Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер — бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.

Работа содержит 1 файл

Азаматық іс жүргізу құқығының қағидалары.doc

— 250.50 Кб (Скачать)

Нормативті құқықтық актілер мына мерзімде күшіне енеді.

  • ҚР заңдары, ҚР президент жарлықтары, ҚРҮкіметінің қаулылыры-егер заңның өзінде басқа мерзімдер көзделген ресми жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде,
  • ҚР Парламентінің қаулылары –актіде өзгеше көзделмесе-ресми жарияланған күннен бастап,
  • ҚР Конституциялық  кеңесінің қаулылары –қабылданған күннен бастап,
  • ҚР жоғарғы соттының нормативті қаулылары ресми жарияланған күннен бастап 10 күннен кейін.

Жаңа міндеттер жүктейтін , процеске   қатысушыларда бар құқықтардың  күшін жоятын немесе оларды кемітетін , олардың пайдаланылуын қосымша  шарттармен шектейтін азаматтық  іс жүргізу заңының кері күші болмайды.

Азаматтық іс жүргізу заңының кеңістіктегі күші «Нормативтік құқықтық акт туралы»  заңның ережелеріне сәйкес анықталады.

ҚР Президенті, Парламенті, Үкіметі, Конститутциялық кеңесі,  жоғарғы соты қабылдаған нормативтік  құқығы актілерінің  күші егер актінің өзінде басқаша көзделмесе ҚР бүкіл территориясына тарайды.  Нормативтік актілердің күші ҚР территориясындағы  бүкіл азаматтар мен заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық шарттарда өзгеше  көзделмесе шетел азаматтары   мен азаматтығы жақтарға қолданылады [1].

Дәлелдемелер дегеніміз  –істің дұрыс шешілуіне әсер ететін шынайы мәліметтер. Дәлелдемелер біріншіден, іске қатысты болуы тиіс;

екіншіден, заңда көзделген  дәлелдемелердің түрі болуы тиіс

Соттағы дәлелдемелерді сипаттайтын бірінші белгі, - соттағы дәлелдемелер заңды тәсілмен алынған нақты мән-жайлар болуы тиіс деген теореманы тереңірек ашатын болсақ, ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 9-тармақшасында заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды делінген  [17, 56-б]. Сонымен бірге АІЖК–ң 69-бабының 3-тармағында заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердің заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды деп көрсетілген.

Соттың дәлелдемелердің  бірінші белгісінде дәлелдемелерге жол беру ережесі көрініс табады. АІЖК-ң 68-бабының 1-тармағында егер дәлелдеме  осы кодексте негізделген тәртіппен  алынса, дәлелдемеге жол беруге болады деп танылады. Куәлерден жауап, тараптар мен үшінші тұлғалардан жауап, жазбаша және ауызша дәлелдемелер, сарапшының қорытындысы заңда көрсетілген тәртіппен  алынуы тиіс.

АІЖК-ң 69-бабында дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайтын  нақты деректер көрсетілген. Нақты  деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:

  1. Күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс - әрекеттерді қолдана отырып;
  2. Оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалана отырып;
  3. Осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты;
  4. Қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына байланысты;
  5. Іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;
  6. Белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
  7. Дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиіс.

Іс бойынша іс жүргізу  кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамшылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша сот белгілейді [12,32-б].

Аталған тәртіп бұзушылықтармен  алынған нақты деректер тиісті тәртіп бұзушылықтардың және оларға жол  берген адамдардың кінәлілігінің дәлелдемесі  ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Соттағы дәлелдемелерге тән екінші белгі дәлелдемелердің іске қатысты болуы. Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.

Сот дәлелдемелердің  қатыстылығына байланысты сұрақты  шешкенде ізделініп отырған фактінің шеңберінен шығады, яғни , дәлелдемелердің  қатыстылығы дәлелдеу пәнімен анықталады. Егер іс бойынша нақты деректер мен  заңды фактілермен басқа да мән-жайлардың  арасында байланыс бар болса, онда сот дәлелдемелерді іске қатысты деп таниды. Ал ондай байланыс болмаса дәлелдемелік материалдар іске қатысты емес деп танылады.

Олай болса, дәлелдемелердің  қатыстылығына байланысты мәселелер, бірінші кезекте материалдық  құқықтық нормаларына сәйкес жүргізіледі. Себебі дәл материалдық құқық нормаларында маңызды фактілер бекітілген.

Практикада нақты деректердің  қатыстылығын анықтауда кейбір қиыншылықтар туындайды.

Соттық дәлелдемелерге қатысты үшінші белгі – дәлелдемелерді заңда қарастырылған тәсілдер арқылы алу. Заңда көзделмеген тәсілдермен алынған дәлелдемелер соттық дәлелдемелер деп танылмайды.

Дәлелдемелерді алудың заңда қарастырылған түрлері  мыналар:

- тараптар мен үшінші  тұлғалардың түсініктемелері;

- куәлердің жауап беруі;

- жазбаша дәлелдемелер; 

- заттай дәлелдемелер;

- сарапшылардың қорытындысы;

Азаматтық істер бойынша  дәлелдеу міндеті тараптарға жүктелген. АІЖК-ң 65-бабына сәйкес әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының  негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәлелдеу әрекетінде тараптар іс жүргізудің жарыспалылық қағидасына сүйенеді.

Дәлелдеу  құқығы теориясында, дәлелдеу – бұл  тараптардың міндеті емес, құқығы деген пікір бар. Сондықтан бұл  жерде «дәлелдеу ауыртпалығы» (бремя  доказывания) деген терминді қолдану дұрыс сияқты. Аталған жағдайға байланысты теорияға көптеген пікірлер ұсынып, дискуссия жүргізуге болады, бірақ заң тараптарға дәлелдеу міндетті деп көрсетіп отыр АІЖК-ң 65-бабы.

Талапкер өз талабының  негізін құрайтын мән-жайларын, жауапкер-талапқа қарсы негіздерін, дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар-өзінің қойған талабын негіздейтін мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәл сондай міндет мемлекеттің және қоғамның, сондай-ақ өзге тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта қорғау үшін талап арыз немесе арыз беретін прокурорға, мемлекеттік органға жергілікті өзін-өзі басқару органына,жекелеген азаматтарға жүктейді.

 

 

1.3 Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері

 

Азаматтық сот өндірісі-азаматтық  құқықты мәжбүрлеп жүзеге асырудың тәртібі, яғни материалдық-құқықтық табиғаты бір-біріне сәйкес келетін, белгілі бір шеңберге кіретін азаматтық істерді бірінші инстанцияда заңда бекітілген тәртіппен қарап шешу. Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер. Азаматтық сот өндірісінің міндеттері кодекстің 5-бабында көзделген, онда азаматтар мен ұйымдардың даулы құқықтарын, бостандығын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың  алдын алу болып табылады делінген [4,21-б]. Азаматтық істердің жекелеген топтары қозғалуына, қаралуына, немесе шешілуіне байланысты бір-бірінен ажыратылады және өздеріне тән ерекшеліктері болады.Осыған байланысты сот өндірісі ҚР АІЖК-де мынандай 4 топқа бөлінген:

  1. Бұйрық арқылы іс жүргізу
  2. Талап арқылы іс жүргізу
  3. Ерекше талап қою  бойынша іс жүргізу
  4. Ерекше өндіріс

Бұйрық өндірісінде 1 тарап болып арыз беруші (кредитор) болса, 2-ші тарап борышкер болып  табылады. Тарптар ретінде іске ұйымдар  немсе жеке азаматтар қатысуы  мүмкін.

Бұйрық өндірісінде қаралатын істерге ақша сомаларын жылжымалы мүлікті өндіріп алуға байланысты істер кіреді.

Ал жылжымайтын мүлікке  басқа да өндіру алуға байланысты істерді сот өндірісінің жалпы  ережелері бойынша қарайды.

Бұйрық өндірісінде  қаралатын істердің нақты категориясытікелей заңды атап айтқанда, АІЖК 140 бабында көрсетілген.

Азаматтық істердің көптеген бөлігі талап өндірісі тәртібімен қаралады. Сондықтан да талап өндірісінің  ережелері азаматтық сот өндірісіндегі  жалпы ережелер болып танылады.

Талап өндірісі бойынша азаматтық істер талап арыз жазу арқылы қозағалады.

Азаматтық іс жүргізу  нормаларынан талап өндірісінде  түрлі материалдық құқықтық қатынастардан  туындаған істер қаралып. Шешілетіні белгілі. Талап өндірісінде қаралатын  істердің барлығы азаматтық-құқықтық даулардың яғни, құқық туралы даудың бар болуы мен сипатталады. Құқық жөніндегі даудың негізі- құқықтың бұзылуы немесе құқықтық бұзылу қаупінің болуы.

Құқық қорғаудың талаптық нысанасына яғни талап өндірісіне тән белгілер:

1.Құқық туралы даудың  немесе заңды мүддеснің бар болуы.

2.Заңды мүдделері бір-біріне  қарама-қайшы тараптардың арасында басталған істер бойынша істің қаралуы және шешілуі; Дауласушы тараптарға заң бірдей іс жүргізу мүмкіндіктерін береді.

Ерекше талап өндірісіндегі  істер сот өндірісінің жалпы ережелерін қолдана отырып шешіледі. Оған сот өндірісінің қағидалары, іс жүргізудің сатылары, дәлелдеу тәртібі, сот мәжілісінің хаттамасы істі қысқарту, арызды қараусыз қалдыру негіздері т.б. ережелер кіреді.

Дегенмен, ерекше талаптың сот өндірісінің өзінетән мынандай ерекшеліктері бар.

1. Ерекше талаптың  өндірісте істі қозғаудың құралы  ретінде талп арыз емес арыз  беріледі.

2. Арыз берудің мерзімі  әрбір іс үшін заңда белгіленген,  және істі қарау мерзімі біршама  істер үшін қысқартылған.

3. Іс бойынша 1 тарап азамат немесе қоғамдық бірлестік ал, 2-ші тарап мемлекеттік орган немесе ұйғарымның лауазымды адам болып табылады.

4. Ерекше талаптың  өндірісте талаптан бас тарту  немесе бітімгершілік келісіміне  келу мүмкіндігі болмайды. 

5. Сотқа арыз беруге  арналған мерзімдер әрбір іс бойынша жеке көрсетілген.

Топтық және аумақтық соттылық ережелерінде ерекшеліктер қарастырылған.

Ерекше өндірісте іс қаралғанда АІЖК 31-39 тарауларындағы толықтырулар мен ерекшеліктерді қоспағанда талап  өндірісінің жалпы тәртібі қолданылады.

Ерекше өндірістің ерекшеліктері  болып саналады:

  1. Іс бойынша тарап ретінде талапкер және жауапкер емес. Тек 1 тарап арызданушы ғана қатысады және үшінші тұлғалар іске тартылмайды.
  2. Ерекше өндірісте талап өндірісіне тән институттар, атап айтқанда жауапкердің талапты мойындауы, талаптан бас тарту, бітімгершілік келісіміне  келу, қарсы талап қою  сияқты әрекеттер  қолданылмайды.
  3. Істі қозғау құралы ретінде талап арыз емес арыз немесе шағым беріледі.
  4. Ерекше өндірісте аумақтық соттылықтың жалпы ережелері бойынша емес әр категориялы іске әртүрлі соттылық белгіленеді және салыстырмалы, шарттық, өзара байланысты істердің соттылығы ережелері қолданылмайды. 

Ерекше өндіріс бойынша  қаралатын істердің өзіндік жалпы  ерекшеліктерінен бөлек қаралатын  түрлі істердің әрқайсысының сотта қарау тәртібінің арнайы ерекшеліктері қарастырылған [15, 34-б].

Ерекше өндіріс-азаматтық  сот өндірісінің жеке бір түрі ретінде белгілі шеңбердегі азаматтық  істердің тізбесін қамтиды. Ерекше өндірісте  қаралатын азаматтық істердің тізбесі  АІЖК-ң 289-бабында анық көрсетілген.

Азаматтық іс жүргізудің сатылары.

Іс ж үргізудің сатылары түпкілікті бір мақсатқа жету үшін белгіленген  іс жүргізу әрекеттерін біріктіретін сот өндірісінің бөлімі немесе этап. Азаматтық іс жүргізу келесі сатыларға  бөлінеді.

1.  І инстанциядағы  сот өндірісі: істі қозғау, істерді  соттарда қарауға әзірлеу, сотта  істі қарау. Сотта істі қарау  немесе соттық талқылау шешім  шығарумен немесе қортынды ұйғарым  шығарумен аяқталады. 

2. Апелляциялық инстанцияда  істерді қарау, яғни апелляциялық шағым беру немесе наразылық келтіру арқылы заңды күшіне енбеген сот актілерін жоғарғы сот инстанциясында мәні бойынша қайта қарау.

3. Қадағалау сатысы, яғни  заңды күшіне енген сот актілерін  арнаулы соттық қадағалау инстанцияда  қайта қарау. 

4. Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған мән- жайлар бойынша қайта қарау.

5. Орындау өндірісі - атқару  органдары арқылы сот шешімдерімен  актілерін мәжбүрлеу арқылы орындау. 

Процестің әрбір сатысы белгілі  бағытқа ие болады және бір мақсатқа жету арқылы аяқталады бірақ әрбір азаматтық іс процестің бүкіл сатысынан өтуі міндетті емес. Мыс: іс бойынша апелляциялық шағым берілмесе немесе мүжбүрлеп орындату қажеттігі туындамаса І- инстанцияда іс қаралғаннан кейін аяқталады.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды