ҚРғы қаржылық бақылау жүйесі аудиторлық қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - қаржылық бақылау жүйесін анықтау,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті- қаржылық бақылаудың ерекшелігін, жіктелуін, қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістерін анықтау, аудиторлық бақылау, Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыруды қарастыру,аудит түсінігі,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін,аудиторлық қызметтің принциптері ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау жүйесі...........................10
1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі..............................................10
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістері, аудиторлық бақылау.....13
1.3. Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыру..................................18
2 Аудиторлық қызмет туралы жалпы түсінік.....................................................24
2.1 Аудит түсінігі...................................................................................................24
2.2 Аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндеті……………………………...28
2.3 Аудиторлық қызметтің принциптері…………………………………….…32
Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................37

Работа содержит 1 файл

Мазмұны курс.docx

— 78.42 Кб (Скачать)

 Басқарудың әкімшілік нысанынан нарықтық нысанына өту кезеңіндегі қаржылық бақылау айтарлықтай әлсіреді.Халықтық бақылау комитеті жойылды,ведомстволық бақылау іс жүзінде қысқарды,мемлекеттік орган тарапынан болатын қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет тарылды.

 Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тұтқалар мен ынталандырмаларға жақсы бақылаушылар деген сенім білдірілді.Алайда мұндай көзқарас салық төлеуден бұлтарушылық нысанындағы экономикалық қылмыстардың өсуіне,мемлекеттік меншіктерді тегін беру немесе символикалық сомаға сату түріндегі талан-таражға жеткізді және басқалары.

 Нарықтық жағдайында жалпы экономиканың,жеке шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезеңдерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибесі көрсетіп отыр.

  Мемлекеттің алдында жан-жақты,жүйелі,кешенді бақылауды,соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр.Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шарушылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді.Қойылып отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:

    • мемлекеттік бақылауды нығайту;
    • тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту;
    • түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютрлендіру;
    • бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.

 

                            

 

 

 

 

2 Аудиторлық қызмет туралы  жалпы түсінік  

 

2.1 Аудит түсінігі 

 

 Әрбір ілімнің өзіне сәйкес пәні болады. Ол сол ілімнің басқа қалалардағы ілімнен айырмашылығын, оның өздеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет.

 Тану теориясына байланысты қандайда ілім болмасын, обьективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның пәні өндірістік қатнасқа, экономикалық заңдарға байланысты болса, аудит те, барлық экономикалық ілімдер сйяқты, шаруашылық жүргізуші субьектілердің өндірістік қатнастарын дамыту процестеріне негізделген. Бірақта, олар сол процестердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін ғана қарастырады.

 Сонымен, аудиттің пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік (қаржылық) отчетты талдау т.б. шаруашылық жүргізуші субьектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын анықтығын анықтай отырып , оған толық түрде обьективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына, нормативтік актілеріне сәйестік беру.

 Осы келтірген аудит пәнінің анықтамасы бідің ойымызша барлық талаптарға сай келеді деп ойлаймыз.

 Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады,  мұнда ХІХ ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлер-аудиторлар пайда болды. Ал 1862 жылы Англияда "Міндетті аудит туралы заң" шықты. Францияда мұндай заң 1867 жылы, АҚШ-та 1937 жылы жарияланды.

 Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт нысанында дамып, нарықтық экономиканың ажырағысыз бөлігі болып отыр.

 Қазақстан Республикасында 1998 жылы 20-қарашасынан бастап «Аудиторлық қызмет туралы заң» жұмыс істейді.Ол аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңи және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық  ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

Аудиторлық қызмет – бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептеме аудитінен басқа да қызметтер көрсете алады.

Арнайы әдебеттерде т.б. ілімнің пәні мен обьектілері  бірдей деп немесе бір-біріне ұйқас  деп айтылады, бірақта бұл түсініктемелер бір-бірімен ұйқас болғанымен, олардың  мағналарыәр түрлі болады. Сол  себепті бұл мағналарды ажырата  білген жөн. Обьекті дегеніміз, сол  оқитын пәннің шындығы.

Мысалы, дәрігерлік ілімнің  обьектісі-адам болып есептелінсе, экономикалық ілімнің обьектісі-мемлекет экономикасы, олардың салалары. Ал аудитің  обьектісі белгілі бір шаруашылық жүргізуші субьектілер (кәсіпорындар, фирмалар, акционерлік қоғамдар,жеке кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындар, т.б.)

Аудит обьектілеріне мыналар  жарады. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қарды жағдайлары, олардың өндірістік жұмыстары, шаруашылық жұмыстарының экомикасын дамыру жөнінде және тиімділігі жөнінде  үсыныс беру.

Егер, аудит обьектісі  болып  жоғарыда айтылғандар болса, онда олардың міндеті болып мыналар  есептелінеді. Сенімділігі, нақтылығы, отчет көрсеткіштерінің ұқыпты түрде  тексерілуі, олардың толықтығы, дұрыстығы. Осыған орай аудиттің міндеті –қаржы нәтижесі бойынша жасалынған отчетқа (есептілікке) аудиторлық қортынды беру, олардың бухгалтерлік есебі мен  қаржы нәтижелері бойынша жасалынған  көрсеткіштердің заңдарға, стандартқа, нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз экспертиза бойынша дәлелдеп көрсету  және оның дұрыстығын анықтау. Ол жөнінде  Аудиттің Қазақстандық стандартында толық  мәлімдеме берілген. Аудиттің Қазақастандық  бірінші стандартында былай делінген. “ Қаражат нәтижесінің есептерін аудиторлық тексеру жүргізудің негізгі міндеті аудиторлық қортындының заңдармен нормативтік актілерге сәйкес жасалғандығын анықтау “.

         Аудиттің түрлерін зерттеудің методикалық жағынан өте зор маңызы бар. Өйткені аудитті қандай түрлермен жүгізу және                 олардың әр-бір жағдайларда тигізетін әсерлерін анықтау қажет. Осыған орай аудит төмендегідей түрлерге жіктеледі.         

1.Кәсіпорындар бойынша  ішкі және сыртқы .

2.Заңдылығы бойынша –міндетті  және бастамашылық.

3.Обьектіні аудиторлық  жұмыспен қамту бойынша толық  және ішанара. 

       Бастамашылық аудит соған қажетті тапсырысшылардың тапсыруы бойынша жүргізіледі, егер бұл тексеру заң жүзінде     көрсетілмесе. Мұндай тексерудің көлемі клиенттердің талабына байланысты.

 Міндетті аудит зайда көрсетілген және кәсіпорынның өздерінің қаржы шаруашылық жұмыстарын тексеру үшін аудиторлардың немесе аудитолық фирмаларды шақыруға міндетті.

 Аудит сыртқы және ішкі болуы мүмкін.Сыртқы аудит – аудиттің тәуелсіз нысаны, ішкі аудит – шаруашылық жүргізуші субъектісін бақылаудың ведомстволық немесе ішкі нысаны.Ішкі аудит шаруашылық жүргізуші субъектінің тілегі бойынша және шартымен жасалады.

Сыртқы аудит аудиторлық фирмалармен немесе жеке фирмалармен  аудиторлармен шарт бойынша кәсіпорындардың  қаржы отчетының дұрыстығын және қаржы мүмкншіліктерін тәуелсіз түрде бағалау  үшін жүргізіледі.

 Жалпы алғанда ішкі аудиттің орындалатын жұмыстарының саны өте көп. Бухгалтерлік құжаттардың дұрыс орындалуымен барын тексерумен қатар, ішкі аудит әкімшіілк тәртіптің сақталуын,бұйрықтармен үкімнің орындалуын тек середі және тауарлы материалды құндылықтарды, негізгі құралдарды түгендеу жұмысын ұйымдастырады  т.с.с. Ішкі аудиттің міндеті мен мақсты және орындаларын жұмысы кәсіпорын бастығының талабына сай жүргізіледі. Сонымен қатар кәсіпрын бастығының ұсынысы бойынша ішкі аудиттің жұмысы ұйымдастырылады. Осы жоғарыда айтылғандарға қарай сыртқы және ішкі аудиттің жұмыстарының бір-бірімен айырмашылығы олардың обьектілері, бағыты міндеті,мақсаты  және  жауаптылығы бойынша.

        Аудит мынадай дәйекті стадиялар бойынша жүргізіледі:

1) жоспарлау  тараптардың іс-қимылын іштей  жүйелеуме;

2) аудитор  объектісі туралы ақпарат алу  және оны бағалау;

3) аудитор  рәсімін жасау және бағдарламаны  әзірлеу;

4) бақылау  жүйелерін текскру және оның  тесттері;

5) аудит  рәсімін жүрнізу;

6) аудиторлық  қорытындыны қалыптастыру.

Аудитор – бүкіл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа ұйымдық нысаны.Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.

Аудиторлық жұмысты аудиторлар немесе аудиторлық фирмалар тапсырыс берушілермен (клиенттер) шарт бойынша  жүргізеді.

Аудитормен климент  өздерінің  атқаратын қызметі (міндеті) жөніндегі  жұмыстарды бекітілген шарт бойынша жасайды. Оған жататындар.

 

1.Кіммен шарт жасалынды (орындаушы, тапсырыс беруші)

2.Шарттың мақсаты және  төлеу тәртібі .

3.Жұмыстың құны және  төлеу тәртібі.

4.Екі жақтың жауапкершілігі.

5.Құпиялылығы .

6.Таласты шешу жолдары. 

7.Белгіленген мерзімнен шартты тоқтату.

8.Шарттың орындалатын  уақыры және істері.

Аудитордың жұмысы ол ұйымдастырылған  процесс. Жұмысты ұйымдастыру үшін оған белгісі кезеңдер қажет және де құжаттарды тәртіпке келтіру мен  оларды өңдеу т.б. жұмыстар. Міне, осы  айтылған жұмыстарды іске асару үшін аудиторлар тәжрибе жүзінде төмендегідей кезеңдерде падаланылады:

1.Жалпы зерттеу .

2.Алдын ала танусу.

3.Аудит жұмысын жоспарлау.

4.Жүйелі түрде зерттеу.

5.Аудит жұмысын орындау.

6.Аудиттің нәтижесі бойынша қортынды жасау.

Жалпы зерттеу . Аиттордың  клиенттермен жұмысы аудиттің орындалуынан едәуір басталады. Егер аудиторлық қызметке аудит кезеңі сол жылдың соңына және келесі жылдың басына өткізіледі. Бұл кезеңге қатысты уақыт ішінде аудитор өзінің кәсіпорын туралы пікірін жинақтайды, мынадай іс белсенділігінің салалары оқытады .

  • маркетинг (фирманың клиентуралық базасының қандай екендігі ).
  • материалды техникалық қамтамассыз ету( қажетті өндірістік ресурстарды сатып алудағы жағдайлардың қалай жасалатындығы туралы).
  • зеттеу қызметі(жобалы-конструкторлы және көлемдеу- жоспарлау шешімдеріндегі , құрылыс несие өнеркәсіп өндірісі ұйымдарындағы технология және техниканы жасауды жетілдіру қалай жүргізілетіндігі).
  • өндіріс (өндіріс процесіндегі ұйымдық –техникалық сипаттамалар туралы ).
  • өнімдерді өткізу ( өнімдерді тиеу дайын құрылыс обьектілерін эксплутатцияға беру және тұтынушыға өызмет көрсету іс жүзінде қалай жүзеге асатындығы туралы).

Кәсіпорындармен ұйымдардың ұлғаюымен байланысты олар аудиторлық қортындыларды акционерлермен салық  инспекциаларының жалпы жиналысында  талқылауға міндетті, аудиторлық формалардың  клиенттер саны бір қалыпты өсіп келеді, сондай –ақ ең көп тараған  қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Аудиторлық тексеруді  өткізу тәртібі тексеруден өткен  кәсіпорын қызметі және ұйым денгеиімен кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті жүргізу туралы аудитордың хабар  дар болуы дәрежесіне қатысты  болып келеді.Кәсіпорынмен танысу кезінде  шаруашылық жұмыстардың көлемін  және алғашқы құжаттардан жазылып  алынғн белгісі санын, ең алдымен  тәртіп бойынша түгелдей тексеруден өткізілуі  үшін соңғы құжаттарды анықтау қажет.

Кәсіпорынды, материалды құндылықтардың санталу орнын арап, өндіріс цехтарының орналасуымен танысу қажет. Өндірістік корпартциялар бойына кәсіпорындардың  байланыстарды ұйренуі, сарып алушылармен  жеркізіп берушіілердің қайда тұрғанын білу, олармен шаруашылық келісімдерді бақылаумен олардың арасындағы және тексерілген кәсіпорындардың есептерінің  уақыты жүргізілуінің өте маңызды  мағынасы бар. Кәсіпорын қызметімен үйрену туралы ақпараттарды жинқтаған  соң аудитор жұмыс жоспарын құрады және онымен кәсіпорын басшылығын таныстырады.

Аудит жұмысын жоспарлау . Кезкелген  тиімді  жұмыс алдын  ала нақты жоспар немесе бағдарлама құруды талап етеді. Қазақстандық стандартта 7 аудиті бойынша аудитор жұмысын  тексеру кезінде тиімді сапалы және белгіленген уақытта орындалу қажеттілігін жоспарлау белгіленеді. Аудит бойынша  жоспардың түрімен мазмұны беделді  аудитор арқылы жұмыс көлеміне, аудиттің күрделілігіне, техникалық және арнайы әдістемелік қабылдауларға тәуелді болып өзгеруі мүмкін.

Тексерудің жалпы жоспары  аудитормен оның Климент қызметі  туралы білімінің болуының олардың  тіркелу саясатына және ішкі бақылау  жүйесіне қабылдануы туралы, күтілген  сенімнің ішкі аудитке  (қабылдануы туралы) құрылып, бекітілуін, орындауға  тиісті мазмұнының бағдарламалануы  мен оның анықталуын, аудиторлық протцедуралар  көлемімен жүргізілу уақытын; орындалушы жұмыс координатциясын алдын  – ала қарастыру үшін құрылуы  керек.

Аудит бағдарламасының мазмұнына  көбірек тоқталып өтейік. Егер тексеруді  бірнеше мамандар өткізетін болса, кәсіпорын спетцификасы, тексерудегі  жұмысрың көлемімен күрделілігі  әр кезеңде аудитті жүргізу барысында  нақты қадамдармен аудиторлар арасындағы міндеттерді дұрыс бөлуді талап  етеді.

Осы мақсатпен бригада  басшылармен мынадай көрсеткішті  білдіретін тексеру бағдарламасы құрылады.

Аудит ұйымдарымен тапсырушылардың  құқығы, міндеті, жауапкершілігі Қазақстан  Республикасының “аудит қызметі  туралы” заңда анық көрсетілген. Осы заңның төрт бабында көзделген  міндетті аудитті жүргізу шарты  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мезгілдерден кешіктірмей  жасалады, бұл туралы кәсіпорын аумақтық салық ұйымының хабардар етеді.

Информация о работе ҚРғы қаржылық бақылау жүйесі аудиторлық қызмет