  бойынша тең қатысушылардың біреуі.

- іске қатысушының  рұқсатымен басқа да адамдар.

- әрекет қабілеттілігі  жоқ және шектеулі азаматтың ата-аналары, асырап алушылары қамқоршылары, қорғаушылары.

-хабар- ошарсыз   кеткендердің   мүлкіне қатысты  істер бойынша мүлкіне қамқорлықты  жүзеге асыратын адам.

- қайтыс болған адамдардың  мүлкіне қатысты іс бойынша  сақтаушы немесе қамқоршы.

Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.

АІЖК-ң 60-бабы бойынша  сотта өкіл бола алмайтын тұлғаларға  мыналар кіреді.

1.Судьялар,тергеушілер,  прокурорлар мен өкілді органның  депутаттары, олардың процеске  тиісті ұйымның уәкілеттік берілген  адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу  жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алмайды.

2. Адвокатура туралы  заңдармен белгіленген ережелерді  бұза отырып, заң көмегін көрсету  туралы тапсырма алған адвокаттар  сотта өкіл бола алмайды.

3. Адам егер мүдделері  өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамадарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса.

4. Бұрын осы  іс  бойынша судья, прокурор, сарапшы,  маман, аудармашы, куә ретінде  қатысса.

5. Істі қарауға қатысушы  лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса өкіл бола алмайды.

Өкілдің түрлері мен  негіздері. (тапсырма бойынша және заңды  өкілдік). Тапсырма бойынша өкілдіктің әр түрлері.

Сот пен өкілдердің арасында құқықтық қатынастар белгілі заңды  фактілерге байланысты туындайды. Ол фактілерге:

  • Сотқа өкілеттігін куәландыратын құжаттарды табыстау немесе өкіл берушінің өкіл тағайындау жөніндегі ауызша өтінішін хаттамаға тіркеу. АІЖК 59-бабы 6, 7 тармағы.
  • Өкілді іске қатыстыру жөніндегі соттың ұйғарымы жатады.

Азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша сотта өкілдік етудің 2 түрі бар.

а) Тапсырма бойынша өкілдік  ету.

б) Заңды өкілдер.

        Тапсырма бойынша өкілдік етудің  өзі бірнеше түрлерге бөлінеді.

- Шарттық өкілдер-тапсырма  шарты бойынша немесе еңбек  шарты бойынша пайда болады. Оған адвокаттың қызметі немесе азаматтардың өтініші бойынша кез-келген тұлғанаң өкіл ретінде қатысуы және тең қатысушылардың біреуінің басқа қатысушылар атынан өкіл ретінде іске қатысуы жатады. АІЖК 59-бабы 1, 6, 7 –тармағы.

- Қоғамдық өкілдер-  азаматтық қоғамдық бірлестіктерге мүше болуы негізінде пайда болады.

- Заң көмегін заңмен  немесе жарғымен басқа адамдардың  мүдделерін қорғау құқығы берілген  ұйымдардың уәкілетті адамдары  жүргізеді. АІЖК 59-бабы 3,4 –тармақтары.

- Жарғы бойынша өкілдік  ету –ұйымдардың ісін сотта заңмен, құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттік шегінде олардың органдары немесе өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. АІЖК 58-бабы 2 -тармағы, 59-бабы 2, 5-тармағы.

Заңды өкілдер АІЖК 63,304- баптарында көзделгендей әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі адамдарға тағайындалады. Олардың  өкілдері ретінде ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаншылары қатысады. Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушінің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды [17, 56-б].

Өкіл ретінде адвокаттың іске қатысу ерекшелігі.

Азаматтық сот өндірісінде  адвокаттың іске қатысуы арнайы заңмен реттеледі. 

       Адвокаттық алқаларда мүше болатын және мамандық негізінде заң көмегін көрсете алатын  жоғарғы заң білімі бар, 2 жылдан жоғары жұмыс стажы бар , адвокаттың әрекетті жүзеге асыруға лицения алған ҚР азаматы адвокат бола алады.

       Қасақана қылмысы үшін сотталған немесе әрекет қабілеттілігі жоқ немесе шектелген азаматтар, адвокаттық алқалардын шығарылғандар –адвокат бола алмайды.

Лицензия беру тәртібі  ҚР Әділет Министрлігі 1998 ж 21 қаңтар қабылданған  «Адвокаттық қызметпен шұғылдану  үшін лицензия беру тәртібі туралы.» бұйрығымен реттеледі.

     Лицензия біліктілік емтиханы тапсырылғаннан кейін беріледі және оның күші ҚР-ң бүкіл территориясына қатысты болады.

      Заң көмегін көрсету жөніндегі төлемақылар адвокат пен клиент арасындағы келісімдермен реттеледі.

      Адвокат заң көмегін көрсету негізінде белгілі болған мәліметтерді құпия түрінде сақтауға міндетті. Құпияны сақтамаған жағдайда жауапкершілікке тартылады.  Адвокаттық қызмет туралы заңның 3, 18 –баптары.

Соттағы өкілдің өкілеттіктері.

Соттағы өкілдердің өкілеттігі жалпы және арнайы болып бөлінеді.

        Жалпы өкілеттілікке сот шешімі мен ұйғарымына шағындану құқығынан басқа АІЖК-ң 47-бабында көзделген барлық әрекеттер кіреді.

     Арнайы өкілеттілікке АІЖК-ң 61-бабында аталған әрекеттер кіреді. Аталған іс-әрекеттерді әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.

      Әрбір өкіл өзінің өкілеттігін куаландыратын  құжатын және жеке басын куаландыратын құжатын сотқа табыс етуі тиіс.

      Адвокаттың нақты іс жүргізуге арналған төкілеттігі немесе адвокаттың кеңсе берген ордермен, ал ол кызметін дербес жүргізген жағдайда адвокат клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады [4, 34-б].

Кәсіптік одақтар мен  басқа ұйымдық уәкілеттік берілген адамдар сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруге тиіс. 159 бап, 3,4,5-тармақ.

Заңды тұлғаның басшылары  заңды тұлға атынан тиісті сенімхаттар  береді.

59-баптың 6,7-тармағы бойынша  ауызша сенім бірдіру сот хаттамасына енгізілуі тиіс.

Ата-аналар заңды өкіл ретінде сотқа АХАЖ органдар берген баланың тууы туралы куәлігін беруі  тиіс.

Асырап алушылар-сот  шешімдерін және жаңадан алған тууы туралы куәлікті көрсетуі тиіс.

Қамқоршылар мен қорғаушылар  сол органдардан берілген актілерді көрсетуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Құқық принциптерінің мәнін  дұрыс түсіну үшін олардың тек  мазмұнын ғана емес, сондай-ақ, құрылымын  да білу қажет. Бұл құрылым үш компоненттен тұрады: 1-құқықтық сана жөнінде нақты  түсініктен, сонымен қатар, құқықтьқ ғылымда судьялардың және басқа да заңгерлердің құқықтық санасынан; 2-тиісті ережелерді қолданыстағы заңнамада бекіту; 3-құқық принциптерінің нақты қоғамдық қатынастарда жүзеге асырылуы (біздің жағдайда, азаматтық істерді қарап және шешу барысында сот қызметінде).

ҚР АІЖК-де сот пен  іске қатысушылар арасындағы қатынасты  реттеуге, сондай-ақ нақты азаматтық  істі шешуге бағытталған азаматтық  сот ісін жүргізудің принциптері  құқықтық нормаларда бекітілген. Олар азаматтық іс жүргізу құқығының  жеке зерттеу құқықтық институты болып танылады.

Азаматтық іс жүргізудің құқық саласында құқықтық нормалар қабылдау және қолдану қызметінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні зор екенін байқауға болады. Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін орындаудың бастапқы шарты ретінде азаматтың сот ісін жүргізу принциптерін сақтау және оларға сәйкес іс жүргізу әрекеттерін сот және басқа да іске қатысушыларымен жасау болып танылады.

Азаматтық сот ісін жүргізу  принциптерінің мән-мағынасы туралы дұрыс  көрініс алу азаматтың іс жүргізу құқықтық саласының дамуына және азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруына соттардың қызметін жетілдіру үшін қажет.

Құқық нормаларын қолдану  сот қызметінде іс жүргізу нормаларын дұрыс түсінуге және қолдануға азаматтық  сот ісін жүргізу принциптерінің мәнін білу қажет-ақ. Тек қана азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасын біліп түсінгенде ғана төрағалық етуші судья және басңа да қатысушылар өздерінің іс жүргізу құқықтарын дұрыс пайдаланады және іс жүргізу міндет-терін дұрыс орындай алады. Осылай, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда сот, іске қатысушылар және тағы басқалары ҚР АІЖК-де белгіленген мынандай нормаларды ескерулері тиіс:

-   істерді шешу  кезінде соттың заңды бұзуына  болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңнын, бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады (6-баптың 3-бөлігі);

-   азаматтық сот  ісін жүргізу принциптерін бұзу  оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады (23-бап).

Басында жазылғандай, бірқалыпты және өзгермейтін құқық принциптері  болмайды. Сондықтан қолданыстағы заңнамамен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізу  иринциптері жалпы жиынтығы бойынша  зерттеуге жатқызылады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері соттармен құқықтық нормаларды дұрыс түсінуге және қолдануға септігін тигізеді, заң шығару тәжірибесі үшін негіз қалаушы болып табылады. Сондықтан принциптер азаматтық іс жүргізу құқық саласында мазмұны бойынша жаңа құқық нормаларын әзірлеп қабылдауға және қолданыстағыларын өзгертіп жаңартуға үлкен үлес қосады.

Азаматтық іс жүргізу  құқық нормаларымен реттелген азаматтық  сот ісін жүргізудің бастапқы идеяларына, негіздеріне сүйене отырып құрылады. Осы азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеялары (принциптері) азаматтық істер бойынша сот төрелігінің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Барлық азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жиынтығы бойынша бір-бірімен тығыз байланыс құрып және бір-бірін толықтыра отырып, біртұтас жүйе (грек тілінен зузіета — бөлектерден құрылған тұтас байланыс) құрайды. Жүйе дегеніміз — нақты тұтастықты құрайтын, бір-бірімен тиісті қатынаста болатын көптеген элементтер. Осылайша, азаматтық сот ісін жүргізу бір-бірімен байланыстағы принциптердің жиынтығын құрайды. Тиісінше принциптер өзара байланыс пен қатынаста болып біртұтас жүйе құрайды.

Азаматтық сот ісін жүргізу  принциптерінің жүйесі объективті сипатта  болуына қарамастан, заң әдебиеттерінде оның құрамы және осы жүйеге кіретін  кейбір жеке принциптердің атауы  бойынша бірқатар ой-пікірлер бар.

Біртұтас жүйеде орналасқан азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің әрқайсысы азаматтьщ іс жүргізу  құқығының мазмұнын ашады. Азаматтық  сот ісін жүргізудің принциптер жүйесі санына қарай құрылған жоқ, олардың  әрқайсысы өздерінің қызмет атқару, мағынасы және сипаты бойынша жинақталған.

Азаматтық сот ісін жүргізу  принциптерінің атаулары мен көлемі өздігінен өзгермейді. Әдетте, азаматтық  сот ісін жүргізу принциптері  республикамыздың Конституциясында, ал басқалары ҚР АІЖК-де бекітілген.

Қазақстанның қазіргі  даму кезеңінде азаматтық сот  ісін жүргізу принциптерін бұзбай қолдану  және олардың кеңінен таралуы  оның демократиялық және құқықтық мемлекет болуына кепілдік беретіні даусыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды