Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер — бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.

Работа содержит 1 файл

Азаматық іс жүргізу құқығының қағидалары.doc

— 250.50 Кб (Скачать)
  1. Құқық туралы даудың субъектісі болып табылмайды.
  2. Талапкерге немесе жауапкерге қандай да болмасын талап қоймайды.
  3. Екі тараптың біреуімен ғана материалдың құқықтық байланыста болады.

Азаматтық іс жүргізуге  прокурордың қатысуы.

1. Азаматтың іс жүргізу  прокурордың қатысуының негіздері және нысандары.

2 . Бірінші сатыдағы  сотқа прокурордың қатысуы. Оның  құқықтары мен міндеттері.

3.Прокурордың апелляциялық  және қадағалау сатысындағы соттарға  қатысуы.

Азаматтың іс жүргізу  прокурордың қатысуының негіздері  және нысандары.

Азаматтық іс жүргізуде  прокурордың іске қатысу негізі - сот  ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл  және бір үлгіде қолданылуын, азаматтарың  құқықтарын, бостандықтарын және заңды  мүдделерін, ұйымдардың заңды мүдделері  мен құқықтарын, мемлекеттік мүдделерді қорғау болып табылады.

 Мемлекет атынан  жоғары қадағалау жүргізу ісін  ҚР-ң Бас прокуроры тікелей  өзі және өзіне бағынатын прокурорлар  арқылы жүзеге асырады.(АІЖК 55 -бабының  1- тармағы.)

АІЖК-ң 44-бабына сәйкес прокурор іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіреді.

Азаматтық сот өндірісінде  прокурордың іске қатысуының 2 нысаны заңмен қарастырылған.

  1. Сотқа талап арыз немесе шағым беру арқылы істі бастау.
  2. Басқа тұлғалардың бастамасымен басталған іске қорытынды жасау үшін қатысу.

Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін және қоғамдық мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Ал, әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады [2,96-б].

АІЖК 309-бабының 1-тармағы  бойынша азаматты психиатриялық  стационарға мәжбүрлеп жатқызу  туралы іс тек прокурордың арызы  бойынша қозғалады.

Талап қоюшы прокурор басқа талапкерден мынандай белгілерімен ерекшеленеді.

- Прокурор баж салығын  төлемейді және барлық сот  шығындарынан босатылады.

- 154- бабтың 1- тармағының 3-4 бөлімдерінде көзделген талап  арызды қайтаруға негіз болатын  мән-жайлар талап қоюшы прокурорға  қатысты болып табылмайды. (қол қоюға өкілеттілігі жоқ адам қол қойса, талапты әрекетке қабілетсіз адам берсе)

-  Прокурор өз талап  арызында қандай құқықтың бұзылғандығына  және қай заңға немесе нормативтік  актіге жүгінгендігіне сілтеме  жасауы, сонымен қатар мүдделі  тұлғаның өзі талап қоя алмау себебін және өз атынан талап қоюға келісімін білдіретін құжатты қоса тіркеуі қажет. 55-баптың 4- тармағы бойынша мүдделі тұлға прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, үшінші тұлғалардың заңды мүдделері қозғалмаса онда сот талап қоюды қараусыз қалдырады.

Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаның істің мәнісі бойынша қарауды талап ету  құқығынан айырмайды. Бұл жағдайда талап қоюшы мемлекеттік баж  салығын төлеуден босатылмайды.

Прокурор өз бастамасы бойынша немесе соттың бастамасымен басталған істерге қорытынды беру үшін қатысады. Прокурордың бұндай қатысуының өзі 2-түрге бөлінеді.

а) Міндетті қатысу

б) Факультативті қатысу.

Міндетті қатысу заңмен көзделген жағдайда немесе прокурордың  қатысуын сот міндетті деп тапқан жағдайда пайда  болады.

Заңмен көзделген жағдайға АІЖК 284,299, Неке және отбасы заңының 68,71,96, баптары т.б кіреді.

Прокурордың қатысуын сот  міндетті деп табады, егер іс күрделі  немесе қоғам үшін маңызы жоғары болса. Іске прокурордың қатысуы жөнінде істі әзірлеу сатысында судья ұйғарым шығарады және оны прокурорға жібереді.Жоғарыда  аталған жағдайлардан басқа уақытта прокурордың іске қатысауы міндетсіз болады.

Бірінші сатыдағы сотқа  прокурордың қатысуы. Оның құқықтары  мен міндеттері.

Прокурор бірінші инстанциядағы  сотта 2 түрлі нысанда іске қатысу барысында іс-материалдармен танысуға қарсылық білдіруге, дәлелдеулер табыстауға т.б АІЖК-ң 47- баб көзделген құқықтар мен міндеттерге ие болады. бірақ  прокурор бітімгершілік келісіміне келе алмайды және оған қарсы талап қойылмайды, себебі прокурор даулы материалдың құқыққатынасының субъектісі болып табылмайды.

Азаматтық іс прокурордың  талабы бойынша басталса, сол іс бойынша прокурор қорытынды беруге құқысы жоқ.

Прокурордың апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттарға қатысуы.

 Прокурор апеляциялық  немесе қадағалау инстанциясында  төменгі инстанцияларда қаралған  іс бойынша шығарылатын сот  актісіне наразылық келтіру арқылы  істі қозғауға немесе шағымдану  құқығына ие тараптардың бірінің  шағымы бойынша басталған іске қорытынды

беру үшін қатысуға құқығы бар.

Заңды күшіне енбеген  сот шешімдеріне ҚР Бас прокуроры  мен оның орынбасарлары, облыстық прокурор мен оның орынбасары, аудан прокуроры  мен оның орынбасары іске қатысу түрі мен нысанына қарамастан назарылық білдіре алады [11, 42-б].

Заңды күшіне енген сот  актілеріне ҚР Бас Прокуроры, оның орынбасары, Бас әскери Прокурор, облыс пркуроры және оған теңестірілген прокурорлар  наразылық білдіруі құқықтығына  ие.

Прокурорға қарсылық білдіру негіздері:

а) егер пркурор: осы істі мұның алдындағы қарау негізінде куә, сарапшы, маман, аудармасшы сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса.

б) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өнімдерінің біреуінің  туысы боса.

в) істің нәтижесіне тікелей немесе жанама түрде мүдделі немесе оның әділдігіне негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыста алмайды.

Азаматтық процеске басқа  тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың қатысуы.

Азаматтық процеске басқа  тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін

мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының,ұйымдардың және жекелеген азаматтардың қатысуының негіздері және мақсаттары.

  Басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін іске қатысушы мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары, жекелеген азаматтар іске қатысқанда  даулы материалдың құқыққатынасының субъектісі болып табылмайды. Сондықтан олар азаматтық процесте талапкер болып саналмайды. Іс бойынша өзінің атынан қозғалған тұлға талапкер болып табылады.    

Жоғарыда аталған тұлғалар АІЖК-ң 44-бабы бойынша іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіреді және АІЖК-ң 47-бабы бойынша іс жүргізу құқықтарын иеленеді және міндеттерді атқарады.

Аталған тұлғалардың  іске қатысу негізі органдардың заңмен немесе актілермен белгіленген құзіреттерін, функцияларын немесе қызметтік міндеттерін атқаруы болып табылады. Сондықтан олар іс бойынша тек процессуалдық-құқықтық қызығушылыққа ие болады. Аталған тұлғалар процеске өз атынан қатысады, бірақ бөтен адамдардың мүдделерін қорғайды.Басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін іске қатысушы мемлекеттік органдардың  іске қатысу мақсаты:

  • Нақты тұлғалардың мүддесін қорғау арқылы қоғамның немесе мемлекеттің мүддесін қорғау.
  • Өз мүддесін қорғай алмайтын адамдардың құқығын қорғау. (жасына, денсаулығына байланысты)
  • Азаматтық істердің дұрыс шешілуіне көмек көрсету.

АІЖК-ң  56,57-баптарына  сәйкес іске қатысудың екі нысаны бар:

    1. Өзге тұлғаның мүддесін қорғау үшін істі бастау. Ондай құқыққа мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және жекелеген азаматтар ие.
    2. Басқа тұлғалардың бастамасымен басталған іске қорытынды беру үшін қатысу. Оған мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқығы бар.

Мемлекеттік органдардың қоғамдық және мемлекеттік мүдделері қорғау үшін сотқа жүгінуі, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

Процеске қатысудың  бірінші нысаны 56-бапта көзделген. Осы бап бойынша аталған мемлекеттік  органдар мен ұйымға мыналар кіреді:

1) Қорғаншы және қамқаошы органдар;

- Некені жарамсыз деп  тану (неке және отбасы заң  25- бабының 1 -тармағы)

- Ата-аналық құығынан  айыру (68 -б  1- т)

- Ата-аналық құқығын  шектеу  (71- б  3- т)

- Азаматты хабар-ошарсыз  кетті деп немесе қайтыс болды  деп жариялау (АІЖК 296- б 2 -т)

- Азаматты әрекет қабілеттілігі  шектеулі деп тану АІЖК (302- б  1,2- т)

(қамқоршы және қорғаншы  органдар болып жергілікті атқарушы  ұйымдар кіреді. Олар өз әрекеттерін  әлеуметтік қамсыздандыру, білім  беру, денсаулық сақтау органдары  арқылы жүзеге асырады.)

2) Мемлекеттік органдар:

- Жылжымайтын мүлікке  меншік құқығын тану. Азаматтық  код (314- б 2 тармақ )

3) Кәмелетке толмаған  ісін қарайтын комиссиялар.

4) Ұйымдар, қоғамдық  бірлестіктер.

- Психиатриялық емдеу  мекемелері –азаматты әрекетке  қабілетсіз деп тану жөнінде.

- Сайлауға байланысты  құқықтарды қорғау.

5) Жекелеген азаматтар.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар  азаматтар өзге тұлғаның мүддесін қорғау арқылы істі қозғағанда мемлекеттік  баж салығын және басқа да сот  шығындарын төлеуден босатылады, бітімгершілік келісіміне келе алмайды, және оларға қарсы талап қойылмайды.

Аталған органдар мен  адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделеріне сай іс қозғалған  адамды істі мәні бойынша қарауды  талап ету құқығынан айырмайды. Бұл жағдайда талапкер жалпы тәртіп бойынша мемлекеттік баж салығын төлейді.

Егер мүдделеріне сай  іс қозғалған адам мәлімделген талапты  қолдамаса сот талап арызды  қараусыз қалдырады.

Мемлекеттік органдар мен  ұйымдар сот жарыссөзінде саңынан  сөз кезегін алады.

Мемлекеттік органдардың  іске қатысуының прокурордың іске қатысуынан айырмашылығы мынандай:

  • Прокурор кез-келген категориялы істі бастауға құқығы бар.
  • Мемлекеттік органдар заңмен көзделген тәртіпте тек нақты істерді қозғай алады.

56-бап бойынша аталған  тұлғалардың соттағы өкілдерден  айырмашылығы:

-56 бапта аталған тұлғалар  істі өздерінің қызметтік міндетіне  байланысты бастайды.

- Процесте өз атынан  қатысады.

Мемлекеттік органдардың  іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы. Олардың құқықтары мен міндеттері.

Мемлекеттік органдардың  іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы, яғни азаматтық істер бойынша сотқа қатысудың  2-ші нысаны АІЖК-ң 57- бабында  қарастырылған .            

Ондай органдарға:

  • Қамқоршы қорғаншы органдар
  • Тұрғын үй ұйымдары
  • Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары кіреді.

Олар АІЖК-ң  47-бабында  көрсетілген құқықтар мен міндеттерді  иеленеді. Мемлекеттік органдардың  қорытындысы жазбаша нысанда  беріледі. Қорытындыға ұйым жетекшісі  қол қояды және мөрмен куәләндырылады. Қорытынды сот процесінде барлық дәлелдемелер зерттеліп болғасын оқылады. Сот және іске қатысулар мен олардың өкілдері қорытындыға байланысты сұрақтар қоюға және қорытындыны түсіндіруін өтінуіне болады [3].

Мемлекеттік органдардың  қорытындысының прокурордың қорытындысынан  айырмашылығы

Мемлекеттік органдардың  қорытындысы арнайы құзыретіне сай нақты сұрақтарға жауап береді, ал прокурор  қорытындыны бүкіл іс бойынша жасайды.

     Сотта өкілдік ету.

Сотта өкілдік етудің және соттағы өкілдің түсінігі, мақсаты 

АІЖҚ-ң 58-бабы бойынша  азаматтық істерді сотта әрбір  азамат өзі немесе өкілі арқылы жүргізуі мүмкін.

Істі азаматтың тікелей  өзі жүргізуі оны осы іс бойынша  өкіл алуқұқығынан айырмайды. Ұйымдардың істерін өз құзіреті шегінде заңмен, нормативті құқықтық актімен немесе құрылтай құжатымен бекітілген органдары  немесе өкілдері жүргізеді.

    Азаматтық  істі өкіл арқылы жүргізу немесе  сотта өкілдік ету 3 түрлі себеппен  айқындалады:

  1. Мүдделі тұлғаның істі өзі жүргізуі қолайсыз болса.
  2. Мүдделі тұлғаға біліктілік заң көмегі қажет болса (адвокаттың көмегі)
  3. Істі өзі жүргізу мүмкіндігі жоқ болса (әрекет қабілеттілігі жоқ болса, кәмелет жасқа толмаса т.б.)

Сотта өкілдік ету-азаматтық  істерді қарау және шешу кезінде  туындайтын сот пен өкілдің және өкіл мен өкіл тағайындаушының арасындағы қатынастарды реттейтін азаматтық  іс жүргізу құқығының жеке институты.

  1. сот пен өкіл арасында
  2. өкіл мен өкіл тағайындаушы мыс: (талапкер мен адвокат арасында)

Аталған қатынастар азаматтық  іс жүргізу құқығының тиісті нормаларының негізінде туындайды. АІЖК-58,62,63-баптары.

   Сотта өкілдік  етудің мақсаты:

- Өкілдік беруші тұлғаның  мүддесін сотта қорғау.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды