ҚРғы қаржылық бақылау жүйесі аудиторлық қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - қаржылық бақылау жүйесін анықтау,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті- қаржылық бақылаудың ерекшелігін, жіктелуін, қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістерін анықтау, аудиторлық бақылау, Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыруды қарастыру,аудит түсінігі,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін,аудиторлық қызметтің принциптері ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау жүйесі...........................10
1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі..............................................10
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістері, аудиторлық бақылау.....13
1.3. Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыру..................................18
2 Аудиторлық қызмет туралы жалпы түсінік.....................................................24
2.1 Аудит түсінігі...................................................................................................24
2.2 Аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндеті……………………………...28
2.3 Аудиторлық қызметтің принциптері…………………………………….…32
Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................37

Работа содержит 1 файл

Мазмұны курс.docx

— 78.42 Кб (Скачать)

Мазмұны

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе

 

1 Қазақстан  Республикасындағы қаржылық бақылау  жүйесі...........................10

1.1. Қаржылық  бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі..............................................10

1.2. Қаржылық  бақылаудың сыныптамасы әдістері, аудиторлық бақылау.....13

1.3. Қазақстандағы  қаржылық бақылауды ұйымдастыру..................................18

 

2 Аудиторлық қызмет туралы жалпы түсінік.....................................................24 

2.1 Аудит түсінігі...................................................................................................24

2.2 Аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндеті……………………………...28

2.3 Аудиторлық қызметтің принциптері…………………………………….…32

 

  Қорытынды.............................................................................................................36

  Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кіріспе

 

Кез келген экномикалық иглікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатынын  дүниежүзілік тәжирибие көрсетіп отыр.

Қазақстан экномикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып  алу  - сатудың нақты обьектісі  ақшаның ролін арттыруды шұғыл  қажет етеді.

Қазақстан Республикасының қатаң түрде  орталықтанған жоспарлы экономикада  жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі  елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап  етті.

Бақылау (контроль) термині «контра рутулс»  деген латын сөзінен шыққан. Оның мағынасы  «қарсы қою».

Қаржылық  бақылаудың ерекшелігі – ол  ақша түрінде іске асырылады.Оның тікелей  объектісі табыстар мен жинақтарды қалыптастыру процестерінде ақшалай  қорларды жасау мен пайдалану  табылады.Алайда қаржылық бақылаудың іс-қимылы қаржы қатынастарының әлдеқайда  кең ауқымын қамтиды.Өйткені қаржы  басқа құн категориялармен: еңбекақымен, өнімнің өзіндік құнымен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі және айналым), күрделі қаржы мен тығыз  байланысты.Өндірістік емес салалардағы  мекемелер мен ұйымдардың бюджеттен  бөлінген қаржаттарды дұрыс пайдалануын  бақылауы олардың қызметінің барлық жақтарын: -- жүйені толық қамтуды, қаржы  жұмсаудың белгіленген нормаларының сақталуын қамтиды.

Қаржы тәртібі  – бұл мемлекеттің, кәсіпорындармен  ұйымдардың ақша қорларын құру, бөлу және пайдаланудың белгіленген тәртібін айқын сақтау деген сөз.

Нарықтық  қатынасқа көшу барысында қаржылық бақылау елеулі өзгерістерге ұшырауда .Жаңа экономикалық қатынастар ұдайы  бақылауды қажет етпейді.Үздіксіз бақылау нарықтық қатынасты тежейді, меншік формалары өзгереді,баға ырықтандырылып экономикалық жағдай дағдарысқа ұшыраған өтпелі кезеңде қаржылық бақылауды  басқару мейлінше қиын. Мұндай жағдайда қаржы тәртіптері, заңдары бұзылып, мемлекеттік меншікті талан –  таражға салу сияқты келеңсіз құбылыстар белең алады. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылық өмірдегі келеңсіз құбылыстарға тосқауыл қоюы тиіс.Қоғамдық мүдделерді қорғап, мемлекет ұдайы  өндіріс процессіне араласады.Мұнда  қаржының бақылау қызметі пайдаланылып, формалары мен әдістері жетілдіріліп отырады.   

 Аудиттің пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік (қаржылық) отчетты талдау т.б. шаруашылық жүргізуші субьектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын анықтығын анықтай отырып , оған толық түрде обьективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына, нормативтік актілеріне сәйестік беру.


 Осы келтірген аудит пәнінің анықтамасы бідің ойымызша барлық талаптарға сай келеді деп ойлаймыз.

Аудиторлық қызметтің  мақсаты. Бұл өте маңызды мағына, өйткені ол аудитор кәсіпорынға  келісіммен клиентімен таныстырады  және өткізілетін тексерудің қандай пайда әкелетінін түсіндіреді.

Аудиторлық  қызметтің  мақсаты мыналар болуы мүмкін :

    • тіркеу жағдайындағы тәжірибе нәтижесі;
    • жылдық қаржы есебінің көрсеткіштерін дәлелдейтін тексерулер;
    • акция және құнды қағаздардың эмиссиялық мәліметтерін дәлелдеу;
    • кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығының нығаюы жөніндегі өңдеу ұсыныстары;
    • экономика және қаржы құқық салаларындағы жаңа заң шығару актілері бойынша кеңестер беру және т.б.

Аудиторлық  қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды  есепті кұруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды  сапалы тексеруді қамтамасыз етуде  болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды  есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім  аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін  ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.

Нормативтік-кұқықтық реттеу дегеніміз - бұл, аудиторлық тексеру  жүргізу объектісінің жұмыс істеуін  заңда, нормативтік құжаттарда, ере-желерде (ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б.) қарастырылған нормалар мен  ережелерге қатысты зерттеу

Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметін іске асыру барысында бұл заң  мемлекеттік органдар арасында, заңды  және жеке тұлғалар арасында, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында реттеледі.

Курстық жұмыстың өзектілігі-Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрған мәселелердің бірі – теңгенің айырбастымдылығы. Бір жағынан теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақтсанның дүние жүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушы бола алмауна жеткілікті.

-

Курстық жұмыстың  мақсаты - қаржылық  бақылау жүйесін   анықтау,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін ашып  көрсету.

        Курстық  жұмыстың  міндеті- қаржылық бақылаудың ерекшелігін, жіктелуін, қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістерін анықтау, аудиторлық бақылау, Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыруды қарастыру,аудит түсінігі,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін,аудиторлық қызметтің принциптері ашып көрсету.

 


        1 Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау жүйесі

 

1.1 Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі

 

Қаржылық  бақылау — қаржы жүйесінің  барлық буындарының ресурстарын  жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған  айрықшалық қызмет.

Қаржылық  бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару  сияқты басқа элементтерімен тығыз  байланысты және бір мезгілде  жүзеге асырылады.

Қаржылық  бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған.Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады.Қаржылық бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді.Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтары реттелмегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде  қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырлады.Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір  бөлігін білдірсе, қаржыны басқару  элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория  болып табылады.Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау  нысанында жүзеге асырылады, бірақ  бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.

Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән  объективті мазмұн ретіндегі бақылау  функциясын практикалық қолдану  болып табылады.  

Ғылыми  негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып  табылады.Қаржылық бақылаудың көмегімен  қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі.Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелілігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланады.

Қаржылық  бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.

Қаржылық  бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдардың талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану.Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді.

        Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін.Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.

        Қаржылық бақылаудың функциялары:

        1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);

         2) қаржы жүйесінің барлық буындары  бойынша мемлекеттік ресустарға  қаражаттарды жұмылдытудың уақыттылғы  мен толымдылығын тексеру;   

         3) сееп және есептеме қағидаларының  сақталуын тексеру;

Бақылауды жүзеге асырудың  негізгі қағидаттары  мыналар болып табылады:

  • бақылаудың реттілігі, жаппайлылығы, әмбебаптығы;
  • бақылаудың првентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
  • әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
  • бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
  • бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі;

         Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген  ұйымдардың және мемлекеттің,  оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің  ақша қорларын жасаудың, бөлудің  және пайдаланудың тәртібін айқын  сақтау.

          Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макро деңгейде жүргізіледі.

          Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етіуін бақылау.Оның міндеттері мыналар болып табылады:

 1.Ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып тиімді пайдалану процестерін қамтамасыз ету;

         2. Қаржы қатынастарын іске асырудың  қолданылып жүрген нысандары  мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне  нысандар мен әдістердің сай  келуін бақылау;

         3. Қаржы ресустарын неғұрлым тиімді  пайдалану, салалар мен аймақтардың  қаржы ресурстарына деген қажетттілігін  оңтайлы түрде және саралай  отырып қанағаттандыру, азаматтардың  әлеуметтік-мәдени сфераларының  қызметтеріне деген қажеттіліктерін  барынша қанағаттандыру мақсатында  оларды салалар мен аумуқтар  бойынша бөлудің алшақтықтарын  анықтап, жою және басқалары;

       Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.

        Билікті заң шығарушы органдар мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.

         Микродеңгейдегі қаржылық бақылау  – меншіктің барлық нысанындағы  шаруашылық жүргізуші субъектілер  деңгейіндегі бақылау. 

 Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржы  шаруашылық қызметі бұл деңгейде  бақылаудың объектісі, ал қаржылық  көрсеткіштер (табыс, пайда, өзіндік  құн, аударымдар, салықтар және  басқалары) оның предметі болып  табылады.Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың  экономикалық службасы, оның жеке  мамандары жүзеге асырады.Бұл  мақсатқа тәуелсіз аудиторлық  ұйымдар да тартылады.

Информация о работе ҚРғы қаржылық бақылау жүйесі аудиторлық қызмет