ҚРғы қаржылық бақылау жүйесі аудиторлық қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - қаржылық бақылау жүйесін анықтау,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті- қаржылық бақылаудың ерекшелігін, жіктелуін, қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістерін анықтау, аудиторлық бақылау, Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыруды қарастыру,аудит түсінігі,аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндетін,аудиторлық қызметтің принциптері ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау жүйесі...........................10
1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі..............................................10
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістері, аудиторлық бақылау.....13
1.3. Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыру..................................18
2 Аудиторлық қызмет туралы жалпы түсінік.....................................................24
2.1 Аудит түсінігі...................................................................................................24
2.2 Аудиторлық қызметтің мақсаты мен міндеті……………………………...28
2.3 Аудиторлық қызметтің принциптері…………………………………….…32
Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................37

Работа содержит 1 файл

Мазмұны курс.docx

— 78.42 Кб (Скачать)

Заңның бесінші тарауында  аудиторлармен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндетері мен жауапкершілігі аталынған, оның 17-бабында аудиторламен аудиторлық ұйымдардың құқықтары  жан –жақты қарастырылады, 18-бабында олардың міндеттері анықталған .

 Заңның алтыншы тарауында “аудиттелетін кәсіпорын құқықтары, міндеттерімен жауапкершілігі, 21-бабында құқықтары, 22-бабында міндеттері, 23-бабында жауапкершілігі жан-жақты қарастырылған”. Қазіргі кезде Қазақстан республикасыда шет ел аумағындағы фирмалардың бөлімдері –филиалдары жұмыс істейді. Олардың ішінде “Артур Андерсант”,  “Эрнет энд Янг”, Прайс Уотееран” тағы басқалары. Қазақстан республикасында акционерлер берлестігі “Қазақстан аудит”,дербес аудит бірлестігі “Центр аудит” тағы басқа көптеген аудит фирмалары және аудиторлар бар.        

 

 

            2.2 Аудитторлық қызметің мақсаты мен міндеті

   

Аудиторлық қызметтің мақсаты. Бұл өте маңызды мағына, өйткені ол аудитор кәсіпорынға келісіммен клиентімен таныстырады және өткізілетін тексерудің қандай пайда әкелетінін түсіндіреді.

Аудиторлық  қызметтің мақсаты мыналар болуы мүмкін :

    • тіркеу жағдайындағы тәжірибе нәтижесі;
    • жылдық қаржы есебінің көрсеткіштерін дәлелдейтін тексерулер;
    • акция және құнды қағаздардың эмиссиялық мәліметтерін дәлелдеу;
    • кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығының нығаюы жөніндегі өңдеу ұсыныстары;
    • экономика және қаржы құқық салаларындағы жаңа заң шығару актілері бойынша кеңестер беру және т.б.

Аудиторлық  қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды  есепті кұруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды  сапалы тексеруді қамтамасыз етуде  болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды  есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім  аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін  ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.

Сапалы  тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік, заңдық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша  бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық  әдебиет түріндегі толық ақпараттық база қажет. Аудиторлық фирмалардың  маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар кез келген экономикалық субъект  қызметінің рентабельділігін қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық жұмыс  жоғары біліктілікті, аса көңіл бөлу мен кәсіпқойлыкты талап етеді. Әрине, оған осы кәсіп мәртебесіне  сай жоғары ақы төленуі керек. Сонымен қатар үлкен табыс  пен қызметі көрсетілген тұтынушылардың көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар клиенттерді таңдамай ала алмайды. Бұл жерде болашақта аудиторлық фирма беделін түсірмес үшін клиенттерді  дұрыс таңдау кажет.

        Сонымен қатар аудиторлық қызмет көрсетуді кеңейту саласында маркетингтік зерттеулерді жүйелі жүргізу де аудиторлық фирманың міндеті болып табылады. Қазір Қазақстандағы, әсіресе, үлкен қалалардағы аудиторлық фирмалар саны күрт өсуде. Бұл нарық жағдайында бәсеке өсуіне әкелетін дұрыс құбылыс. Аудиторлық қызмет көрсетудің сан алуандығы аудиторлардың қызметтің белгілі бір саласында мамандануына әкеледі. Қазақстанда акционерлік қоғамдардың аудиті, сақтандыру компанияларының аудиті, банктік аудит бөліп көріне бастады.

Аудитордың міндеттері мемлекеттік  бақылаудың міндеттерімен ұқсас:  тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының қолданыстағы заңға сәйкестігін анықтау.Сонымен  бірге аудиторлық қызметтің қаржы-шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудан айтарлықтай  айырмашылығы бар:

           1) аудиторлық қызмет кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға,оның төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, клиенттердің мүддесін қорғауға бағытталған.Тексеріс қызметі бірінші кезекте мемлекеттің мүддесін қорғайды,бұзушылықтарға ықпал етудің сан алуан түрлерін қолдана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің заңдарды, нормативтік актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;

   2) аудит кезінде тексеруші ұйым мен бақылаудың объектісі арасындағы байланыстар деңгейлес, ерікті келісімшарт негізінде болса, тексеру жүргізгенде сатылас, әкімшілік белгілеу ретінде болады;

   3) аудиторлық қызметті клиент немесе оның келісімен аудиторлық қорытындыны алуға мұқтаж болып отырған орган төлейді;

  4) аудиторлық тексерудің тиімділігін клиент аудитке жұмсалған шығындар мен аудиторлық тексеру нәтижелерінің ара салмағы ретінде айқындайды.Тексерістің тиімділігін тиісті бақылаушы орган анықтайды;

  5) аудиторлық тексерудің нәтижелері клиентке арналған аудиторлық қорытынды мен ұсыныстарда қамтылып көрсетіледі.Тексерістің нәтижелері бойынша акт жасалынады, онда орындалуы бақыланатын ұйымдық түйіндер, жасалу, міндетті нұсқаулар және басқалары көрсетіледі;

  6) аудиторлар алынған ақпарат пен аудит нәтижелерінің құпиялығын қамтамасыз етуі тиіс, ревизорлардың оларды жария етуіне құқы бар.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін қызметтері сан алуан.Оны  Қазақстан Республикасындағы алғашқы  және ең ірі аудиторлық ұйым - "Қазақстанаудит" компаниясының мысалынан көруге болады.Аудиторлық қызмет көрсету, консалтингтік  қызмет көрсету, бағалау және оны  саралау, кедендік кеңестер, қаржы-шаруашылық қызметін талдау, құрылтайшылардың құжаттарын жасау, қайта құрылымдау мен банкроттық рәсімдердегі кәсіби қызмет және басқалары  – компания көрсететін қызметтердің толық емес тізбесі осындай."Қазақстанаудит" компаниясының Астана қаласында  және республикасының барлық облыстарында құрылымдық бөлімдері бар. Компания аудиторлық қызметтің қағидаттарын бұлжытпай сақтайды.

Аудиторлық тәуекел – бұл аулитор өзіне алуға мәзір кәсіпорын құрылған тәуекел деңгейі, және аудитор тұжырымының жағымды ұсыныстары мен аудит аяқталғаннан кейін соңғы қаржылық есептерде болатын кемшіліктерді табуна бел буды. Ол өзіне үш құрамдас бөлікті қосады: ажырамайтын тәуекел, ішкі бақылау тәуекелі және бөлінбейтін тәуекел.

      Ажырамас тәуекел – бұл ішкі бақылаулардың қатысуынсыз кеткен қателіктерді қаржы есебін дәлелдеу.

      Ішкі бақылау тәуекелі – бұл жұмыс түрлері немесе қалған есептердегі қателіктерге қатысты, олар тіркеу жұмысының және ішкі бақылаудың көмегімен жекенемесе жинақтық өателіктердің айқындалуы мен түзетілуін реттеу мүмкін.

       Бөлінбейтін тәуекел – бұл тексеру процедуралары  қалған есептер немесе егер кейбір қателіктер болса реттейтін жұмыс түрлеріндегі бұрмалаушылықтарға жол бермейтін тәуекел.

      Тексеруге қатысты кәсіпорынның негізгі жұмыс бөлімшелері мен тіркеу объектілері. Тексеру бағдарламасында аудитті жүргізуде зерттелетін жұмыс бөлімшелері көрсетіледі.

      Тексеру сипаттамасы (түгелдеу, сұрыптау және көзбен шолып тексеру) , әрбір тексерілген бөлімшедегі тексерудің түгелдеу не сұрыптау түрі екендігін анықтау қажет. Түгелдей (дерлік) тексеру касса байланыстарында банк құжаттарында (алдын ала ақы) аванс есептерінде жүргізіледі. Ал еңбек ақы не материалды жәрдем жөніндегі алғашқы құжаттарға қатыстыларға бір қалыпты сұрыптап тексеруді жүргізуге болады.

      Бригада мүшелерінің міндеттерін нығайту. Егер тексеруді аудитор бригадалары жүргізетін болса, онда осы не басқа аудитор оны анықтау қажет. Бұл жерде алдынғы тексерулердегі шеберлікпен ептілікті ескере кету қажет.

      Тексерудің ұзақтылығын болжау. Аудиторлық тексерудің ұзақтылығы түрліше болуы мүмкін, алайда, тәжтибе көрсеткендей, екі апталық интенсивті жұмыс ұзаққа созылған апта ішінде едәуір аз дәлдігі бар және пайдасы аз нәтижелер әкеледі.

     Жүйелі оқу. Бұл ақпараттың тобі мен көлемін анықтауға және оларды қайта өңдеуге мүмкіндік береді және осы негізде: шешім қабылдау құқы және аудиторды қызықрырушы кәсіпорын қызметі аспектісіндегі бұл шешімдердің жауапкершілігі кімге жүктелгені туралы тұжырым жасайды. Аудитормен қарастырылған мәселелердің мүндай орталықтары: тәуелді кәсіпорын басшылары, оның орынбасарлары, бас бухгалтерлер, бөлім бастықтары және т.б. болуы мүмкін; жауапкершілік орталығынан топтың қай бағытқа бағытталғанын, олардың жарым жолда бұрмаланбауын; жауапкершілік орталығынан шыққан бұйрықтармен шешімдердің орындаушылар арасындағы негізгі қызметі қалай бөлінетіндігі.

       Келтірілген ережелерді біздің көз қарасымызда, ақпарат тобының(жоғарыдан төменге) төмендегіш оқу жүиесіне енгізуге болады.

       Келесі ақпарат тобы   төмен  жоғарыға көтеріледі және өз жолында нысан өгеруімен, сондай – ақ қайта өңдеумен

      Қайта жасау дәрежесінде дәлелденеді. Әсіресе бұл кәсіпорынның жалпы ақпарат жүиесінде таратылатын барлық ақпараттардың  60%-дан аса бөлігін қайта өңдейтін жүие ретінде бухгалтерлік тіркеу жүйесіне түскен ақпаратқа қарсы.Бухгалтерлік тіркеумен қатар аудитор үшін құнды ақпарат көзі, жұмыс және материалды техникалық қамтамассыз етужәне т.б. табылады.

     Аудиттің орындалуы  - бұл аудитор процедураларының орындалу кезеңдері.қаржы есебіндегі аудитті жүргізудің едәуір тиімді тәсілінің мақсатында мынадай аудит техникасын құру қажет:

-негізгі қорлардың материалды емес активтердің және күрделі қаржының аудиті;

-материалды құндылыұтар  аудиті;

-өндіріс шығынның аудиті;

-дайын өнім және оны сату аудиті;

-ақша қоры, қаржы инвестициясы  және есеп аудиті;

-қор айналым және қаржы  нәтижелерінің аудиті;

 

 

  2.3 Аудиторлық қызметтің принциптері

 

 1995 жылғы шілде айында аудиторлар Палатасының кезектен тыс конференциясында Қазақстан Республикасы аудиторларының Этикалық кодексі қабылданды. Ол кодекстің жобасын "Прайс Уотерхаус ЛЛП" кеңес берушілердің ресми демеушісі болып табылатын "Капитал рыногы" ЮСАИД бағдарламасының қолдауымен "Казақстан аудит" акционерлік компаниясы жасады. Аудиторлар палатасының Кеңесі бұл кодекстің нормативтік акт ретінде күші бар екендігін және оны орындауға Қазақстан территориясында жұмыс істейтін аудиторлық фирмалар мен аудиторлар міндетті екендігін атап көрсеткен.

 Этика - адамзаттың тандау мәселелерін, адамдар басшылыққа алатын жақсы және жаман стандарттарды, және де ең соңында ол талпынатын жақсылықтарды жүйелі түрде зерттеумен айналысатын философия саласы.

Этиканың  үш элементі:

  • шешімдерді таңдау мәселелері;
  • моральдық принциптер;
  • шешім қабылдаудың садлдарлары.

 Қазақстанда қабылданған этикалық кодекс төмендегілерді белгілейді:

  • аудиторлардың мінез-құлық стандарттарын;
  • жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін аудиторлар сақтауға тиісті негізгі принциптерді.

 Кодекстің кіріспе бөлімінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда жоғарғы деңгейдегі тиімділікке қол жеткізу үшін өте биік кәсіби нормаларға сәйкес жұмыс атқару болып табылатын аудитор кәсібінің мақсаты анықталған. Бұл негізгі төрт талаптың сақталуын болжайды: дұрыстық, кәсіби біліктілік, қызметтің сапасы және сенім.

 Аудитордың алдында тұрған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар шарттарды немесе принциптерді орындау қажет:

Адалдық. Аудитор өзінің кәсіби міндеттерін орындауда адал болуға тиісті.

Әділдік (объективтілік). Аудитор әділ болуға және жоқ нәрсеге сену, қате түсінік тағы сол сияқты факторлардың әділетікке әсер етуіне жол бермеуге тиісті.

Кәсіби  біліктілік. Аудитор қызмет көрсетуге келісерде, бұл тапсырманы орындау үшін өзінің кәсіби білім деңгейінің, тәжірибесінің жеткілікті дәрежеде екендігіне сенімді болуға тиісті, олай болмаған жағдайда ол мұндай тапсырманы орындаудан бас тартуға тиісті.

Аудитор кәсіби қызметін үлкен ықыласпен, жетік  біліммен, ынта жігермен көрсетуге  тиісті. Онда әрдайым кәсіби білімін  және тәжірибесін шыңдауға деген, клиентке қазіргі заманғы іс-тәжірибе мен зандарға негізделген білікті кәсіби қызмет көрсетілетіндігіне кепілдік беру үшін оларды тиісті талап деңгейінде ұстап тұруға деген қажеттілік болуға тиісті.

Құпиялықты  сақтау. Тексеру нәтижесін меншік иесіне немесе тексеруді белгілеген ортанға беру сияқты жағдайларды есепке алмағанда, тексерілетін субъектінің рұқсатынсыз кәсіби қызмет көрсету барысында алынған ақпараттарды, коммерциялық құпиямен қоса, жария етуге құқығы жоқ.

Кәсіби  мінез кұлық. Аудитор өз кесібінің беделін түсіретін мінез-құлықтардан аулақ болуға тиісті, яғни оның мінез кұлқы осы кәсіптің беделіне сай іс-әрекеттерге сәйкес болуға тиісті.

Кәсіби  стаңдарттар. Аудитор кәсіби қызмет көрсетуді заңдық және нормативтік актілерде қабылданған тиісті кәсіби стандарттарға сәйкес қарастыруға тиісті. Аудиторлар адалдыққа, әділдікке және тәуелсіздікке жанаспайтын кез-келген мүдделерден азат болып табылады және болуға тиісті де. Ұлыбританияның аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі кеңесі аудиттің негізін қалаушы принцитеріне қосымша төмендегілерді қарастырады:

Ой-пікір. Аудитор сенімді (дұрыс) кәсіби ой-пікірлерді қолдануға тиісті.

Есеп  беруге міндеттілік. Аудитор сол мезгілде шаруашылық процесстің басқа қатысушыларының мүддесін ескере отырып, акционерлердің мүддесі үшін көбірек әрекет жасауға тиісті.

Коммуникация (қатынас). Аудиторлар  өздерінің ой-пікірлерін білдіру үшін мәселені толық түсінуге қажеттілердің барлығын ашуға тиісті. Аудиторлар, егер оларға өтірік алдау, занды немесе кәсіпорын сақтауға тиісті баска да ережелерді бұзу фактілері белгілі болса,  қоғамдық мүдде үшін тиісті деңгейдегі билік органдарына мәлімдеме жасай алады.

Информация о работе ҚРғы қаржылық бақылау жүйесі аудиторлық қызмет