ҚРғы қаржылық бақылау жүйесі аудиторлық қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - қаржылық бақылау жүйесін анықтау,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті- қаржылық бақылаудың ерекшелігін, жіктелуін, қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістерін анықтау, аудиторлық бақылау, Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыруды қарастыру,аудит түсінігі,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін,аудиторлық қызметтің принциптері ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау жүйесі...........................10
1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі..............................................10
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістері, аудиторлық бақылау.....13
1.3. Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыру..................................18
2 Аудиторлық қызмет туралы жалпы түсінік.....................................................24
2.1 Аудит түсінігі...................................................................................................24
2.2 Аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндеті……………………………...28
2.3 Аудиторлық қызметтің принциптері…………………………………….…32
Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................37

Работа содержит 1 файл

Мазмұны курс.docx

— 78.42 Кб (Скачать)

       Қаржылық бақылау жүргізу тәсілдеріне, уақытына, субъектілеріне қарай жіктеледі.Осыларға байланысты қаржылық бақылау мынадай үш бағыт бойынша: түрлері, формалары, оны іске асыру әдістері бойынша бөлінеді.Субъектілерге (органдарға немесе бақылауды жүзеге асыршы ұйымдарға) байланысты қаржылық бақылаудың мына түрлері ажыратылды.

         Жалпы мемлекттік бақылау ведомствалық бағыныштылығы мен меншік формасына байланыссыз кез келген объектіге жасалынады.Оны мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.

        Үкімет, жергілікті әкімшіліктердің аппараты, өкілетті органдар өздеріне бағынышты органдардың бақылаушылық қызметіне бағыт берумен қатар, өздері де бақылау қызметін атқарады.

         Республика үкіметі мемлекеттік  бюджеттің құралып, орындалуын  бақылайды, мемлекеттің қаржы  саясатын жүзеге асырады.Жергілікті  органдар тиісінше өкілеттері  шеңберінде бақылау қызметін  атқарады.

         Нарықтық қатынас жағдайында ішкі өндірістік бақылау бұрыңғы мәнінен айрылады: оны мемлекеттік кәсіпорындарға, коммерциялық және басқа да формаларындағы кәсіпорындарда шаруашылық ынталандыру шаралары алмастырыды.Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп – тәртіп бұзушылықтың орын алмауының кепілі, өйткені, қызметкердің, кәсіпкердің жек басының мүдделігі бақылауды қажет етпейді.

          Жүргізу уақытына қарай қаржылық бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі бақылау болуы мүмкін.Бақылаудың мұндай формалары көптеген органдардың қызметіне тән.

         Алдын ала қаржылық бақылау ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану опрациялары жасалғанға дейін жүргізіледі, сондықтан қаржы тәртібін бұзбауды ескертуде оның зор маңызы бар.Бұл жағдайда бекітілуге және атқарылуға жататын құжаттар тексеріледі, бұлар – бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметаларының жобалары, несие және касса мәлімдемесі, яғни қаржы қызметін жүзеге асырудың дәлелі қызметін атқаратын қыжаттар.

         Ағымдағы қаржылық бақылау – бұл ақшалай операцияларды жасау процесіндегі бақылау (мемлекет алдындағы қаржы міндеттемелерінің орындалуы, әкімшілік-шаруашылық шығындарға, күрделі құбылысқа жұмсалатын ақшалай қаражаттарды алып, пайдалану барысында және т.б.). 

       Кейінгі қаржылық бақылау – қаржы операциялары жасалғаннан кейін жүргізілетін бақылау (бюджеттің кіріс пен щығыс бөліктері атқарылғаннан кейін, кәсіпорын немесе мекеме ақшалай қаражаттарды пайдаланғаннан кейін және т.б.).Бұл жағдайда қаржы тәртібінің жай-күйі анықталады, тәртіп бұзу жағдайлары ашылады, оны болдырмау, ескерту жолдары мен оларды жою жөніндегі шаралар анықталады.      

 

 

       1.2  Қаржылық бақылаудың сыныптамасы, әдістері, аудиторлық бақылау.

 

        Қаржылық бақылаудың  сыныптамасы субъектілердің айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.

      Қазақстан Республикасының қазіргі  қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады (1-сызбадан қараңыз).

 

Қаржылық бақылау

Мемлекеттік

Қоғамдық

Жалпы-мемлекеттік

Ведомствалық

 Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың,  партиялардың, жастардың, бұқаралық  қозғалыстардың, ғылыми техникалық, мәдени ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың  болуы

 

Ішкі-шаруашылық

Парламенттік (депудаттық) бақылау

Аудиторлық бақылау




 

Сызба 1. Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы

 

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік  қаржылық бақылау объектілерінің республикалық  және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың  атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген  қызметтерді) өткізуден түсетін  өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану  бөлігіндегі қызметінің  Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкестігін  тексеру.

        Мемлекеттік қаржылық бақылау  объектілері – Қазақстан Республикасының  Үкіметі, жергілікті атқарушы  органдар, бюджетке түсетін түсімдерді  алуға және бақылауға жауапты  мемлекеттік органдар, республикалық  және жергілікті бюджеттерден  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелер, олардың ведомстволық  бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын  алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген  қарыздарды пайдаланатын жеке  және заңи тұлғалар.

        Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган.

        Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:

          1)  кешенді бақылау – мемлекеттік  қаржылық бақылау объектісінің  нақты кезеңдегі қызметін жаппай  әдіспен тексеру және бағалау;

         2)  тақырыптық бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау;

        3)  үстеме бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты ақпарат алу қажеттілігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі.

       Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.

       Мемлекеттік қаржылық бақылау стандартарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, маслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.

      Сыртқы бақылауды республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті,жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.                  

       Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.

        Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Призиденті бекітеді.

       Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау,кедендік бақылау және т.б.болып ажыратылады.

 Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы,бюджетке салық және басқа төлемдердің,жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді.Сондықтан бақылаумен меншік нысаналарына қарамастан,барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер,сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.

 Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің мынадай түрлерін кірістіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты,соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау,бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсауын қамтамасыз ету; өндірістік емес,мақсатсыз шығындарды,иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру.Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда,мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау, қадағалау сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңдаманың талаптарын сақтық қатынастарға қатысушылардың барлығының орындауын жүзеге асырады.

         Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында кедендік басқаруды жүргізеді; олардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүргізуге құқы бар.

 Барлық өкілетті органдар  қаржылық басқаруды тиісті бюджеттің  жобасын және оның атқарылуы  туралы есепті жыл сайын сессияларда  қараған кезде жүзеге асырады.Өкілетті  органдардың жоспар-бюджет және  салалық тұрақты комиссиялары  маңызды бақылау функцияларын  орындайды,олар алдын ала, сессияға  дейін бюджеттің жобасы мен  оның атқарылуы туралы есепті  қарайды.

        Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың бақылаушылық, соның ішінде қаржы-кредиттік қызметті ғана бағадап қоймайды,сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады.Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады.Өздерінің өкілеттіліктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды.

         Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі.Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын,материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдаланылуын,меншіктің сақталымдылығын,бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау-тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау.

  Ішкішаруашылық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның барлық құрылымдары жүзеге асырып келген бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады.Таза бақылау қаржы стратегиясын талдап-жасау, экономикалық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді.

          Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылықтық бақылау оның бұрынғы ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалары және меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс.Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардың сақтануға көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке ынталылығы өзін-өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.

         Қоғамдық қаржылық бақылау – бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы.Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады.

         Аудиторлық бақылау – ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау.Оны біліктілік комиссиясы аттестаттаған "аудитор біліктілігінің берілуі" туралы куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.

        Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен, учаскесімен танысу жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді.Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді.

Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – тексеріс – кейінгі келесі бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен учаскелерінмұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу.Тексерісті әртүрлі органдар жүргізеді.Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.

        Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі ішінара тексеріс болып ажыратылады.

        Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша қаражаттары (шоттар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.

       Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны, материалдық құндылықтарды да тексереді.

Толық тексеріс деп белгілі бір  кезеңдегі шаруашылық жүргізуші  субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді  айтады.

Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау  қаржы-шаруашылық қызметінің әйтеуір  бір жағына (мысалы, іссапардың шығындарын, әр түрлі нысаналы шығындар мен шығыстарды тексеру)бағытталады.

Тақырыптық тексерістер бір  үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда; мекемелерде  немесе бірнеше министрліктер мен  ведомстваларда қаржы-шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық жүргізуші  субъектілердің белгілі бір учаскелерінің  мән-жайын тексеруге және бұл  мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар  әзірлеуге мүмкіндік береді.

Информация о работе ҚРғы қаржылық бақылау жүйесі аудиторлық қызмет