Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................


4

І


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................


6

1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18

1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................


27







ІІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ


2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................


43

2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................


56

2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................


63







ІІІ


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70

3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................


78






ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................


89


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................


92-94

Работа содержит 1 файл

Regina.doc

— 1.27 Мб (Скачать)

- Материалдарды объекті маңындағы қоймаға дейін жеткізу шығындары.

- Дайындау – қойма шығындары, тиеу – түсіру жұмыстарына жұмсалған шығындар.

Материалдар бір өндірістік процесте түгел тұтынылады, әрі толығымен өзінің құнын өндірілетін өнімге аударады. Материалдық ресурстарды үнемдеу, оларды ұқыпты пайдалану, өндіріске жұмсалатын шығындардың нормасын сақтау, материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамассыз ету арқылы жүзеге асады.

Нақты өзіндік құнды, оның өзгерісін анықтау құндылықтардың түрлеріне, ұйымға жеткізілу тәртібіне, есептен шығарылған материалдарды бағалау әдістеріне тәуелді.

Құрылыстағы материалдық құндылықтар есебін қарастыратын экономикалық әдебиеттерде, көптеген авторлар материалдарды есепке алуда жедел – бухгалтерлік (қалдықтық) әдісті қолдануды ұсынады. Ол есеп жұмысының көлемінің айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Жедел – бухгалтерлік әдістің артықшылығы белгілі, ол журналды – ордерлік нысанда да есептеу техникасын қолдану кезіндеде пайдаланыла береді.

Алайда, жұмыс ұйымдарында материалдық құндылықтарды есепке алуды регламенттеу бойынша нормативтік құжаттардың санының көп болғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген тәжірибені терең зерттеу көрсетіп отырғандай, есептің қойылымда ұйымдастырушылық, сондай-ақ әдістемелік жоспарда да айтарлықтай кемшіліктер бар. Бұл әдіс есеп процестері көп еңбек сіңіруді қажет ететін және мол материалдық құндылықтары бар жерде ғана тиімді.

Осылайша, материалдар есебінің жедел – бухгалтерлік , карточкалық – құжаттық немесе басқадай әдістерін таңдап алу материалдық құндылықтардың ерекшеліктерімен бухгалтерияда есепке алудың күрделілігін ескере отырып жүзеге асыру керек. Мысалы, тізімдемесі аз материалдық құндылықтарды есепке алу үшін, жедел – бухгалтерлік (қалдықтық) әдісті қолданудың қажеттілігі жоқ. Өйткені ол тиімсіз, әрі жұмыс көлемімен жұмыс процесіне жұмсалатын уақыт шығынын көбейтеді. Ол үшін «Материалды – жауапты тұлғалардың есебін» яғни шеберлердің немесе құрылыс учаскесі бастығының

есептемелерін қолдану қажет.

Жедел – бухгалтерлік есеп өзінің артықшылығына қарамастан, бір кемшілікке ие, материалдардың нақты бары туралы мәліметтер бухгалтерияда тек айдың соңында ғана қалыптасады, бұл жедел басқарушылық шешімдерін қабалдауға жарамсыз.

Біздің ойымызша,материалдық құндылықтардың түсуін және сақталуын

жетілдірудің басты бағыты оларды қабылдау және сақтаудың бүкіл технологиялық процесін дәл мсежелеу болып табылады. Айналымды материалдар көп мөлшерде жұмсалатын болғандықтан, олардың шығысын тыңғылықты есепке алумен бақылау қажет . Айналымды материалдардың құны тікелей құрылыс – монтаж жұмыстарының өзіндік құнына «материалдар» бабы бойынша нормативті мөлшерде олардың айналым саны мен қайтарылатын сомасын ескере отырып, енгізіледі.

Көп жағдайларда материалдық шығынның деңгейін бақылау түгендеу тәсілімен жүзеге асырылады. Бұл кезде жыл басындағы материалдық құндылықтардың қалдығына ай ішінде келіп түскендер қосылып, ай соңындағы құндылықтардың қалдығы шегеріледі. Екі ортадағы айырмашылық нақты шығын болып саналады. Өндірістік есеп үшін тек материалдық шығындарды үнемдеу ғана емес, сонымен бірге өндірістік шығындардың көлеміне едәуір ықпал ететін көліктік және дайындау –қойма шығындарын төмендетудің де мәні зор. Бұдан өзге құрылыс өнімнің жылжымайтын сипаты көліктік және дайындау – қойма шығындарының үлесінің жоғары болуына алып келеді.

Соңғы жылдары ғылыми – техникалық прогрестің ықпалы мен өндірісте

пайдаланылатын материалдық ресурстардың құрылымы өзгеріп, олардың құрылыс –монтаж жұмыстарының өзіндік құнының құрамындағы үлес салмағы көбейді. Осыдан келіп мынадай қорытынды жасауға болады материалдық ресурстардың шығысын есепке алумен бақылауды ұйымдастыру құрылыс ұйымының барлық бөлімшелері үшін бірдей болуы мүмкін емес. Мұндай жағдайда келесілерді ескеру қажет:

- Тұтынылатын материалдық ресурстардың түрлері (материалдар, конструкциялар, мұнай өнімдері және т.б).

- Өндірісті ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері (бригадалық, мердігерлік,

учаскелік және т.б).

- Өндіріске материалдарды босатудың ұйымдастырылуы және тәртібі (объекті

жанындағы қойма, жалпы құрылыс қоймасы, тарату тәсілдері және т.б).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жүргізілген дипломдық жұмысын жазу барысындағы ғылыми және тәжірибелік зерттеулер нәтижесінде құрылыс ұйымдар өндірісінің технологиялық және салалық ерекшеліктеріне қарай есеп пен аудиттің ұйымдастырылуын дамытып жетілдіру мақсатында (бағытында) төмендегідей тұжырымдар ұсынылады:

1. Өнімнің өзіндік құнының материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін, жұмыс нәтижесін көрсететін маңызды сапалық көрсеткіш екені айтыла отырып, құрылыс өнімінің өзіндік құнын әрбір құрылыс жұмыстарына жасалған келісімнің шартына сай анықтау керек.

Құрылыс өнімінің жермен тікелей байланыстылығы, қозғалмайтындығы; құрылыс алаңының ұйымының негізгі орналасқан жері мен орталық қоймалардан, елдімекендерден қашықтығы, құрылыс ұйымының өндірістік бөлімшелерінің көшпелілігі, машиналар мен механизмдердің,  материалдық қорлардың, еңбек ресурстарының жылжымалылық сипаты, өндірістік үдерістердің табиғи–климаттық жағдайларға тәуелділігі, тұрғызылатын объектілердің даралық қасиеті, техникалық күрделілігі мен өндіріс циклінің ұзақтығы, құрылыс объектілерінің архитектуралық күрделілігіне қарай оған бір мезгілде инвестор, бас мердігер, жобалау, жалпықұрылыс, маманданған құрылыс, іске қосу ұйымдарының қатысуы, жаңа құрылыс алаңына салынатын жаңа объекті үшін өндірістік қызметті қайтадан ұйымдастырудың қажеттілігі ұйымдарда материалдық қорлардың есебі мен ішкі аудитінің ұйымдастыруға ерекше әсер ететіндігі ескерілуі тиіс.

2. Құрылыс саласындағы кәсіпорынды басқаруда материалдық-қорлардың бухгалтерлік есебінің ролі ерекше.

Салынатын құрылыс объектілерінің түрлеріне немесе атқарылатын жұмыс түрлеріне байланысты жұмсалынатын құрылыс материалдары оның құнының үлкен үлес салмағын жалпы шығындардың жартысына жуығын немесе одан да көп бөлігін құрайды.

Құрылыс қызметі үдерісінде материалдар еңбек заты ретінде өзінің нысанын (формасын) өзгерте отырып, ауыспалы түрде үш кезеңнен өтеді: алу; сақтау; қолдану. Әрбір қозғалыс кезеңіндегі материалдар есебі жүйесі есептің ақпараттардың сенімділігі мен уақытқа сәйкестігін қалыптастыру мәселесін шешуде, тиімді басқару шешімдерін қабылдауда, негіздеуде және дайындауда маңызды орынға ие.

Осыған орай құрылыс материалдарының кіріске алынуы мен шығыс етілінуін дұрыс есептеуді ұйымдастыру материалдық-өндірістік қорларды тиімді пайдалануда, ұйымның айналым құралдарын тиімді етуде және басқару шешімдерін қабылдаудағы бухгалтерлік шешімдерді қалыптастыруда ерекше орын алады.

3. Қорларды тасымалдау барысында көлік тасымалдау шығындарын  қорлардың бағасына пропорцианалды қосуда кейбір қымбат материалдарға салмағы мен көлемінің аздығына қарамай (кішілігінен) оларға тасымалдау шығындары көп қосылып, бұндай материалдарды пайдалануда кәсіпорын үшін жағымсыздық туғызады. Осы мәселе бойынша материалдардың нақты құнын анықтау үшін көлік тасымалдау шығындарын ол материалдың бағасына ғана емес көлемі мен салмағына қарай қосу қажет.

Біздің ойымызша орталық қоймада құрылысқа күнделікті керекті материалдар учаскелердің тапсырысы бойынша жинақталып жұмыс күнінің басталатын уақытында учаскіге жеткізіліп тұруы керек. Бұл материалдардың ысырап болуына жол бермейді жәнеде кәсіпорын шығындарын үнемдеуге мүмкіндік жасайды. Еліміздің өндіріс орындарында қолданылып жүрген орталық қоймалардағы материалдардың сақталынуы мен өндіріс басындағы, яғни салынып жатырған құрылыс объектісінің жанындағы уақытша пайдаланылатын материалдар сақталынатын орындар бойынша бірдей материалдардың есебін жүргізуді бір жүйеге келтіру үшін және де оған жұмсалынатын шығындарды азайту үшін біз мынадай ұсыныстар ұсынамыз:

- материалдар кәсіпорынның орталық қоймасында ғана сақталынып және оның есебі осы орталық қойма бойынша ғана жүргізілуі керек;

- кәсіпорындағы әрбір өндіріс орнына қажетті материалдары олардың алдын ала берген өтініштері бойынша қажетті күнге бөлек жинастырылып қойылып жұмыс күнінің басталатын уақытында учаскіге жеткізіліп отырылуы керек;

- кәсіпорынның орталақ қоймасынан әрбір өндіріс орындарына босатылған, тиеліп жіберілген материалдар тікелей өндіріс шығындарына қосылып есептелінуі тиіс;

- әрбір айдың соңында өндіріске түгендеу жүргізіліп ондағы жұмсалынбай қалған материалдар сторно етіліп отырылуы тиіс.

Бұл айтылған ұсыныстар кәсіпорынның жұмыс жүргізуі барысында шығындарды азайтуға және өндіріс өнімділігін арттыруға өз септігін тигізеді.

4.  Аяқталмаған құрылысты дұрыс бағалау үшін оны түгендеуді дұрыс әрі сапалы жүргізу қажет. Бірақ бүгінгі күні қолданылып отырған Қорларды түгендеу описі деп аталатын формасы аяқталмаған құрылысты дұрыс бағалау үшін оны түгендеуді дұрыс әрі сапалы жүргізу үшін қажетті және толық ақпарат болып табылмайды. Соған сәйкес бізбен аяқталмаған құрылысты түгендеудің жаңа инвентарлық описі ұсынылды. Бұл нысанда (формада) аяқталмаған құрылыстың қаншалықты дайын екендігі, оны өндіруге жұмсалынған шығындардың нормалық мөлшері көрсетілді. Сондай-ақ бұл нысан аяқталмаған құрылыстың нормативтік өзіндік құнын дұрыс есептеуді анықтайды.

5.  Құрылыс ұйымдарында ішкі аудиттің ұйымдастырылуы зерттеліп, оны жетілдірудің жолдары қарастырылды. Сонымен қатар бұл кәсіпорындарда ішкі бақылаудың қажеттілігі мен тиімділігі анықтап, оны ұйымдастыру жолдары ұсынылды.

Ішкі бақылау меншіктің сақталуын қамтамасыз етіп, қолда бар өндіріс резервтерін анықтауға, әрі үйлестіруге мүмкіндік береді, жұмыс тиімділігі мен сапасын көтеріп, үнем тәртібін күшейтуге, ұйым қызметінің олқылықтарын, материалдардың жетіспеушілігін, жоғалуын және ұрлық­қарлық фактілерінің себептерін анықтауға көмектеседі.

Ішкі аудит ­ бұл ұйымның өз қызметкерлерімен жүзеге асырылатын, ұйым жұмысының тиімділігін бағалауға бағытталған ішкі бақылау жүйесінің ажырамас бөлігі. Оның басты мақсаты ұйым қызметкерлеріне өз жұмыстарын тиімді орындауға көмектесу. Сонымен бірге, ішкі аудит экономикалық диагностика, қаржылық стратегия, маркетингтік зерттеулер, кеңес беру, өндірістік­қаржылық үдерістерді ағымдық және кезекті бақылау, қаржылық ақпараттардың сенімділігі жөнінде меншік иелерінің мүдделерін қанағаттандыру міндеттерін шешеді. Құрылыс ұйымында ішкі аудиттің жүйелілігін қамтамасыз етуге негізделген ішкі аудитті ұйымдастыру үрдістері ұсынылды. Сонымен бірге ұсынылып отырған ішкі аудитті жүргізу бағдарламасы мен сапа жүйесін алдын-ала бақылауға арналған тестілер ішкі аудит мәліметтерінің шынайылығын көтере түседі. Бұл құрылыс өндірісіне пайдаланылатын материалдық қорлардың тиімді пайдаланылуын және олардың ауытқуына әсер етуші факторларды талдай отырып, құрылыста еңбекті тиімді ұйымдастыру, материалдарды оңтайлы жұмсау, жаңа технологияларды пайдалану арқылы, жұмысшылардың кәсіби деңгейін көтеру негізінде шығындардың нормадан ауытқуын жоюға мүмкіндік берді.

Жұмыстың ғылыми маңыздылығы құрылыс саласымен айналысатын кәсіпорындардаға ағымдағы активтердің есебі мен ішкі аудитін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстарды енгізу болып табылады. Осы жұмыста берілген ұсыныстарды құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын ұйымдар мен бухгалтерлік есеп пен аудит және құрылыс саласындағы мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орындарында пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет

 

1.            “Балалар Энциклопедиясы”, V-том

2.            Под. Ред. Скала В., Основы учета в строительстве РК,- Алматы, LEM 2003, 268с

3.            ҚР Азаматтық Кодексi. Алматы: Қазақстан,1997

4.            Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. ҚР кодексі (Салық Кодексі) (есептегі жылдың басына еңгізілген толықтырулар және өзгертулермен)

5.            Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы ҚР Заңы 21.06.1999ж № 450-138к

6.            Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру туралы. ҚР Заңы 28.02.2007ж № 234

7.            Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары Москва: Аспери,2006ж

8.            ҚР Ұлттық қаржылық есептілік  стандарттары. ҚР  Қаржы Министірінің бұйрығы 21.06.2007 ж.

9.            Типтік бухгалтерлік есеп шоттар жоспары. ҚР Қаржы министрлігінің № 183 бұйрығы  23.05. 2007ж 

10.       Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері. ҚР ҚМ бұйрығы 22.06.2008 ж.

11.       Бухгалтерлік есеп тіркелімдері. ҚР ҚМ бұйрығы 21.06.ж, №215

12.       Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы. ҚР ҚМ бұйрығы 21.06.2007г., № 216

13.       Нургалиева Р.Н. Аралық қаржылық есеп. Оқу құралы, І,ІІ бөлім., 2005

14.       Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет. Учебник, Алматы, 2004.

15.       Ержанов М.С., Ержанова С. Учетная политика, Алматы, 1997.

16.       Качалин В.В. Финансовый учет и отчетность в соответствии со стандартами  СААР. М.2000

17.       Нидлз Б., Андерсон X., Колдуэлл Д. «Принципы бухгалтерского учета» под ред. Я.В. Соколова. - М.: Финансы и статистика, 1994.

18.       Әбдіманапов  Ә.Ә.  Бухгалтерлік  есеп  теориясы  және принциптері. -Алматы: АЙАН, 2001 ж.

19.       Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. - Алматы, ЭкономикС, 2003 ж.

20.       Дүйсенбаев  К.Ш.,  Төлегенов  Э.Т.,  Жұмағалиев  Ж.Г.  Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау \ Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2001 ж.

Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру