Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер — бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.

Работа содержит 1 файл

Азаматық іс жүргізу құқығының қағидалары.doc

— 250.50 Кб (Скачать)

Азаматтық істер бойынша  дәлелдеу міндеті тараптарға жүктелген. АІЖК-ң 65-бабына сәйкес әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәлелдеу әрекетінде тараптар іс жүргізудің жарыспалылық қағидасына сүйенеді [2, 21-б].

Дәлелдеу  құқығы теориясында, дәлелдеу – бұл  тараптардың міндеті емес, құқығы деген пікір бар. Сондықтан бұл  жерде «дәлелдеу ауыртпалығы» (бремя  доказывания) деген терминді қолдану  дұрыс сияқты. Аталған жағдайға байланысты теорияға көптеген пікірлер ұсынып, дискуссия жүргізуге болады, бірақ заң тараптарға дәлелдеу міндетті деп көрсетіп отыр АІЖК-ң 65-бабы

Талапкер  өз талабының негізін құрайтын мән-жайларын, жауапкер-талапқа қарсы негіздерін, дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар-өзінің қойған талабын негіздейтін мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәл сондай міндет мемлекеттің және қоғамның, сондай-ақ өзге тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта қорғау үшін талап арыз немесе арыз беретін прокурорға, мемлекеттік органға жергілікті өзін-өзі басқару органына,жекелеген азаматтарға жүктейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Азаматық іс жүргізу құқығының қағидалары

 

2.1 Азаматтық іс жүргізу  құқығының қағидаларының түсінігі 

маңызы және жүйесі

 

Құқық қағидасы бұл құқықтың нормативті-жетекшісі және негізі. Қағида (принцип) латын тілінен аударғанда негіз, бастау деген мағынасы білдіреді.

Ал азаматтық іс жүргізу  құқығының қағидасы дегеніміз осы  құқық саласының негізгі  ережесін, мазмұны мен ерекшелігін айқындаушы нормалар.

Азаматтық сот өндірісі азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен бекітілген бірнеше негізгі бастаулардан тұрады [14,87-б].

АІЖҚ қағидалары бір-бірімен  тығыз байланысты, сондықтан толық  бір жүйені құрайды.

Сонымен АІЖ қағидаларының  жүйесі дегеніміз –осы құқық саласының  логикалық өзара байланысты  барлық қағидаларының жиынтығы.

АІЖҚ-ң қағидалары 2 топқа  бөлінеді:

  1. Конститутциялық, яғни мемлекеттің Конститутциясына бекітілген қағидалар. Оларға: Барлық адамдардың заң  мен сот алдындағы  теңдігі ҚР. Конститутциясы 14-бабы. Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы 75-бабы, 1-тармағы. Судьялардың тәуелсіздігі 77-бабы т.б. жатады.
  2. Салалық яғни, мемлекеттің заң саласына бекітілген қағидалары. Оларға: Сотта істі қараудың жариялылығы , сот талқылауының ауызша және тікелей жүргізілуі , азаматтық істерді алқалы және жеке дара қарау т.б.

       Іс жүргізу субъектілерінің құқықтық әрекеттері мен құқықтық жағдайына  әсер етуіне байланысты қағидаларды:

А) Соттың әрекеттерін  реттейтін

Б) Іске қатысушы тұлғалардың  әрекеттерін реттейтін қағидалар  деп бөлуге болады.

1-не: Сот төрлігін тек  соттың жүзеге асыруы, судьялардың  тәуелсіздігі, істерді жеке және  алқалы түрде қарау  қағидалары  жатады.

2-не: диспозитивтік , іс  жүргізуде тараптардың теңдігі  т.б. жатады.

М.А. Гурвич және М.К.Треушников азаматтық сот өндірісінде қағидаларды құқықтық реттеу объектісіне қарай:

А) Ұйымдастырушылық-функционалды, яғни соттың және процестің реттелуін  бір мезгілде айқындайтын қағидалар

Б) Функционалды қағидалар  деп екі топқа бөледі.

Дәлелдемелерді зерттеу  және бағалау азаматтық іс жүргізу қағидаларын қатаң сақтай отырып сотпен, тараптармен және басқа да іске қатысушылармен жүзеге асырылады.

Дәлелдемелерді зерттеу  соттық талқылау кезінде іске қатысушылардың түсініктемелерін тыңдау, куәлерден  жауап алу, сарапшының қорытындысын тыңдау, жазбаша дәлелдемелерді жариялау, заттай дәлелдемелерді қарау, хаттамаларды жариялау, сот тапсырмасын орындау және дәлелдемелерді қамтамасыз ету жолдарымен іске асырылады [3,123-б].

Дәлелдемелерді зерттеуде  сот белсенді әрекет етеді, дәлелдемелерді зерттеу тәртібін сот бекітеді. Судьяның кез-келген уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында тараптарға, үшінші тұлғаларға куәлерге, мамандарға, сарапшыларға сұрақтар қоюға құқылы.

Затты тұрған жерінде  қарау арқылы дәлелдемелерді зерттеу  заңмен нақты бекітілген. АІЖК-ң 84∙87, 88, 170-баптық 9-тармағы, 204-баптары.

Кейіннен қарап, зерттеу  мүмкін болмайтын жазбаша және заттай дәлелдемелерді сот, істі сотта қарауға  әзірлеу кезінде тұрған жерінде  қарайды.

АІЖҚ-ң 88-бабына сәйкес тез  бүлінетін затта дәлелдемелерді сот дереу қарап шығады және зерттейді, одан кейін оларды қарап шығуға әкелген адамға қайтарады. Мұндай заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеу орны мен уақыты туралы іске қатысушы адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарау кезінде келе алса, хабарланады. Хабарланған іске қатасушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі келтірмейді. Қарап шығу және зерттеу деректері хаттамаға енгізіледі.

АІЖҚ-ң 87бабының 2-тармағына  сәйкес сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада егжей-тежейлігі сипаттауға, ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге және мөрмен бекітуге тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамасы іске қосып тігіледі [11,76-б].

АІЖК-ң 84-бабы бойынша  жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған ретте сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді беруді талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойылған жерде қарай алады және зерттей алады. Затты тұрған жерінде қарау туралы іске қатысушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі келтірмейді.

Жазбаша және заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарау арқылы жиналған материалдар мен хаттамалар іске қоса тіркелгеннен соң оларды зерттеу  үшін сот залында жариялануы тиіс.

Сот тарапынан дәлелдемелерді бағалау-соттағы дәлелдеудің соңғы бөлімі болып табылады.

АІЖК-нің 70-бабында тексеру  нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме  рас деп есептеледі, деп көрсетілген. Істің жән – жайы туралы дұрыс  емес мағлұмат беретін материалдар дәлелдеме ретінде танылмайды. Істегі дәлелдменің жалған екені мәлімделген жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер қатарынан алып тастап, істі өзге дәлелдемлердің негізінде шешуді өтіне алады.

Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына алады. Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, судья материалдарды бұл жөнінде прокурорға хабарлай отырып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тиісті анықтау немесе алдын-ала тергеу органына жібереді [5,78-б].

Дәлелдемелердің растығын өзара салыстыру арқылы да тексеруге  болады.

Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.

Дәлелдемелердің жеткіліктілігі іс бойынша олардың толық жиналғандығымен сипатталады. Дәлелдеменің шындыққа сай екенін және дәлелдеу күшін анықтай  отырып сот қойылған талапты толық не ішінара қанағаттандырады немесе қарсылық білдіреді. (қанағаттандырудан бас тартады.)

Сот дәлелдемелерді бағалағанда  белгілі қағидаларды басушылыққа алуы тиіс:

  1. Судья істе бар дәлелдемлерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды. Аталған бірінші ереже сот өндірісінің әлемдік практикасында көптеп қолданылады. Бұл қағида дәлелдемелердің растылығы мен жеткіліктілігін, қатыстылығы мен жол берілуін, ешқандай сыртқы әсерлерден тыс судьяның өзі дербес жүргізіледі.
  2. Судьяның ішкі сенімі өз бетінше  ”тікелей“ тәжірибенің көмегінсіз, жалпы айтқанда шығармашылық сипатқа ие болуға тиісті емес. Ішкі сенім істегі дәлелдемелердің толықтығына, жан-жақтылығына, әділеттілігіне негізделеді. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау сот шешімінің сипаттау бөлімінде орын алады. Дәлелдемелердің дұрыс бағалануы апелляциялық және қадағалау сот инстанцияларында тексеріледі. Шығарылған сот шешімінде қай дәлелдемлерді сот қабылдағанын ал қай дәлелдемелерді сот қабылдамай тастағанын көрсетуі тиіс.
  3. Сот дәлелдемлерді бағалағанда заңды, яғни  материалдық  және процессуалдық құқық нормаларын басшылыққа алады. Судьяның ішкі сенімі оның заңды біліміне, көзқарасына, заңдылықтың жалпы бастауы мен мағынасын түсінуіне, әділеттіліктің белгілеріне, ақыл мен адамгершілікке негізделеді. Дәлелдемелерді бағалағанда ең маңызды орында заңға дұрыс түсіндірме беру, мағынасын терең түсіну, заң және құқық аналогиясын дұрыс қолдану қамтиды.
  4. Дәлелдемелерді бағалағанда қолданылатын төртінші қағида былай қортындыланады: Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні бұрын белгіленген күші болмайды. Тіпті жазбаша нотариалды жолмен куәландырылған мәмілелер, егер  олар тараптардың еркінен тыс жасалған болса сот тарапынан іске қабылдамай тасталынуы мүмкін. Кез-келген тасталған дәлелдемелер сотпен тексерілуі және бағлануы тиіс.

Дәлелдемелерді алдын-ала  бағалау сотпен және іске қатысушылармен сот мәжілісі залында, оларды зерттеу барысында жүргізіледі. Түпкілікті бағалау сот шешім шығару барсында заңды фактілерді бекіту негізінде дауласушы тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы қортындылар жасалғанда жүзеге асады. Дәлелдемелерді дұрыс бағаламау заңсыз және негізсіз шешім шығаруға әкеліп соғады [10,71-б].

Дәлелдеу прцесінде  ғылыми-техникалық құралдарды дәлелдемелер жинау мақсатында іске қатысушы тұлғалардың  қолдануға құқығы бар. Ал сот ондай  құралдарды дәлелдемелерді зерттеу  түшін қолданады.

Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету  үшін сот маман щақыруы мүмкін. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:

  • заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптеріне қайшы немесе;
  • ғылымилығы жарамды болса;
  • іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса;
  • Қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады.

 

 

2.2 Азаматтық жүргізу құқығының ұйымдастырушылық –функционалды қағидалары  

 

1. Сот төрелігін тек  соттың жүзеге  асыруы Қ.Р. Конститутциясы 75-бабы, 1-тармағы. АІЖК-ң  7-бабы.

Азаматтық істер бойынша  сот төрелігін іс жүргізу заңында  белгіленген ережелер бойынша тек  қана сот жүзеге асырады. Сот өкілеттігі мен билігін заңсыз иелену жауаптылыққа әкеліп соғады. Өкілеттігін асыра , пайдаланған немесе қағидаларды бұза пайдаланған сотың шешімі заңсыз болады.

       2. Судьялардың  ауыстырылмайтындығы, тағайындалатындығы  және сайланатындығы. ҚР. Сот жүйесі  мен судьяларының мәртебесі туралы. Конституциялық заңының 24-бабы. Судьялар  қызметке ҚР. Конститутциясына және конститутциялық заңына сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негізде өкілеттіктерге ие болады. Судьяның өкілеттілігі конститутциялық заңда көзделген тәртіп бойынша тоқтатылады.

       3.  Судьялардың тәуелсіздігі –бұл  конституциялық қағида 77-бап 1,2 тармағы. АІЖК-ң 12- бабы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конститутиция мен заңға ғана бағынады.

Судьялардың тәуелсіздігінің  кепілдігі  ҚР Конституциясымен белгіленген.

       4 .  Азаматтық істерді жеке дара  және алқалы түрде қарау. АІЖК-ң 37- бабы.  1- инстанциядағы азаматтық  істерді судья жеке дара қарайды, апелляциялық немесе қадағалау инстанциясында соттар алқалы құрамда қарайды. Алқалы құрамда саны тақ, кем дегенде 3 судья болады. Оның біреуі төрағалық етеді.

      5. Заң мен сот алдында азаматтар мен ұйымдардың теңдігі. Конститутцияның 14-бабы. АІЖК-ң 13-бабы. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдында теңдік негізде жүзеге асады. Ешкімді тегіне, лауазымына, жынысына, ұлтына, нәсіліне қарап кемсітуге болмайды.

       6.  Жеке адамның ар-намысы мен  қадір қасиетін құрметтеу. АІЖК-ң  9-бабы ҚР Конституциясының 18-бабының  1-тармағы. Азаматтық процеске  қатысушы адамдардың қадір –қасиетін  кемсітетін шешімдерге тыйым  салынады. Заңсыз әрекеттерден келген  моральдық зиян өтелуге тиіс.

       7. Сотта  істі қараудың жариялылығы АІЖК 19-бабы. Барлық сот сатыларын да  істі қарау ашық сот отырысында  жүргізіледі. Мемлекеттік құпиялар, жеке,  отбасылық, коммерциялық  т.б. құпияларды қарау жабық  сот отырысында өтеді. 

       8.   Сот ісін жүргізу тілі –ҚР Конституциясының 7-бабы. АІЖК-ң 14-бабы. Сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, қажет болған жағдайда орыс тілі және басқа тілдер бірдей жүреді.

Дәлелдемелердің классификациясы  дәлелдемелердің жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін ашады және дәлелдеу процесінде нәтижелі қолдануға себеп болады [6,67-б].

Соттағы  дәлелдемелерді түрлі негіздерге  байланысты іріктеуге  болады:

  1. Дәлелдемелерді  алудың қайнар көзіне байланысты:
  2. Дәлелдемелердің қалыптасу сипатына байланысты:
  3. Дәлелдемелер мен болжанған фактілердің арасындағы байланыс нысаны бойынша;
  4. Дәлелдемелерді алу тәсіліне немесе құралына байланысты. Дәлелдемелерді алудың қайнар көздеріне байланысты барлық дәлелдемелер 3 топқа бөлінеді: жеке, пәндік және аралас.

Жеке дәлелдемелер дегеніміз –дәлелдемені алудың қайнар көздері жеке тұлғалар болып келетін нақты деректер АІЖК-і бойынша мұндай дәлелдемелерге тараптармен үшінші түсініктемелері мен куәлердің жауап беруі жатады.

Пәндік дәлелдемелер дегеніміз-әлемнің заттай объектілерінен шығатын нақты деректер. (Мысалы, шарттар мен басқа да мәмілелер, заттар). Мұндай дәлелдемелерге заттай және жазбаша дәлелдемелер кіреді.

Аралас дәлелдемелер дегеніміз – дәлелдемені алудың қайнар көзі бір мезгілде жеке тұлғалар және материалдық объектілер болып  табылатын сияқты деректер. Бұл дәлелдемелерге сарапшылардың қорытындылары жатады. Қортындыны арнаулы ғылыми білімі бар тұлға жасауы тиіс, қорытынды заңда бекітілген талаптарды сақтай отырып, құжат түрінде берілуі керек.

Дәлелдемелер қалыптасу  сипатына байланысты екі түрге бөлінеді: алғашқы және туынды.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды