ҚРғы қаржылық бақылау жүйесі аудиторлық қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - қаржылық бақылау жүйесін анықтау,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті- қаржылық бақылаудың ерекшелігін, жіктелуін, қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістерін анықтау, аудиторлық бақылау, Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыруды қарастыру,аудит түсінігі,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін,аудиторлық қызметтің принциптері ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау жүйесі...........................10
1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі..............................................10
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістері, аудиторлық бақылау.....13
1.3. Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыру..................................18
2 Аудиторлық қызмет туралы жалпы түсінік.....................................................24
2.1 Аудит түсінігі...................................................................................................24
2.2 Аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндеті……………………………...28
2.3 Аудиторлық қызметтің принциптері…………………………………….…32
Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................37

Работа содержит 1 файл

Мазмұны курс.docx

— 78.42 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңында аудитордан қандай біліктілік деңгейі талап етілетіндігі және "аудитор" біліктілігін алғаннан кейін оның қандай қызметті жүзеге асыра алатындығы айқындалған. Кәсіптік ереже нұсқаулар көбірек нақтыланған: аудитор тиісті кәсіби біліктілікке ие болып қана қоймай, сонымен бірге  ол этикалық нормаларды сақтауға және оларға сай болуға тиісті.

 Аудитор үшін этикалық нормалар ережелер жинағының, аудит стандарттары мен нормативтерінің талаптарын міндетті түрде қанағаттандырудан, сондай-ақ жоғары деңгейдегі кәсіби білімін көрсетуден және өзінің міндеттерін орындаудан тұрады. Аудитор моральдық және өегелік нормаларын қолдануға, өзінің әріптестеріне, клиенттеріне, тапсырыс берушілерге және т.б. тілектес болуға тиісті. Аудитор өз кәсібінің беделін түсіретін іс-әрекеттерді жасамауға, өз қызметінің талаптарын сақтауға тиісті.

Аудитор мен клиент - тапсырыс берушінің  арасындағы өзара қарым-қатынас  тілектестік және аудиторлық тексеру  бойынша шығындардың орнын толтыру  негізінде кұралады. Олардың арасындағы даулы мәселелер өзара жол  беру және келісімге келу арқылы немесе сот шешімімен шешілуі мүмкін. Клиент-тапсырыс беруші мен аудитор  бірін-бірі өз бетінше тандауға құқылы.

Тексеру жүргізу бойынша аудитордың шығындары  келісім-шартқа сәйкес төленеді.

  Кәсіпорын басшысы мен басқадай лауазымдық тұлғалардың аудитторлық тексеру процессіндегі міндеттері төмеңдегілерден тұрады:

- Аудиторлық фирманың (ұйымның) жұмыскерлеріне аудиторлық тексеруді   өз уақытында және сапалы өткізу үшін жағдай жасау, бухгалтерлік есептің барлық құжаттарын, кадр, қаржы-шаруашылық және басқа мәселелер бойынша бұйрықтарды, жабдықтау, тұтыну келісім-шарттарын дайындап беру, сондай-ақ аудитордың сұрауы бойынша ауызша немесе жазбаша түрде түсінік беру.

-  Аудиторлық тексеру жүргізу процессінде анықталған бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құру тәртібінің бұзылуын жедел түрде жою.

 Аудиторлық тексеру жүргізу кезінде анықталуға жататын сұрақтардың шеңберін шектеу мақсатында кез-келген іс-әрекетке баруға тиым салынады.

Аудитор (аудиторлық фирма) төмендегі құқықтарға ие бола алады:

  • республикадағы заң актілерінің, аудит стандарттарының, сонымен бірге кәсіпорынмен арада жасалынған келісімнің нақты шарттарының талаптары негізінде аудиторлық тексерудің әдістері мен нысандарын (аудиттің жоспарын) анықтай алады;
  • кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша құжаттарды, қаржылық құралдардың, бағалы қағаздардың, тауарлы-материалдық босалқылардың нақты бары туралы құжаттарды толық тексеруді жүзеге асыра алады, сондай-ақ,  тексеру жүргізу барысында туындаған сұрақтар бойынша түсініктеме және қосымша анықтамалар немесе мәліметтер ала алады;
  • тексеру жүргізілген шаруашылық жүргізуші субъект талап етілген құжаттармен қамтамасыз етпеген жағдайда,  сонымен бірге тексеру жүргізуге тапсырма берген мемлекеттік органдар аудитордың жеке басының және оның жанұясы мүшелерінің қауіпсіздігін (ондай қажеттілік туындаған болса) қамтамасыз етпеген жағдайда аудиторлық тексеру жүргізуден бас тарта алады;
  • аудиторлық тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметті жазбаша сұрақ беру арқылы оның ішінде тексеруді жүктеген мемлекеттік органдардың ықпалы арқылы, үшінші жақтан ала алады, сондай-ақ аудит өткізуте қатысуға келісім-шарт негізінде басқа фирмалардан (ұйымдардан) кәсіби аудиторларды шақыра алады.

 Аудитордың (аудиторлық фирманың) міндеттері:

  • келісілген жұмыс жоспары және келісім шарттарға сәйкес аудиторлық тексеруді жүзеге асыру;
  • аудиторлық тексеруді жоғары деңгейде өткізу, сондай-ақ баскд да аудиторлық қызмет көрсету;
  • аудит өткізілген субъектіден алынған және аудит еткізу кезінде толтырылған құжатгардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың мазмұнын тапсырыс беруші - клиенттің рұқсатынсыз жария етпеу (заң актілерінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда);
  • аудиторлық жұмыстардың көлемі үлкен болған жағдайда оған қатысуға басқа аудиторларды (мамандарды) шақыру. Тапсырыс беруші-клиентке өзінің туыстық, лауазымдық және экономикалық байланыстары болғандықтан, сондай-ақ аудиторлық қызметпен айналысуға лицензиясы болмағандықтан, бұл тексеруді жүргізуге өзінің қатынаса алмайтындығын хабарлау.

 Тексерілетін кәсіпорын аудитордан (аудиторлық фирмадан) аудиторлық тексеру жүргізуге қатысты заңның талаптары, екі жақтың құқықтары мен міндеттері жөніндегі ақпараттарды, ал аудитор (ауди-торлық фирма) танысқаннан кейін - аудитордың қорытынды пікірлері мен ұсыныстары негізделетін заңдық және нормативтік актілер туралы акпараттарды алуға құқылы.

 Аудиторлық тексеру төмендегі жағдайларда жүргізіле алмайды:

• егер аудитор тексеру жүргізілетін шаруашылық жүргізуші субъектінің құрылтайшысы, иесі, акцияларының иесі, басшысы және басқа лауазымды қызметкері болса, сонымен бірге туыстық қатынасы немесе бухгалтерлік есептің құпиялығын сақтауға жауапты болса;

•  егер аудитор немесе аудиторлық фирма  тексеру жүргізілетін шаруашылық жүргізуші  субъектіге бухгалтерлік есепті қалпына  келтіру (кателерді түзету) және жүргізу  бойынша, сонымен бірге қаржылық қорытынды есепті құру бойынша қызмет көрсеткен болса;

• егер тексеру жүргізілетін субъект аудиторлық фирманың (ұйымның) еншілес серіктестігі болып табылатын   болса немесе ол кәсіпорынның капиталында сол аудиторлық фирманың үлесі болса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта  келгенде  курстық жұмыстың  бірінші  бөлімінде қаржылық бақылаудың өзгешелігі,обьектісі, субьектісі,функциясы және  міндеттері туралы қарастырылды.

Қаржылық  бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.

Қаржылық  бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдардың талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану.Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді.

Курстық  жұмыстың  екінші  бөлімінде  аудиторлық қызметтің  мақсаты,міндеті,принциптері   қарастырылды.

Аудиторлық қызметтің  мақсаты - аудитор кәсіпорынға келісіммен клиентімен таныстырады және өткізілетін тексерудің қандай пайда әкелетінін түсіндіреді.

Аудиторлық  қызметтің  келесідей  принциптері  бар:адалдық , әділдік,

кәсіби біліктілік,құпиялықты сақтау, кәсіби мінез кұлық, кәсіби стаңдарттар.

Аудитордың  міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен ұқсас:  тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының  қолданыстағы заңға сәйкестігін  анықтау.

Аудиторлық қызмет көрсетуді кеңейту саласында маркетингтік зерттеулерді жүйелі жүргізу де аудиторлық фирманың міндеті болып табылады.

Курстық  жұмыста қойылған  міндеттердің  барлығы  орындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Т., Жұмағалиева Ж. Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001
  2. «Аудиторлық қызмет туралы» 15.11.2001жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің заңдық күші бар Жарлығы
  3. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Е. А34 «Аудит»-Оқулық-Алматы:2006 ж.
  4. «Аудит-1» Ержанов М.С., Дәулетбеков Г.Б. и др. Учебник-Алматы:Бастау 2005г
  5. Адамс Р. «основы аудита» М, «ЮНИТИ» 1995г.-73с
  6. Кеулімжаев  К.К. Әжібаева З. Н. Құдайбергенова Н.А., Жантаев А.А., Қажылық есеп,  Алматы, Экономика 2011,330.б
  7. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 24.06.2002жылғы №309-2 Қазақстан Республикасының Президентінің заңдық күші бар Жарлығы
  8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің «Қазақстан Республикасында шетелдік валютамен жасалатын айналым операцияларын ұйымдастыру туралы» 15.11.2000жылғы Нұсқасы
  9. Абленов Д. О. Аудит: теория и практика: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2005
  10. Абленов Д. О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005
  11. Артеменко В. Г., Белендир М. В. Финансовый анализ: Учебное пособие. – М: Издательство «Дело и сервис», 1999
  12. Дюсенбаев К. Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998
  13. Данилевский Ю. А. Аудит: Учебное пособие. – ФБК-Пресс, 1999
  14. Ержанов М. С., Ержанов А. С. Учетная политика на Казахстанском предприятии. Алматы: 1997
  15.    Дюсенбаев К. Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе ҚРғы қаржылық бақылау жүйесі аудиторлық қызмет