Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер — бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.

Работа содержит 1 файл

Азаматық іс жүргізу құқығының қағидалары.doc

— 250.50 Кб (Скачать)

Азаматтық іс жүргізу  құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді [4,43-б].

АІЖК-ң субъектілерін 4 топқа бөлеміз:

1. Сот төрелігін жүзеге  асырушы тұлғалар.    

 Оған: сот, сот мәжілісінің  хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы  кіреді.

  1. Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арыздаушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар.
  2. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар.
  3. Соттағы өкілдер.

Тараптардың түсінігі, құқықтары  мен міндеттері.

Тараптар азаматтық  процестің негізгі қатысушылары болып табылады.

     Тараптар дегеніміз- шын мәнінде немесе болжанған материалдық құқыққатынасының субъектісі ол талапкер немесе жауапкер болып табылады. Тараптар істің барысында материалдық құқықтық және процессуалдық құқықтық қызығушылыққа ие болады.

Тараптардың белгілері:

1.Материалдың және  процессуалдық мүдделерінің қарама-қарсы  болуы.

2.Заңды күшіне енген  сот шешімінің толық әсер етуі.

3.Іс бойынша сот  шығындарын төлеу міндеттерінің  жүктелуі.

Өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап  қоюшы азаматтар мен заңды  тұлғалар-талапкерлер болып табылады.     

Талап қоюшының талабына сәйкес сотта жауапқа тартылатын тұлға жауапкер болып табылады.

Азаматтық іс жүргізуде  мемлекетте бір тарап болуы мүмкін.

Тараптардың құқықтары  мен міндеттері АІЖК 47,49-баптарында қарастырылған. Іске қатысушы тұлғалар  іс материалдарымен танысуға, олардан  көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдемелер табыстауға, сұрақтар қоюға, өтінім жасауға, түсініктемелер беруге, сот жарыссөздеріне қатысуға, хаттамамен танысуға, оған ескертпелер келтіруге, сот актілеріне шағымдануға т.б. әрекеттер жасауға құқылы [1].

Одан басқа талап  қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талаптың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға, талаптан бас тартуға құқылы.

Жауапкер талап қоюды  тануға құқылы, бұл туралы қолхат жазып  беруі тиіс. Тараптар істі бітімгершілікпен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.

Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға міндетті.

Іс жүргізуге тең  қатысу (түсінігі, мақсаты, негізі) тең  қатысудың түрлері.

Азаматтық процесте бірнеше  талапкер және бірнеше жауапкер бірге  бір мезгілде іске қатысуы мүмкін. Мұндай қатысу іс жүргізуде тең қатысу деп аталады.  

Тең қатысу АІЖК 50- бабында  қарастырылған.

Тең қатысудың мақсаты:

а) Сот процесін жылдамдату  және жеңілдету. 

б)Сот пен тараптардың  жұмысын оңайлату (дәлелдемелерді шоғырландыру)

в) Сот шығындарын азайту.

Тең қатысу мынандай екі  жағдайда пайда болады:

а) Даудың пәні жалпы құқыққа  немесе міндетке негізделсе (мыс:мұрагерлік құқық, міндеттемелік құқыққа жауапкершілік)

б) Талап бір негізден туындаса (мыс:бірнеше тұлғаның бірігіп залал келтіруі)

Тең қатысу активті,  пассивті және аралас болып үшке  бөлінеді.

а) Бірнеше талапкердің  бір жауапкерге қарсы талап қоюы активті қатысу деп аталады.

б) Бір талапкер бірнеше  жауапкерге  қарсы талап қойса  пассивті қатысу болып табылады.

в) Біренше талапкер  бірнеше жауапкерге қарсы талап  қоятын болса бұл аралас қатысу деп  аталады.

Тең қатысу –міндетті  не факультетті болуы мүмкін.

Міндетті қатысуда сот  тең қатысушылардың барлығын іске қатысуға мңндеттейді.

Факультативті қатысу-бірнеше  қатысушының бірыңғай талабын өзара бір қатысушыға тапсыру мүмкіндігі. Істі жүргізуді тапсыру сенімхат арқылы немесе ауызша жүргізіледі. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы  екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады.

Тиісті емес жауапкедің түсінігі, оны ауыстыру шарттары, тәртібі, салдары.

Заңсыз немесе негізгіз жауапкер ретінде  іске тартылған тұлға – тиісті емес жауапкер деп аталынады. Сот  істі дайындау үстінде немесе бірінші  сатыдағы сотта оны қарау кезінде  талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады [16, 98-б].

Тиісті емес жауапкерді ауыстыру үшін талапкердің келісімі керек және ол сот ұйғарымымен  рәсімделеді.

Егер тарапты ауыстыру сот талқылауы үстінде жүргізілсе, істі қарау кейінге қалдырылады.

Тарап ауыстырылғаннан  кейін істі әзірлеу және қарау  басынанан жүргізіледі. Егер тиісті емес жауапкерді ауыстыруға талапкер келісімін бермесе іс қойылған талап бойынша қаралады ( 51- бабтың 2 -тармағы ) және шешім шығарылады.

Іс жүргізу құқық  мирасқорлығы. Құқық мирасқорының процеске кіру тәртібі және оның құқықтық жағдайы.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 54- бабының  1- тармағы бойынша даулы  немесе шешіммен белгіленген құқық қатынастарынан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайларда (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның таратылуы т.б) сот ол тарапты оның құқық мирасқорымен ауыстырады [10,69-б].

        Құқық широсқорлығы процестің  кез – келген сатысында мүмкін болады. (1,2,3 инстанцияда істі  қарағанда).

Процеске құқық мирасқорының, кіруі жөнінде сот ұйғарым  шығарады. Мұндай ұйғарым  шағымдануға  жатпайды. Құқық мирасқоры іске қатысу үшін өзінің құқықмирасқоры екенін дәлелдейтін  құжатын көрсетуі тиіс. Мысалы, мұраға иелік ету, заңды тұлғаның қайта құрылғаны т.б.

Іс жүргізу құқықмирасқорының  тиісті емес тарапты ауыстырудан  мынандай айырмашылығы бар:

  1. Құқық мирасқоры процестің кез – келген сатысында пайда болады, ал тиісті емес жауапкер тек 1- инстанциядағы сотта  істі қарағанда пайда болады.
  2. Құқықмирасқоры  істі келген жерінен жалғастырады, ал тиісті емес жауапкер ауыстырылса іс басынан басталады.
  3. Құқықмирасқорлығында барлық құқықтар мен міндеттер құқық миросқорына өтеді.  

Егер құқықмирақоры  іске кірісуге қарсылық білдірсе 247- баптың 3- тармағы бойынша іс қысқартылады.

Құқықмирасқоры өзіне  дейінгі қатысқан яғни, құқықмирасын берушінің жасаған әрекеттерін  жалғастырады. Мысалы, құқықмирасқоры өзіне дейінгі тапсырылып зерттелген дәлелдемелерді қайта жинауға, тапсыруға құқығы жоқ, егер құқықмирасын беруші оны өз қатысумен тапсырып, зерттеген болса. 

Азаматтық іс жүргізудегі  үшінші тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізуге  үшінші тұлғалардың қатысуы. Олардың  түрлері

Үшінші тұлгғалар АІЖҚ 44-бабаына сәйкес іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіреді. Сондықтан іске қатысушы тұлғаларға тән белгілер үшінші тұлғалар да тиісті болады. Атап айтқанда:

- іс барысында заңды  қызығушылыққа ие болады.

- іс жүргізуде өз  атынан қатысады.

- процестің қозғалуына, өзгеруіне, тоқтатылуына себебін тигізеді.

- сот шешімінің заңды  күші тікелей әсер етеді. 

        Үшінші тұлғалар АІЖК 47-бабында қаратырылған барлық іске қатысушы тұлғаларға тиесілі құқықтар мен міндеттерді  иеленеді.

         Егер азаматтық іс жүргізуде тек талаптар мен жауапкер ғана қатысатын болса бұл жай құрамды қатысушылардан тұратын процесс болып табылады.

Кейбір құқық жөніндегі  дауларды шешу барысында тараптардың  материалдық-құқықтық мүдделерімен қоса басқа тұлғалардың да мүдделері  қорғалуы тиіс болады. Осы тұлғалардың  мүдделерін қорғау үшін заң оларға тараптар арасында басталған процеске қатысу құқығын береді. Тараптарға қатысты аталған тұлғалар үшінші тұлға ретінде іске қатысады [8, 49-60 б].

Сонымен азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар дегеніміз- тараптар арасында басталған іске қатысатын немесе іске қатысуға тартылатын іске қатысушы тұлғалар.

 Азаматтық іс жүргізуде  үшінші тұлғалардың іске қатысуының 2 түрі бар. 

  1. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар.
  2. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

Үшінші тұлғалардың  іске тартылуының мақсаты:

-Тарап болып табылмайтын,  бірақ іс барысына материалдық-құқықтық  қызығушылығы бар субъектінің  мүддесін сотта уақтылы қорғау.

-Бір істе әртүрлі  бірнеше талапты біріктіріп қарау  мүмкіндігін пайдалану. (талапкердің талабы және үшінші тұлғаның талабы)

Дербес талабын мәлімдейтін  және мәлімдемейтін тұлғаларға жалпы  тән белгілері.

    1. Олар басқа тараптар арасында басталған іске қатысады. Өздігінен ешқашан іс бастамайды.
    2. Олар сотта өздерінің жеке құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
    3. Сот шешімі олардың құқықтарына немесе міндетттеріне әсер етеді

 

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар. Олардың іске кірісуінің негіздері, тәртібі, құқықтары мен міндеттері

АІЖК 52-бабы бойынша даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін іске кірісе алады, Үшінші тұлғалар іске өз бастамасы бойынша қатысады. Олар істі сотқа әзірлеу кезінде немесе 1- инстанцияда істі қарап жатқанда шешім шыққанға дейін қатыса алады. Шешім шығып қойғаннан кейін қаралған іске мүдделі тұлға жалпы тәртіппен талап бере алады. Бұндай жағдайда жеке іс қозғалады [15].

Үшінші тұлғалар іске талап арыз жазу арқылы кіріседі және талап қою бойынша іс жүргізудің соттылық ережесінен басқа барлық тәртібі сақталады. Үшінші тұлғаның іске қатысуы жөнінде сот ұйғарым шығарады.

Дербес талаптарын мәлімдейтін  үшінші тұлғалар талапкердің барлық құқықтарын пайдаланады және барлық міндеттерін орындайды. Оның талапкерден айырмашылығы-процеске кірісу уақытына байланысты.

а) Үшінші тұлғалар өздігінен  іс бастамайды, олар тараптар арасында басталған іске кіріседі. Ал талапкер талап арыз жазу арқылы істі бастайды.

б) Талаптарын мәлімдейтін  үшінші тұлғалар қатысатын істерде бір мезгілде 2 талап қаралады, талапкердің және үшінші тұлғаның талаптары.

г) Үшінші тұлға мен  талапкердің материалдың–құқықтық мүдделері бір-бірімен қарама-қарсы  болады.

Сонымен дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар дегеніміз-тараптар арасында басталған іске субъективтік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске қатысатын іске қатысушы тұлғалар.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тқлғалар. Олардың іске кірісуінің негіздері , тәртібі, құқықтары мен міндеттері.

АІЖК 53-бабы бойынша даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін  үшінші тұлғалар, егер іс бойынша тараптардың  беруіне қатысты шығатын сот  шешімі өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талапкер немесе жауапкер жағында іске кірісе алады [9,39-б].

Дербес талаптарын мәлімдейтін  үшінші тұлғалар құқық жөніндегі  даудың субъектісі боып табылмайды.

Үшінші тұлғалар мына белгілері бойынша бір-бірінен  ажыратылады.

Мәлімдейтін 3-ші тұлғалар талапкердің барлық құқықтары мен міндеттерін атқарады.Мәлімдемейтін тұлғалар құқық жөніндегі даудың субъектісі болмағандықтан мына құқықтарды иеленбейді;

  • Талаптар бас тартуға, талапты мойындауға, бітімгершілік келісіміне келуге;
  • Қарсы талап қоюға;
  • Сот шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап етуге;

Осы аталған құқықтардан  басқа тараптардың барлық құқықтарын пайдаланады, міндеттерін атқарады.

Дербес талаптарын мәлімдемейтін  үшінші тұлғалардың белгілері:

1.Даудың пәніне жеке  талаптарын қоймайды;

2.Қайсы тарап жағынан қатысса сол тараппен материалдық-құқықтық байланыста болады.

3.Тараптардың біріне  қатысты сот шешімі үшінші  тұлғаның құқығына әсер ету  мүмкін болғандықтан 3-ші тұлға  жеке мүддесін қорғайды.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар өз бастамасымен, тараптардың өтініші бойынша немесе соттың бастамасымен іске кірісе алады. Үшінші тұлғаның іске кірісуі сот ұйғарымымен рәсімделеді.

Дербес талаптарын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалардың тең қатысушылардан айырмашылығы:

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды