ҚРғы қаржылық бақылау жүйесі аудиторлық қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - қаржылық бақылау жүйесін анықтау,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті- қаржылық бақылаудың ерекшелігін, жіктелуін, қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістерін анықтау, аудиторлық бақылау, Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыруды қарастыру,аудит түсінігі,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін,аудиторлық қызметтің принциптері ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау жүйесі...........................10
1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі..............................................10
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістері, аудиторлық бақылау.....13
1.3. Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыру..................................18
2 Аудиторлық қызмет туралы жалпы түсінік.....................................................24
2.1 Аудит түсінігі...................................................................................................24
2.2 Аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндеті……………………………...28
2.3 Аудиторлық қызметтің принциптері…………………………………….…32
Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................37

Работа содержит 1 файл

Мазмұны курс.docx

— 78.42 Кб (Скачать)

Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады.

        Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі бірнеше кезеңдерден тұрады: өкілділіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты қызметкерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру; тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.

Қаржылық басқаруды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны – аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес органдар санының  көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан  түрлерінің өсуімен байланысты болып  отырады. Аудиторлық бақылау - тәуелсіз аудиторлық және шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісім шарты негізінде қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру.

       

 

 

 

 1.3 Қаржылық бақылауды ұйымдастыру

 

 Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмеңдегідей бірнеше бөліктерден тұрады:

1) бақылау  субьектісі;

 2) бақылау объектісі;

 3) бақылау заты (тақырыбы);

4) бақылаудың  мақсаты;

5) бақылауды  іске асырудың әдістері.

       Қаржылық бақылаудың субьектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші обьектісі болады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ:

1) мемлекеттік  органдар;

      2) мемлекеттік заңды тұлғалар;

        3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

        4) азаматтар жатады.

Қаржылық  бақылаудың заты (тақырыбы) қаржылық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау объектісінің іс-қимылы (әрекет не әрекетсіздік).

Қаржылық  бақылаудың мақсаты: біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау; екіншіден, кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп  бойынша  жауапқа  тарту; 3) қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның  салдарын  жою. Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.

       Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды  мемлекеттік билік пен басқарудың  мына органдары жүргізеді: Президенттің  аппараты,Қазақстан Республикасының  Парламенті, Үкімет,жергілікті өкілетті  органдар депутаттардың жиналыстары,жергілікті  әкімшілік орнандар. Бақылаудың  бұл түрін Республикалық бюджеттің  атқарылуына бақылау жасау жөніндегі  есеп комитеті де жүргізеді.

Құқықтық мемлекет құрылысының  тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық бақылауды жүзеге асырудағы заңнамалық органдардың рөлі күшйе түседі.Сондықтан  бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан  Республикасы Парламентінің функциясы  және бақылаудың тиісті түрі - парламенттік депутаттық бақылау бөлектеліп көрсетіледі.Бұл бақылаудың объектісі:

  • мемлекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандыратын кез келген шараларды бекіткен кездегі;
  • бюджеттегі шығыстардың қабылданған заңдардың мақсаттарына сәйкестігін тексеру кезідегі;
  • бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемлекеттік шығыстар болып табылады.
  • Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге асырады:
  • бюджет ресурстарының түсу көздеріне,оларды үкіметтің де,заңнамалық органның да үнемді пайдалануына; ақша қаражаттарының ысырапқорлығын кесіп тастауға;
  • мемлекеттік меншікті пайдаланудың,мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс тиімділігіне,мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуға және жекешелендіруге;
  • арнаулы қорлар қаражаттарының пайдаланылуына
  • әр түрлі партияларды қоса,қоғамдық ұйымдардың ақшалай табыстарының көздеріне,жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл қаражаттарды пайдалануға.

         Парламенттің алдын ала бақылауының негізгі мақсаты осы нақты саяси,экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы қарастырылған шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау болып табылады.Бюджеттің жасалуына тексеріс сметаларға кіріктірілген цифрлардың дұрыстығын белгілі бір тұрғыдан қарай отырып жүргізіледі.Сонымен бірге парламент ағымдағы бақылауды және Республикалық бюджет туралы қабылданған заң бойынша қаражаттарды иеленушілердің есебін тексерген кезде әсіресе кейінгі келесі бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұл орайда парламенттік бақылаудың негізгі нысаны алдын ала бақылау болуы тиіс. Қазақстан Республикасыгың Парламентінде екі Палатада - Сенат пен Мәжілісте арнаулы жұмыс органдары - экономика,қаржы және бюджет жөніндегі комитеттер бар. Бұл органдар заң - жоба жұмыстарын,палаталардың құзырына қатысты мәселелерді алдын ала қарау және әзірлеу процесінде қаржы - бюджет қызметінің сферасында мемлекеттік бюджет қаражаттарының жұмсалуына бақылау жүргізеді. Қаржы -бюджет мәселелері бойынша сараптамалық бағалаулар мен қорытындыларды шаралар қабылдау үшін палаталар тиісті инстанцияларға - министрліктерге,ведомстволарға,сондай-ақ Республика үкіметіне жібереді.

 Ел басының жарлықтарының,қаулыларының және өкімдерінің атқарылуын бақылауды ұйфмдастыру,аталған актілердің талаптарын лауазымды адамдардың атқармағаны үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында Президент аппаратында жүмыс істейтін ұйымдық - бақылау бөлімі бар.Жалпы Президент аппараты министрліктердің,ведомстволардың,жергілікті әкімшіліктердің және мемлекеттік         басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады. Аппарат Президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады,Президент актілерін тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар жасайды;Президент актілерінің атқарылмауына немесе тиісті тәртіппен атқарылмауына мүмкіндік туғызатын ашылған бұзушылықтарды,себептерді және талаптарды жою жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Үкіметке,әкімшілік басшыларына,мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп отырады. Өзінің функцияларын жүзеге асыруда Аппаратқа тексерілетін органдардың басшылары мен лауазымды адамдарынан қажетті ақпараттарды алуға тиісті өкілеттік берілген.

 Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға республикалық бюджеттің  орындалуы туралы есерті тапсыру  және т.б.

 Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау сферасында кең өкілеттіктер берілген.Үкімет олардың жүзеге асырылуының,сондай-ақ ауқымы,мезгілдігі,атқарушылар бойынша мақсатты қаржыландырудың толымдылығына ағымдағы бақылау жасайды.Республика Үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады,мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге сырады.

 Өздерінің өкілеттігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды,олар негізінен бюджеттерді,олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

 Қаржы министрлігі,оның Қаржылық бақылау комитеті және мемлекеттік сатып алу комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді.Олар жоспар,смета және қаржы тәртібінің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын,толымдылығын және дер кезділігін,мемлекеттің қаражаттары жұмсалуының заңдылығы мен мақсатқа сәйкестілігін,бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады.Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды,экспорт-импорттық операцияларды валюталық бақылау болып табылады.

 Мемлекеттік бақылауды Қаржы министрлігінің заңи тұлға құқығындағы Қазынашылық комитеті де орындайды.Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру,жүзеге асыру және бақылау болып табылады.

 Қаржы министрлігінің Салық комитеті,оның аумақтық органдарыесептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің,өсімдер мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады.

 Агенттік(қаржы полициясы) органдарының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

 1)өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін,кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің,қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;

 2)салықтарды төлеуден жалтарынуға байланысты қылмыстардың,экономика мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылардың алдын алу,оларды анықтау,жолын кесу,ашу және тергеу;

 3)экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

 4)Агенттік (қаржы полициясының)аумақтық және мамандандырылған органдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады.

 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экономика және қаржы қызметі сферасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу,оларды анықтау,жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басшылықты,сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жәнеөзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы уәкілетті орган болып табылады.

 Барлық деңгейлердің өкілдікті органдарды (маслихаттар,депутаттардың жиналыстары)қаржылық бақылауды бюджеттерді жәен олардың атқарылу туралы есепті қарау және бекіту процесінде жүзеге асырады.Яғни олар бақылауды екі нысанда - алдын ала және кейінгі нысандарда жүзеге асырады.Ағымдағы бақылау бар болғанымен олардың қызметінде негізгі болып саналмайды. Бақылаудың объектісі ақша қаражаттарының жергілікті қорлары болады.

 Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады және де алдын ала және ағымдағы бақыау оның айрықша нысаны болып табылады.Бақылаудың объектісі ақша қаражаттарының жергілікті қорлары болады.

 Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады және де алдын ала және ағымдағы бақылау оның айрықша нысаны болып табылады.Бақылаудың негізгі әдістері тексерулер және есептемені шоттық тексеру. Салалықбасқармалардың(бөлімдердің)мамандары тексеріске ревизиялық бригадалар құрамында тартылады.

 Ведомстволық қаржылық бақылауды республика министрліктері,ведомстволары,жергілікті органдарының басқармалары мен бөлімдері ведомстволарға қарасты кәсіпорындарға,ұйымдарға,мекемелерге жүргізеді. Ведомстволық қаржылық бақылау алдын ала,ағымдағы жәен кейінгі бақылау нысанында жүзеге асырылады.Бақылаудыңнегізгі әдістері қаржы жоспарларының жобаларын қарау, тексерістер мен тексерулер болып табылады.Бақылау объектісі ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары болады.

 Ішкі шаруашылықтық бақылауды шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметі - бухгалтериялар,қаржы бөлімдері және т.с.с.жүргізеді.Бұл орайдабас(аға)бухгалтер маңызды рөл атқарады.Мұнда субъектінің өзінің,сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өндірістік және қаржы қызметі бақылаудың объектісі болып табылады.Әр шаруашылық органдарда, жергілікті атқарушы органдарда ішкішаруашылықтық бақылауды жүзеге асыру үшін бұл қызметтерден басқа бақылау - тексеріс бөлімдері,топтары құрылады.Ірі шаруашылық бақылау қаржылық бақылауға тән барлық нысандарда жүзеге сарылады.Оның негізгі әдістері тексерулер мен тексерістер болып табылады.Коммерциялық құрылымдарда(акционерлік қоғамдарда,жеке меншік кәсіпорындары мен фирмаларда,биржаларда,банктерде және т.б.)ішкішаруашылық бақылаудың құрылтайшысы немесе меншік иесі,сондай-ақ оның тапсыруымен аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.

 Қоғамдық қаржылық бақылауды еріктілік және ақысыз негізде топтар,жекелеген тұлғалар(мамандар)орындайды.Қоғамдық бақылаудың органдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердегі,ведомстволардағы әкімшіліктің қызметіне жүргізілетін кәсіподақ ұйымдарының бақылауы жатады.Бұл органдардың қызметіндегі қаржылық бақылау негізгі бақылау болып саналмайды.Әр түрлі қоғамдық ұйымдар(саяси партиялар,жастардың,шығармашылық одақтардың,ғылыми,табиғатты қорғау,спорт,соғыс жәнееңбек ардагерлерінің ұйымдары,қайырымдылық қорлары)қаржылық бақылауды өз күштерімен жүргізеді,сондай-ақ аудиторлық фирмаларды да тарта алады.Бақылаудың объектісі - табысты алу көздерін және жарғылық міндеттерге сәйкес оның пайдаланылуын тексеру.

 Нарыққа өту жағдайында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ешқандай кемімейді.Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды.Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық процестерге қатаң,жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды.Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржы-шаруашылық қызметімемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары(Халықтық бақылау комитеті)тарапынан(болған) қос бақылаудың қарамағында болады.

Информация о работе ҚРғы қаржылық бақылау жүйесі аудиторлық қызмет