Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................


4

І


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП ПЕН АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудит қызметімен байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамалар..........................


6

1.2
Құрылыс ұйымдарының мәні және қазіргі кездегі маңызы.....
18

1.3
Құрылыс ұйымдарында өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі..............................................................................


27







ІІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ


2.1
Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының қызметін және дамуын талдау.....................................................


43

2.2
Тұрғын үй құрылыс ұйымдарының қазіргі жағдайы және даму барысын талдау..................................................................


56

2.3
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік
есеп және аудит жүйесінің бағдары .........................................


63







ІІІ


ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


3.1
Құрылыс ұйымдарындағы қызметті дамыту бағыттары..........
70

3.2
Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.......................................................................


78






ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................


89


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................


92-94

Работа содержит 1 файл

Regina.doc

— 1.27 Мб (Скачать)

Ағымдағы жылы ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын есептеу және жобалау жөніндегі ережелер жинағы мен құралдарды әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс көлемін атқару жоспарланып отыр.

Еурокодтармен бірге қолданылатын (ISO, EN) халықаралық стандарттарды (800 бірліктен астам), сондай-ақ отандық ГОСТ пен стандарттарды (2200 бірліктен астам) үйлестіру жүргізіледі. Онымен бірге техникалық реттеудің ажырамас бөлігі болып табылатын бақылау және қадағалау жүйесін және сәйкестілігін бағалау жүйесін реформалау басталады [60].

2013 жылы Еурокодтар мен отандық техникалық нормативтері бойынша салыстырмалы есептеу мақсатында нақты объектіні жобалау және салу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жоспарланып отыр (Базис-А компаниясымен бірге).

Құрылыс саласын техникалық реттеуді реформалау нормативтік құқықтық және сметалық-нормативтік базаны жетілдірумен қатар жүзеге асырылады. 2013 жылы құрылыс саласын одан әрі дамыту шеңберінде мыналар жоспарланып отыр:

- Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеуді бастау;

- Республикалық деңгейдегі Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құруға кірісу;

- жаңа сметалық-нормативтік базаға көшу бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- Астана қаласының қала маңы аймағының аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеуді бастау.

Сонымен, Агенттіктің қызметі құрылыс қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға Мемлекет Басшысы мен Үкімет құрылыс саласын дамыту жөніндегі алға қойған міндеттерді орындауға бағытталған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту Агенттік жұмысының маңызды бағытының бірі болып табылады.

Елбасының тапсырмасын орындау үшін Агенттік өткен жылы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын және «Ақбұлақ» бағдарламасының жеке бөлімін әзірледі. Үкімет осы бағдарламаларды бекітті.

Ағымдағы жылы Агенттік көрсетілген бағдарламаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарларын орындай бастады.

Сумен жабдықтау және су бұру саласында жөндеу және жаңғырту бойынша инвестициялық жобаларды іске асырудан басқа, Шымкент қаласының тәжірибесін пайдалана отырып, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға негізгі күш салынған.

Жұмыс тобы Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының қатысуымен сумен жабдықтау және су бұру саласында концессиялық келісімдер бойынша мүлiктi жалдау схемасының нұсқасын әзірлеген. Қазіргі уақытта концессия мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар әзірленіп жатыр.

Бағдарламада Ақтөбе, Семей, Балқаш және Сарыағаш қалаларында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің пилоттық жобаларын іске асыру көзделген.

Бүгінгі күні осы жобаларды іске асыру туралы кейбір шетелдік әлеуетті инвесторлармен алдын-ала келісімге қол жеткізілді. Сонымен бірге, отандық компаниялардан да ұсыныстар бар.

Жылумен жабдықтау саласында негізгі күш инженерлік желілердің техникалық жай-күйіне бағалау жүргізуге, ғимараттарға энергетикалық аудит жүргізуге және жылуды тұтыну режимін реттеуге салынады.

Ағымдағы жылы 6 қалада: Қостанай, Орал, Талдықорған, Қызылорда Тараз, Қарағанды жылу желілеріне техникалық тексеру жүргізу көзделген.

Осы тексерудің нәтижелері инвестициялардың негіздемесі және әкімдіктер ұсынған жобаларды кейін іріктеу үшін негіз болады.

Құрылыс индустрия базасын дамыту үшін:

- негізгі шикізат түрлерінің кен орындары қорларын нақтылау және өңірдегі кен орындарының кадастрына түзетуді жүргізу, құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары кәсіпорындарына мониторинг жүргізу бойынша шаралар қабылдау;

- өнімнің тұтыну рыноктарын ескере отырып өндіріс шығындарын, көліктік шығыстарды төмендетуге, өнімділікті және өндірістік пайдалылығын арттыруға мүмкіндік беретін, шикізат кен орындарының және өндірістік қуат объектілерінің тиімді орналасуын қамтамасыз ету; өндірістің өнімділігі мен пайдалылығын арттыру;

- құрылыс материалдары өнеркәсібінің материалдық техникалық базасын өсіру мен нығайту саясатын кезеңділікпен іске асырау;

- жоғары қосылған құны бар бәсекеге қабілетті өнімнің шығарылуын қамтамасыз ететін жоғары нәтижелі технологиялық желілерді (өндірістерді)  енгізуге жәрдемдесу;

- өндіріс қалдықтарының пайдаланылуын, энергия ресурстарын үнемдеуді және қоршаған ортаға техногендік әсердің төмендетілуін қамтамасыз ететін технологияларды әзірлеу мен игеруге жәрдемдесу қажет.

Ғимараттардың энергетикалық тиімділігін арттыру үшін осы жыл бойы әлеуметтік саланың 400-ден аса тұрғын үйі мен ғимараттарына энергетикалық аудит жүргізіледі, соның ішінде 144 объектіде сыртқы ауаның температурасына байланысты жылуды тұтынуды реттеу үшін автоматтандырылған жылу пункттері орнатылады.

Ақпан айында ғимараттарды жобалаған және салған кезде есептеу құралдары мен қолдану және жылу энергиясын тұтынуды реттеу бойынша міндетті талаптарды СНИП-терде белгілеу мәселесі жөнінде жобалау ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және «Данфос» компаниясының қатысуымен семинар өтетін болады.

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасау саласында барлық мүмкін тетіктердің арасынан тек полигондарда көму әдісі қолданылады.

Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу немесе жағу тетіктерінің перспективасын көрсетеді.

Агенттік қоқыс жағатын зауытты салу – пилоттық жобасын іске асыру үшін инвесторларды тарту мүмкіндігін қарауға ниетті.

Қазіргі уақытта әлеуетті инвестормен – WTE компаниясымен байланыс орнатылуда, ол Мәскеу қаласында қоқыс жағатын зауытты салу және пайдалануға беру бойынша жобаны іске асырған.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау мәселесінде Агенттік мынадай негізгі бағыттар бойынша жұмыстарды көздеп отыр:

- Бірінші. Үйді жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі функцияны кәсіби басқарушы компаниялар-мердігерлерге беру. Пәтерлер иелері кооперативтерінде тұрғын үй меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру, қабылданған шешімдерді ресімдеу, жарналарды жинау, тұрғындардың тапсырмасы бойынша басқарушы компаниялармен шарт жасасу және орындалған жұмыстарды қабылдау функциялары қалады.

- Екінші. Кондоминиум объектілерін терможаңғыртуға және жөндеу жүргізуге пәтерлер иелерін кредиттеу үшін қаржы құралдарын құру.

Агенттікпен Шымкентте басқарушы компания құру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың қадамдық жоспары әзірленген.

Пәтерлер иелеренің жалпы жиналасының, олар сайлаған үй басқарушылары мен басқарушы компаниялардың нақты іс-қимылдары анықталған.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» Акционерлік Қоғамы жобаны іске асыра бастаған.

Өткен жылы Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін пайдалана отырып, басқарушы компания арқылы тұрғын үйді жөндеу жөніндегі пилоттық жоба басталған.

Бүгінгі таңда басқарушы компания құрылған, жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамамен және тұрғын үй инспекциясымен келісілген, табысы аз азаматтарға тұрғын үй көмегін ресімдеу жүргізілуде.

Қарағанды қаласында пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде тұрғын үйлерде Шығыс Еуропаның терможаңғырту тәжірибесі енгізілетін болады, бұл жылу тұтынуды екі есе азайтады. Сонымен қатар бір мезгілде ғимараттың төбе жабындысы жөнделеді және қасбеті жаңғыртылады.

Жыл ортасында осы жобаның базасында Агенттік республиканың барлық өңірлері үшін оқыту семинарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ағымдағы жыл ішінде осыған ұқсас жобаларды Астанада, Ақтөбеде, Шымкентте және Атырауда іске асыру жоспарланып отыр. Оларды іске асыру үшін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» Акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға қосымша қаражат қажет болады.

Мұндай жобаларды басқа өңірлерде іске асыру үшін тұрғын үй инспекциясының жұмысын жаппай ұйымдастыру өте маңызды. Бүгінгі таңда тұрғын үй инспекциясы Ақмола, Жамбыл және Қостанай облыстарында құрылмаған.

Жергілікті атқарушы органдардың үлгі құрылымында тұрғын үй инспекциясының болмауы тежеуші факторы болып табылады. Одан басқа, Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында тұрғын үй инспекциясын ұстауға бағытталған бюджеттік бағдарламаның шығындары белгіленбеген.

Экономикалық даму және сауда министрлігі Тұрғын үй инспекциясын белгілейтін үлгі құрылымына толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірлеуі туралы келісімге қол жеткізілді.

Осы жоба қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісімде жатыр. Бұл қаулы қабылданған соң Қаржы министрлігі Үкіметке Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына толықтырулармен бірге қаулы жобасын енгізетін болады.

Тұрғын үйлерді терможаңғырту және жөндеу жүргізу үшін пәтерлер иелеріне қолайлы және «ұзақ» кредиттерге мүмкіндік беретін қаржы құралы қажет. Әлемдік практика осындай.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банкі Экономикалық даму және сауда министрлігінің тапсырысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта қаржы құралдарын дамыту мүмкіндігін зерттеуде.

Агенттіктің пікірі бойынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры мұндай құрал ретінде болуы мүмкін, ол екінші деңгейдегі банктер арқылы пәтерлер иелерін 20 жылғы дейінгі мерзімге төмен ставка бойынша кредиттермен қамтамасыз ететін болады.

Осы ұсынысты Қайта жанғырту және дамудың еуропалық банкі қолдаған, ол бұл қорды құрудың Тұжырымдамасын әзірлеуге 220 мың еуро бөлген.

Біздің пікірімізше, құрылыс ұйымдарының қызметін қолдау және оны дамыту үшін келесілерді ескерген жөн:

- құрылыс ұйымдары мен  тұтынушылар арасында қарыздарды қайтарып алудың дұрыс қалыптасқан тетіктерінің болмауы, тұрғын үй құрылыс қатысушылары арасында жаппай төлем қабілетсіздікке алып келді, өзара қарыз пайда болды.

- ел ішінде дағдарыс әсерінен экономиканың тұрақты дамымауы тұрғын үй құрылысы кешеніндегі құрылыстық ұйымдарда экономикалық-қаржылық тетіктерді дұрыс қолдануға кедергі жасайды.

Құрылыс кешеніне қарасты ұйымдардың қызметтерін тұрақты қалыптастыруда нарық экономикасы жағдайына бейімделген бағдарламалы-мақсатты басқару технологиясы қолданылуы қажет.

1. Әлеуметтік-экономикалық  жүйені   дамытудың   заңдылықтарын туындататын, тұрғын үй құрылысы кешенін дамытудың әлемдік тәжірибесінің негізгі факторлары мен ерекшеліктерін есепке ала отырып, отандық тұрғын үй құрылыс кешенін дамытудың келесі құрамдас бөліктері анықталды:                  әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, табиғи-географиялық, өндірістік-технологиялық, экологиялық және ұйымдастыру-басқарушылық. Әрбір құрамдас бөлік сәйкес келетін факторлармен бейнеленген.

2. Үй құрылыс кешенінің қызмет етуінің ішкі «реттеушісі» болып ондағы барлық ортақ мүдделі қатысушылар, инвесторлар, құрылыстық өнімдерді өндірушілер мен тұтынушыларды есепке алған  тұрғын үй құрылыстық жүйе алынады. Тұрғын үй құрылыстық кешені қолданатын құрылыстық материалдардың, бұйымдар және құрастырылған құрылыстық заттардың, құрылыстық технология мен материалды өндіру технологияларының түрлерін таңдап, ұсынады, бәсекеге қабілеттілігін, ыңғайлылығын, экологиялық сапасын, құрылыстың қор сыйымдылығын, өндірістің әрекет ету барысындағы  пайдалану шығындарын, құрылыстық өнімдердің нарықтық бағасын негіздейді.

3. Тұрғын үй құрылыстық кешенін дамытуға кең көлемде қол жетімді тұрғын үй факторлары әсер етеді. Қол жетімді тұрғын үй, сол тұрғын үйдің стандартқа сәйкес екендігімен, белгілі табыс деңгейдегі тұрғындардың әрбір әлеуметтік топ ішіндегі тұрғындардың тұрғын үйді алу мүмкіншілігі ретінде қарастыру ұсынылады. Қол жетімді тұрғын үйді есептеу үшін белгілі қол жетімді тұрғын үй индексін қолдану қажет, алайда бұл кезде аймақтағы тұрғындардың ең аз күн көріс деңгейін, тұрғын үй коммуналдық төлемақысының көлемін, өндірістің қызмет ету барысындағы өндірістік шығындардың нақты  көлемін есепке алу қажет.

4. Үй құрылыстық кешенінің қызмет атқаруы барысында тұрғын үй мәселесінің басымдылығын бейнелейтін жалпы нәтижелі мақсатты бағалау көрсеткіші ретінде, аймақтағы тұрғын үймен тұрғындарды қамтамасыз ету көрсеткішін қолдану мақсатқа сай болып табылады. Статистикада қолданылатын халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ұғымы, жыл соңындағы барық тұрғын үй қоры көлемін сол мерзімдегі аймақтағы тұрақты тұрғындардың санына бөлумен есептелінуі мәні жағынан төменгі құндылықтағы көрсеткіш болып табылады. Себебі жүргізілген орташа есептемеде аймақтағы тұрғындардың тұрғын үй жағдайының әлеуметтік топтарға байланысты нақты бейнесі «жойылады». Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді дұрыс сипаттау үшін тұрғындардың салып жатқан тұрғын үйлерінің ауданы көлеміне сәйкес тұрғындарды бөліп, талдау қажет.

5. Ақпараттық жүйенің құрылымы өзара байланысты алты ішкі жүйемен көрсетілуі мүмкін: аймақта демографиялық серпінді болжау; тұрғын үйді тұтынушылардың әлеуметтік тобы бойынша тұрғындарға бөлу; тұрғын үй құрылысы үшін аймақтағы инвестициялық қорды бағалау және болжау; тұрғын үй ғимараттарының құрылыстық жүйесінің  тиімділігін кешенді түрде бағалау; тұрғын үй құрылысының серпіні мен құрылымын болжау; құрылыстың өндірістік базасының жүйе құрушы кәсіпорындары бойынша жағдайларын (жойылуы, техникалық қайта жабдықтау, қайта құрастыру, жаңа құрылыс) анықтау арқылы, құрылыстық материалдар, бұйымдар және құрастырылған құрылыстық заттарға қажеттілігін болжау.

Информация о работе Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру