Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................


4

І


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................


6

1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18

1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................


27







ІІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ


2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................


43

2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................


56

2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................


63







ІІІ


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70

3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................


78






ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................


89


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................


92-94

Работа содержит 1 файл

Regina.doc

— 1.27 Мб (Скачать)

6. Құрылыс кешенін стратегиялық басқару келесі қағидаларға негізделуі қажет: ұйымдардың негізделген, саналы түрде мақсатты даму стратегиясын  таңдауы; бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін қызмет түрлері мен жаңа формаларын әрдайым іздеу; шаруашылық қызметін атқару мен дамудың ең  жақсы жағдайын анықтайтын, ұйымдардың ішкі жүйесі мен оның элементтерін басқаратын және басқарылатын, тұрғын үй құрылыс ұйымдары мен сыртқы орта арасындағы оңтайлы қатынасты қамтамасыз ету қажет. 

7. Құрылыс кешенінің қызмет атқаруының негізгі шарттары талдау негізінде анықталды:

- 2000-2008 жж. мемлекеттік меншіктікті жекелендіру нәтижесінде тұрғын үй құрылыстық өнімдерін еркін сатушылар (құрылыстық ұйымдар) мен сатып алушылардың (инвесторлар, тапсырыс берушілер, тұрғындар) арасындағы өзара іс-әрекеттерді қалыптастыру қажеттілігі;

- мердігерлерді еркін таңдау, бұл тұрғын үй құрылыс кешені құрған құрылыс өнімдеріне экономикалық негізделген бағаны қоюға мүмкіндік береді;

- құрылысқа қатысушылардың жауапкершіліктері мен міндеттемелері бекітілген жағдайда,  мердігерлік келісімімен тұрғын үй құрылысы өнімін сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қатынасты реттеу қажеттілігі;

- басқа да салалармен салыстырғанда тұрғын үй құрылыс кешені күрделі құрылысына қаржыландырудың мемлекеттік көздерін пайдалану мүмкіншілігі;

- ұсыныстың сұраныстан үстемділігі, бұл бәсекелестіктің болуын қажет етеді, сөйтіп құрылыстық өнімдерді жоғарғы сапамен қамтамасыз етудің аса маңызды  шарты екендігі анықталды.

Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесiн дамыту

      Тұрғын үйдi қаржыландыруды ұзақ мерзiмдi дамытудың маңызды бағыттарының бiрi тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесi болып табылады.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылыс жинақтары жүйесiне қатысушылар салымды жүзеге асыру басталғаннан кейiн үш жылдан соң тұрғын үй сатып ала алады. Сондықтан тұрғын үй құрылысы жинақтарына қатысушылардың негiзгi контингентi Бағдарлама аяқталғаннан кейiн тұрғын үй рыногындағы төлемге қабiлеттілiктi қалыптастыратын болады.

Тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесiн одан әрi дамытудың негiзгi шарты жаңа салымшыларды тарту болып табылады, олардың есебiнен жүйенiң ең аз қажетті салым көлемiн жинақтаған қатысушыларына кредиттер берiлетiн болады.

Тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесiн жаппай iске қосу мақсатында Бағдарламаның қолданысы кезеңiнде тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесiнiң ықтимал қатысушылары болып табылатын азаматтар үшін барынша тартымды жағдайлар жасау ұсынылады:
      - тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiндегi қажеттi қорлану мөлшерiн сатып алатын тұрғын үй құнынан 25%-ке дейiн төмендету;
     - қорлану мерзiмiне қарай кредит мерзiмiн 25 жылға дейiн ұлғайту;
      - мемлекет көтермелейтiн салым сомасының мөлшерiн 200 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн ұлғайту, бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер енгізудi талап етедi.

Мемлекет бұл шараларды тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесiн таяу арада енгiзу үшін, атап айтқанда тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесiне ақша қаражатын салу арқылы тұрғын үй проблемасын шешетін тұрғындар санын ұлғайту үшін қолданып отыр. Бұл ретте аталмыш шарттар 2003-2004 жылдарда ТҚЖБ-мен шарт жасасқан салымшыларға қатысты болады. Бұдан әрi тұрғын үй құрылысы салымдары жүйесiн бұқаралық ететiн салымшылардың белгілi бiр санына жеткен кезде жүйе жұмысының негiзгi шарттары қайта қаралатын болады.

Көрсетiлген мiндетке қол жеткiзу және тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін дамытуға мынадай іс-шаралар өткізу есебінен жүзеге асырылады:
      - тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесiнiң ұзақ уақтылы тұрақтылығы мақсатында ТҚЖБ-ны 12,26 млрд. теңге мөлшерiнде капиталдандыру;
     - 1,9 млрд. теңге мөлшерiнде ТҚЖБ-ға ұзақ мерзiмдi бюджет кредиттерiн беру. Банк үшін қарыз алу бағасын төмендетумен қатар, бұл ТҚЖБ-ның кредиттік мерзiмдерi мен қарыз қоржындары арасындағы алшақтықты қысқартуды қамтамасыз етедi [60].

- ТҚЖБ-ның ұзақ мерзiмдi қарыздар тартуы;
      - аймақтарда салымшыларды тарту үшін жағдайлар жасау, ТҚЖБ-ның өкiлдiк торабын кеңейту;

- қажетті соманың 25%-i қорланған кезде ТҚЖБ жүйесi бойынша берілетiн барынша рұқсат етілетiн кредит мөлшерiн 5 млн. теңге деңгейiнде шектеу. Бұл тұрғын үйдi кейiн тұру үшін сатып алуға емес, ал капиталды тиiмдi орналастыру ретiнде жеңiлдiкті кредит ресурстарын және салымдар бойынша сыйақы алу болып табылатын жүйеге қатысушыларды шығарып тастай отырып, жүйенi неғұрлым мақсатты етедi;

- ТҚЖБ-ға салымдар бойынша сыйлықтар төлеуге 2,34 млрд. теңге мөлшерiнде бюджет қаражатын бөлу;

Бұл ретте Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының қажетті қорланудың ең аз мөлшерiн төмендету және мемлекет көтермелейтiн салым мөлшерiн 200 AEК-кe дейiн ұлғайту бөлiгiнде өзгерiстер енгiзу.
      Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде болжам бойынша құрылыс жинақтары жүйесiн перспективада ең аз дегенде 100 мың салымшы қолдана алады.

Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшін 2009-2013 жылдардағы кезеңде мынадай iс-шаралар өткiзу қажет:

1. Инфляция деңгейiн жоспарға сай төмендету, бұл ипотекалық кредит берудiң базалық шарттарын, соның iшiнде сыйақы ставкаларын жоспарға сай төмендетуге әкелуге тиiс. Ипотекалық кредит беру бойынша кодталған ставкалардың есебi кезiндегі айқындаушы фактор қазiргi уақытта 6,4% құрайтын инфляция деңгейi болып табылады. Ұлттық банктiң болжамдық деректерi бойынша 2009-2013 жылдардағы инфляцияның деңгейi 4-6%-ке жетедi. Ұлттық банктiң ұзақ мерзiмдi болжамдары бойынша 2015 жылға инфляция деңгейi 3,5%-ке дейiн төмендейдi.

2. Мақсаттық шарттарды көрсете отырып ипотекалық кредиттердi қайта қаржыландыруды көздейтiн 2000 жылы бекiтілген қолданыстағы ҚИК-тың Ипотекалық кредит беру бағдарламасының (бұдан әрi ҚИК-ның арнайы бағдарламасы) шеңберiнде қолжетiмдi тұрғын үйге Ипотекалық кредит берудiң арнайы бағдарламасын әзiрлеу. ҚИК-тың арнайы бағдарламасында базистік индекс ретiнде жылдық сипаттағы инфляция емес, ҚИК-тың орташа өлшенген қарызға алу ставкасы пайдаланылатын болады. ҚИК-тың 3,1%-тен 0,5-1,0%-ке дейiнгi спрэдiнiң және 4 %-тен 3,0%-ке дейiн серiктес банктердiң ең жоғары маржа өлшемдерiнiң төмендеуi көзделетiн болады. Сонымен қатар арнайы ипотекалық кредиттің 5 миллион теңге сомасындағы ең жоғары өлшемi белгіленетiн болады. ҚИК-ның кодталған ставкасы 6-7%-тен аспауға тиiс.
      3. ҚИК-тi 26,8 млрд. теңге мөлшерiнде капиталдандыру. Екiншi деңгейдегі банктер үшін қолданылатын левередждi ескере отырып, ҚИК капитал рыногында қарыз алу көлемiн жыл сайын ұлғайтатын болады. ҚИК-тi капиталдандыру талаптар құқықтарын сатып алу көлемiн ұлғайтуға ықпал ететiн болады, бұл ақырғы қорытындысында екiншi деңгейдегі банктерге ипотекалық кредиттердiң проценттік ставкаларының деңгейiн 10%-ке дейiн төмендетуге мүмкiндiк беретiн ҚИК-тiң кодталған ставкаларын азайтуға әкеледi. Бұл ретте осы ипотекалық кредиттер ҚИК-тiң арнайы бағдарламасының шеңберiнде қолжетiмдi тұрғын үй сатып алу үшін ғана берілетiн болуға тиiс.


             3.2 Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары

 

Құрылыс жұмыстарының салалық және технологиялық ерекшеліктері кәсіпорынның өндірістік кезеңінде пайдаланылатын материалдық ресурстардың есебі мен әдістемесінің ұйымдастырылуына елеулі ықпал етеді.

Сондай-ақ құрылыс саласының ерекшеліктерінің бірі материалдық қорларды сақтайтын әрбір орындар бойынша оған жауапты тұлғаларды арнайы құжаттармен бекіту қажет етіледі. Құрылыс-монтаж ұйымдардың құрамына негізгі өндірістен бөлек көмекші өндірістері де болады, сондықтан негізгі және көмекші өндірісте пайдаланылған материалдық  ресурстардың бухгалтерлік есебін бөлек, бірақта өзара байланыста қарастыру қажет. Құрылыс ұйымының өзінде өндіріліп пайдаланылатын және басқаларға сатылатын өнімдерінің бухгалтерлік есебі өндірістік ұйымдардағыдай етіліп жүргізіледі. Құрылыс өндірісінде кейде жартылай фабрикаттарды пайдалану жиі кездеседі. Бұл бетон ерітіндісін (раствор), асфальт және тағыда басқа құрылыс материалдарын дайындауға байланысты. Көбіне жол, дамба, т.б. салумен айналысатын құрылыс ұйымдары өздеріне қажетті шикізаттарды (құм, тасшақпақ (щебень), қиыршық тас (гравий)), өзінің көмекші өндірісінде өндіруге мүдделі болады. Сонымен қатар, құрылыс орталықтандырылған электр қуатымен және сумен қамтамасыз етілмеген аудандарда жүргізілетін жағдайда қосымша электр подстанциялары мен су жіберу (водокачек) құрылғыларын, тағыда басқаларды қажет етеді. Аталғандар құрылысқа жағдай жасайтын көмекші өндіріс болған жағдайда тиімді болып табылады.

Құрылыс өнімінің жалпы шығарылымын есептеу кезінде қолданылатын статистикалық есептілік нысандарының тізбесі:

- 1-Инвест «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» (айлық, жылдық);

- 1-КҚ «Құрылыс ұйымы орындаған жұмыстар (қызметтер) туралы есеп» (айлық, жылдық);

- 1-КҚ (шағын) «Құрылыс ұйымы орындаған жұмыстар (қызметтер) туралы есеп» (тоқсандық, жылдық);

- 1-ЖТҚ «Жеке құрылысшылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (айлық, жылдық).

Әржақты құрылыс өндірісінің өзіндік ерекшелігіне қарай, құрылыс ұйымдарындағы материалдық қорлардың бухгалтерлік есебі тек басқа да басқару салаларымен бірігіп жүргізілгенде ғана дұрыс, әрі толық қамтылады. Басқа да басқару салаларына: материалдық-техникалық жабдықтау бөлімін, өндірістік-жобалау бөлімін, ақпараттық технологияны енгізу мен қолдану жөніндегі бөлімді және барлық инвестициялық-құрылыс қызметтерінің субъектілерін жатқызуға болады.

Құрылыс мекемесін басқару жүйесінің сапасының артуы белгілі бір мақсаттарға талдау жүргізу мен қадағалау мүмкіндіктерін беретін, басқару шешімдерін әзірлеу кезінде әртүрлі деңгейдегі басқару кезінде үлкен табысқа жеткізетін, қажетті объективті, нақты және уақытылы ақпараттарды алумен тығыз байланысты.

Құрылыс мекемесінің есептік қызметкерлері құрған ақпарат құрылыс мекемесінің басқару аппаратының ұлғаймалы талаптарына сай болуы қажет және талдамалық жұмыстар мен болжамдарды жүргізу талаптарына барынша жауап беруі тиіс. Нарықтық экономика жағдайында есеп жүйесі мен ішкі бақылауды қалыптастырудың маңыздылығы ерекше сипатқа ие. Ол үш маңызды факторларға негізделеді: біріншіден - құрылыстық – инвестициялық саланың экономикалық тәуелділігіне, екіншіден - кәсіпорындардың бәсекелік күрестеріне, үшіншіден - халықаралық интеграциялауға.

№2 «Қорлар» - деп аталатын ҚЕХС сәйкес қорлардың өзіндік құнына оларды есепке алу барысында, яғни кіріске алу, дайындау, тасымалдау және басқада кіріске алу барысында жұмсалған шығындардың барлығы қосылып есептелінеді. Осы жердегі аталып өткен тасымалдау шығыны қорлардың өзіндік құнына қосылып есептелуінде үлкен мәселе туғызады. Іс тәжірибеде әр түрлі өлшем бірліктерде есептелінетін қорлар бір көлікпен тасымалданып әкелінетіндігі жиі кездеседі. Соған сәйкес бұндай жағдайда тасымалдау шығындарын тасымалданған әр түрлі материалдарға тиісті мөлшерде есептеуге мүмкіндік болмайды. Сондықтан бұл шығындар материал ретінде есептелініп кіріске алынады да, есепті кезеңнің соңында жұмсалынған (сатылған) материалдар мен қалған материалдарға бөлініп қоыслады. Көлік тасымалдау шығындары әрбір материалдың көлеміне, яғни көлік құралына тиелгендегі алатын орнына немесе салмағына қарай емес бағаларына байланысты пропорцианалды түрде бөлініп қосылады. Соған сәйкес көлемі кіші болғанымен бағасы жоғары материалға көлік тасымалдау шығыны көп қосылады. Кей уақыттарда қорларды тасымалдауда пайдаланылған көлік құралының негізгі, яғни көп бөлігін алған (үлкен орынды қажет ететін немесе салмағы ауыр) материалдың құнына қосылатын тасымалдау шығынының мөлшері сол көліктің аз ғана орнын иеленген бағасы қымбат, салмағы жеңіл материалға қосылатын тасымалдау шығынынан бірнеше есе аз болуы мүмкін. Осыдан көлік тасымалдау шығындарының материалдардың өзіндік құнына дұрыс бөлініп қосылмайтындығын көруімізге болады. №2 «Қорлар» - деп аталатын ҚЕХС сәйкес қорлар міндетті түрде өзіндік құны мен таза сату құны арасындаға төмен бағасы бойынша бағалануы қажет. Ал көлік тасымалдау шығындары олардың қай материалмен тікелей байланысты екенін анықтау қиындық тудыратындықтан бөлек есептелінеді. Талдамалық (аналитикалық) есепте әрбір материал түрлері бойынша сатылып алынған бағасы бойынша, көлік тасымалдау шығынынсыз есептелінеді, яғни олардың өзіндік құнын есептеуде көлік тасымалдау шығындары қарастырылмайды. Сондықтан өзіндік құны мен таза сату құны арасындағы төмен бағаны анықтау барысында көлік тасымалдау шығындары өзіндік құнның құрамында болмайды, яғни қарастырылмайды. Осыдан көлік тасымалдау шығындарын қорлардың құрамында есептеп артынан оларды жұмсалынған (сатылған) материалдармен жұмсалынбай қалғандарының арасында бөліп есептеу қосымша уақыт пен қосымша жұмыс күшін қажет еткенімен ешқандай нәтиже бермейді. Сондықтан біз көлік тасымалдау шығындарын тікелей үстеме шығындарға апарып қосып есептеп кейіннен үстеме шығындардың құрамында жұмсалған материалдармен бірге объектінің құнына апаруды ұсынамыз. Бұл кәсіпорындағы жұмыс уақытын үнемдейді. Сонымен қоса ешқандай қажетсіз есептеуді жүргізуді болдыртпайды.

Өткен XX – ғасырдың 70-жылдарында Жапония елінде Джит (Jit (“Jist-intime”) дер кезінде) жүйесі қолданысқа енгізіліп соның арқасында Жапония компаниялары әлемдік нарықта үлкен нәтижеге қол жеткізді. Осындай үлкен табысқа қол жеткізудің, яғни әлемдік нарықта Жапония компанияларының беделінің артуының негізгі факторы Джит (Jit (“Jist-intime”) дер кезінде) жүйесінің қолданылуы болғандығы белгілі. Бұл жүйе бойынша кәсіпорынды белгіленген уақытта, яғни дер кезінде керекті материалдармен қамтамасыз ету көзделген, яғни бұл тура уақытқа негізделген. Оның негізгі мақсаты «дәл уақытында - қалдық қалмау». Джит (Jit (“Jist-intime”) дер кезінде) жүйесі бойынша жабдықтаушы өндіріске қажетті материалдарды жұмыс күнінің басталатын уақытында сол күнге қажетті мөлшерде алдын ала берілген тапсырыс бойынша жеткізіп отырулары тиіс. Мұндай жағдайда жұмыс күнінің соңында өндіріс орынында пайдаланылмай, яғни жұмсалынбай қалған материалдар болмайды. Ал бұл жүйенің тиімділігі өндіріс басында материалдық қорлардың қалдығын сақтайтын қойманың қажет болмайтындығы. Сондай-ақ сәйкес материалдардың ысырабыда болмайды, яғни шығындар азайады. Бұндай шығындарға қойманы ұстап тұру шығындарын жатқызуға болады (уақытша материалдық қорларды сақтау үшін салынатын қойма үшін жұмсалынатын шығын, қоймашыны ұстап тұру шығыны т.б.) Бұдан басқа бұл жүйенің дұрыстығы әрі тиімділігі әрбір материалдық қордың тек қажетті мөлшерде тиісті объектіге жеткізілінетіндігінде. Біздің елімізде материалдармен жабдықтап отыратын қоюшы мердігер ұйымдардың барлығының әзірге мұндай мүмкіншілігінің болмауына байланысты біз бұл жүйені қолдана алмаймыз. Біздің ойымызша орталық қоймада құрылысқа күнделікті керекті материалдар учаскелердің тапсырысы бойынша жинақталып жұмыс күнінің басталатын уақытында учаскіге жеткізіліп тұруы керек. Бұл материалдардың ысырап болуына жол бермейді жәнеде кәсіпорын шығындарын үнемдеуге мүмкіндік жасайды.

Біз жоғарыда айтып кеткен бүгінгі күні еліміздің өндіріс орындарында қолданылып жүрген орталық қоймалардағы материалдардың сақталынуы мен өндіріс басындағы материалдар сақталынатын орындар бойынша бірдей материалдардың есебін жүргізуді бір жүйеге келтіру үшін және де оған жұмсалынатын шығындарды азайту үшін мынадай ұсыныстар ұсынамыз:

- материалдар кәсіпорынның орталық қоймасында ғана сақталынып және оның есебі осы орталық қойма бойынша ғана жүргізілуі керек;

- кәсіпорындағы әрбір өндіріс орнына қажетті материалдары олардың алдын ала берген өтініштері бойынша қажетті күнге бөлек жинастырылып қойылып жұмыс күнінің басталатын уақытында учаскіге жеткізіліп отырылуы керек;

- кәсіпорынның орталақ қоймасынан әрбір өндіріс орындарына босатылған, тиеліп жіберілген материалдар тікелей өндіріс шығындарына қосылып есептелінуі тиіс;

Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру