Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 17:44, курсовая работа

Описание работы

Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер — бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.

Работа содержит 1 файл

Азаматық іс жүргізу құқығының қағидалары.doc

— 250.50 Кб (Скачать)

Алғашқы дәлелдемелер істің  мән-жайынан тікелей алынған нақты  деректер. Бұндай дәлелдемлерді кей  кезде алғашқы қайнар көздерден  алынған дәлелдемелер деп те атайды. Мысалы: Шарттардың, өсиеттердің, сарапшының қорытындысының түпнұсқасы, (оригинал) немесе өзі көріп білген куәнің жауабы (свидетель-очевидец) [9,56-б].

Туынды дәлелдемелер – алғашқы дәлелдемелердің мазмұнынан туындаған нақты деректер. Мысалы: құжаттардың көшірмелері, іс бойынша  фактілерді көріп-білмеген, бірақ өзі көрген куәдан естуі бойынша сотта жауап беруші куәнің жауабы.

Туынды дәлелдемелер алғашқы дәлелдемелерге қарағанда  сотта сирек қолданылады. Туынды дәлелдемелерді сотта қолдану үшін олардың алғашқы қайнар көздерін тексеру және олардың растылығы  тексерілуі қажет. Қажет болған жағдайда алғашқы және туынды дәлелдемелер арасындағы қарама-қайшылықтар жоқ па оны да тексеруі тиіс. Әсіресе қазіргі заманда ғылым мен техниканың дамыған икездерінде құжаттардың көшірмелерін олардың түпнұсқасынанайыру мүмкін еместей етіп жасау кездесетіні белгілі.

Дәлелдемелер мен болжанған  фактілердің арасындағы байланыс нысаны бойынша соттағы дәлелдемелерді екі топқа бөлеміз: тікелей дәлелдемелер және жанама дәлелдемелер.

Тікелей дәлелдемелер бұл - болжанған фактілермен тікелей байланысты нақты деректер. Бұндай өзара байланыс болжанған фактілер бар немесе жоқ екендігі жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, пәтерді сатып алу-сату шарты егер ол заң талаптарына сәйкес жасалса, ол мәміле нақты тұлғалар арасында  жасалғанын дәлелдейді [7,45-б].

Жанама дәлелдемелер бұл - болжанған фактілермен көпше (множественные) байланысқа түсетін  нақты деректер. Жанама дәлелдемелердің  бар болуы болжанған фактілердің  бар немесе жоқ екеніне қатысты  бірнеше болжамалы қортындылар (версия) жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, почта арқылы аударғанына байланысты квитанция қарызға алынған ақшаны қайтарып алуға жанама дәлелдеме болып табылады.  

Алу тәсіліне немесе құрылысына байланысты барлық дәлелдемелер 5 түрге  бөлінеді;

  • Тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелері;
  • Куәлердің жауаптары;
  • Жазбаша дәлелдемелер;
  • Заттай дәлелдемелер;

-      Сарапшының  қорытындысы.

Үшінші тұлғалар мен  тараптардың түсініктемелері дәлелдемелердің  жеке түрі ретінде АІЖК-ң 64-бабының 2-тармағында және 78-бабында көзделген.

Тараптар бұл даулы  материалдық құқық қатынасының  субъектісі болғандықтан істің мән-жайы туралы неғұрлым құнды деректер беретін  тұлғалар.

Дербес талаптарын мәлімдейтін  үшінші тұлғаларда дәл тараптар сияқты іс жүргізу статусына ие болғандықтан олар тараптармен бірдей нақты деректер беретін тұлғалардың қатарына енеді.

Дербес талаптарын мәлімдемейтін  үшінші тұлғалардың түсініктемелері  де талапкер мен жауапкердің ақпараты сияқты іс жөнінде мағлұмат беретін  деректерге жатады.

Куәлік жауап беру бұл - азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті мән-жайларды анықтауда заңда бекітілген тәртіпте және тұлға-куәнің нақты деректерді хабарлау немесе айтып беруі [18,67-б].

Іс үшін маңызы бар  мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды. Сонымен бірге куәлік жауап беру үшін кез-келген тұлға тартыла бермейді. АІЖК-ң 79-бабының 2-тармағы бойынша аталған тұлғалар куә ретінде жауап алуға жатпайды:

  • Балаларды тәрбиелеу туралы даумер бойынша істерді қоспағанда өзінің жастығында, дене немесе психикалық кемістігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар;
  • Өкілдің немесе қорғаушының міндетін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс бойынша қорғаушылар;
  • Шешім немесе үкім шығару кезінде мәселелерді істің мән-жайын кеңсеу бөлмесінде талқылау кезінде туындаған мәселелер туралы-судья;
  • Олар тәубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы-дін қызметшілері;
  • Заңда көрсетілген басқа адамдар жауап алуға жатпайды.

 

АІЖК-ң 79-бабының 3-тармағы  бойынша мына тұлғалар сотта куәлік айғақ беруден бас тартуға  құқылы.

  • адам өз-өзіне;
  • Зайыбына (жұбайына) қарсы;
  • Шеңбері заңмен белгіленген жақын туыстарына қарсы;

Жақын туыстардың шеңбері  неке және отбасы туралы заңда бекітіледі. Осы заңының 1-бабының 13-тармағында жақын туыстарға: ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ағалы-қарындастар, ата-әжелері, немерелері кіреді делінген [10, 33-б].

Куәлер жауап беру кезінде жазбаша материалдарды  пайдалануы мүмкін, егер жауап әлдеқандай цифрлармен немесе есте сақтау қиын басқа  деректермен байланысты болған жағдайларда. Бұл материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетіледі және  соттың  ұйғарымы  бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін. Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етіледі. Бұл құжаттар сотқа көрсетіледі және оның ұйғарымы бойынша іске қоса  тіркелуі мүмкін.

Заң арнайы кәмелетке  толмаған куәлерден жауап алудың тәртібін қарастырған. Он төрт жасқа  толмаған куәден жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен  он алты жас аралығындағы куәден жауап  алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады.  Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнің жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына  қатысты өз пікірін айта алады.

 

 

 

 

2.3 Азаматтық іс жүргізу құқығының функционалды қағидалары

 

1.Заңдылық қағидасы -барлық  құқық саласына қолданылады. Соның  ішінде АІЖК-ң негізгі бастауларының бірі. АІЖК-ң 6-бабында қарастырылған. Азаматтық сот ісін жүргізгенде сот ҚР-ң конституциясының, АІЖК-ң , басқа да нормативтік актілерінің талаптарын орындауы тиіс.

 Істі шешу кезінде  судья заңды бұзуына болмайды  керісінше оған кінәлі судья  жауапкершілікке тартылады. 

2. Диспозитивтік қағида-азаматтық  іс жүргізудің қозғалуын немесе     тоқтатылуын, жалпы айтқанда қозғалыс  механизмін анықтайды. Қағиданың  мазмұны АІЖК-ң 8,22,47,49,154,241,242 т.б.  баптарында көзделген. Азаматтар  мен заңдар тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарын, оның ішінде құқығын қорғау мүмкіндіктерін өз қалауынша қолданады. Сондықтан диспозитивті қағида бойынша азаматтық процестің қозғалуы тараптар мен іске қатысушылардың еркіне байланысты. Масалы: талаптың құны, пәні, негізі, талаптың мөлшерін ұлғайту немесе азайту т.б.

3.Жарыспалылық қағидасы  АІЖК 15-бабының 2-тармағы. Бұл қағида  тараптардың заңды мүдделерінің  қарама-қарсылығынан туындайы. Сондықтан  әр тарап өз айқындамасын таңдап  алады және оны қорғау әдісін  тәуелсіз түрде таңдайды. Сот өз бастамасымен айғақтар жинамайды. Бірақ тараптардың өтініші бойынша көзделген тәртіппен оларға материалдарды алуға көмектеседі. Сот тараптарға бірдей құрметпен қарайды.

4.Тапаптардың тең құқықтылығы-АІЖК 15- бабының 1-тармағы. Азаматтық  сот ісін жүргізуде тараптар бірдей іс жүргізу құқығын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.

5.Сотта істі қараудың  тікелейлігі (непосредственность) АІЖК- 177 бабының 1-тармағында көзделген.  Істі қарау кезінде сот дәлелдемелерді  тікелей зерттеуге, іске қатысушылардың, түсініктемелерін тыңдауға, куәлердің айғақтарын, сарапшының қорытындыларын тыңдауға, заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, дыбыс жазбаларын таңдауға т.б. міндеті.

6.Сотта істі қараудың  ауызша жүргізілуі АІЖК 177- бабының  2-тармағы.                 Істі қарау ауызша жүргізіледі. Сот мәжілісі ауызша нысанда жүргізіледі.

- Төрағалық етуші іске  қатысушылардың құқықтары мен  міндеттерін ауызша түсіндіреді.

- Тараптар ауызша түсініктеме  береді.

- Куәлер ауызша жауап  береді т.б.        

 

 

 

 

 

 

3 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары

 

3.1 Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың түсінігі және

оның ерекшеліктері

 

 

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер  бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын  АІЖ  құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар [8, 49-60 б ].

АІЖ құқықттық  қатынастарының ерекшеліктері:

  1. АІЖ құқығының міндетті субъектісі ретінде: бір тарап сот екінші тарап іске қатысушы тұлғалар болып табылады.
  2. АІЖ құқықтық қатынастары  тек құқықтық нысанда пайда болады.
  3. АІЖ құқықтық қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір азаматтық іс үшін жеке жүйе құрайды. (іс жүргізу сатылары)

Азаматтық іс жүргізу  құқықтық қатынастарын субъективті  құрамына қарай былай бөлуге болады.

А) Негізгі құқыққатынастары-сот  және талапкер, сот және жауапкер, сот  және арызданушы, ерекше өндіріс бойынша  сот және өзге тұлғаның мүддесін қорғап іске қатысушылар ( ҚР АІЖК 55-56 б.) арасында пайда болды.

В) Қосымша құқыққатынастары-сот  және дербес талабын мәлімдейтін 3-ші тұлғалар арасында.

-  Сот және дербес  талабын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар  арасында.

- Сот және басталған  іске қорытынды беру үшін қатысатын  прокурор арасында.

- Сот және қорытынды  беру үшін қатысатын мемлекеттік  органдар арасында.

В) Қызметтік –қосалқы құқыққатынастары-бір тарап ретінде  сот, екінші жақтан-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар т.б.

АІЖ құқықтық  қатынастарының соңғы 2 түрі алғашқы, яғни,  негізгі  құқыққатынасынан пайда болады.

 

 

3.2 АІЖК құқықтық қатынастардың пайда болуының алғы шарттары

 

Құқық теориясының жалпыға  белгілі ережелеріне сәйкес Азаматтық  іс жүргізу  құқыққатынастар белгілі  алғы шарттардың пайда болуына байланысты туындайды.

Алғы шарттардың 2-түрі бар:

                                1. Жалпы. 

                                     2. Арнайы.

Жалпыға : а) құқық нормасы

                   б) құқық субъектілік жатады.

Арнайыға: Заңды фактілер (әрекет, әрекетсіздік, оқиға) жатады.

Азаматтық іс жүргізу  құқығының нормалары -әділсотты  жүзеге асыруға сот пен іске қатысушыларға қатысты жалпыға міндетті тәртіп ережелері.

Іс жүргізу нормаларының белгілері:

а) Нормаларды мемлекет бекітеді

б) Нормалар ҚР территорияда барлық субъектілер үшін міндетті болып  табылады

в) Олар тек азаматтық  сот өндірісі саласындағы қатынастарды реттейді.

Азаматтық іс жүргізу  құқық субъектілік –бұл азаматтық  іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін  иелену қабілеттілігі. Ол 2 элементтен тұрады:

а) құқық қабілеттілік

б) әрекет қабілеттілік (АІЖК 45-46 баб)

Азаматтық іс жүргізу  құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтардың  іс жүргізу құқық қабілеттілігі ол туылған кезде пайда болады, қайтыс болғанда тоқтатылады.Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі заңда көзделген тәртіп бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген уақыттан бастап пайда болады, ол тараған уақытта тоқталады. Заңды тұлалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болады, бір мезгілде тоқталады [13,96-б].

Сотта құқықтарын өз әрекеттерімен  жүзеге асыру  және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру, яғни азаматтық  іс жүргізу әрекет қабілеттілігі  он сегіз жасқа толған азаматтарда  және ұйымдарда толық көлемде  болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, мүдделерін сотта олардың ата-аналары, заңды өкілдері қорғайды. Алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеттілігі шектеулілердің өздерін тартуға міндетті. Он төрт жасқа толмағандардың және әрекетке қабілетсіздердің құқықтары мен бостандықтарын сотта олардың ата-аналары қорғайды. 

Субъективті құқықтар мен  міндеттерді жүзеге асыратын әртүрлі  әрекеттер заңды факт болып табылады. (В.Шеглов)

Заңды факт-оқиға немесе жағдай –құқыққатынастарының пайда  болуына, өзгеруіне,  тоқтатылуына негіз  болып табылады.

 

 

3.3 Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың субъектілері және оларды жіктеу

 

Азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды